Морфологиялық вариант Варианттылықтың пайда болу себептерінің бірі – ауызекі сөйлеу тілі.
Жалпы грамматиканың заңдылықтары бойынша қосымшалардың өзгеруі
мағынаға да əсерін тигізеді. Алайда фразеологизмдерде грамматикалық
варианттардың болуынан мағынаға нұқсан келмеуі тиіс. Тұрақты
тіркестің морфологиялық құрылымындағы өзгерістер семантикаға
қатыссыз болғанда ғана морфологиялық вариант деп танылады.
Мысалы:
Ес біліп етек жапқалы – Ес біліп етек жапқанша
Кірерге тесік таппау – Кіруге тесік таппау.
Морфологиялық вариант сөздегі бірнеше дыбыстардың түсіп қалуына
байланысты. Бұл синкопа құбылысын жатады. Мысалы:
Жақсы атақ жоқ – Жақсы ат жоқ
Үзеңгілес дос – Үзеңгі дос
Қарақан басы – Қара басы.
Тіркес сыңарларында септік жалғауларының орны ауыстырылып ай-
тылуынан фразеологизмнің морфологиялық варианты пайда болады.
Мысалы:
Шығарда жаны бөлек – Шығарға жаны бөлек
Көзіне ілмеу – Көзге ілмеу
Зорға дегенде – Зордың күшімен