Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет126/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   193
Байланысты:
Verstka

прагматикалық вариант
 жасап тұр. 
Жалпы  тұрақты  тіркестердің  қолданыс  аясында  қарғыс  мəнді 
тіркестердің экспрессиясы өте жоғары. Мұнда троптың алуан түрлері 
қолданылады.  Қиыспайтын  ой  қиыстырылып  айтылады.  Фразеоло-
гизмдердің прагматикалық табиғатының көптеген қызметі бар. Солардың 
бірі,  мəселен,  адамды  бірнəрседен  жирендіру:  бойын  аулақ  ұстату, 
көрген күнін итке берсін, мұз жастанып, су сүйеніп отыр; жең ұшымен 
сəлем беру; Жағына жылан жұмыртқаласын. Фразеологизмнің ерекше 
бейнелілігі осындай прагматикалық варианттарды жасайды.


173
Фразеологизмдердің лексикалық варианттарының түрлері: 
1. идиомдарда, 
2. ұйытқы сөздері сан есімнен болған
3. соматикалық атаулар болған тіркестерде
4.  құрамындағы  компоненттердің  сандық  өзгерістерге  ұшырауы 
арқылы жасалған фразеологизмдерде кездеседі. 
Мысалы:
1. идиом: Түйе үстінде ит қапты – түйе үстінде сирақ үйтті. 
Бұл идиомның (фразеологиялық тұтастық) мағынасы ебедейсіз, бос, 
болбыр адамның кейпін сипаттайды. Идиомдар фразеологиялық бірлік-
тер мен тізбектерге қарағанда врианттылыққа көп ұшырамайды. Оның 
себебі идиомдардың жеке компоненттері əбден тұтасқан, орын тəртібі 
нық, кез келген сөздермен ауыстыра беруге көнбейді.
2. ұйытқы сөздері сан есім
Бір ауыз сөзге келмеу – Екі ауыз сөзге келмеу
Жарты малта ас болмау – Алты малта ас болмау; 
Обалы қырық жылқыға – Обалы қырық бір жылқыға.
3. соматикалық атаулар: 
Тілінен қағыну – Аузынан қағыну – Сөзінен қағыну; 
Қабағы тырысу – Шекесі тырысу.
4. компоненттердің сандық өзгерістерге ұшырауы: 
Екінің бірі, егіздің сыңары – екінің бірі
Қағанағы қарық болу – Қағанағы қарық, сағанағы сарық болу.
Фразеологизм құрамындағы сөз сыңарларын кейде көркемдік тəсіл-
дердің  түрлерімен  жаңарта,  жаңғырта  қолданысқа  түсіру  арқылы  да 
лексикалық варианттарды жасауға болады. Мəселен, тіліміздегі эпитет, 
метафора, теңеу т.б. троптың түрлері компоненттерді ауыстыруға ықпал 
етеді. 
Мысалы:
Теңеу: Абыройын төгу – Абыройын айрандай төгу; 
 
 Шыбын жанын шүберекке түю – Шыбындай жанын
 
 шүберекке түю; 


174
Эпитет: Опасыз дүние – Қайырсыз дүние – Жалған дүние;
 
 Құлазыған дала – Жапан дала – Қу медиен дала;
 
 Жылы көңіл – Жылы жүрек – Жылы қабақ;
Метафора: Бет пердесін ашу – Бет пердесін жұлу – Бет 
 
пердесін сыпыру – Бет пердесін жырту;
 
Ой жүгірту – Ой жіберу
 
Метонимия: Аузынан шықпау – Тісінен шықпау;
 
 
Көлденең көз –Көлденең көк атты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет