Монография Семей «Үш биік» баспасы 010 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ ббк 84. (5 Каз) а 56



бет13/20
Дата07.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#17517
түріМонография
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
болып көзге түседі. Қ.Ыдырысовтың шағын шығармаларындағы

негізгі кейіпкерлері: мектеп оқушылары Болат, Орақ, Маржан,

Сәрсен және үнемі ақылшы ретінде көрінетін Жұмбақбай атай (кейде

жай ғана “атай” аталады). Интермедия дегеніміз концерттік

қойылымдардың арасында көрсетілген шағын күлкілі пьеса, немесе

көрініс. Қ.Ыдырысовтың аталған кітабына кірген алғашқы

интермедия “Танысу” деп аталады. Бұл шағын қойылымда Болат

Орақты дұрыс сөйлеуге, ұқыпты киінуге, таза жүруге баулиды.

Орақтың сахнаға алқам-салқам киімімен қалай болса солай келуі,

сөзін ұмытып қалуы салақ балаларда жиі кездесетін сипаттар

болуымен ерекшеленеді. Ал, “Ешкімді де бермейміз” интермедиясы

халық ойыны “Айгөлек” негізімен жазылған. Мұнда балалар екіге

бөлініп, өз жетістіктерін ортаға салады. Шағын көріністе ойын

элементерімен бірге айтыс та қамтылған. Бірінші топ балалары

қарсылас топтан:

Ей, достарым, достарым,

Ақылға айтқан көніңдер,

Жақынырақ келіңдер.

Жауапқа дәл сеніңдер.

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 41



Одан да көп керіспей

Оқуда озат, әрі іскер,

Жақсы бала Жаннұрды,

Бізге әкеліп беріңдер,-

деп жақсы оқитын баланы сұрайды. Ал, Жаннұрдың топтастары:

Біз Жаннұрды бермейміз,

Одан да біздер Ержанға,

(күліп)

Ерінбейтін, талмайтын,

Ойын десе қалмайтын.

Сансызбаев Сәкенді,

Алғанын біз жөн дейміз,-

деп жақсы оқитын жолдастарын қимай, орынына нашар оқитын

баланы өтірік мақтап алуды ұсынады. Осы арада өзінше шағын

тартыс туады. Нашар үлгеретін Сәкен мен жақсы оқитын Жаннұрдың

топтастары қайсысын жібергісі келмейтіні және еңбексүйгішті

неліктен өздеріне қалдырғылары келуі еңбексүйгіштік дәріптеліп,

әсерлі жеткізілуін негіздеген. Енді Сәкен мен Жаннұрды топтастары

өнер көрсетіп, сатып алулары керек болады. Бірақ топтастары нашар

оқушы ретінде Сәкенді қалдырмайды, ол үшін де өнер көрсетеді.

Риза болған Сәкен:

Рахмет саған, достарым,

Бос селтеңді тастадым.

Ұмытылмас шеттетпей

Қатарыңа қосқаның

Қарыздар боп қалмаймын

Бәріңе мұны арнаймын,

Келіп тұр бір ән бастағым,-

деп өзі бір ән бастайды. Қ.Ыдырысовтың аталған кітабына енген

интермедиялардың көбі жұмбақ шешу түрінде, ойын түрінде келеді.

Мәселен, “Ертіс бойын жағалап” интермедиясында Жұмбақбай атай

Ертіс өзені бойындағы қалаларды жұмбақтап жасырады. Бұл

балалардың географиялық білімін толықтырса, “Көктем келді

күлімдеп”, “Алатау аясында” сияқты шағын қойылымдарды көру

арқылы табиғат құбылыстарын дұрыс бағалауға үйренеді. Өлең

жолдарымен берілген тұстары жаттап алуға жеңіл, айтуға ыңғайлы.

Кітапқа кірген “Кім қалай дем алады?”, “Кім таба қояды?”, “Әрқашан

күн сөнбесін” және т.б. интермедиялардың жас көрерменге берері

42 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

мол. “Еркін қандай бала екен?” интермедиясында Қ.Ыдырысов

негізгі кейіпкер ретінде мектепте озат, тәртіпті, үлгілі баланың

жиналыста қаралғаны туралы айтады. Негізгі тартыс Еркін деген

баланың үйдегі әрекеті мен мектептегі өзін ұстауының қарама-

қайшылығынан шығады. Баланың үйдегі қылығын көршісінің

ауызынан естісек, мектептегі өзгерген қалпын сыныптас досының

айтқанынан білеміз. Екі суреттеуде бір кейіпкер екі түрлі, екі бала

сияқты көрінеді.

Мектепте:

Қай жұмысқа жұмсаса

Көремін алда жүргенін.

Үйде:


Көрдік біз де жұмысын,

Ондай ісі құрысын.

Ойыншығын тартып ап,

Жылатты кеше інісін.

Мектепте:

Естімедік біз мұны,

Мектепте Еркін үлгілі.

Баяндама жасады,

Еңбек жайлы ол бір күні.

Үйде:


Еңбек жайлы деймісің?

Ондай болмас жай кісің.

Бізге салса берер ек,

Еріншектің бәйгесін.

Мектепте:

Бос ойынды сүймейді,

Қыздарға да тимейді.

Концерт болса Еркінің

Өлең айтып, билейді.

Үйде:


Көршілер де сүй дейді,

Табаны жерге тимейді.

Жолбарыс болып бақырып,

Түйе болып билейді.

Мектепте:

Келер ме екен бұл реті,

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 43



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет