Монография «Елтаным баспасы»


Қазақ тіліндегі соматизмдердің



Pdf көрінісі
бет161/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   193
Байланысты:
Verstka

Қазақ тіліндегі соматизмдердің 
фразеологизм жасаудағы қызметі 
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің жасалуына ұйытқы болатын тірек 
сөздердің ішінде ең көбі адамның дене мүшелерінің атаулары – сома-
тизмдер. Бұл тек қазақ тілінде ғана емес, жалпы тіл-тілде кездесетін 
ортақ ерекшелік. Демек адамдар өзінің іс-əрекетінде неғұрлым жете та-
нып білген заттар мен құбылыстардың қасиетін ұзақ уақыт бойы бақылай 
жүріп, солардың ерекшеліктерінен жинақтаған өмірлік тəжірибелеріне 
сүйеніп түрлі қорытындылар жасау дағдысын меңгереді. Осыдан пай-
да болған, салыстырулар, ұқсата отырып жаңа ұғым туғызу, өзі білетін 
ежелгі атауға тағы да басқа мағына үстеу, оны тілдік қатысым əрекетінде 
ауыспалы  мағынада  жеткізу  сияқты  қатынас  құралының  қызметіне 
қосымша бейнелілік туғызады. 
Бұл ретте адамдардың өз-болмыс табиғи жаратылысы дене мүшелері 
атауларының  фразеологизм  жасаудағы  ұйытқы  немесе  тірек  сөз 
болуындағы қызметі ерекше. Бұл, əрине, кездейсоқ емес. Өйткені адам 
жансызға жан бітіретін саналы тіршілік иесі ретінде алдымен өзіне та-
ныс, дене мүшелерінің əбден үйреншікті дағдылы құбылысқа айналған 
қызметі мен қасиеттері ауыспалы қосымша мағынаға ие болады. Олардың 
ішінде фразеологизмдер жасауда көз, жүрек, қол, бас, ауыз, бет, қан, 
іш, тіл лексемалары басты орында. Бұлардың барлығы көзге көрінетін 
сыртқы бөлшектер. Ал көзге көрінбейтін ішкі ағзалар да фразеологизм 
жасауға қабілетті. Жалпы соматикалық процестердің /дене мүшелерінің 
жай-күйі, динамикалық сипаты т.б./ барлығы тірек сөз бола бермейді. 
Қазақ тілінің он томдық түсіндірмелі сөздігінде бұлардың əрқайсысы 
Ə.Болғанбаевтың есебімен жүзден бес жүзге дейін фразеологизмдерді 
жасауға ұйытқы болған. Жəне мынадай қызық деректерді келтіреді: 


208
& Саны жағынан болсын, фразеологизмдердің байлығы жағынан 
да анатомиялық атаулардың ішіндегі ең байы – бас мүшелері екен-
дігі белгілі болды. Бас мүшелеріне қатысты тұрақты тіркестер 
бүкіл дене мүшелеріне қатысты фразеологизмдердің 45 пайызын 
қамтитындығын айқындадық. Фразеологиздердің саны жағынан 
екінші орында ішкі мүшелері алады. Бұлар анатомиялық атауларға 
қатысты фразеологизмдердің бестен біріне жуығын қамтиды. Сөз 
саны жағынан да, тұрақты тіркестердің көлемі жағынан болсын, 
ең шағыны қол мүшелері екендігі анықталды. [Болғанбаев, 1989, 
121 б.].
Қазақ тіліндегі соматикалық фразеологимздердің тақырыптық топта-
ры əр алуан болып келеді. Бұл жөнінде соматикалық фразеологизмдерді 
төмендегідей топтастырылады:
Ø Əлеуметтік өмір мен қоғамдық қарым-қатынасқа байланысты: қолы 
ұзын, беттің арын бес төгу, шаш ал десе бас алу, тістегеннің аузында, 
ұстағанның қолында кету.
Ø Адамдардың жеке өз басына жəне қарым-қатынасына байланыс-
ты: мұрнын көкке көтерубүйрегі бұру, қол ұшын жалғау, төбесі көкке 
жеткендей /қуану/. 
Ø Салт-дəстүр, əдет ғұрып, наным-сенімге байланысты: мойнына 
бұршақ салу, бой жасау, шыбын жаны көзіне көріну.
Ø  Халық медицинасына байланысты:  көз тию, мұрттай ұшу
басының сақинасы ұстау. 
Ø Адамның психикалық, физиологиялық т.б жай күйіне қатысты: 
қабырғасы қайысу, жігері құм болу, құлағының құрышы қану, жылы 
қабақ таныту, . 
Ø  Халықтық өлшемге қатысты:  көз ұшынан көріну,  көзді  ашып 
жұмғанша, қас пен көздің арасында, арқаны кеңге салу, қарыс табан.
Ø Табиғи қажеттіліктерді өтеуге қатысты: ақ ауыз қылу, ас ауыз тию
аузына су тамызу, жүрегі қараю, қарны ашу, аш өзегіне түсу.
Ø Алғыс-қарғыс жəне тілек мəнді: тілің кесілгір, жағына жылан 
жұмыртқалағыр, жағың түскенше жаманшылық көрме, құдай қолыңа 
қуат берсін, көзайым болу.
Соматикалық фразеологизмдердің семантикалық топтары есім жəне 
етістік мəндегі тіркестерден құралған. 


209


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет