Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет127/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   193
Байланысты:
Verstka

Фонетикалық вариант
Лексикалық бірліктердің фонетикалық өгерістермен айтылуы дублет 
сөздер мен тіркестерді құрайды. Мысалы, қазір – кəзір, қыңқ демеу– қың 
демеу т.б. Дублет сөздер тілдегі вариант, синоним ұғымдарымен қатар ай-
тылып жүреді. Бірақ бұл сөздер өзара синоним ретінде қолданылмайды. 
Дублет  деген  ұғым  сөздердің  мағыналық  тепе-теңдік  жағдайында 
қолданылады. Фонетикалық варианттың орнына дублет сөзін мағыналас 
етіп алуға болады. Сонымен фразеологизм компоненттерінің де кейде 
дублет сөздермен айтылуы фонетикалық вариантты көрсетеді. 
Мысалы: 
Сайтаны ұстады – Шайтаны ұстады; Зыта жөнелді – Жыта жөнелді
Басқа тілден енген сөздердің алдынан, яғни протезалық құбылыспен 
дауысты дыбыстар қосылып айтылуынан фразеологизм компоненттері 
ауызекі сөйлеуде фонетикалық өзгерістерге ұшырайды. 
Мысалы:
Риза болу – Ыразы болу; Риза – араб тілінде қанағаттану. 
Райдан қайту –Ырайдан қайту; (Араб тілінде рай – пікір). 
Реңін бермеу – іреңін бермеу. (Парсы тілінде рең – түс, бояу деген 
мағынада).
Фонетикалық  өзгерістер  фразеологизм  компоненттерінде  кейде 
дыбыстардың түсіп қалуынан да жасалды. 
Мысалы: 
Аузын қу шөппен сүрту – Аузын құр шөппен сүрту; 
Сары уайымға салыныу – Сар уайымға салыну. 


175
Дыбыстардың мұндай түсіріліп айтылуын тіл білімінде апакопа деп 
атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет