Монография Семей «Үш биік» баспасы 010 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ ббк 84. (5 Каз) а 56



бет15/20
Дата07.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#17517
түріМонография
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
екіге бөліп қарастырамыз:

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 73



1) интермедия, скетч

2) бір актылы пьесалар, шағын инсценировкалар.

Интермедия, скетч сияқты ұсақ туындылар концерттік

қойылымдар арасында қойылып балалардың юморды түсінуіне

ықпал етеді. Қазақ балалар дараматургиясында балаларға арналған

юморлық шағын шығармалардың авторлары Қ.Ыдырысов,

Ә.Табылдиевтар өз шығармалары арқылы жеткіншектерді күлдіре

отырып тәрбие беруге, үлгі-өнеге айтуға негіздей жазған. Мұндай

шығармалардың ұтымды тұсы кейіпкерлерінің аз, оқиғасының тез

туып, жылдам шешімге келуінде. Барлық драмалық туындыларға тән

интермедия мен скетчтерде өзіндік тартыс болады. Тартыс көлемді

пьесадағыдай болмаса да, белгілі бір дәрежеде негізгі идеяны ашу

үстінде қолданылатыны белгілі. Мәселен, Ә.Табылдиевтың

Жыртқыш”, “Мінез”, “Тісім-ай, ішім-ай”, “Тыныштық” т.б.



интермедиялары мен Қ.Ыдырысовтың “Ешкімді де бермейсіз”,

Еркін қандай бала” т.б. қойылымдарында шығарма мазмұнын



ашарлықтай өзіндік тартыс бар. Интермедия, скетчтерді қазақ

балалар драматургиясының дамуының бір баспалдағы деп айта

аламыз.

Бүлдіршіндерге арналған пьесалардың бір актылы, шағын болып

келуі олардың даму, жетілу психологиясы мен берілген ақпаратты

қабылдау мүмкіндіктеріне байланысты. Мұндай пьесаларда оқиға тез

өрбіп жедел дамиды. Бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне

байланысты шығарма тілі де белгілі бір дәрежеде қарапайым,

түсінулеріне жеңіл болып келеді. Себебі, жазушы жазып отырған

оқиға, әрекетке бүлдіршін көзімен қарауы керек. Мұндай талаптарды

орындаған бірқатар туындылар жоғарыда талданып сараланды.

1960 жылдары дүниеге келген А.Сатаевтың “Айға сапар” ойын-

пьесасы балалардың ойын үстіндегі әрекетін көрсетсе,

С.Қасимановтың “Ұзын құлақ” пьесасында ертегілік тақырыпта

келіп, адам бойындағы қызғаншақтық әрекетті қоян бейнесі арқылы

беріп сынаған. Ж.Молдағалиев “Жез қоңырау” пьесасында бүлдіршін

баланың өзіндік ерекше психологиясын көрсетуге тырысқан.

О.Бодықовтың “Теке мен лақ” пьесасында қасқыр, түлкі, қоян

бейнелері арқылы аңқаулық, қулық сияқты адамдық әрекеттерді

ашқан. Ә.Ақпанбетұлы “Қайырымды қасқыр”, “Ақсақ көжек”

пьесаларында бүлдіршіндерге тапқырлық, бірлік, татулық сияқты

асыл қасиеттердің пайдасы туралы сыр шертсе, С.Әуелбаеваның

74 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

“Оюхан мен Жоюхан” пьесасы ізгілік, қайырымдылық, қатыгездік

күресіне құрылған. Бұл пьесалардағы ерекше атап өтетін нәрсе

авторлардың ұлттық реңкке көңіл бөліп, қазақи ұғымдарды мол

пайдаланулары десек артық болмас. Себебі, мектеп оқушыларының

төменгі сыныптағылары үшін жазылған Ш.Ахметовтың “Қолқанат”,

С.Омаровтың “Портрет” пьесалары схемалық түрде жазылып, жалаң

үгіт, құрғақ сөз айтумен шектелген. Әрі пьесада қазақ ұлтына тән

белгілер көрінбейді. Кейіпкерлерінің бітім-болмысы

ашылмағандықтан мұндай пьесалар сәтсіздікке ұшырайды.

1970-80 жылдары жазылған шығармалардың ішінде жас

көрерменін әрі ойландырып, әрі тәрбие беретін С.Омаровтың

“Ақымақ арыстан”, С.Елубаевтың “Асар”, О.Әубәкіровтің “Аяз ата

кәмпиті”, “Қожа мен спорт” Ә.Табылдиевтың “Жаңа жыл келді”,

“Тентек балапан”, “Кербақбай мен Керденбай” т.б. пьесаларды атап

өтуге болады.

1970-80 жылдардағы адам концепциясы туралы мәселе балалар

драматургиясына ықпал етіп, жасөспірім бойынан жеке тұлға ретінде

қалыптасу психологиясын көрсетуге ұмтылғандық байқалады.

Мәселен, Р.Жәшиев “О” операциясы” пьесасында оқушы баланың

өзіндік психологиясын, өзіндік ерекше мінезін ашып көрсеткен. Ал,

1998 жылы жарық көрген Ш.Күмісбайұлының “Қожайынға қой

десеңдерші” пьесасында ұқыпсыз балалар әрекеті олардың қалам,

дәптерлері атынан сыналады.

Балалар драматургиясындағы бүлдіршіндер мен төменгі сынып

оқушыларына арналған пьесалар әлі де болса жинақталып, талданып

өз бағасын тәуелсіз әдебиет тұрғысынан алатыны даусыз.

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 75

III


БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КҮРДЕЛІ ПЬЕСАЛАР

Мектеп оқушыларына арналған драмалық шығармаларды

балалардың жас ерекшелігіне байланысты шартты түрде екіге бөлеміз.

Бірі – төменгі сынып оқушыларына арналған драмалық туындылар

болса, екіншісі – жоғарғы сынып оқушылары үшін жазылған

туындылар. Сонымен бірге тікелей балалар туралы болмаса да, олар

үлгі-өнеге алатын, рухани-эстетикалық нәр алатын қазақ әдебиетінің

інжулеріне айналған бірқатар туындыларды да атап өтуге болады. Бала

жасының әр кезеңінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ересек балалар

дегеніміз үлкендер мен балалар арасындағы “өтпелі” деп аталатын 13-

15 жастағылар. Осы уақытта жеткіншектердің ерекше әсерленгіш,

сезімтал келетіні белгілі. Қазіргі заманның ақпараттар ағымы заманы

болуының да кейінгі балалар әдебиеті сипатына әсер етіп отырғаны

анық. Мол ақпарат пен әр түрлі әсері бар шетелдік кинотуындылар

тасқыны кезінде өскелең ұрпақтың дұрыс бағыт таңдай білуі де бүгінгі

кезеңнің басты талабы. Жас жеткіншектің рухани дүниесінің дұрыс

қалыптасуына тікелей ықпал ететін мәнді құралдың бірі – әдебиет.

Соның ішіндегі ерекше әсері бар әдебиет жанры – драматургия.

Ересек балаларға арналған шығармалардың біршама ауқымды

екеніне көз жеткіземіз. Жұмыс көлемінде қаралған драмалық

шығармаларды шартты түрде төмендегідей жіктеуге болады:

Аңыз оқиғаларын арқау еткен тақырыптар.

Таптық-төңкерілістік оқиғаларды арқау еткен тақырыптар.

Кеңес дәуіріндегі балалар өмірі.

Қазіргі балалар өмірі.

Балалар мен жасөспірімдер театрының ашылуымен дүниеге

келген көптеген туындылар өз кезеңінің, өз уақытының мәселелерін

кеңінен көтеріп жатты. Заман талабына негізделе туған

Ш.Құсайыновтың, Е.Елубаевтың, Ә.Табылдиевтың, М.Гумеровтің,

Д.Исабековтің т.б. жазушылардың драмалық туындылары театр

сахнасынан жас көрермендеріне жол тапты. Балалар үшін арнайы

жазылмаса да оларға этика-эстетикалық нәр, рухани қуат беретін

М.Әуезовтің “Еңлік - Кебек” , “Айман - Шолпан”, Ғ.Мүсіреповтің

“Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, Б.Майлиннің “Майдан” және т.б.

классикалық туындылар ретінде өз бағасын алған қазақ әдебиеті

драматургиясының інжу-маржандарын айтпай өту мүмкін емес. Қазақ

76 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

әдебиеті алыптарының қаламынан шыққан осындай туындылар қазақ

балалар драматургиясының бір арнаға түсуіне сара жол белгіледі.

Соның негізінде М.Ақынжановтың “Ыбырай Алтынсарин”,

Қ.Бадыровпен бірігіп жазған “Алтын Сақа”, Ш.Құсайыновтың “Әл-

Фараби”, “Алдар Көсе”, Б.Соқпақбаевтың. “Тапқыр Қожанасыр” т.б.

пьесалар дүниеге келді. Әр кезеңнің, әр уақыттың өз типі, өз типтік

бейнесі болатыны белгілі. 1950-60 жылдары дүниеге келген

туындылардың көбі бала тәрбиесінің мәселесін қозғайды. Мәселен,

Ш.Құсайыновтың “Есірткен ерке”, Қ.Мұқашевтің “Аликтің әлегі”

сияқты туындыларда бала мен ата-ана қарым-қатынасы, бала

психологиясының өзгеруінің себептерін іздеу сияқты мәселе көтергені

жоғарыда айтылды.

Ал, Ш.Құсайыновтың “Алдар Көсе”, Б.Соқпақбаевтың “Тапқыр

Қожанасыр” сияқты аңыз әңгімелер негізінде туған комедиялық

пьесалары қазақ балалар драматургиясындағы юморлық, сатиралық

сарынның қанат жаюын тудырса, Ш.Мұртазаның “Сталинге хат”,

Ш.Құсайыновтың “Әл-Фараби”, Ы.Мұсаұлының “Тауан” сияқты

драмалық туындылары балалар драмасында тарихи шындықты

бейнелеудің өзіндік мәнді үлгілерін тудырып түсінігін, білімін

кеңейтуді көздеп, жас көрерменді тарихтың қилы-қилы кезеңіне сапар

шектіреді.

Ұлттық мейрамымыз наурыздың тойлануы туралы аңызға

құрылған К.Оразбекұлының “Ұлыс оң болсын”, Б.Тайжанның

“Тосыннан тойланған той” пьесалары балалардың наурыз мейрамы

туралы түсінік, білімін кеңейтуі көзделген Е.Елубаевтың “Бір уыс

бидай”, “Саған күшік керек пе?” пьесалары тікелей балалар өміріне

арналып, қазіргі балалар бейнесін біршама сәтті сомдауымен де құнды.

Онда бала мінезіндегі тентектікті сынау, балалардың өздеріне сырттан

қарауға мүмкіндік беру кең орын алған. Мәңгілік өмір мәселесін сөз

ететін философиялық тақырыптағы Д.Исабековтің “Әбіл-Дихан

арманы” ертегілік туындысында ізгілік пен жауыздық тартысқа түседі.

Ал, қазіргі заман жастарының заман ағымымен әр түрлі жолға түскенін

көрсететін шындық Т.Ахметжанның “Қара торғай” пьесасында

бейнеленген.

Балалар өмірі, балалардың өзара қарым-қатынасы, бала мен ата-

ана байланысына қатысты тәрбие мәселесін сөз етіп драмалық

туындылар жазып жүрген жазушының бірі – Ә.Табылдиев. Мектеп

өміріндегі әр түрлі мерекелерде қойылатын шағын туындыларымен

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 77

қатар белгілі автордың “Армандастар” атты пьесасы жоғарғы сынып

оқушыларының мамандық таңдауға байланысты әрекеттерін

бейнелейді. Пьесадағы әр кейіпкердің өз арманы бар. Әр кейіпкер

өздері таңдаған өнерлері мен бейімділіктерін барынша көрсетуге

тырысқан. Пьеса 1980 жылдардағы қайта құру кезіндегі

жасөспірімдердің өзін-өзі басқару, өзара сынды күшейту сияқты

әрекеттеріне негізделген. Мұндай пьесаларды С.Жүнісовтің “уақыт

типіне негізделген туындылар” деп атағаны да мәлім. Бұл туындыға

оқушы жеткіншектердің өмірін көрсетуге бағытталған шығарма ретінде

қазіргі тәуелсіз әдебиет нысанасы тұрғысынан талдап баға беру

орынды. Автор пьесада қазіргі балалардың типтік бейнелерін көрсетуді

мақсат еткен. Пьесада оқушы-вундеркинд Ғалымбек, екпінді оқушы-

ақын Еркін, орташа оқитын бала Сәлім, өнерпаз домбырашы, әнші

оқушылар: Сәуле, Маржан және техник Ажар деген бала бар. Автор

жасөспірім балалардың бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттерді

осы оқушыларға жинақтап көрсеткен. Ә.Табылдиев шығармаларына

тән ортақ сипат шығарманың өн бойынан үнемі көрініп отыратын

жылылық “Армандастар” пьесасына да тән. Пьесаның басты кемшілігі

– кейіпкерлерінің тым “дұрыс” келіп, жасанды сөйлеуінде. Мәселен,

Ажар деген оқушы достарының күліп көңілді тұрғанын көріп:

- Сәлеметсіздер ме? Бәрің де көңілдісіңдер ғой … Үнемі осылай

шаттықтарың шалқи берсін! Бейбіт күнде берекелі тұрмыс, мерекелі

өмір, баянды бақыт көркейе берсін, достар!- дейді.

Міне, бұл баланың достарын кездестіргенде айтатын сөздерінен

гөрі үлкен кісінің айтқан ресми орындағы тілегі сияқты шыққан.

Осындай жасандылық, құрғақ сөзділік, жылтырақ фразалар пьесаның

көркемдігіне нұқсан келтіріп тұр. Аталған бірлі-жарым сын-

ескертпелерді елемегенде пьесада оқушы жастардың 1980 жылдардағы

алдыңғы қатарлы бір тобының мектептегі өмірі бейнеленген.

Пьесада әр оқушының өз кемшіліктерін достарының көмегі

арқылы түсініп жоюға уәде бергені көрсетілген. Сонымен бірге

шығармада балаларға арналған пьесаларда айтыла бермейтін нәзік

сезім – махаббат та аз болса да сөз болады. Мәселен, Ажар өзінің

Ғалымбекті ұнататынын тікелей мәлімдейді:

“Ажар: Мен сені бәрінен де жақсы көремін. Бұл шындық.

Шындықты жасырмай, жариялап тұрмын, Ғалымбек.

Ғалымбек: Мен достарымды ала, құла деп, бөлмеймін.

Ажар: Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, -

78 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

Сонда да солардың бар таңдамасы,-

деп Абай атамыз айтқандай, шындығында достың да таңдаулысы бар

емес пе?

Ғалымбек: Ажартай, адамдарды, әсіресе, жақын достарды өйтіп

“сортқа” бөлу әдепсіздік болмай ма?

Ажар: Мысалы, сен келешекте ғалым болуды таңдадың, бұл

арман – таңдау. Ал келешекте мәңгі бірге жүретін дос адамды әлі

таңдаған жоқсың ...”

Міне, берілген үзіндіден байқағанымыздай Ажар қыз балаға тән

ұяңдықты кейін ысырып, өзіндік қылығымен ерекшеленеді.

Ғалымбекке деген сезімін ашық білдіреді. Ал, Ғалымбектің түсінбеген

қалып танытуы да оның ерекшелігінің айнасы. Пьесадағы

жеткіншектер арасындағы махаббат сезімін білдіретін тұсы осы ғана.

Автор Ажар мен Ғалымбек арасындағы осы сезімді дамыта түссе, жас

жеткіншектің өсу психологиясын көрсететін пьесаның бір қыры

ашылар еді.

Пьесада негізгі кейіпкер, басты кейіпкер дейтін бейнелер жоқ.

Мұндағы кейіпкерлердің әрқайсысы өзінше бас кейіпкер. Шығарма

Еркіннің шағын монологымен басталады :

“Еркін: (көрермендерге) Сәлем, достар! Ағайындар! Өмірдегі ең

қымбат нәрсе не? Білесіңдер ме? ... Ол – уақыт. Мен әрбір минутымды

босқа жібермей, уақытымды ұқыппен пайдаланып жүрмін ... Өз ісіме

уақытымды жеткізе алмай жүргенде, маған Сәлім деген кергіген кесір

оқушы кедергі жасады... Міне өзі де келе жатыр.”

Одан арғы Сәлім мен Еркін диалогынан Сәлімнің ара-тұра екілікті

де алып жүретін орташа оқушы екені байқалады. Бірақ Сәлімнің де

өнер-білімнен мүлде құр алақан еместігі болашақ спортшы екені де

біршама танылған.

Сәлімнің бір екілігі сыныпты артқа тартады деп оған Еркінді

көмекке жіберу әрекеті де мектеп өмірін жинақтап көрсету талабына

бағындырылған. Еркін болашақ ақын. Сондықтан оның Сәлімнің

намысын ояту үшін тисе сөйлеуі де біршама нанымды шыққан:

“Еркін: Кемшілік кешірілмейді, түзетіледі. Жағдай бәрінде де

болады. Бірақ сыныптың намысы мен уақыт бәрінен де қымбат, міне,

мәселе қайда жатыр.

Білесің бе, досым сен,

Оқу үшін не қымбат?

Ең қымбатың – уақыт.

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 79

Соны түсін, сырын бақ ...

Ынта мен жігер болмаса,

Оқуың ойға қонбаса,

Оқушы болу – әурелік,

Оқудың өзі далбаса!

Сәлім: Мақұл... Мен өз кемшілігімнің кесірін енді түсіндім”.

Пьеса соңында сынып жетекшісі Ерденнің оқу үлгерімі жүз

пайызға жеткенін айтуынан Сәлімнің де оқу үлгерімі жақсарғаны

көрінеді. Автор осы арқылы өзара сынның, оқушылардың өзін-өзі

басқаруының ролін аша түскен. Автор балалардың іс-әрекеттерінен

көрінетін кейбір жағымсыз қылықтарды Ажар мен Ғалымбек жасаған

құлтемір (робот) “Өнерпаздың” ауызымен айтқызады. Бұл да пьесаға

өзек болған ой еркіндігі, өзара сынды өрістету мақсатына

бағындырылған. Жалпы пьеса 1980 жылдардағы жастар өмірін

көрсетуге құрылған. Сондықтан да шығарма сол жылдардың рухына

лайықталған туынды болып шыққан.

Балаларға пьеса арнап жүрген жазушылардың бірі – Ескен

Елубаев. Оның қаламынан шыққан “Өжет”, “Бір уыс бидай”, “Саған

күшік керек пе?” пьесалары мектеп сахналарында қойылатын негізгі

қойылымдардың бірі. Е.Елубаевтың балаларға арналған

шығармаларына тән ерекшелік – бала мінезін, бала психологиясын

боямаламай шынайы түрде бейнелеу деп санаймыз. Оның “Өжет”

пьесасы азамат соғысы кезіндегі оқиғаға құрылған. Негізгі кейіпкер –

Балабекті автор тентектеу, еркелеу етіп көрсетеді. Анасы оны ұйқыдан

ояту үшін еркелетіп:

Айналайын баладан,

Тауып алған даладан.

Далада бала жата ма,

Түсіп қалмаса шанадан,

Шанада бала жата ма,

Сұрап алмаса алладан

Қошақаным, құлыным,

Ботақаным, жұлыным.

Тұр әкебас,

Тұр көкебас,- дейді.

Үзіндіден автордың ұлттық бояуды ұтымды пайдаланғанын

көреміз. Себебі, “Айналайын баладан” деп басталатын өлеңді естіп

өспеген қазақ баласы жоқ шығар. Бұл жолдар ең алдымен қазақи реңкті

80 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

айқын көрсетеді. Сонымен бірге қазақ балаларының ұғымына

жақындығы тағы бар. Балабектің өзін ересек, үлкен санайтыны да бала

психологиясын ашатын штрихтар. Әр бала өзін ересектермен қатар

қойып, тез есейгісі келетіні белгілі. Балабек те сондай көп

қарадомалақтың бірі.

“Үлкен болды демейсің,

Мені малға теңейсің”,-

деген сөздері іштей еркелеткенді ұнатқанымен, өзін үлкен

санағандығын байқатады.

Өзенге барып құнаныңды суғарып кел дегенде Балабек бала

мінезіне тән сылтауға көшуімен ерекшеленеді :

Өзің білесің бе, құнаныңды суғарып,

Тұрғанда, ысқырып тұруым керек.

Анасы:

Ысқырып тұрсаң ысқырып тұр,

Мынау не деп кері іс қылып тұр.

Балабек:

Менімен ешқайсыңның ісің жоқ,

Ысқырар ем, тісім жоқ.

Балабектің анасының ашуланғанын көріп және үйден ытып

шығуы бәрі Балабектің өсу, қалыптасу ерекшелігін танытады. Ал

ауылына ақтың әскерлері келіп бүкіл ауылды дүрліктіргенде де Балабек

артық мінез көрсетпейді. Тек оған бәсіреге берген құнанын ақтар

тартып алып, өзін теуіп жібергенде ғана өзіндік ашу білдіреді. Автор

баланың өзіндік өш алуын ерекше патриоттық сезімнен емес қатардағы

пендеге тән сезім көрінісі ретінде бейнелегендігі ұтымды шыққан.

Жазушы белгілі бір тапты жақтағандығынан ақтың офицерінен өш

алған етіп Балабекті көрсетсе, бұл жасанды болар еді. Балабек

мінезіндегі балаға тән қияңқылығы, қыстығып барып өжеттенуі

нақтылы берілген. Пьеса оқиғасының шиеленісуі ақтың әскерінің

ауылға келіп қоқан-лоққы көрсетуінен басталады. Оған дейінгі

көріністер Балабектің Керең шалды мазақ қылуы негізгі тартыс

алдындағы дайындық, қалыпты психологиялық жағдайды қызықтау

ретінде берілген. Шалдың орта қап тарыны атына өңгере алмай

жатқаны, оған Балабектің көмектесуі де шынайы. Артынша оның өзінің

тентек мінезіне басып шалдың намазын бұзғызуы бала ерекшелігін аша

түседі. Автор ремаркада осы көріністі жақсы көрсеткен:

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 81

(Керең шал белбеуін шешіп, шапанын жайып жіберіп, намазын

дауыстап оқи бастайды. Отырып, тұрады, жерге маңдайын басады.

Еріккен Балабек шалдың артына тұрып алып, мазақ етіп тұр).

Балабек: (оқыстан айқайлап) Ата, әй, ата!

Керең шал: (намазын доғара салып, бірдеме болып қалды ма екен

деп) А-а!

(Балабек шек-сілесі қатып күледі. Ішегі түйіліп жерге аунайды).

Балабек: Намазыңызды қаза қылдыңыз,

Алла-тағаладан ұят емес пе,

Мұныңыз.

Намаз оқып тұрып

Сөйлеуге болмайды.

Ақыретте

Тозаққа шыжғырады ондайды”,-

деп шалды мазақ қылып, әрі ақыретпен қорқытады. Бірақ осы

көріністің өзі жеңіл күлкіні келтіріп, Балабекке деген жаман көзқарасты

қалыптастырмайды. Иә, үлкенді мазақтау, келемеждеу жаман қылық.

Бірақ пьеса басталғаннан таныс болған Балабекке кешіріммен

қараймыз. Себебі оның әрекетінде бұзақылық емес, ерке тентектік бар.

Әрі Балабек сияқты баланы әркімнің өз ауылынан да кездестіре

алатыны оның бейнесін типтендіріп тұр. Е.Елубаев шығармаларына тән

негізгі белгілердің бірі – жеңіл юмор мен сөздердің ұқсастығын

ұтымды пайдалануы. Мәселен ақтың әскері:

“Араларыңда большевик бар ма?”- дегенде оның сөзін ұқпаған

ауыл ақсақалы:

“Балшебек жоқ бізде,

Аршабек бар.

(Ақтың офицерінің көзі ақшиып шошып кетеді. Қолын наганның

кабурына апарады). Қайда ол?

Ауыл ақсақалы: Міне Аршабек”

Немесе одан кейінгі көріністегі ауыл ақсақалынан ақтың офицері

атын сұрағанда, ол сасқанынан өз атын ұмытып қалып Балабектің

анасынан өз атын сұрауы да нанымды өрнектелген:

“Көсегең көгергір келінжан,

Менің атым кім еді?

Анасы: Жәке-ау!

Қалай айтам атыңызды?

Сіздің атыңызды айтуға болмайтын

82 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

Білмейсіз бе салтымызды?

Ақтың офицері атам деп оқталғанда:

Бұл кісінің есімі,

Бірге толмайтын Жәке

дейміз, келіндері, өзіміз- дейді

Есімі еске түскен ақсақал:

Атым Жартыбай.

Есім шығып састым ғой, түге,

Мынаның мысы басты ғой, түге”.

Осы сияқты қазақ ұлтына тән бояу белгілердің мол болуы

пьесаның сәтті шыққанына дәлел болып тұр. Пьесада үзіліс, бөгеліс

жоқ. Оқиғалары бірінен соң бірі, бір қалыппен туып көрермендерін

жалықтырмайды. Қайта әр көріністегі қызықты эпизодтар оқырманды

өзіне баурап, тағы не болар екен дегендей әсерде қалдырады.

Пьесадағы кейіпкер сөздерінің белгілі бір ұйқасқа құрылғандығы да әрі

жеңіл, әрі көрермендерге түсінікті болуыменен ерекшеленеді.

Е.Елубаевтың балаларға арналып жазылған тағы бір пьесасы “Бір уыс

бидай” деп аталады. Мұнда да ерке, тентек бала әрекеті суреттеледі.

Алайда, алғашқы “Өжет” пьесасындағы Балабекті қызықтағандай,

Батырдың әрекетін, тентектігін құптай бермейміз. Балабектің еркелігі

өжет әрекетке әкелсе, Батырдың еркелігі тек кесірлік пен

тәрбиесіздікке әкеледі. Бұл пьесада да Батырды әжесі қатты еркелетеді.

Тіпті оның артынан еріп жүріп киіндіріп, мұрнын да сүртіп беруі т.б.

Батыр ерекшелігін танытады. “Өжет” пьесасында Балабек анасының

еркелеткенін ұнатпай оның сөзін мазақтап қайталаса, “Бір уыс

бидайда” Батырды досы Тұрыстың келемеждеуі берілген.

Артынан екеуінің қалталарынан бірі бидай, екіншісі күріш дәнін

алып шығып атыса бастауы ізінше одан жалығып қыздарды атқылай

бастауы – бәрі кейіпкерді шынайы көрсету талабына сай өрілген.

Мәселен:

“Қыз: Ағай, ағай,

Мына Батыр

Бізді бидайдың дәнімен атып жатыр,

Көзімізді шығаратын болды,

Кластың еденін қараңызшы,

Бидай мен күріштің дәніне лықа толды.

Мұғалім: Обал-ай! Обал-ай! (Аяғын басатын жер таба

алмайды)”

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 83

Міне осы үзіндіде еденде төгіліп жатқан дәннің көптігін “лықа

толды” деген сөздер білдірсе, автордың “аяғын басатын жер таба

алмады” деген ремаркасынан дәннің көп шашылғаны анық көрініп тұр.

Батырға жердегі дәнді жинауға мұғалім бұйырғанда оның аяғымен

сиыра бастауы да тәрбиесі нашар ерке бала қылығын шынайы түрде

ашады. Міне осы көріністен-ақ, кесірлі тентек екені байқалған

Батырдың өзінің бүлдірген ісін мойындамай тұруы, тіпті мұғалімнің

сөзін ұнатпауы бәрі қалыптасқан теріс тәрбие нәтижесі екені ашылады.

Пьесада әрі қарай Батырдың сабақ оқымайтын жалқау екені де ұтымды

штрихтер арқылы көрсетілген:

Мұғалім: Тақтаға шық!

Батыр: Сабаққа дайын емеспін.

Мұғалім: “Бірсің”. Тәртібің де “бір”. Күнделігіңді әкел.

Батыр: Үйде ұмытып кетіппін.

Мұғалім: Бар да алып кел.

(Батыр сумкасын жинап алып жайбарақат шығып кетеді).

Батырдың жағымсыз әрекеттерінің бірте-бірте күшейіп түсуін

және бұл арқылы теріс бағытқа түскен жас баланың өзін оң бағытқа

икемдеуі қиындағанын ашу талабын аңғартады. Сөйтіп, шығарма

басында әжесі еркелеткен тентек бала енді ешкімді місе тұтпайтын

бұзық балаға айналу үстінде алынып оның құлдырау жолы кең

қамтылып кейіпкерді жан-жақты танылуына негіздеген. Екінші

көріністе оның тыныш жатқан күшікті ызаландырып мазасын алуы да

шынайы кестеленген. Оның:

“Асыраған күшігің өсе келе,

Қабаған ит болып шықсын десең,

Соның қамын жесең,

Ызаландырып, таяқпен түрткілеп,

Мазасын алып, тыныштық бермей,

Қашқалақтағанына көнбей,

Ойнап ұру керек,

Күнде өстіп тұру керек,”-

деген сөздері мазасыз мінезін айқындай түседі. Күшікке тиіскенімен

қоймай оның енді тыныш жатқан бұзауды сүйрелеп сүзеген етпек

болуы да бала табиғатына сай ашылған:

“Қайтсем де сүзеген ғып шығарамын мұны мен,

Жаттықтырам, жалықпастан күнімен!”-

84 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

деген сөздерінен сабақ оқымаса да, бұзау мен күшікті ызақор қылуға

уақыт табатын бала әрекеті анық танылады.

Бала мінезінің өзгеруіне оның тентек, қияңқы болуына

үлкендердің әсері екенін автор атасы мен әжесі арасындағы диалог

арқылы білдіреді. Баланы тым әспенсітудің арты жаман болатынын

атасы ескертсе де, әжесінің үнемі Батырды ақтап сөйлеуі бала

тәрбиесіне деген үлкендер қателігін ашуға құрылған.

“Атай: Біздің Батыр.

Әбден әспенсіп кетті.

Еркелетуді тиятын мезгіл жетті.

Жалғыз-жалғыз деп есіртіп алмадық па,

Тәрбиесінен көз жазып қалмадық па?

Әжей: Жә, сандалма. Немене,

Жылап жүріп алладан сұрап алған немере,

Сен алжыған шал, бықсытпай отыр,

Ілініп-салып жүріп оқыр”,-

дейді. Әрі қарай әжесі жақсы оқып көзге түссе, елдің көзіне түсіп көз

тиіп қалады деген “қауіп” айтады. Осылайша жақсы көрген немересін

үлкен кісінің тым аялайтыны шынайы берілген.

Алғашқы көріністердегі Батыр мінезіндегі тым шолжыңдық

қайдан шығып жатқанын атай мен әжей арасындағы диалог нақтылай

түседі. Автор бала тәрбиесіне, оның өсу, даму психологиясына

үлкендердің тікелей қатысы барын көрсетеді. Пьесадағы негізгі идея

атай мен әжей арасындағы бала тәрбиесі туралы диалог арқылы

жеткіншек Батырдың іс-әрекеті мен мінезіндегі өзгерістің себебінің

ашыла түсуін байланысты өрістетеді. Конфликтісіз драма болмайтыны

белгілі. Пьесада негізгі орталық тартыс пен бірге соны негіздеуші,

өрбітуші ұсақ тартыстар да болады. Ұсақ интригалар кейде орталық,

яғни негізгі тартысты нақтылай түсу үшін де керек. Мәселен, әжей мен

атай, атай мен Батыр, Батыр мен мұғалім, мұғалім мен әке, Батыр мен

әке арасындағы диалогтар ұсақ тартыстар ретінде бірін бірі дамытып

бала тәрбиесіндегі негізгі олқылықтарды ашуға бағытталған. Пьесада

тартыс мәселесі тақырып пен идеяны ашуда шешуші рөл атқарады.

Кейіпкер мінезі мен әрекеті де осы тартысқа байланысты. Осы ретте

белгілі зерттеуші С.Ордалиевтың: “Конфликт дегеніміз өзінен өзі пайда

бола алатын нәрсе емес, ол өмірдегі әр түрлі адамдардың күрес үстінде

көрінетін, түрліше характерлерін ашатын күш. Конфликт мәселесін

объективтік өмірлік қажеттілік деп ұғып, оны драмалық шығарманың

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 85

сюжет құрылысының міндетті заңы, драмалық әрекеттің пружинасы,

қала берсе драманың өзіндік жанрлық ерекшелігі деп білуіміз керек”,

/7, 17/ деген ғылыми ой-тұжырымын пьеса талдау барысында үнемі

назарда ұстау абзал. Расында, да егер пьесада тартыс болмаса ол

драмалық туынды болудан қалады. Пьеса соңында әкесінің бір уыс

бидайды шашып тастап бір-бірлеп теруге бұйырғанын, еденде

шашылған дәнді жинап болып Батырдың “ух” деп маңдай терін

сүрткені берілген. Біреудің еңбегін қадірлеу керектігін әкесі баласына

осылайша түсіндіреді. Пьеса соңында әке көрермендерге қарап:

“Ақылымның жеткен жері,

Менің берген жазам осы болды.

Ал сіздер қайтер едіңіздер?”...- дейді.

Бұл арқылы автор өз көрермендеріне ой салады. Бала

тәрбиесіндегі күрделі мәселелерге көрермендерін де үңілте түседі.

Зерттеуші Р.Нұрғалиев: “Көрерменге арнай сөйлеу, сырласқандай,

әңгімелескендей сыңай таныту – спектакльді жандандырып жіберер

тәсіл”, /17/- дейді. Е.Елубаев пьеса соңында осы тәсілді пайдаланып

көпшілікті, соның ішінде жас көрерменді де ойлануға шақырады.

Автордың “Саған күшік керек пе?” деген пьесасының оқиғасы

созылып, тым шұбалыңқы шыққан. Жеке-жеке оқиғалары мен кейіпкер

тіліндегі сөз қолдануы ұтымды шыққанымен пьесаның айтайын деген

ойы көмескілеу. Жеке эпизодтарының шынайы түрде шыққанымен

пьесадағы тартыс нақтылы емес. Сол себепті де шығарма өз мақсатына

жете алмаған. Алдыңғы тарауларда талданған шығармалар жасы

кішілерге арналғандықтан кейіпкердің мінезіндегі көпқырлылық

мәселесіне тоқталмадық. Ал, жеткіншек үшін кейіпкер мінезі мен

әрекетіндегі әр түрлі сипаттың болуы маңызды.

Е.Елубаевтың “Саған күшік керек пе?” пьесасының басты

кейіпкері Қуаныш бойынанда осындай мінез түрлілігін көреміз. Оның

күшіктерге жаны ашып, арасына түсуі негізгі тартысқа баратын жол.

Сол күшіктер үшін әкесінің заңға тартыла жаздауы, бірақ Қуаныштың

күшіктерді аман алып қалуы кезінде оның бірбеткей мінезі,

біржақтылығы, аяушылық т.б. сезімдері біршама көрінген. Ал оның

әпкесі Шолпыға келіп жүрген Нақышты ұнатпауы, тіпті жек көруі бала

психологиясына сай шыққан. Пьеса соңында даудың басы болған

күшіктерді ауыл балалары таратып әкеткені, Қуаныштың көңілінің

жай табуы көрсетілген. Осы кезде бұлардың үйіне Нақыш келіп бір

күшігін сұрағанда Қуаныштың Нақышты кешіре салмау да шынайы

86 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

берілген. Бәрі жақсы аяқталғанда бас кейіпкер кеңдік көрсетуі дәстүрлі

тәсіл екенін ескерсек те, Е.Елубаевтың кейіпкерінің бірбеткей қалыпы

шегелене түскен:

“Қуаныш: Сенің төбетің бар емес пе? Күшік неңе қажет бола

қалды?


Нақыш: Төбетіміз, не деуші еді. Иттердің әбден жасы жеткенде,

қартайды деуші ме еді, әлде кәрі болды деуші ме еді. Үруге ерінеді.

Сондықтан жас күшік асырамақшымын. Күшігіңнің біреуін бер.

Қуаныш: Жоқ! Балалар алып кетті. Бар болса да, бермеймін. Кет

үйден. (Жан-жағына қарап тас іздейді). Жоғалт көзіңді. Күшікшілін.

Білем сені. Кет деген соң, кет!..”

Міне, “күшік оқиғасына” байланысты қаншама сөз естісе де

Қуаныштың алған бетінен таймайтын ерекшелігін жазушы жете

танытқан.

Қорыта айтқанда, Е.Елубаев балалар драматургы ретінде өзіндік

стилі, өз қолтаңбасы қалыптасқан жазушы дейміз. Оның

шығармаларының жас көрермендерге жақындығы – кейіпкерлерінің

шынайы, боямасыз болуынан. Әр кейіпкер өз өмірімен, өз жолымен, өз

мінезімен көрінеді. Е.Елубаев “балалар жазушысы болып туу керек”

деген ойды нақтылы шығармаларымен дәлелдеген жазушы. Ол өзінің

бір сұхбатында: “Кез-келген адамның өз басынан кешкен, ғұмыр бойы

ұмытпайтын бір-бір ертегісі болады. Ол балалық шағы. Бірге ойнаған

достарың, олардың қылықтары, мінездері көкейде сайрап тұр. Міне,

жаза білетін адамға көл-көсір материал қайда жатыр! Менің балаларға

көбірек жазып кеткенімнің бір себебі осы шығар деп ойлаймын. Және

де оған қосымша бойымда балалық мінездердің қалғандығынан да

шығар”- дейді /13, 164/.

Е.Елубаевтың шығармаларының тілі жеңіл, көбіне ұйқаспен

келеді. Автор үнемі жеңіл күлкі мен юморды негізгі ойды ашу үшін

қолданып отырады. “Өжет” пьесасындағы ерке бала Балабектің мінезі

мен әрекеті сөйлеу тілімен байланысты шығады. Атына тары арта

алмай жатқан Керең шалды келемеждеуі, намаз оқыған тұсын

мазақтауы жеңіл, зиянсыз күлкі тудырады. Ал ақтың офицерінің

қарапайым халыққа көрсеткен мінезі, “большевик” деген сөзден

қорқуы, өзінен өзі бақырып-шақырып елді дүрліктіруі ащы, уытты

күлкіге негіз болады. Ал “Бір уыс бидай” пьесасында Батыр деген

баланың тентек мінезі сыналады. Мұнда кездесетін күлкі жеңіл қалжың

емес. Бұл бала тәрбиесіне сыни көзқарас тудырып, жас көрерменді

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 87

ойландыратын күлкі. “Саған күшік керек пе?” пьесасында күшіктерден

құтылу үшін оларды қапқа салып поезбен жөнелтпек болған әке мінезі

және сол үшін жауапқа тартыла жаздап әзер құтылуы сияқты эпизодтар

да күлкіге құрылған. Е.Елубаев пьесаларында қолданылған күлкілер де

әр түрлі. Бірінде күле отырып риза болу (“Өжет”), бірінде күле отырып

тәрбие мәселесіне ойлану тудырады (“Бір уыс бидай”). Е.Елубаев

пьесаларға ат қоюға шебер жазушы. “Өжет” пьесасындағы Балабек

ақтарды жеңу үшін өжет әрекет істейді. Ал “Бір уыс бидай” пьесасы

дәнді, нанды қадірлеу, еңбекті бағалау мәселесін көтереді. Үшінші

пьесасында даудың басы күшіктерге байланысты өрбиді. Аты да соған

сай “Саған күшік керек пе?” деп сұрақ қойып тұрғандай. Е.Елубаев

шығармаларында күлкі элементтері мол пайдаланылғанымен таза

комедиялық туындылар емес, әлеуметтік, тәрбиелік тақырыптағы

драмалар. Бүлдіршіндерге арналған драмалық шығармаларды тегіне

қарай комедия, трагедия, драма деп бөлуге онша келе қоймайды. Ал

жеткіншектерге арналған туындыларда кейіпкер санының молдау

болуы мен шығарма көлемі көтеретін болғандықтан, әрі жас

ерекшеліктеріне байланысты драма жанрының тегі де айқындала

бастайды. Зерттеушілер – Ә.Тәжібаев, Р.Нұрғалиев, Ж.Әбілев,

Р.Рүстембековалар өз еңбектерінде қазақ әдебиетіндегі комедияның

негізі халық әдебиетінде екеніне тоқталған. Ә.Тәжібаев пікіріне

сүйенсек: “Сөйтіп, біздің драматургиясындағы комедия саласы да ең

алдымен халық әдебиетінің негізінде туды. Батыс және орыс

классиктерінің комедиялық өнерін зерттеп, олармен терең танысқан

қазақ жазушылары халық күлдіргілерін қалай пайдалануды бірден-ақ

дұрыс аңғарды”- дейді /16, 204/.

Белгілі зерттеуші Р.Нұрғалиев қазақ комедиясының жанрлық

ерекшелігін саралай келіп: “Сөз жоқ, қазақ драматургиясының барлық

жанрларының негізгі қайнар көзі, алтын арқауы, күре тамыры – ауыз

әдебиеті үлгілері, фольклордың сан алуан нұсқалары. Әлем

драматургиясы мектебінен тиянақты сабақ алған қазақ қаламгерлері

ұлттық топырақтағы берекелі дәстүрлерді жаңашылдықпен дамыта

білді”,- деп пікірін білдірген /17, 210/. Ж.Шаниннің халық арасындағы

күлдіргі әңгімелер негізінде жазған “Торсықбай”, “Айдарбек”

пьесалары М.Әуезовтің “Айман–Шолпаны”, Б.Майлиннің “Шаншар

молда” т.б. шығармалары қазақ комедиясының қалыптасуының басы

болды. Алдыңғы толқын туындыларының тәжірибесінен жасөспірімдер

театрында алғаш рет Ш.Құсайыновтың “Алдар Көсе” комедиялық

88 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

шығармасы қойылды. Халық арасындағы мол тараған аңыз әңгімелер

алғаш рет жинақты түрде “Алдар Көсе” пьесасында көрінді.

Ш.Құсайыновтың “Алдар Көсе” пьесасы туралы толыққанды пікір

зерттеушілер Ә.Тәжібаев, /16/ С.Ордалиевтардың /7/ монографиялық

еңбектерінде берілген.

Алдар Көсеге ұқсас халық арасында белгілі персонаждың бірі –

Қожанасыр. Қожанасыр бейнесі Орта Азия халықтарының ауыз

әдебиеттерінің барлығына ортақ. Қазақ, өзбек, ұйғыр, парсы

халықтарының сүйікті кейіпкері Қожанасыр өзінің аңқау да, батыл,

тапқыр да, өжет мінезімен белгілі. Қазақ балаларына танымал жазушы

Б.Соқпақбаевтың “Тапқыр Қожанасыр” атты комедиялық шығармасы

халық арасында белгілі шағын аңыз әңгімелердің басын қосып бір

арнаға біріктірген туынды. Зерттеуші Р.Нұрғалиев: “Шығармада

комедиялық мазмұн, комедиялық характерлер, типтер, персонаждар,

комедиялық тартыстар, комедиялық жағдайлар, комедиялық көркемдік

құралдар түгел сай келгенде, туынды нағыз комедия болмақ”,- деген.

/17, 217/ Бердібек Соқпақбаевтың “Тапқыр Қожанасыр” пьесасында

аталған комедия элементтерінің бәрі бар. Олай болса, “Тапқыр

Қожанасыр” пьеасына қазақ балалар драматургиясындағы комедиялық

туынды деп баға беру орынды болар еді. Пьеса салған жерден күлкімен

басталады. Автор ремарка арқылы Қожанасыр ауласында болып

жатқан әрекетті бірден көрсетеді. Қожанасыр есегін жүргізе алмай

әуреленуде:

“– Арам қат! Арам қатқыр! Ішкенің ірің, жегенің желім болсын

сенің! Сарымайдай кілкітіп жоңышқа берем. Ұнның кебегі, нанның

күйігі, қазанның қаспағына дейін өзім жемей, осының ауызына

тықпалайтынмын. Ал бұл арам қатқыр қалаға бір барып келуге

жарамайды. (Есектің басына төпелеп ұрады). Өл! Өл, иттің малы! Өл!

(Есек ақырып-бақырып құлай кетеді)”.

Міне, осылайша пьеса басталғаннан күлкі туады. Есегі тұрмай

қойғаннан кейін Қожанасыр алдымен онымен адамша сөйлесіп

жалынады, болмай қойғаннан кейін санына біз сұғып алады. Есек

қашады, Қожанасыр үйді айнала оны қуа береді. Үйден әйелі шығып

есекті ұстап береді. Қожаның әйелінен сусын сұрағаны да қызық.

Алдымен қымыз әкел дейді, үйде қымыз жоқ дегенді естіп, бірден

қымыз ыстықта бас айналдырады, ендеше ашыған көже бер дейді, ол да

жоқ десе, біткені жақсы жүректі қыжылдатады деп тапқыр, ауытқыма

сөз айтады. Қожанасыр сөзден ұсталмайды да, ұтылмайды.

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 89

Оның Қоңырбаймен болған әңгімесінде байдың әрі тоқсан тоғыз

ділдәсін, әрі шапаны мен атын айламен алады. Бай Қожаны ақымақ

санаса, Қожанасыр оның өзін тақырға отырғызады. Қожаның құдайдан

ақша тілеп отырғанын көріп өзінше ақымақ қылу үшін Қоңырбай

төбесінен тоқсан тоғыз ділдә тастайды. Алдында егер бір дiлдәсін кем

не артық берсең алмаймын деп отырған Қожа тағы да тапқырлық

танытып: “Е, білдім! Дорбасы бір ділдә екен ғой”,- дейді. Қоңырбай

ақшасын сұрап келгенде:

Қожанасыр: Қалайша сіздікі болады? Мен бұл ақшаны қазір ғана

тәңірден жалбарынып сұрап алдым.

Қоңырбай: Әй, ақымақ. Ақымақ болмасаң тәңірі ақша беретін бе

еді?


Қожанасыр: Көңілі түссе тәңірімнің бермейтін нәрсесі жоқ.

Айтыңызшы, сіз соншама байлықты қайдан алдыңыз. Біреуді тонап

немесе біреуден ұрлап алдыңыз ба?

Қоңырбай: Тарт тіліңді? Мен кімді тонаппын? Байлықты маған м-

м-м-м құдайым берді”.

Міне, Қожанасырдың тапқырлығы ол байға өз ойын айтқызды.

Қоңырбай “Құдай берді” деген сөзі қалай айтқанын өзі де білмей

қалды. Қожанасыр Қоңырбайды тағы да алдап соғады. Ол хан алдына

жүгінуге баруға алдымен келіседі. Содан кейін өзінің ат пен шапаны

жоқтығына сылтау ғып байды алдайды.

“Қожанасыр: Айтса да мен ханға бара алмайды екенмін.

Қоңырбай: Е, қорқайын дедің бе?

Қожанасыр: Мәселе қорыққанда емес, байеке. Біріншіден, есегім

жаңа ғана қаладан болдырып келді. Аяғын баса да алмайды. Екіншіден,

хан алдына киіп барар өңі түзу шапаным да жоқ. Мына түріммен қалай

барамын?

Қоңырбай: Шапан да, көлік те табылады. Мен берем. Бірақ

келісімен өзіме қайтарасың”.

Хан алдына барғанда да ол қаймықпайды. Осылайша,

Қоңырбайды Қожанасыр өзінің тапқырлығымен алдап соғады. Өзінің

ақылды, тапқыр әрекеттері арқылы озбыр хан қолында отырған

тұтқын қызды босатып алады. Қожанасыр хикаяларын бір арнаға

тоғыстырудан шыққан туындының жас көрермендер үшін берері мол.

Пьеса бойынан комедиялық туындыға тән элементтердің барлығын

көруге болады. Мұнда комедиялық кейіпкер Қожанасыр да, Қожанасыр

әрекетінен туған комедиялық тартыс та бар. Сондықтан,

90 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

Б.Соқпақбаевтың “Тапқыр Қожанасыр” пьесасын комедиялық туынды

деп атауға болады. Осы орайда белгілі ғалым Р.Рүстембекованың:

“Қазақ совет комедиясының алдында профессионалды театр үлгісі

болмағанымен, өмір талабынан, тарихи қызу оқиғалар кезеңінен туған

осы жанр жас та болса сол күндердің проблемаларын көтеруде басқа

республикалардан кейін қалған жоқ”, - деген ойымен /141, 28/ толық

келісеміз.

Ересек балаларға арналып ертегілік тақырыпта жазылған

туындының бірі – Д.Исабековтің “Әбіл-дихан арманы” атты пьесасы.

Пьеса мәңгілік өмір идеясын арқау етеді. Баяғы заманда Әбіл деген

дихан болады. Оның еккен жемісі ерекше болып өседі екен. Бау-

бақшасы алқапта ерекше бір алма ағашы өсіп тұрады. Әкесі өлер

алдында бұл ағаштың ерекше екенін айтады. Әбіл бірнеше жыл әлгі

алма ағашын күтеді. Бірақ ағаш жеміс бермейді. Күндердің күнінде

Әбіл жеміс бермейтін ағашты кесіп орынына басқа ағаштар екпек

болады. Ол балтасын енді көтере бергенде алма ағашына тіл бітіп өзінің

жай ағаш емес ерекше жеміс беретін ағаш екенін айтады. Ол жемісті

жеген адам мәңгілік өмір сүреді дейді. Ағаш арасында жасырынып

тұрып барлық әңгімені естіген Ібіліс бұл хабарды Сүлеймен патшаға

жеткізеді. Мәңгілік өмір иесі өзі ғана болу керек деген қызғаншақтық

ниетпен Сүлеймен патша Ібілістің тілін кескізеді. Ал, ағашты түп

тамырымен қопартып өз сарайына алғызады. Тек ақылды қыз

Алмагүлдің айласының арқасында алманың дәні сақталады. Пьеса

кейіпкерлері ұнамды және ұнамсыз образдарға бөлінген. Ұнамды

кейіпкерлер – Әбіл, Алмагүл, қарлығаш болса, ұнамсыздары –

Сүлеймен патша мен Ібілістер. Шығармада жағымсыз кейіпкерлер

ұнамды бейнелерден күшті сияқты көрсетілген. Бір қарағанда солай да.

Сүлеймен патша да, оның көмекшілері Ібілістер де неше түрлі сиқыр

біледі. Олар ойларына келген істі сиқырдың көмегімен жүзеге асыра

алады. Ал, олардың қарсыластары Әбіл мен Алмагүл қарапайым ғана

адамдар. Тартыстың өткір шығуы да осы қайшылықтарға байланысты.

Өйткені, жас көрермен Әбіл мен Алмагүлдің жеңетініне іштей сеніп

отырса да, қарсыластарының олардан да күшті екенін мойындайтындай

дәрежеге жетеді. Пьесада қарапайым адамдардың адалдық әрекеттері

басты орынға қойылды. Әбіл күтіп-баптаған алманы өзі үшін ғана емес

бүкіл ел үшін өсіргенін айтады. Ол мәңгілік өмір сүру бақытын барлық

адамдарға сыйлағысы келеді. Ол сонымен бірге тайсалмайтын өжет

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 91

жігіт. Сүлеймен патшаның алдына келгенде де, одан қорықпай бар

шынын айтады:

“Әбіл-дихан: Оны сіз өзгелерге де бөліп беруге тиістісіз, әміршім.

Сүлеймен патша: Өзгелерге де?

Әбіл-дихан: Иә, тақсыр.

Сүлеймен патша: Сонда олар да мен сияқты мәңгі өлмейтін

болып шығады ма?

Әбіл-дихан: Тап солай, тақсыр!”

Бұл үзінді Әбіл-диханның қайсар, бірбеткей мінезін көрсетсе,

төмендегі сөздерінен оның бүкіл адамдарға жақсылық тілейтін елінің

адал ұлы екенін аңғарамыз:

“Әбіл-дихан: Мен осы алмалардың тұқымын жоғалтып алмай, әр

жүз жыл сайын мың адамға бір алманы бөліп беріп отырамын.

Мыңдаған жылдар өткен соң жер бетіндегі адам баласы ауру-сырқау,

өлім-жетім дегенді білмейтін болады”.

Пьесада Әбіл-диханның арманы орындалмайды. Бірақ автор

Сүлеймен патша да, Ібілес те адам екенін айта кетеді. Яғни, дүниеде

істелетін жақсылықта, жамандық та адамдардың қолында екенін

мегзейді. Ібіліс пен Алмагүл диалогы осы ойды нақтылай түседі:

“Алмагүл: Сендер, жалпы, адамсыңдар ма, шайтансыңдар ма?

Ібіліс: Кәрі әжемнің айтуы бойынша арғы аталарымыз адам

болған деседі. Жұртқа жамандық жасай-жасай Ібіліс болып кетіппіз”.

Пьесадағы Ібілістің өзі адамнан шыққан боп көрсетілген. Яғни,

ниеті бұзылған, тек жамандық ойлайтын, екі жүзді адамдардың Ібіліске

айналатыны да жеткіншектерді ойландырары сөзсіз. Қазіргі кездегі

наша саудасымен байып, жастарды ажалға итермелеп отырған

адамдардың Ібілістен айырмашылығы жоқ. Міне, автордың айтайын

дегені осы. Ал, сол Ібілісті жеңген Алмагүл кім? Ол – қарапайым ғана

қыз бала. Тек оның жаны нәзік, адал, ниеті таза. Міне, осы тазалығы

оны қиын жолдан алып шыққан. Пьеса кейіпкерлері нақтылы

болғанымен олардың бейнелерінде символдық нышан да бар. Ол – жер

бетіндегі әділетсіздік, адамдардың ниетінің бұзылып Ібіліске айналуы,

жамандықтың қашанда күшті болып көрінуі, ал әділеттілік пен ақ

ниеттілік, ізгілік сияқты қасиеттердің көп жағдайда Әбіл-дихандай

шарасыз қалуы, қиын жолдан Алмагүлдей тапқырлық пен айланың,

білімнің арқасында адаспай шығуы.

Д.Исабеков аз ғана кейіпкерлер арқылы, солардың әрекеттері

арқылы үлкен ой айта алған. Оның “Әбіл-диханның арманы”

92 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

пьесасының жас жеткіншектерге берері мол. Мұнда ертегілік

кейіпкерлер да бар, ертегілік сюжет те бар. Сонымен бірге қарапайым

ғана өмір шындығы қашанда жақсылықтың жеңіске жететіні дәлелді

түрде берілген. Жалпы пьеса дегеніне жеткен, толыққанды туынды

екенін баса айтқымыз келеді.

Балаларға арналған ертегілік тақырыптағы Ә.Тәжібаевтың

“Жомарттың кілемі” пьесасы 1945 жылы қаңтар айында академиялық

драма театрында қойылды. Ең алғаш рет осы пьесада режиссер

Г.Рошаль техникалық мүмкіндерді мол пайдаланды. Дегенмен де

спектакль қойылғаннан кейін сыншылар тарапынан көп ескертулер

түсті. Мәселен, Н.Львов пьеса сюжетінің армян ертегісі “Анаиттан”

алынғанын айтып сынады /148, 48/. Төрт актілі пьесада он бір негізгі

кейіпкер бар. Пьесаның тақырыбы жауыздық пен ізгілік күресіне

құрылған. Сиқырлы күш иелерін қарапайым адамдардың жеңуін

көрсететін туындыда қиял-ғажайып оқиғалар мол кездеседі. Пьесадаға

негізгі тартыс жезтырнақтар мен адамдардың арасында өтеді.

Жезтырнақтар неше түрлі сиқырлы күшке ие болса, Жомартты

қолдайтын қарапайым адамдардың күші бір-біріне деген сенім мен

сүйіспеншілікте екені айқындалады. Сұлу қыз Несібелді батыр жігіт

Жомартқа кілем тоқып үйренсең ғана саған тұрмысқа шығамын деп

шарт қояды. Осы шартты орындау үшін Жомарт кілемші Дариға апаға

барып кілем тоқуды үйренеді. Кілем тоқып үйреніп болғаннан кейін

үйіне қайтып келе жатып жезтырнақтар патшасы Гауһартастың қолына

түседі. Гауһартас оның санасын сиқырмен жеңіп, дегенін істеткісі

келеді. Бірақ рухы мықты батыр жеңілмейді. Жомартты құтқаруға

Несібелді бастаған қалың қол шығады. Бірлік пен ынтымақ арқасында

адамдар жезтырнақтарды жеңіп бейбітшілік орнатады. Жалпы пьеса

идеясы зұлымдық атаулыны жер бетінен құртуға байланысты

құрылған. Ә.Тәжібаев өзінің «Жомарттың кілемі» пьесасында қазақ

халқына тән ұлттық белгіні, ұлттық нақышты мүмкіндігінше мол

қолданған. Кейіпкер мінезінің жеке тұлғалық болмысының көрінуінде

де негізгі тәсіл ретінде ұлттық болудың ашылуын сабақтас алынған.

Жомарт жоғалып кеткеннен кейін шешесі Қанікейдің жаурыншы,

балшыларға ұлын тауып беруді тапсыруы, шарасыз қалған ананың

баласын қалайда болса табуды ойлауымен ұштасып келіп табиғи түрде

шыққан.


Қанікей: (даусы қалтырап)

Сөйлеңдер балшылар,

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 93

жасырмай сөйлеңдер!

Жомарт жалғыз менікі емес,

Баласы еді үш жүздің …

Екіталай күндерде қабағына қар қатып,

Кірпігіне мұз қатып,

Отаны үшін жас жанын

салмаушы ма еді ортаңа …

Аяп па еді сендер үшін шыбынын?

Үш жүзге мәлім үш балшы

неге түйілдіңдер?

Ащы демей, ауыр демей айтыңдар,

Шиырға салмай,

бұлдырлатпай сөйлеңдер.

Ананың шырылдап баласын іздеуін жазушы ремаркада алған

«дауысы қалтырап» деген сөзбен нақтылай түседі. Ал, Жомарттың

Несібелді үшін кілем тоқып үйренбекші болып, жоғалып кеткенін

естігендегі Қанікей сөзі де табиғи, нанымды.

Қанікей: (қадалған көзін алмаған. Сәлден кейін бетінен қаны

қашып сұрланды. Көздері бұрынғыдан да үлкейіп ашу жалынын

шашқандай. Өз бетін өзі бір жосып тастағанда, тырнақтарының

ізінен қан көрінеді. Жaй, бірақ зәрлене, тістене сөйлейді).

Тіпәй, тіпәй, жүзіқара, (қолын көтеріп) әрі жүр

Халқын қорғар батырдың

Семсерін тасқа түсірген,

Балам деген ананың

Жарық күнін батырған,

Кесепат қыз, арман жүр!-

деуі ешбір боямасыз. Жалғызынан айрылып, жүрегі қарс айрылған

ананың ішкі күйігін көрсететін сөздер. Несібелдіні кешіру кезіндегі

отпен аластауы да қазақ ұғымымен астас шыққан суреттер.

Несібелдінің қарапайым емес екені, онымен сайысқа шыққан

батырлардың жеңіліп қалуларынан көрінеді. Жезтырнақтар патшасы

Гауһартастың бейнесі де біршама ашылған деуге болады. Қалайда

Жомартты өзіне қарату үшін ол қолда бар айла-тәсілдің бәрін

жұмсайды. Оның алған бетінен тайынбайтынын Гауһартастың:

Дегеніме көнгенше,

Кілем тоқып бергенше

94 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

Тоқтатпаймын қинауды.

Өзім де тартам азапты …-

деген сөзінен көрінеді.

Оның қатыгез екені өзінің көмекшісі Аяздың көзін ешбір

аяушылықсыз ағызып жібергенінен байқалады. Ал Жомарттың

намысын таптау үшін айтқан:

Гауһартас: Еркек. (Сықылықтап). Батыр дейді-ау мұны да. Аяз,

кисін, кигіз әйелдің киімін. Басына әкеп жаулық жап. Білезік бер

қолына, моншақ тақсын мойнына. (Күледі.)- деген сөзі оның

қатыгездігін айқындайтын детальдар.

Пьесада жезтырнақтар патшасы Гауһартастың көмекшісі біршама

өзіндік қырымен танылған кейіпкер. Оның қу, аяр мінезі Жомартты

алдап қолға түсірген жерінен бір көрінсе, Гауһартастың тілегін орындау

үшін адамдар арасына барып, арамдық торын құру кезінде тағы бір

байқалады.

Аяз: Енді мұны өлтіру керек, Гауһартас!

Батыр кілем тоқи білсе,

жүрек сырын айта білсе жібекпен,

одан асар қатер жоқ.

Жердің жүзін көмкереді

тылсымнан берік оюмен.

Сығалар тесік қоймайды,

Қалдырмайды басар жол.

Тәкаббарлық тәңірісі осы,

кешікпей тұрып жанын ал!-

деген сөзі жезтырнақтың өзіндік болмасын дәлелдей түседі.

Пьесада негізгі кейіпкерлер Жомарт пен Несібелдіден басқа

Анапия, Құралай, Ораз, Қамаси арасындағы сүйіспеншілік те біршама

ашылған. Ә.Тәжібаев «Жомарттың кілемі» пьесасы арқылы ертегілік

мазмұндағы тақырыпты сүйіспеншілік идеясының ашылуы үшін

ұтымды қолданған. Жомарт пен Несібелдінің бір-бірін көргеннен

кейінгі сезім күштерін төменде алынған үзінді көрсеткен:

Екінші қыз: (қыздарға)

Жерге тимей табаны,

Тартылған садақ оғындай

Өте шыққан жігіт осы деңдер,

Дұрысы-дұрыс … (Несібелдіге қарап)

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 95

Қараңдаршы, қыздар, бетінде

тамшы қан қалмапты.

Көзі ғана шоқ атады жұлдыздай.

(Несібелдіге). Несібелді, тұншықбашы, тіл қатшы! Бірдеңе деші!

Несібелді: (жан даусы шыққандай) Қыздар, сүйемін Жомартты,

сүйемін!

Басында батыр болып келген Жомарт Несібелдіні ұнатқанынан

кілем тоқуды үйренді де нанымды суреттермен берілген. Кілемші

Дариғаға ақ сақалды шал болып келуі де оның тапқырлығын білдіреді.

«Батыр аңғал» деген Жомарттың сол аңғалдығы жезтырнақтар қолына

түсіп пьесаға арқау болған негізгі тартыстың ашылуына жол береді.

Қазіргі кезге дейін балалар театрында қойылып келе жатқан

ертегілік тақырыптағы пьесалардың бірі А.Хангельдиннің “Керемет”

туындысы. Бұл шығарма да жауыздық пен ізгілік күресіне құрылған.

Далан өзінің ақылы арқасында қатыгез уәзір Дарданның пиғылын

әшкерелеп береді. Бірінші суреттегі Дарданның монологы оның ішкі

жан дүниесін көрермендерге жайып салады.

“Дардан: Бұл қақбас өлсе тезірек өліп, көзіне көр топырағы

құйылмады да. Талай балгер, талай бақсыға қаратты да. Емдемеген

тәуіп қалған жоқ. Ауруымды жаза алмадың дегізіп, олардың талайын

жазаға тарттырып, зынданға салдырып, әзірше оның ауруына ешқандай

шипа қондыртпадым. Тәуіп табыңдар деп тағы ылаң салып жатқаны

мынау. Тайхон елінен шақырылып отырған осы Кереметке өз

білгенімді үйретіп, ойымдағыма жетермін. Осыдан кейін ұзамассың да,

ұзатпасын сені”. Аяр, залым Дарданның дегеніне жеткізбей Керемет

оның құрған ажал торынан құтылады. Хан алдына алып барғанда

Кереметпін деп өтірік айтудан басқа амалы қалмайды. Әделет

ауызынан естіген хан ауруы туралы хабарды өз пайдасына асырады.

“Долан: Ауруыңыз асқынған екен,

Басыңызға шығып басынған екен,

Көп тәуіпке көрсеткен екенсіз,

Күн санап кер кеткен екенсіз …

Халқыңызды қанаған екенсіз,

Жұрдай етіп тонаған екенсіз.

Көздің жасы жібермеген екен,

Іш құста болып еліреді екенсіз,

Шыдай алмай желігеді екенсіз,

Ұйықтап жатсаңыз шошытады екен,

96 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

Үсті-басыңызды қышытады екен,

Ауруыңыз ешкі қотыр екен,

Көпке созылған ескі қотыр екен.

Енді болмаса түйе қотырға айналғалы тұр екен,-

деп ханның істеген істерін бетіне басады. Осы сөзінен кейін одан

Дардан мен Дөңгіл қорқа бастайды. Қалдар ханды ауруынан жазған

Доланнан құтылудың амалын ойластырады. Егер Долан достасып

үлгерген хан қызы Әделет пен күлдіргіш Шатхабар болмағанда Дардан

өз мақсатына жетуі мүмкін еді. Долан байлыққа қызықпайды. Қалдар

хан Доланның көрсеткен қызметі үшін байлық та атақта береді. Бірақ

ол барлығынан бас тартып, өзіне еркіндік сұрайды.

“Долан: Алдияр, іздегенім ат та емес, тон да емес, тіпті алтын да

емес, олардың барлығы маған дәрігер емес. Мені риза қылам десеңіз,

менің бір-ақ өтінішім бар, соны бересіз… Жалғыз әжемді, жора-

жолдас, құрбы-құрдасымды, туған жерімді сағындым. Бас

бостандығым барлық алтыннан қымбат”- дегені оның шын көңілінен

шыққан сөз. Осыдан кейін жалғыз қалған Долан монологы бұл сөздерін

дәлелдей түседі.

Долан: Хан қандай қатыгез, озбыр болады десеңші. Ауруынан

жаздым. Енді менде не әкесінің құны бар. Маған сарайы, тағын айтып

қызықтырмақ болады. Қызық болыпты ол маған. Еліме барып әжемнің

қолында тұрып, жора-жолдастары, құрбы-құрдастарыммен күліп-

ойнағанымның садағасын … Ех, әжем қандай сағынып жүр екен мені.

Ол менің жолымды күтіп ертелі-кеш есік алдынан кетпейтін шығар. Ол

қазірдің өзінде жылап отырған болар. (Мұңаяды). Сол кезде мен барып:

әже!…- деп құшағына кіре түссем қайтер еді … Қой, жүрегі жарылып

кетіп жүрер. Мен барғанда олай бармаймын. Әуелі жолдастарымның

біреуін іздеп тауып аламын да, хабар айтқызамын. Сонан кейін анадай

жерден көрінемін. Сонан кейін барып құшақтай алам. Сол кезде мені

әжем бауырына қысып, сүйіп жылайды. Ал мен қайтем? Әрине, мен де

жылаймын.

Доланның бұл монологы шарасыз қалған адамның өзінен-өзі

қыстығып шыққан жан дауысы. Жақсылыққа жақсылық жасап

үйренген Долан ханның жақсылыққа жамандық істеуін түсінбейді.

Ол ханның өзін зорлықпен қалдырып отырғанына, жақсылыққа

жамандық істеген деп түсінеді. Пьесада Қалдархан бейнесі онша

ашылмаған. Ол өз басының еркі жоқ уәзір не айтса соған сенетін адам

болып шыққан. Басында Доланды ешқайда жібермеймін менің

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 97

ақылшым болады десе, уәзірі Дардан жамандағаннан кейін тіпті оның

басын алуға бұйырады. Қалдардың бұл мінезі өз ақылымен жүре

алмайтын хан бейнесін танытады. Әрі оқиғаның шиеленісе түсуіне

себеп болып тұр. Пьесадағы негізгі тартыс Долан мен Дардан арасында

өрбиді. Дардан билік пен байлық үшін жанын салса, Долан өз өмірі,

бостандығы үшін жанталасады. Спектакль соңында Долан әжесі беріп

жіберген кітаптың көмегімен Дарданның арамзалығын әшкерелеп,

бостандық алады. Пьеса ертегілік тақырыпта жазылғанымен қиял-

ғажайып кейіпкерлер жоқ. Бұл тұрмыс-салт ертегісінің үлгісінде

жазылған туынды. Пьесада басы артық кейіпкерлер де жоқ. Әр

кейіпкер өз орынында деуге болады. Жалпы “Керемет” пьесасы арқылы

А.Хангельдин бостандық пен еркіндіктің барлық байлықтан биік

тұратынына назар аудартқан.

Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылған ертегілік

туындының бірі – Қ.Жетпісбаевтың “Бала мерген” ертегісі. Пьесадаға

тартыс Бала мерген мен Мыстан кемпір арасында өрбиді. Бала Мерген

өзінің ақылдылығы мен батылдылығы арқасында Мыстан кемпір

тырнағынан Аққанатты құтқарады. Бала мергенге бұл тартыста халық

арасынан шыққан Дабыл балуан мен Қабыл тыңшы көмектеседі. “Бала

мерген” ақ өлеңмен жазалған поэтикалық ертегі. Мұнда да жағымды

бейнелерден жағымсыз кейіпкерлердің күшті болып көрінуі бар. Негізгі

қаһарманның осылайша қиын жағдайлардан жол табуы барлық

ертегілік туындыларға ортақ. Мыстанның аяр мінезі аңқау,сенгіш

Аққанаттың аяушылық сезімін пайдаланып қолға түсіруі де ертегілік

сюжетті нықтай түседі. Бала мерген жауыз, алдамшы Төртқұлақтың

қолына абайсызда түскен Аққанатты құтқару үшін өзіндік айла істейді.

Бұл да жағымды кейіпкердің тапқырлығын, ақылдылығын дәлелдей

түсетін детальдар болмақ. Мыстан аяғымның ойнамасы бар еді деп

Бала мерген мен Аққанатты алдағанда автор Аққанаттың бірдеме

айтпақшы болып оқталып, бірақ айтпай қалуынан қауіпті жағдайды

сезіп тұрғандай әрекетте сипаттайды. Пьесадан осы жерін үзінді

келтірсек:

Мыстан кемпір: (безілдеп)

Тұра алатын түрім жоқ,

Жандарың шын ашыса,

Жылжытпаңдар орнымнан.

Жаным шығып барады …

Онан-дағы біреуін,

98 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

Шипалы қол әжені

Осында ертіп келіңдер …

Аққанат: Қиналғаны рас болса,

Қимылдатпай орнынан,

Мен-ақ барып әжемді,

Тез шақырып келейін.

Бала мерген: Мен барғаным жөн болар.

Мыстан кемпір: Дұрыс, балам, бар өзін …

Аққанат: Мергенім!

Бала мерген: (жалт бұрылып) Не демексің, Аққұсым?

Аққанат: Жарайды, әзір бара бер.

Келгеннен соң айтармын.

Осы шағын көріністен-ақ автор Бала мерген мен Аққанат

арасындағы нәзік сүйіспеншілік сезімін көрсете алған. Пьеса адал да, ақ

жүрек Аққанат пен Бала мергеннің Мыстан мен Төртқұлақты

жеңгенімен аяқталады. Ертегілік мазмұнда жазылғанымен, пьесада

қиял-ғажайыптық кейіпкерлер жоқ. Мыстанның өзі де Аққанатты

сыйқырмен емес, қулықпен алдап қолға түсіреді. Бала мерген де,

ерекше күш көрсетпей, қарапайым адамдарға тән батылдығымен

жеңіске жетеді.

Тәуелсіз әдебиет тұсында дүниеге келген туындылардың бір тобы

ұлттық мейрам наурызға арналады. Көп уақыт бойы наурыз

мерекесінің тойланбауы, ескерілмеуі оның қандай мейрам, не үшін

тойланатынын кейінгі ұрпақтың білмеуіне әкеп соқтырды. Жас

жеткіншектерге наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру мақсатында

дүниеге келген К.Оразбекұлының “Ұлыс оң болсын”, Б.Тайжанның

“Тосынан тойланған той” атты шағын драмалық туындыларына

тоқталмақпыз. Екі пьесада да қазіргі заманның балалары ертегілер

әлемінің кейіпкерлерімен кездеседі. “Ұлыс оң болсын” пьесасында

дәуір сағатының көмегімен ертегілер еліне барған Аңсар мен Балауса

ертегілік кейіпкерлерімен кездесіп, оларға өз көмектерін көрсетеді. Ал,

“Тосыннан тойланған той” пьесасында ертегілік бейнелер Тазша бала,

Алдар көсе, Шығайбай т.б. осы заманға келіп, балаларға наурыз

мерекесінің мәнін ашады. К.Оразбекұлының “Ұлыс оң болсын”

пьесасында кейіпкерлер саны көптеу. Бірақ әр кейіпкердің өз орыны

нақтылы, сондықтан санының көптігі байқалмайды. Автор тарихшы

мұғалім арқылы балаларға наурыз мерекесінің қашаннан бері

тойланатынын және де оның мәнін ашып көрсетеді. Қоңырау соғылып

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 99

барлық балалар үйлеріне тарап кеткеннен кейін Аңсар Балаусаға дәуір

сағатын тауып алғанын көрсетеді:

“Аңсар: Мен уақыт тілін біздің жыл санауымызға дейінгі

мыңыншы жылға апарып қойдым.

Балауса: Неге?

Аңсар: Жаңа тарихшы ағай: “Ата-бабаларымыз Наурыз мерекесін

үш мың жылдан бері тойлап келе жатыр”,- деді емес пе?

Балауса: Иә.

Аңсар: Ендеше даналықтың шыңы іспетті Наурыз мерекесінің

дүниеге келу сыр-құпиясын білсек қайтеді?”

Осылайша автор өз көрермендерін кейіпкерлерімен бірге ілестіріп

көне дәуірге әкеледі. Пьесадағы негізгі тартыс қыс пірі Зымыстан мен

Наурыз ата арасында болады. Зымыстан жағында қыстың ызғары бар

Ақпан, Тоқпан және Қалтырауық Қамыр кемпір бар. Олардың

әрқайсысы өздерінше күшті. Наурыз ата жағында Қыдыр баба, Ұмай-

ана, жаз пірі Табысқан, Жұлдызша, Гүлшешек, Нәурізек, Қамбар ата,

Ойсыл қара, Зеңгі баба, Шопан ата сияқты жағымды кейіпкерлер

жиналған. Оларға осы заманнан барған Аңсар мен Балауса қосылып,

пьеса соңында Зымыстанды жеңеді. Бірақ барлық ертегідегідей жеңіс

оңайлықпен келмейді. Зымыстанды тек қара күшпен ғана емес,

біліммен жеңу керек болады. Автор пьеса желісін пайдалана отырып

шоқ жұлдыздардың ескіше атаулары туралы түсіндіріп өтеді.

Шығарманың бір ұтымды тұсы осы.

“Зымыстан: Менің жеті сауалыма дұрыс жауап берсеңдер,

Наурызшаны босатамын.

Аңсар, Балауса. Келістік. Қоя беріңіз сұрақтарыңызды.

Зымыстан: Біріншісі, дүниедегі ең жылдам не?

Балауса: Ой.

Зымыстан: Күн жолындағы шоқжұлдыздарды атаңдар.

Аңсар: Күн жолындағы шоқжұлдыздар он екі. Олар: Тоқты,

Торпақ, Егіздер, Шаян, Арыстан, Бикеш,

Балауса: Ешкімүйіз, Суқұйғыш, Балықтар.

Зымыстан: Күн жолындағы шоқжұлдыздарды біздіңше басқаша

атайтын еді. Сендер қай жақтың адамысыңдар?”

Осы шағын үзіндіден байқағанымыздай автор кейіпкерлер

диалогы арқылы танымдық тәрбие беруге тырысқан. Сонымен қатар

пьеса кейіпкерлерін қазақ ұғымына сай сөйлете алған. Пьеса соңында

100 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

Зымыстан өзінің зорлықшыл әрекетіне кешірім сұрайды. Бұл эпизодтар

да ұлттық мінезге, ұлттық бояуға сай шыққан:

“Зымыстан: Иә, солай екен. Е, Наурыз! Билік құрғырың кеудеге

нан пісіртеді екен ғой. Менікі астамшылық болды. Кеш мені.

Наурыз ата: (ақ жарылып). Кешпей қайда барам. Осындай

ұлыстың ұлы күнінде, көңілде кірбің қала ма? Бар ренішіміз ескі

жылмен кетсін! Той-мерекеміздің құрметті қонағы бол!”

Ұлыстың ұлы күні бар реніш, өкпені бір-біріне кешіретін дәстүрді

көрсететін бұл көріністің берер тәрбиесі мол: “Ұлыс оң болсын”

пьесасының орыс әдебиетіндегі “Он екі ай” ертегісіне ұқсайтын

тұстары бар. “Он екі ай” пьесасында жаңа жыл мерекесі суреттелсе,

“Ұлыс оң болсын” пьесасы наурыз мерекесі туралы айтады. Екі пьесада

да қиял-ғажайып кейіпкерлер қарапайым адамдармен кездеседі. “Ұлыс

оң болсын” пьесасының ерекшелігі Наурыз мейрамының

ерекшеліктерін ашуымен бірге, балаларға шоқжұлдыз, жыл қайыру

сияқты ұмыт бола бастаған дәстүр туралы танымдық мәлімет береді.

“Тосыннан тойланған той” шағын шығармасында ертегілік кейіпкерлер

қазіргі заманға келеді. Елубай, Аманкеш, Ерболат, Аманғали деген төрт

оқушы наурыз мерекесін ұйымдастырмақшы болады. Бірақ мереке

сценарийі өздеріне ұнамайды. Енді не істейміз деп қиналып тұрғанда

ертегілер елінен Тазша бала келеді.

“Аманғали: Ех, шіркін! Таз кепесі қисайып, тар етігін сартылдап

Тазша бала кіріп келсе ғой!.. (Осы кезде үшеуінің ортасынан бір бала

киліге кетеді).”

Осылайша ғайыптан пайда болған Тазша баланың артынан наурыз

мейрамына Шығайбай, Алдар көсе, Қожанасыр, Әнет баба сияқты

ертегілік кейіпкерлер келеді. Автор осы образдарға қатысты аңыз

әңгімелерді ұтымды пайдалана білген. Алдар көсенің үш теңгеге қой

сатып алған әңгімесін, Әнет бабаның бірлік, ынтымақ туралы айтқан

билік сөзін келтірген. Пьесаның осы жері Б.Соқпақбаевтың “Тапқыр

Қожанасыр” комедиялық шығармасына ұқсайды. Онда да Қожанасыр

хиқаяларын пьесаның тақырыбын ашу үшін қолданған. Жалпы,

“Тосыннан тойланған той” пьесасы балалардың танымдық дүниесін

кеңейту үшін, олардың наурыз мерекесі туралы жаңаша хабар алуы

үшін жазылған. Сонымен қатар пьеса өз мақсатына жеткен туынды деп

айта аламыз. Наурыз мерекесінің алғаш шыққан тұсында мұндай

туындылар балалар ой-санасын дамытып, ұлттық мейрам туралы

көзқарастарын қалыптастырды.

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 101

Қазақ драматургиясында өзіндік қолтаңбасы бар жазушылардың

бірі – С.Жүнісов. Оның қаламынан туған “Бәсеке” атты шағын пьесасы

бүлдіршіндерге арналса, ересек балалар үшін жазылған “Жаралы

гүлдер”, “Әр үйдің еркесі” сияқты туындылары кезінде өз бағасын

алған пьесалар ретінде белгілі. “Жаралы гүлдер” соғыс кезіндегі

жасөспірімдердің психологиясын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен

мінез қырларын көрсететін туынды. Зерттеуші Р.Нұрғалиевтың:

“Жаралы гүлдер” драмасының жақсы табысы кейіпкерлер тілінің

дараланып берілуінде. Соғыс уақытындағы ауыл балаларының мінезі,

іс-әрекеті көз алдыңа келеді. Өмір салмағы мойынға ерте түссе, кімді

болса да тез марқайтпақ. Ауыр кезеңде туған балалардың тентектігін,

кейбір арсы-күрсі қылықтарын, ересектермен жағаласа жүруін,

мезгілдің өзіне тән ырғақтарды автор дәл көріп, сенімді бейнелеген”,-

деген /25, 107/ пікіріне сүйене отырып, жаралы гүлдер кейіпкерлерінің

мінез даралықтары мен олардың ішкі жан-дүниесін, психологиясын дәл

ашқан пьеса демекпіз.

Пьесада негізгі кейіпкерлер ретінде алынған жасөспірімдер:

Бақыт, Қасым, Аплаш, Балташ, Балшекер бейнелері мінез

қырлылығымен, әрқайсысы өзіндік даралығымен ерекшеленеді.

Пьесадағы ересек адамдардың ішінде балалармен көп қарым-қатынасқа

түсетін кейіпкер бұрынғы майдангер Баттал.

Соғысқа бару үшін сұранғалы келген балалардың өздерінше

әскери тәртіппен сапқа тұрып келулері, бұйрықтарды орысша айтулары

нанымды шыққан:

“Қасым: Айт, два ! Айт два ! Стой. Налево. Жолдас капитан ... бір

топ болашақ жауынгерлер сіздің қарамағыңызға келіп тұр. (Бәрі

қосылып) Служим Советскому Союзу!” Ал, военком балалардың жасын

сұраған кезде де олардың қалай да болса соғысқа бару үшін жастарын

ұлғайтып айтуы; жастарың кіші дегенде өзіндік дәлел айтып

дауласулары нанымды берілген:

“Военком: Нешедесің?

Қасым: Он алтыдан ... он ... сегізіңізге кеттік.

Военком: Нешінші кластасың?

Қасым: (күмілжіп) Жетінші класта. Жолдас капитан, биыл бір

класта үшінші жыл отырамын. Сабақ жағына кінәліміз”. Осыдан

кейінгі Қасымның сабағының нашарлауының себептерін айтып ақтала

бастауы да бала психологиясын нанымды көрсетіп кейіпкер бейнесінің

ерекшеленуіне, даралануына негіз болып тұр. Бақыт деген балаға

102 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

жасың әлі кіші дегенде, оның да өзіне тән мінезі ашылады. Ол соғысқа

барып өз әкесін көргісі келетінін білдіріп қалады:

“Бақыт: Иә, деген жасқа қарамайды. Украинада бізден жас

балалар соғысып жүр емес пе?

Военком: Олар неміс қолында қалған балалар-партизандар.

Бақыт: Маған партизан болса да бәрібір. Бірақ әкемді көре

алмаймын ғой онда”. Осындағы: “Бірақ әкемді көре алмаймын ғой

онда” деген сөйлемнен баланың іштей өкініші мен көңілсіздене

қалғанын білдіреді. Пьесаның шынайы шығуы да кейіпкер сезімімен

астасып келетін осындай сөйлемдердің күшінде. Бақыттың әкесі

соғыста, шешесі үйде қайтыс болып, оның жалғыз қалуы кейіпкердің

тез есейіп, өмірге деген көзқарасын өзгертуіне әкеледі. Алайда, автор

Бақытты бірден ересектерше сөйлете салмайды. Оның балалық мінезін

жасына сай береді.

“Қасым: Айтпақшы, осы сен интернатта тұратын боласың ба?

Бақыт: Өзім де білмеймін. Көршілер: “Үйіңді қаңыратып қайда

барасың, тым құрмаса бір жылға шыда” деседі.

Қасым: Шынында, әкеңнің түтінін түтетпей, үңірейтіп тастап

кетуің ұят болады.

Бақыт: Шыдауын, шыдармын-ау. Бірақ жалғыздық қиын екен.

Әлі үйрене алмай жүрмін. Кейде түн ішінде ауыз жақта, қорада

шайтандар жүретін сияқты. Башпайлары сырт-сырт етеді.

Қасым: Ой, қорыққанға қос көрінеді. Қорықпастың амалы бар

ғой, сен өзіңді соғыстамын деп ойла. Егер қару-жарақ қоймасын түн

ішінде күзетсең, қайтер ең.

Бақыт: Е-е, онда ұйықтамайсың ғой. Қолыңда автомат”.

Осындағы Бақыттың түнде жалғыз жатқаннан қорқуы, Қасымның

сенім бере, қайрай сөйлеуі нанымды шыққан.

Әкесі соғыста қайтыс болған Бақытқа военком келіп Таурид сенің

үйіңде тұрсын дегенін естігенде қарсы шығып, мінез көрсетуі де сол

заман шындығына сай әсерлі шыққан. Автор Бақыт мінезін жан-жақты

ашып, оны әр қырынан көрсеткен:

“Бақыт: Неміс пе? Пәрселенге үй бергенше, өртеп жібергенім

жақсы емес пе ... (ащырақ) Сіз не айтып тұрсыз өзі?! Ендігі жетпегені

төрімде немісті талтаңдатып қою екен ғой. Иесіз үйді басынғыңыз келе

ме!”

Бақыттың бұл сөздері шынайы намыстанып тұрғанын көрсетеді.



Өйткені, оның бала түсінігі бойынша әкесін өлтірген неміс пен жер

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 103

ауып келген немістердің арасында айырмашылық жоқ. Таурид

Бақыттың аяқ киімі жоқ болғандықтан сабаққа келе алмай жүргенін

естіп өзінің ұлының етігін әкеп бергенде де алдымен алмаймын деп

қарсыласады. Артынан Тауридтың ұлы да фашизмге қарсы соғысып

жүргенін естіп етікті алып қалады. Бұл арқылы автор Бақыттың

қоныстанушы немістерге деген көзқарасының өзгере бастағанын

көрсетеді.

Пьеса оқиғасын шиеленістіруші орталық кейіпкердің бірі –

Баттал. Ол соғыстан бір көзінен айырылып келген майдангер адам.

Баттал бейнесінің шынайы шығуы – оның сөйлеу тілінде қолданылған

орыс сөздерінің көп болуына да байланысты. Оның әпербақандау,

айғайшыл мінезі соғыс кезіндегі оқиғаларды суреттеуге арналған

шығармалардағы басшыларға ұқсас болып келуі өмір шындығының

көркемдік шындықпен ұласатынын көрсетеді. Батталдың ой өрісі де,

білім деңгейі де шамалы, сондықтан ол көбіне айғаймен, басқалар да,

өзі де түсіне бермейтін орыс сөздерін орынды-орынсыз қосуымен

алады. Пьеса басында балалар соғысқа сұранбақ болып военкомға

барғанын білгенде айтқан сөздері оның мінезіндегі қаталдық пен

әпербақандығын дәлелдей түседі.

Мәселен:

“Баттал: Бұларға не мәймөңке керек? Давай алға түсіңдер.

Табандарыңды тіліп тұрып, так сказать күні-түні жұмысқа салмасам

бар ғой. Көздеріңе көк шыбын үймелетем.

Военком: (дауысы ащырақ шығады) Жолдас, ефрейтор!

Баттал: Әй, маған әкіреңдеме. Сендей капитанның талайын

орысша айтқанда, видали”.

Немесе балалар жаңа піскен бидайдан қуырып алып келгендегі:

“Баттал: Жаңа! ... Мұндай өнерді кім үйретті сендерге. Қалай

ғана тамақтарыңнан өтеді. Бұл, бидай емес,оқ, оқ! (Балалар шошынып

қалады) ... “Қарыны ашып” өлмейсіңдер. Ана жақта от кешіп жүрген

әкелерің тойып жүрген шығар. Бұларың преступление. Орысша

айтқанда под сот кетесіңдер. Нанды алдымен майданға жөнелту керек.

Қасым: (айқайлап) Баттал аға, мына бидайды төгіп тастайық па?

Баттал: (теріс қараған күйі). Жей беріңдер”,- деген сөздерін

алайық. Кейіпкер мінезі, характері сөйлеу тілімен ғана ашылатын

драматургия үшін жақсы шыққан диалог деуге болады. Әсіресе,

автордың берген ремаркасы мен Батталдың жай ғана “жей беріңдер”

дегені шынайы шыққан. Баттал мінезі, оның немістерге деген

104 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

көзқарасы әсіресе, Таурид келгеннен кейін ашыла түседі. Оның білім

деңгейінің төмендігі, ой-өрісінің таяздығы жалғыз басты әйелдің ұлты

неміс болғаны үшін ғана қудалауына әкеледі. Ол ешкімді де тыңдағысы

келмейді, Баттал үшін немістің бәрі жау болып көрінеді. Гүлсім мен

Баттал арасындағы диалог оның тек әпербақан, айғайшыл ғана емес

сонымен бірге елдегі қиын жағдайды пайдаланып зорлық көрсеткісі

келетіні де байқалады. Оның сөзінен Тауридты менсібейтінін де

байқаймыз.

“Гүлсім: Ұят болды-ау, ұят болды.

Баттал: Кімнен неміс кемпірінен бе?! (күледі)

… Гүлсім, айналайын, тек өзіңді жақсы көргеннен кейін ғана

айтайын, ендігі әрі мұндай сөзді қайталама. Немістерді жақтап

сөйлегеніңді біреу-міреу естімесін. Соғыстың қайнап тұрған кезінде

жазатайым боп кете барарсың. Байқа”,- дегені. Немесе, Гүлсім оның

айтқанына көнбегенін, айдағанына жүрмегенін білгеннен кейінгі

қоқиланып, сес көрсете сөйлеуі де Баттал мінезіндегі жағымсыз

сипатын тереңірек аша түседі. Баттал өзінің қадалған жерден қан

алатын мінезі Тауридтың ұлы туралы жоғарыға жазып, келген жауапты

Гүлсім, военком, Тауридтерді қорқыту үшін пайдаланғанынан көрінеді.

Белгілі зерттеуші Р.Нұрғалиев пьеса арқауы болған драмалық түйін

Баттал мен Таурид арасындағы әрекетке байланысты шыққанын айтқан

/25,108/.

Драмада бар өткір тартыс пен шиеленіскен түйін оның

кейіпкерлерінің тіліне байланысты. Егер әр кейіпкер өзіндік

ерекшелікпен сөйлеп, өзіндік лексикалық қоры болса сол пьеса табысқа

жетері анық дегіміз келеді. Кейіпкер тілі оның ой-өрісін,

психологиясын, ішкі жан дүниесін көрсетіп, сол кейіпкердің

сөйлегенінен-ақ көрермендері мінез қырларын танитындай болуы

керек. “Жаралы гүлдер” пьесасында С.Жүнісов осы шарттарды

орындай алған дей аламыз. Онда автор соғыс кезіндегі жасөспірім

балалардың патриоттық әрекеттері мен бірге қарапайым ауыл

балаларына тән мінездерін де бере алған. Қандай ауыр еңбек етіп жүрсе

де бір-бірімен ойнап, қалжың айтулары, бірін-бірі демеп жүрулері

олардың әрқайсысының азан шақырып қойған аттарынан басқа

(Сыбызғы, Кеңірдек, Пипин Короткий) лақап аттарының болуы, бір-

бірімен “жасырын” тілде сөйлесулері сияқты детальдар балаға тән

мінезді, әрекетті шегелей түседі демекпіз. Ал, Батталдың балаларға

соғыс туралы өтірік әңгіме айтып, көңіл аулауы да сенімді шыққан

деуге болады.

С.Жүнісовтің “Жаралы гүлдердегі” кейіпкерлермен “Әр үйдің

еркесі” пьесасында тағы да кездесеміз. Алғашқы пьесада өздері бала

болса, мұнда олар ата-ана ретінде көрінген. “Әр үйдің еркесі” пьесасы

кезінде балалар мен жасөспірімдерге лайық шығармаларға арналған

жарыста бәйге алған туынды. Пьесада өткір тартыс, қақтығыс жоқ. Жас

оқытушы Талап пен Кәрібай арасындағы тартыс өрбімей қалған.

Мұндағы Талап бейнесі жасанды шыққан. Оның үнемі жоғары

пафоспен сөйлеуі, бір өзінің әрі әдебиетші, әрі спортшы ретінде көрінуі

жас оқытушы ретіндегі Талап бейнесін ашпайды, қайта оның жасанды

екенін көрсетеді. Жалпы қазақ әдебиетінде ескі жобаны ұстанушы мен

жаңа, жас буын өкілдерінің арасындағы тартысты көрсететін

туындылар көптеп кездеседі. С.Жүнісов өзінің “Әр үйдің еркесі”

пьесасында ата-аналары мен жасөспірімдер арасындағы тартысты

көрсетуге тырысқан. Пьесадағы Руслан, Тәнзила, Қанат, Лида, Қарас,

Андрей сияқты балалар арқылы қазіргі заманының жастарының

бейнесін, олардың арман-тілектерін, мақсат-мұраттарын көрсету ниеті

бар. Алайда, балалар бейнесін әлі де жан-жақты аша түсу керек еді.

Мәселен, Балшекер мен Қасымның баласы Қанатты алайық. Ол ерке,

не ішем не кием демейді. Тіпті қай оқуға баратынын да анасы кесіп-

пішіп қойған. Қанат Алматыға бара жатқан анасына көп нәрсе

тапсырады, ал тапсырғанын әкелмесе оқуға бармайтынын айтып

қорқытады:

“Балшекер: Иә, әкелмесем ...

Қанат: Онда институтқа түспеймін.

Балшекер: Мен үшін оқитын шығарсың?

Қанат: Сен үшін, мама, сен үшін! (Кетіп бара жатып) Мама,

ұмытпа!”

Міне, осы көріністен дегенін істетіп үйренген ерке баланың

мінезін байқаймыз. Ол анасының қалай болғанда да оқуға түсіремін,

оқытамын дегенін өз мақсатында пайдалануда. Осындай ерке

балалардың Талаптың сөзіне иланып қой бағуға бара қалулары

жасанды сияқты. Пьесаның кезіндегі кеңес жастарын оның ішінде

қазақ балаларын мал бағуға, бригадалар құруға үгіттеу науқаны кезінде

жазылғаны көрініп тұр. 10-сынып оқушылары облыстық газетке үндеу

жазғанын атқару комитетінің басшысы білмей де қалады. Ал, осының

106 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

бәрін ұйымдастырушы, ұйытқы болушы Талапты кабинетіне

шақырғанда, ол кешігіп келеді.

“Талап: Лұқсат па екен, сәлеметсіз бе?

Қасым: Келіңіз, отырыңыз. Қаншама адамды күттірдіңіз ғой.

Талап: Жаңа ... бір кешкі мектепте қосымша сабақ өткізіп ...”

Міне, өзі үндеу жазуға оқушыларды үгіттесе де, олармен бірге мал

бағуға бармаған жас маман бейнесі осындай. Жоғарыда айтылғандай

шығарма кейіпкерлерінің жасанды, әсіре қызыл, тым түзу сөйлеуі

туындының да көркемдік қабілетін төмендетеді демекпіз. Осы орайда

зерттеуші Р.Нұрғалиевтың: “Жас ұрпақты биік идеал, асқақ мұраттарға

тәрбиелеу ісінде жағымды қаһарман жасау проблемасының маңызы

зор. Дегенмен адасқан тағдырларды, шырғалаң жолдарды көрсету

арқылы да көп сабақ беруге болатындығын естен шығармау керек.

Әйтпесе сүттен ақ, судан таза, үнемі мойнынан галстугі түспейтін, көше

тәртібін бұзбай, тротуармен ғана жүретін, түзу ойлап, түзу сөйлейтін,

қолдан жасалған, қуыршақ кейіпкерлермен кімді алдарқатамыз” /25,

128/ деген ойлы пікірін үнемі назарда ұстасақ дейміз. “Әр үйдің еркесі”

пьесасының кейбір жекелеген көріністері сәтті шыққанымен жалпы

кейіпкерлер галлереясында кемшіліктер көп. С.Жүнісов дарынды

драматург, ол “Ажар мен Ажал”, “Жаралы гүлдер”, “Қос анар”,

“Кроссворд немесе әзіл маскарад” т.б. көптеген драмалық

туындылардың авторы ретінде белгілі. Оның шығармаларының

кейіпкерлері әрекет үстінде әр түрлі мінез даралықтарын, өздерінің

жеке тұлға екендерін көрсете алатын бейнелер. Сондықтан, автордың

“Бәсеке”, “Жаралы гүлдер” сияқты балаларға арналған туындыларын

жақсы шығармалардың қатарына қосамыз.

Ұлы Отан соғысының әсері әлем әдебиетінде интернационализм,

халықтар достығы, бірлік идеясын жаңа қырынан көрсетіп, тың

тақырыптар тудырды. Осындай тақырыпқа жазылған шығармалардың

бірі Қ.Сатыбалдинның “Темір қазық” атты драмасы. С.Жүнісовтің

“Жаралы гүлдер” пьесасында тылда қалып, қажырлы еңбектерімен

жеңіске септігін тигізіп жүрген жасөспірімдерді көрсек, “Темір қазық”

пьесасында партизандар арасында жүрген қазақ жігіттерінің

әрекеттерін байқаймыз. Пьеса оқиғасы Украина жеріндегі неміс

басқыншылары мен партизандар арасындағы соғысты көрсетуге

бағытталған. Мұндағы негізгі тартыс украин шалы Тарас пен оның ұлы

Микола арасында болады. Украин әдебиетіндегі Тарас Бульбаның

сатқын ұлын атып тастағаны сияқты, мұнда да Тарас өзінің ұлы

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 107

Миколаны атып өлтіреді. Сол арқылы автор сатқындар ешқашан жер

басып жүрмейді деген идеяны алдыға шығарған. Пьесада Тарастың

қызы Наташа тапқыр, өжет болып көрінген. Үйде жасырынып жатқан

жаралы қазақ партизаны Сайранды аман алып қалу үшін неміс

капитаны Фон Таубені алдауы оның тапқырлығын көрсетеді. Автор

ұлы мен әкесінің, әкесі мен қарындасының бір-біріне сенбей, бір-біріне

жау болып тұрғаны арқылы соғыстың зардабының жаман екенін, тіпті

туыс адамдарды алшақтататынын көрсете білген:

“Тарас: Енді ең алдымен мынаның кім екенін білу керек.

Шыныңды айт, Микола, сен кімсің! Кім боп келіп тұрсың бұл үйге.

Микола: Туған әкемді көрдім бе десем, трибуналға тап болыппын

ба тағы да?

Тарас: (Миколаға шошына қарап) “Тағы да” дейді? Бұрын да

болған ба едің трибуналда. Не үшін?

Микола: Өлгім келмейді! Аранын ашқан ажалға қарсы

жүгірмедім. Бар жазығым осы ғана. Бұл не сот? (Наташаға) Сенің

сыртың ғана гестапо екен ғой”.

Жалпы кеңес әдебиетіне тән неміс басқыншыларын ұсқынсыз, әрі

ақымақ әрі қорқақ етіп көрсету дәстүрі “Темір қазықта” сақталған.

Мәселен, неміс капитаны Фон Таубенің үйде сүзекпен ауырып жатқан

адам барын естіп шошып кетуі, партизандардан қорқуы сияқты

эпизодтар сол дәстүр жалғастығын көрсетеді. Пьеса арқылы автор

неміс тылында жеңіс үшін арпалысқан партизандар мен украин

халқының ерлігін, халқының ерлігін, халықтар достығын көрсетуді

мақсат еткен. Соғыс тақырыбына жазылған мұндай пьесалар

жеткіншектердің соғыстың жаман екенін өз беттерімен түсінуіне әсер

етері сөзсіз. Одан беріде бұл тақырыптағы пьесаларда драмаға тән

тартыс, шиеленіс бедерлене көрінеді. Автор кейіпкерлер арасындағы

мүдде қақтығысын шиеленттіре көрсетсе, оқиғалар қоюлана келе кең

түрдегі тартысқа ұласады. Драмалық шығарманың басты ерекшелігі

тартыс екендігін академик З.Қабдолов та баса көрсеткен болатын /38/.

Белгілі қаламгер Оралхан Бөкеевтің көптеген пьесалар

республикамыздың театрларында табысты қойылып келеді. Қазақтың

мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен балалар театрында

жазушының Қ.Қайсеновпен бірігіп жазған “Жау тылындағы бала”

пьесасы 1985 жылдан бері осы театрда сәтті қойылып келе жатқан

туындылардың бірі. Сонымен қатар қаламгердің “Мен сізден

қорқамын”, “Қар қызы”, “Құлыным менің”, “Теке тірес”, “Зымырайды

108 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

поездар” т.б. драмалық туындылары көрермендер ықыласына бөленген

шығармалар ретінде белгілі. Автордың “Жау тылындағы бала” атты екі

бөлімді драмасы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтар достығы

тақырыбына арналған. Пьесаның тілі шұрайлы, композициясы ширақ,

тартысқа қатынасатын адам саны да он шақты ғана. Бір қарағанда

драмадағы тартыс әлсіз болып көрінеді. Себебі мұнда трагедия,

комедиядағыдай өткір, бірден көзге түсетін тартыс жоқ. Драма

кейіпкері де көп адамның бірі болып келеді. Оның басындағы қиын

жағдай не рухани жүдеп, азып тозуына, не сол қиыншылықты мойымай

жеңіп шығуға негізделеді. Зерттеуші Р.Нұрғалиев: “Тұрмыстың,

семьяның, жеке бастың сан қилы қақтығыстарың сюжет арқауы өтетін

драма гипербола, гротеск секілді көркемдік құралдарды сараң

қолданады, оның есесіне дәуір, нақты детальдар, табиғи бояулар бұл

жанрдың өмірді реалистікпен бейнеленуіне көбірек мүмкіндік береді”,-

дегенін /17, 272/ ескере отырып О.Бөкеевтің “Жау тылындағы бала”

драмасындағы кейіпкер дүниесінің ішкі қуатын көрсетуге тырыстық.

Автор драмалық оқиғаны бірден бастамайды. Пролог арқылы

кейіпкерлерін бейбіт өмір кезіндегі әрекеттерімен көрсетіп алады.

Драманың бірінші және екінші көрінісінде де алдағы шиеленісті

жағдайға көрерменін дайындау ғана бар. Бейбіт өмір тыныштығын

бұзған соғыс деген сөз үлкендерге үрей туғызса, соғыс деген сөздің

мәнін терең түсінбейтін Борис үшін жай ғана ойын ретінде көрінеді.

Жомарт: Майор Мергенбаев тыңдап тұр! (Шошына) Не!?

Қашан!? Қай жерде!? Кімдер!? (Пауза). Құп болады жолдас полковник!

Қазір! Соғыс! Немістер шекараның өн бойынан шабуыл жасапты.

Борис: Ура! Біз де солдат боламыз ! (Анна баласын шапалақпен

тартып жібереді.)

Осы көріністен-ақ соғыс әкелген алапат жамандықтың ызғарын

байқауға болады. Одан әрі эвакуация кезінде Жамалдың қайтыс болуы,

Анна Ивановнаның екі баламен жау тылында қалуы сияқты оқиғалар

суреттеледі. Пьесада сатқын келіншек Тамараның әрекеті әлсіздеу

шыққан. Тартысты ушықтыру үшін әлі де болса Тамара бейнесін

күшейте түсу керек еді. Анасынан айрылған Серік басындағы қайғылы

халді күшейту мақсатында неміс барабандарының үніне “Топан” күйін

қосып естірткен. Автор Серік бейнесін әр қырынан аша алған. Оның

балалық мінезін де, өзіндік ерекшелігін де, анасы қайтыс болғаннан

кейін есейген қалпын да табиғи түрде, боямасыз көрсеткен. Борис пен

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 109

Серік алғаш кездескен жерінен автор Серіктің намысшыл, әрі өжет бала

екенін көрсеткен.

Борис: Серік, мен сені Сережа деп атасам қайтеді?

Серік: (күліп) Ендеше мен сені Боранбай деймін…

Борис: Сендер жақта бір тал ағаш жоқ, қураған қу дала, құм,

күндіз-түні ып-ыстық жел соғып тұрады, түйеден басқа жануар шыдай

алмайды деп естігемін, рас па?

Серік: Нешінші класта оқисың?

Борис:(таңдана) Сегізіншіні бітірдім.

Серік: География деген сабақ барын білесің бе?

Бoрис: Білемін.

Серік: Олай болса, Қазақстан жайлы, оның ауа-райы, жер

жағдайы туралы мұғалімдерің түсіндірді ме?

Борис: Айтқан.

Серік: Ендеше, дұрыс айтпаған екен. Мұғалімдерің нашар болған

немесе сенін миың аз болған. Қазақстан жеріне бүкіл Еуропа сыйып

кетеді…

Байқағанымыздай, Серік бойынан көрінетін еліне деген құрметі,

еліне деген сүйіспеншілігін автор үнемі көрсетіп отырады. Серіктің

балаға тән өзіндік мінез даралығын пьесаның өн бойынан көрсету мен

бірге жазушы сол кездегі барлық балаларға тән ерте есейген бала

ретіндегі бейнесін де аша алған. Мәселен, Бористы барлауға жіберіп, ал

Серікті жібермей қойғанда оның осы мінезі нақтылы көрінеді.

“Серік: Рұқсатыңызды беріңіз. (Аннаның мойынынан құшақтап).

Мамамның кегін аламын … Мен – бала емеспін, оң-солымды таныған

тәжірибелі партизанмын”- деген сөзі осы мінезін дәлелдейді.

Драматургиялық шығармаларда тарихи оқиғаларды тізіп беруден гөрі

өмір шындығына үйлесіп келетін образ жасау басты орында болады.

Р.Нұрғалиевтің “Суреткер парызы – мінезді құнттау, сезімді бейнелеу,

образ жасау”,- деген /17, 478/ түйінді ойы осыған дәлел бола алады.

“Жау тылындағы бала” пьесасында Оралхан Бөкеев халықтар достығы

мәселесін жан-жақты ашып көрсетуімен бірге, ұлттық ерекшелік

мәнінде өз дәрежесінде көрсете алған. О.Бөкеевтің “Жау тылындағы

бала” пьесасы балалардың отанын сүюге, батыл болуға баулитын

шығарма деуге болады.

Қ.Сатыбалдиннің “Шүйінші” деп аталатын шағын пьесасы

колхозда қажырлы еңбек етіп жүрген жастар өмірін суреттеуге

арналған. Пьесадағы негізгі кейіпкер Күлтай жүгеріден мол өнім алып

110 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

Еңбек Ері деген атақ алып жатқан жас. Ол пьесада білімге құштар, көп

оқып, көп ізденетін адам ретінде көрінеді. Оған дәлел оның Мичурин

еңбектерін оқып, оны өз егіс даласында пайдаланбақ болғаны. Автор

негізгі кейіпкер Күлтайды жан-жақты адам ретінде аламын деп оған

тым көп жүк артқан сияқты. Өйткені, Еңбек Ері атағын алып жатқан

адам еңбек үстінде емес, үнемі кітап оқу, іздену үстінде көрінеді. Бұдан

ол еңбекші емес, кезекті сабаққа дайындалушы оқытушы ретінде

көрініп кеткен сияқты. Десек те, автор пьесада кездесетін ұқсас

фамилияларды ұтымды пайдаланып, көрерменін де, оқырманын да ары

қарай не болар екен дейтіндей әсерде қалдыра алған. Мұндай пьесалар

жастарды еңбекке тартуға, үлгі-өнеге көрсетуге бағытталғандықтан өз

заманында белгілі бір дәрежеде керек болған туындылар қатарына

жатады. Қ.Сатыбалдинның “Ала қанат көбелек” деп аталатын пьесасы

ақ өлең үлгісімен жазылған күлдіргі шығарма. Мұнда автор көрсеқызар

жігіттің алып ұшпа әрекетін сынайды. Әсіресе, Маржан мен

Асылтастың Тойбазарды әшкерелеген тұсы сәтті шыққан дегіміз

келеді. Мұндай шығармалар жеткіншек жастың өмірге тым жеңіл

қарайтын адамдарды сынап, өзіне тәлім-тәрбие, сабақ алуына

мүмкіндік тудыратынын айтып өткен орынды болар демекпіз.

Белгілі драматург Ш.Құсайыновтың қаламынан туған “Есірткен

ерке” пьесасы бала тәрбиесінің мәселесін қозғайды. Ата-анасы

еркелеткен баланың тым әспенсіп, артынан бұзақы, озбыр балаға

айналғанын көреміз. Сонымен бірге автор бала мінезінің өзгеруіне,

тәртібі нашарлауына ата-анасының да қатысы бар екеніне назар

аудартқан. Пьесаның негізгі кейіпкері Марат не ішем, не кием демейтін

бастықтың баласы. Онда бәрі бар. Алайда, тәртібі тым нашар.

Шығарма басталғаннан-ақ Мараттың озбыр, бұзық әрекеті ашыла

бастайды. Ол өзінің сыныптас досы Мерхаттың дәптерін тартып алып

бақылау жұмысын көшіріп алады. Артынан біреуден көшіргенін

жасыру үшін дәптерді отқа өртеп жіберіп досына қиянат істеуге дейін

барады. Ол өзі өтірік айтқанымен қоймай Мерхатты да жалған сөйлеуге

мәжбүрлейді, тіпті қорқытуға дейін барады. Мәселен, мына көріністе

бұзық баланың істеген ісінің ізін жасырмақ болғаны берілген:

“Мерхат: Келдің бе, сотқар, тетрадымды өзіме қайыр.

Марат: (танып) Өзің алғаның қайда?

Мерхат: Қырсығың маған тиеді. Менен көшіріп алғаныңды біліп

қап, қысып жатыр. Үйдің іші түтін ғой? (Дереу пештің қақпағын

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 111

ашады. Шошынып). Сұм екенсің! А, оңбаған мені де құрттың ғой.

(Жыламсырайды)

Марат: Жылама, құрысақ бір құриық.

Мерхат: Өзің құры. Жазығым контроль сабағынан құлатпай алып

шыққаным ба?

Марат: Ұстап берсең мойыныңды үзем. (Алқымынан алып). Тірі

жанға тіліңнен шығарсаң өлесің.”

Байқағанымыздай Мараттың мінезіндегі жағымсыздық жай ғана

ерке тентектік емес, баланың психологиясының бұзылғанын көрсететін

белгі. Ол тіпті өзінің осы мінезіне ұялмайды: “Доскада құлағанның

оқасы жоқ. Үйге берген тапсырманы сенен көшіріп алғанымды білмесе

болғаны”,- дегені осы ойды дәлелдейді. Марат шешесі Гүлнапыс

келгенде басқаша болып құбылып шыға келеді. Өзінің апайы Әйкеннен

жәбір көргендей болып, өтірік мүләйімсіген қалып танытады. Бұл да

өсіп келе жатқан баланың бойындағы жаман қылықтардың бірі. Автор

бала бойындағы жағымсыз қылықтарды оның бейнесін аша түсу үшін

нақтылай, дәлелдей түседі. Марат бойындағы өтірікші, жалтарғыш,

біреуге жала жапқыш әрекеті алғаш рет мына эпизодтан көрінеді:

“Гүлнапыс: Күнтайым-ау, мұның не? Стол астына тығып қойған

кім?

Марат: Мына екі қыз. Папам охотаға алып барады киімдерімді



бер деп едім, үстелдің астына қуып тықты”.

Осыдан кейін де Мараттың бұл мінезі дами түседі. Яғни, оның

бойындағы өтірік айту, көпе көрнеу мойындатпай кету, күші жетсе

қорқытып, күші жетпесе алдап кету сияқты жаман қылықтар баланың

мүлдем бұзылғанын дәлелдей, шегелей түседі. Мараттың тәртібін

жиналыста қараған оқиғаға әкесі араласып оған мұғалімдер мен

оқушылардың түзелуіне мүмкіндік беруі де шынайы суреттелген. Осы

арада көрермен де, оқырман да пьеса осымен аяқталатын шығар, бұзық

бала түзелетін шығар деген ойда қалады. Алайда Мараттың мектептен

ұрлаған радиоприемнигі оқиғаны шиеленістіре түседі. Шарасыз әке

баласын түзету колониясына тапсырады. Пьесада нақтылы бейнесі

ашылған кейіпкердің бірі Гүлнапыс. Гүлнапыс сұлу, адуын, алайда

білімі таяз адам ретінде көрінеді. Марат тәрбиесінің нашар болуы

тікелей Гүлнапысқа байланысты екенін автор үнемі көрсетіп отырады.

Баласы не сұраса соны әперетін, жылы-жұмсақты соның ғана ауызына

тосатын, баланың еркіне көп жүгіретін, алайда оның тәртібіне,

112 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

сабағына аса көңіл бөлмейтін ата-аналар бейнесін Гүлнапыс пен

Шапық образы арқылы автор жан-жақты аша алған.

Мәселен:

“Гүлнапыс: Күнтайым-ау әкелдім ғой. (Сумкасынан патронажды

алып, беліне тағады). Ілкім ғана үлкендеу. Папаңа қысқартқызып ал.

Марат: Патрондары қайда?

Гүлнапыс: Е, ұмытып барады екем. Динамоның директорына

осынша жалынып сұрап едім, жас балаға рұқсат жоқ деп сатпай қойды.

Марат: Мылтықты неге сатады?

Гүлнапыс: Күнтайым-ау, оны әкеңнің атына жаздырып алдық

қой”,- деген көріністен тіпті баласына мылтық пен оқ алып беруге

баратын ата-аналар бейнесін көруімізге болады. Ал әкесі Шапықтың

баласының тіпті қалай оқитыны тұрмақ күнделігінде не барын

білмейтін де бала тәрбиесіне көңіл бөлмеген ата-ана сипатын аша

түседі демекпіз. Оны Мараттың мұғалімі Анфиса екеуінің диалогынан

байқаймыз.

“Шапық: Мені қинайтын класс жетекшісі сіздің баруыңыз. Жаман

оқыса өз сазайынан.

Анфиса: Жақсы оқиды деп ойлайсыз ба?

Шапық: Енді қалай?

Анфиса: Алтыншыдан жетіншіге айласын асырып көшкендігін

аңғардыңыз ба?

Шапық: Айласын асырып?

Анфиса: Қараусыз бала, әрине, жүгенсіз. (Сумкасыннан

Мараттың күнделік-дәптерін суырып алып). Өз балаңыздікі екендігіне

күмәнданбайсыз ғой.

Шапық: Менің баламдікі.

Анфиса: Ішіне қаралық. Төгілген сия, беттерінің айғыздарына да

кешірім. Әкесінің қолын сыртынан қоюға машықтанған шеберлігін

көрдіңіз. Қалайша күнделік, дәптеріне көз қырыңызды салуға

мұршаңыз келмеді?!”. Бұдан әрі Анфиса Ивановна Мараттың театр

төбесіндегі көгершіндерді мылтықпен атамын деп театр қызметкеріне

оқ тигізіп ала жаздағанын айтады. Баласының осындай жүгенсіз

кеткенін естіген әке, әрине өкінеді. Бірақ кеш қалды ол енді баласының

тәртібін түзете алмайды. Автор осы арқылы бала тәрбиесі отбасында

қалыптасатынын баса айтады. Әрі ата-аналарға өз балаларының

тәртібін қадағалауды ескертіп, әрі жеткіншектердің арасында

кездесетін осындай балалардан үлгі алмауға, қайта тәртібі нашар

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 113

оқушыны қатарға қосуға тырысу керек екеніне назар аудартады. Пьеса

соңында Маратты балалар колониясына алып кетеді. Белгілі зерттеуші

С.Ордалиев “Есірткен ерке” пьесасын талдай отырып ұнамды

кейіпкерлердің Марат тәртібіне әсер ете алмағанын сынайды:

“Мараттың образын суреттеуде автор оны тым әсірелеп, оған қарсы

күшті, ұнамды кейіпкерлерді ұмытқан. Соның нәтижесінде Марат бүкіл

қаланы бұзақылығымен шулатады, ал оның теріс әрекеттерін

әшкерелеуге пьесадағы барлық кейіпкерлер әлсіз, қолынан іс келмейтін

дәрменсіз кейпінде қалады”. /7, 235/. Рас, белгілі бір жағдайда ұнамды

кейіпкерлердің дәрменсіздігі Маратқа әсер ете алмайды, оның әкесінің

шенінің үлкендігіне байланысты екенін автор бірнеше жерде көрсетеді.

Көшеде тәртіп бұзған жерінде әкесінің Шапық Шынболатович екенін

естіген милиционердің өзі оны басынан сипап босатып қоя берсе,

директорлық мансапқа ұмтылған Жәкіш сынды жағымпаз оны ақтап

алуға тырысады. Автор осындай көріністер арқылы, Маратқа жағымды

жағынан әсер ететін кейіпкердің шарасыз қалуын көрсету арқылы

қоғамда қалыптасқан “үлкен адам” идеясының болашақ жастарды

тәрбиелеуде зиянын тигізетінін көрсете алған. Сондықтан,

Ш.Құсайыновтың “Есірткен ерке” пьесасына жан-жақты қарау керек

деп санаймыз. Ақын, әрі Ш.Құсайыновтың жақын жолдастарының бірі

Ә.Тәжібаевтың: “Бүгінгі өмірді зерттеу, тану, ол туралы сахнаға

арналған пьеса жазудың қиын екенін Шахмет те жақсы сезінді.

Әйтпесе, ол Балуан Шолақ, ақын Мәди туралы жинаған материалдарын

тоқтата тұрып, бүгінгі балалар тәрбиесіне болысатын “Есірткен еркені”

жазуға кірісті. Шахметтің бұл пьесасы, әсіресе, Алматыда

жасөспірімдер театры ашылған тұста аса қажет болды”,- /35, 9/

дегенінен белгілі драматургтың бала тәрбиесіне аса көңіл бөліп, пьеса

жазуға арнайы дайындықпен келгенін байқаймыз.

Жеткіншек тәрбиесі, оның елінің ертеңі бола алуына, биік рухты,

сезімтал азамат болып өсуіне әсер етеді. Біздің драматургтеріміздің

қаламынан шыққан бала тәрбиесіне байланысты Е.Елубаевтың,

Қ.Мұқышевтың, М.Гумеровтің т.б. туындылары бар екенін жоғарыда

талдап көрсеттік. Алайда осы мәселені әр жазушы әр қалай шешкен

“Бір уыс бидай” (Е.Елубаев) пьесасында шектен шығып бара жатқан

баланың тәрбиесіне әкесі араласып, көпшілікке сұрақ қою арқылы

мәселені шешуге тырысады. “Аликтің әлегі” (Қ.Мұқышев),

“Өжет”(Е.Елубаев) пьесаларында тәрбиесі мен тәртібі әлі бұзыла

қоймаған ерке тентектердің мәселесін қараймыз. Ал, Ш.Құсайыновтың

114 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

“Есірткен ерке” пьесасынан шынайы түрде бұзақылық жолға түсіп бара

жатқан баланы көреміз. Кейбір зерттеушілер /7/ “Есірткен еркедегі”

Маратты дұрыс жолға салуға ұнамды кейіпкерлердің дәрменсіздігі

туралы айтады. Рас, бір қарағанда солай көрінуі де мүмкін. Бірақ автор

кеңестік дәуір шындығын, ол кезде де ауқатты, ерке, ойына келгенін

істейтін адамдардың көп жағдайда жазасыз кететіне назар аудартқан

сияқты. Неге Маратты ешкім жазаламайды? Өйткені, оның әкесі

басшы, қолында билік бар адам. Міне, автордың өмір шындығын

көркемдік шындықпен ұштастырған жері. Шапықтың өз баласын

коллонияға жіберуі сол кездің басшыларына көлеңке түсірмеу үшін

жасалған, әрі кейіпкердің шарасыз қалғанын көрсетеді. Кеңестік

кезеңде жазылған туындыларға жаңаша бажайлау дегенде,

қаламгерлердің шығарманың сыртқы формасымен көрсеткенін емес,

ишара жасау, мегзеу арқылы көрсеткенін ашуға тырысу шарт.

Тікелей балаларға арналмаса да балалар назарына, балалар оқуына

ұсынылатын туындылар болады. Сондай драмалық шығарманың бірі –

Ш.Мұртазаның “Сталинге хат” деп аталатын тарихи шығармасы. Жас

жеткіншек өткен тарихи оқиғалардың шындығын бажайлауы үшін

мұндай туындылардың айтары көп. Автор пьесаның басынан бастап

қазақ халқының трагедиялық бейнесін ашуға дайындықты күй арқылы

және оған қосылып тұрған хор арқылы береді. Күй мен хор Тұрар

Рысқұлов Сталинмен кездескен сайын қайта-қайта естіледі. Сталиндей

айбарлы, суық та қаһарлы адам алдында тайсалмай халқы үшін өз ойын

ашық әрі анық жеткізуі үшін қайғылы музыка Тұрарға рух беріп

тұрғандай әсерде қалдырады. Сталинге музыка мен хор үні үрей,

қорқыныш туғызады. Туындыдан үзінді келтірсек:

“Кремль. Сталиннің кабинеті. Сталин Рысқұловтың көп парақты

хатын оқып отырғанда кенет, музыка үні алыстан талып естіліп, бірте-

бірте жақындай береді. Күй үдеп барып, қайта баяулап, аяғы хорға

айналып кетеді. Қарсысында түрегеп тұрған Рысқұлов.

Хор: Ашық күнде-найзағай кімнің күші?

Өрт алғандай мал мен жай кімнің ісі?

Сталин: (өзіне-өзі) Мынау тағы қайталады ғой (Рысқұловқа) Сен

естідің бе?

Рысқұлов: Кешіріңіз, нені айтасыз?

Сталин: Ол музыка сенен шығатын сияқты.

Рысқұлов: Мүмкін, алдыңыздағы хаттың әсері шығар?”

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 115

Тұрар Рысқұлов халқының аман болуы үшін басын неге де болса

тіккен қайраткер. Автор оның шындық өмірдегі бейнесін көркемдік

шындық тұрғысынан да нақтылы беруге тырысқан. Рысқұловтың

турашыл, шыншыл мінезін автор үнемі байқатып отырады. Оның

турашылдығы өзі үшін емес халқы үшін екенін де көрсетеді. Сталин

оған “Рыков-Рысқұлов”- деп бірнеше рет қайталағанда, әңгіменің

әуенін бірден түсіне қалады да: “Рыковтың кебін киесің дегіңіз келеді

ғой. Тұспалдамай айта салмайсыз ба?”- десе, ұлтшыл Ғалиевпен

сыбайлассың дегенде: “Қате. Сталин қателеседі. Маған Сұлтан

Ғалиевтің ноқтасы басыма сыймайды. Сталин қателеседі”,- деп тура

жауап береді. Сталин Рысқұловты үнемі тұқыртып, басып тастауға

тырысады. Тұрар Рысқұлов өзінің білімділігі мен тапқырлығы

арқасында ұтқыр жауап беріп сытылып шығып отырады. Сталин

Қазақстандағы қазіргі жағдай Томбов губерниясында болып жатса

осылайша шырылдар ма едің дегенде, Рысқұлов екі елдің тарихи-

экономикалық жағдайын салыстыра келіп дәлелді жауап береді.

Рысқұлов өз білімін, ақыл-ойын қазақ халқының жағдайын жақсартуға,

аштық тырнағынан арашалауға түгелдей сарқа жұмсайды. Ол тіпті

Сталиннің атымен аттас Египет фараоны Иосиф туралы оқиғаны да

әңгіме барысында пайдаланады. Осы әңгіме арқылы қаһарлы

Сталиннің бетін қайтарып, тас көңілін жібітуді ойлайды. Шығармадан

үзінді келтірсек:

“Рысқұлов: Иосиф Египеттің фараоны болып тұрған кезде тұтас

бір халықты аштық тырнағынан алып қалған”,- дейді.

Сталинге Лениннің мұрагерісіз деп бастайтын сөзін де Рысқұлов

бекер айтып тұрған жоқ. Ленин өзіне қарсы шығып, шындық айтқан

адамдарды айыптамаған, жазаламаған дей келе Сталинге де кешірімшіл

болуды мегзейді. Сталин Рысқұловтың бұл ойын бірден түсініп, енді өз

халқынан Рысқұловқа қарсы шыққан адамдар мен оны

айыптаушылардың “пантюркист” деген мінін айтады Жантоқовтардың

айыптауларын айтып өзін қайта-қайта біресе ұлтшыл, біресе

пантюркист дегеннен кейін Рысқұлов не де болса тура әңгімеге көшеді.

Ол Қазақстандағы келеңсіз оқиғаларды “Бас кеспек болса да, тіл кеспек

жоқ” деп тікелей айта бастайды. Тұрар енді шегінер жер жоқ екенін

сезеді. Халық қамы үшін құрбан болуға даяр екенін білдіреді.

“Рысқұлов: Жолдас Сталинге болмаған кінәні тағып,

арыстанның аузына басымды тығар жайым жоқ. Өзіңіз шындық дедіңіз

ғой”.

116 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞



Тұрар “арыстанның аузына басымды тығар жайым жоқ” десе де,

басын сол арыстан аузына халқы үшін апарып тұрғанын біледі.

Рысқұлов Сталинмен болған тартыстан жеңіп шықты. Себебі, өзі

құрбан болса да, Қазақстанда “кіші октябрь” жасаймын деп жалаң

қылышын жалаңдатқан Голощекинді, сол арқылы И.В.Сталиндік

отаршыл коммунистерді өз кезінде әшкерелей біліп, халық оянуына

мұрындық болды. Елінің ертеңі үшін шыбын жанын аямаған Рысқұлов

бейнесі пьесада өте жақсы шыққан. Шығармадағы тартыс Рысқұлов

пен Сталин арасында өтеді. Сталин мақсаты Рысқұловты қалай болса

да аяқтан шалып айыпты ғып шығару болса, Рысқұлов мақсаты қандай

да бір жолмен халқына жақсылық жасау, аштық тырнағынан құтқару.

Екі кейіпкер де өз мақсаттарына құрбан арқылы жетеді. Сталин сөзден

ұтылып, идеясын “құрбан” етіп Рысқұловтың айтқанына көнсе,

Рысқұлов өз басын құрбан етіп еліне қызмет етеді. Пьеса соңындағы

Рысқұловтың:

“Өмір-бақи қайтпауға пейілмін. Қазақстан аман болса, халқым

аман болса, соған өле-өлгенше ризамын (көзінен жас тамшылап

кетеді). Халқым, сен аман бол. Құрбаның болуға мен дайынмын. Ал,

зор қатенің құрбаны болғандар! Сендер кешіріңдер! Сендердің

рухтарыңды қарын тойған күні ұмытып шыға келетіндерден сақтасын

тағдыр”- деген сөзі шиеленіскен оқиға шешімі іспетті. Драматургия

жанрын зерттеуші В.Волькенштейін көрсеткен трагедиялық

туындылардың бес ерекшелігі де:

“1) Драмалық конфликті шығарманың басты геройы мен дәуірде

орын алған ең жоғарғы күштің арасындағы қарама-қарсылыққа

құрылуы.

2) Трагедияның басты кейіпкерінің мейлінше күшті болуы.

3) Оның өз мақсатын орындау жолында ешнәрседен қайтпауы

міндетті түрде болуы.

4) Терең мағыналы идеялы диалогтың болуы.

5) Тұрмыс және тарихи дәлдікке сай келмеу” /99,136/. “Сталинге

хат” трагедиясында толығымен орындалған.

Ш.Мұртаза дарынды қаламгер ретінде белгілі жазушы. Оның

“Сталинге хат” пьесасы да тарихи құжаттар негізінде туған шығарма.

Автор Рысқұлов бейнесін сомдауда зор табысқа жеткен деп айтуға

болады.


Тарихи тақырыпқа жазылған туындылардың бірі –

Ы.Мұсаұлының “Тауан” драмасы. Бұл драмалық туындыда әдебиетте

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 117

кейіннен ғана шындығы айтыла бастаған аға сұлтан Құнанбай бейнесі

сомдалған. Пьеса авторы Құнанбай және оның айналасындағылардың

шынайы қырларының ашылуына назар аударған. М.Әуезовтің “Абай

жолы” романындағы Құнанбай бейнесін талдағанда оның көп қырлы

екенін айта келе қатыгез, безбүйрек, аяушылығы жоқ озбыр ретінде

талдау да орын алғаны белгілі. Бірақ М.Әуезов шығармасындағы

Құнанбайдың мінезіндегі қаталдық пен озбырлығына қазіргі уақытта

басқаша баға берудеміз. Ол өз алдына жеке әңгіме. Дегенмен “Тауан”

пьесасында Құнанбай басты кейпкер ретінде алынғандықтан, “Абай

жолындағы” Құнанбай бейнесін де назарда ұстаймыз. “Тауан”

пьесасында оқиғаға араласатын он төрт кейіпкер бар. Олар: Құнанбай,

Алшынбай, Құсбек, Тәттімбет, Мұса, Майыр, Жебірейіл, Ақмырза,

Ғаділ, Жамбы, Құдияр, Үйсінбай, Жаңғабыл, Қужақ, Сымық және тағы

басқа қарттар, қатындар, жауынгерлер, қала тұрғындары. Драмалық

шығарма шартына сәйкес автор пьесада Құнанбайдың аға сұлтандыққа

сайланған кезін ғана алған. Қазақ жеріне орыс переселендерінің келе

бастауы, патшалық Ресейдің миссионерлік саясатының бел алуы халық

болашағын ойлайтын Құнанбайды бұрынғы аға сұлтан Құсбекке қарсы

шығуға итермелейді. Құнанбай өз пікірін ашық айтады, турашыл да

өткір мінезді болып бейнеленеді. Пьеса басталғаннан-ақ автор

Құнанбай позициясын айқындап береді. Құсбек көшіп келген

переселендерді Ералы жазығынан аластаттың, қазіргі уақытта құлан

таза тұрған Шыңғыстау ғана, мен сенің соныңа бөгет болдым ба

дегеннен кейін Құнанбай да өз ойын ашық айтып аға сұлтан ретінде

мәселені шешуді талап етеді. Және де Құнанбай мәселе тек жерде емес,

сол миссионерлердің халықты басқа дінге тартуында екенін айтады.

Бұл да оның алысты болжағыш ақылының арқасы:

“Құнанбай: Жер қорып әуреміз. Мұның сұмдағы жер ғана емес,

әсіресе әлгі пәлесінде ме деймін. Біреу айтса нанбас едім. Өзім үстінен

түсіп, жағамды ұстадым. Ауыл-ауылды адақтап, шоқындыратын бала

жинаған дін иелері екен. Мұнысына қысылып, біреу-міреу көреді деп

именсе не дейсің. Бәрінен де осы ар ұялар істі ашықтан-ашық жасап

жүргендері-ақ батты. “...Неге таусылып сөйлейсің” деп кінә тағып

отырсың ғой, аға сұлтан, осы кесел етек алып кетпесіне кепілдік бере

аламысың, мен сөзімді қояйын?”

Міне осы көрініс Құнанбайдың мәселені төтесінен қойғыш, өжет

мінезін танытады. Ол Құсбекті аға сұлтан екен деп именбейді, өктем

сөйлейді. Бұл оның турашыл мінезімен байланысты.

118 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

“Құнанбай: (Құсбекке шұқшиып) Осы жолы жандаралға кіріп, осы

жайын сөйлесіп шығу ләзім. Берісі дуанның, арысы мұқым қазақ

жұртының тілегі деп айт. Қара шапандарына тыйым салсын!”.

Міне қарадан шығып хан болған Құнанбай сөзі, Құнанбай мінезі.

Ы.Мұсаұлы Құнабай характерін ашуда басқа кейіпкерлерді сөйлету

әдісін ұтымды пайдаланған. Мәселен, Құсбек пен Жебірейіл диалогы

Құнанбай айналасындағы адамдардың осал еместігін көрсетеді. Ал,

Алшынбайдың:

“Мұны кім айтты деп жатарым жоқ. Тау өзеніндей сарынынан-ақ

Құнанбай сөзі екені танылып тұр”,- деуі Құнанбайға берілген жақсы

баға екені даусыз. Осылайша автор Құнанбай характерін ашу үстінде

оны қоршаған адамдардың пікірлерін пайдаланады. Майырдың өзі де

Құнанбай бойындағы жақсы қасиеттерді бірден танып :

“Құнанбай деймісің? Оның қандай кісі екенін білесің бе? Жоқ

білмейсің (қолын төбесінен асыра көтеріп) Ол кісі көп ойлайды, көп,

көп ойлайды. Одан өзге кім аулында медресе ашты, білсең айтшы?

Сөйте тұра өзінің баласын Мәскеуге оқуға жіберді. Түсінесің де

осыны?”,- деп мойындайды. Құнанбай мінезінің жан-жақты ашылуы

“Төрелер төскейі” дауына қатысты эпизодтарда жақсы көрінген. Оның

бойындағы тура жол тапқыш мінезі халық тілегімен ұштасып жатыр.

Қазақ жеріне келіп әбден байып алған Жебірейіл мен Майырлар

шұрайлы жерлерді бауырына басып қалмақ ниетте. Ал бұрынғы аға

сұлтан Құсбек те өз үлесін оңай берер адам емес. Майыр төрелер

төскейіне корпус саламын деп сылтау айтса, Құсбек төрелер төскейі өзі

сияқты төре тұқымының еншілес жері дегенді алдыға тартады.

Тәттімбет пен Мұсадан төрелер төскейіне қатысты оқиғаны естігенде

Құнанбай:

“Төрелер төскейі деймісің? Осының арты қайда апарып соғар

екен? Төре де оңай жау емес, өліспей жерін бере ме? Дуан аузына қарап

Құсбек пен Майыр қаржасып, қырғын салмаса жарар еді? Онда бар ма,

көр де тұр, мына сайлау тартысы астар болмай қалады оның қасында”,-

деп ойын айтады. Алайда Құнанбай аға сұлтандық тізгінін қолға

алысымен төрелер төскейіне байланысы жер дауын шешуге кіріседі. Ол

қазақты бұрыннан билеп келген төрелердің де, кейіннен келіп төр

менікі дейтін орыстың да жері емес, қарапайым қазақ халқының ата

қоныс мекені екенін айтып төрелер төскейіне мешіт салдыруды

ұйғарады. Бұл шешімін халық қолдап кетеді. Кейіннен дінге беріліп

қажы атанған Құнанбай бейнесінің нақтылана түсуіне пьесада алынған

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 119

осы тартыстың үлесі көп. Автор Құнанбай мінезіндегі қайраткерлік

сипатты бірден жоғары көтермейді, оның жанындағы жақтастары мен

қарсыластары арасындағы ұсақ конфликтерден өрбітіп әкеліп шығарма

арқауындағы негізгі тартысты бірте-бірте ашады.

Пьеса жалпы драматургия талаптарын орындағанымен ұсақ

конфликтілердің арасы байланыспайтын жерлері де кездеседі. Мәселен,

Ғаділ мен Жамбы арасындағы оқиға мен Жамбы мен Құдияр

арасындағы тартыстар түсініксіздеу, әлі де болса нақтылауды қажет

етеді. Ал, Майыр мен Құсбектің жерге таласуы кезіндегі әрекеттері

шынайы шыққан. Тартысқа Самықтың араласуы, Мүшәрәп қарттың

өлімі Майырдың да жай адам емес, қылмыскер екенін ашып, оның

жағымсыз кейіпкер ретіндегі бейнесін нақтылай түседі.

“Тауан” тарихи драмасының басты мақсаты – оқушы

көрермендеріне Құнанбайдың қайраткерлік бейнесін таныту десек, ол

мақсатты орындаған. Ғалым Р.Нұрғалиев тарихи-ғұмырнамалық

драманың ерекшеліктеріне тоқтала келіп:

“Драманың бұл түрінде қан төгіс шайқастар, үлкен құрбандықтар

жоқ. Келісімге келмес қарама-қарсы кейіпкерлер арасында айтысты

талас жүреді… Тарихи-ғұмырнамалық драмаға белгілі тұлғаның өмірі

арқау болмақ. Эстетикалық шындықпен бейнеленген көрнекті адамның

іс-әрекеті, күрес жолы, идеялық нысанасы, әсіресе жас ұрпақ, кейінгі

толқынға үлгі, өнеге”- дейді /17, 431/. Ы.Мұсаұлының “Тауан”

пьесасында басты кейіпкер ретінде алынған Құнанбай мен бұрынғы аға

сұлтан, төре тұқымы Құсбек арасындағы тартыс тарихи-ғұмырнамалық

драма талаптарын толық орындайды.

Ы.Мұсаұлы өзінің “Тауан” драмасында кейіпкерлер характерін

ашу, олардың ішкі жан дүниесін көрсету мақсатында диалог, монолог,

көрерменге қарап сөйлеу сияқты құралдарды мақал-мәтелдер,

драмалық оралымдар, эмоцианалды-экспрессивті сөздер арқылы

көркемдеп бере алған. Пьесада қолданылған көркемдеу тәсілдері

шығарманың тарихилығын ашып, кейіпкер тілі арқылы бейненің

нақтылануына әкелген деуге болады.

Құнанбайдың Құсбекке елдегі жағдайды түзетуді талап ете

сөйлеген кезін алайық. Құнанбай батыл, әрі дәлелді сөйлейді:

“Құнанбай: (Құсбекке шұқшиып). Осы жолы жандаралға кіріп, осы

жайды сөйлесіп шығу ләзім. Берісі дуанның, арысы мұқым қазақ

жұртының тілегі деп айт. Қара шапандарына тиім салсын”.

Оның мінезіндегі туралығы, өктемдігі бұйыра сөйлегінен білінеді.

120 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

Пьесадағы тағы бір өткір кейіпкер – Тәттімбет. Тәттімбет

характеріне орай автор оның тілінде кекесін мағынасындағы, мұқату,

орып түсердей өткір, кесек сөздер қолданған. Тәттімбет сөзінде оның

мінезіндегі бір беткей, турашылдығы үнемі көрініп отырды:

“Олай болғанда қара қылды қақ жарған туралық орыс ұлығының

өзінен шығу ләзім емес пе? (Құсбекке қадалып) Бұлардың не істеп, не

қойып жүргенін көрпес біле ме? Әлде апам үйінде оны да айта алмай

жаңа түскен келіндей бетімізден басып отырмыз ба?” деген сөзі.

Немесе:

“Иә, біз орыстың қол астына кіргенде бұндай қиянатқа жол береді

деп кірген жоқпыз. Құдай тілеуіңді берсін, бет моншағың төгілмей,

басын ашып сөйлес. Пір тұтқан патшамыздың нақ пиғылын таниық”,-

дегені бір жағынан патша өкіметінің әділдігіне күмән келтіре сөйлегені,

бір жағынан Құсбекті әділін шешуге итермелеуі еді. Оның сөзіндегі

“жаңа түскен келіндей”, “бет моншағың төгілмей” деген тіркестер өткір

мінезіне сай шыққан сөздер. Себебі, ондай сөзді аға сұлтанға екінің бір

айта бере алмасы анық.

Құнанбайдың Керей мен Төлеңгіт дауына билік айтқан тұсы да

кейіпкер мінезін ашуда, оның мақсатының айқын екенін байқатады:

“Құнанбай: (билік сөзі екенін аңдатып, мақамдай сөйлеп) Ала

көңілде аман жоқ, аңдысқаннан жаман жоқ. Ауыл-үйге іріткі енсе, от

басының шырқын бұзады, отау ішінің сұрқын алады. Ағайынға іріткі

енсе, әулетінен бақ көшеді, дәулетінен құт қашады. Ел ішіне іріткі енсе,

ең қиыны міне осы. Біле білсең, бұл ақылың мен нәріңе сын, біріңе

емес бәріңе сын.

... Қабырғаңмен кеңес те, қалауыңды ал, ағайын: Дау тілесең дап-

дайын, қара дауыл қаптаған, ұйытқып кете барасың. Дауа іздесең, оның

жөні бір бөлек - алды жарқын жарасым, мамыражай күніңді қайта

айналып табасың. (Дағанды даугерлеріне жағалай қарап өтіп,

Құдиярға шұқшияды) Жақсы күніңді көзіне ілмей, аяқ-асты санаған,

жарастықтың қадірін білмей, жанжалға әкеп қамаған, Төлеңгіт баласы,

айып сенде! Қолыңмен жасағаныңды мойыныңмен көтересің.

Алдымен, Құдияр биліктен босайды. Ал, азалы елді күңірентіп, аруақ

аттағаны үшін, бір емес екі ердің құнын кестім, айыпқа төлейді”. Міне,

бұл сөздерден таудан аққан бұлақтай арынды Құнанбай мінезін

танимыз. “Абай жолы” романындағы Құнанбай мен драмадағы

Құнанбай бейнесі бір арнаға тоғысқандай болады. М.Әуезов танытқан

Құнанбай мінезі, өткірлігі, шешендігі “Тауан” драмасында қазақ

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 121

ұғымына сай сөздердің қолданылуы, мақал-мәтел, эмоционалды

сөздердің болуымен және билік мақамымен астаса келе ашыла түседі.

Осы билік сөзден кейін Құнанбайдың халық алдындағы абыройы

артып, оның биіктей түскенін байқаймыз. Белгілі ғалым

Р.Нұрғалиевтың: “Зады тарихи белгілі есімнің өзгеше сипаты, даралық

қасиеті үлкен бір ісімен, аршында қимылымен көрінсе керек. Әйтпесе

жіпке тізгендей етіп, аты мәшһүр адамның өмір фактілерін сыдырта

баяндай беру көркемдік аулына, әсемдік әлеміне апармай соқыр тұман

құшағына сүңгітіп жіберуі оңай” /17, 430/ деген байлам сөзі тарихи-

ғұмырнамалық драмаға қойылатын талап-тілектің бірі. Олай болса,

“Тауан” драмасындағы Құнанбайдың аға сұлтандыққа келу кезіндегі

өмірі мен қызметінің ғана алынып, бейнеленуі заңды құбылыс.

Қазақ драматургиясында түс көру, аян беру сияқты тәсілдер

кейіпкердің ішкі дүниесін ашу үстінде жиі қолданылады. “Тауан”

пьесасында да Құнанбай мен Алшынбайдың түсіне атақты Қаздауысты

Қазбек би енеді. Екі кейіпкер түсіне қатар кіруі арқылы олардың

мақсат-мүдделерінің ортақ екенін мегзегендей болады да осыдан кейін

Алшынбай бірден Құнанбай жағына шығады.

Жеткіншектер үшін тарихи шығармалардың берері мол десек,

“Тауан” драмасы арқылы олар Құнанбай заманына сапар шегіп,

тарихта болған бірқатар адамдар туралы (Алшынбай, Құнанбай,

Тәттімбет т.б.) өздері білетін білімдерін толықтырып, олардың жарқын

бейнесін көре алады деуге болады. Бұл пьесаның тәрбиелік жағы десек,

сонымен бірге пьесадан этика-эстетикалық ғибрат алу арқылы

жеткіншек өзінің рухани дүниесін толықтырарына сеніміміз мол.

Тарихи драмаларда тарихи оқиғалар мен тарихта болған белгілі

адамдар өмірі сөз болса, әлеуметтік драмада белгілі бір қоғамда өмір

суретін адамдар арасындағы, қоғам мен адам байланысынан шығатын

тартысқа құрылады. Сондай әлеуметтік тақырыпта сөз қозғайтын

трагедиялық туындылардың бірі – Т.Ахметжанның “Қара торғайы”.

Бұл шығармада 1980-90 жылдардағы қоғамдық тоқырау кезеңінің

күрделі мәселесіне айналған жастар тұрмысы сөз болады. Заманның

байлар мен кедейлерге, ақшалылар мен ақшасыздарға бөлінуі бір

кездерде рухани құлдырауға әкеле жаздағаны белгілі. Пьесада осындай

екі топ бар. Бірі – Құрбан, Томарбай бастаған ақша әлемінің

әміршілері. Олар өздерінің рухани азғындағандарын әр сөздерімен

дәлелдеп отырады. Екінші топта журналист Айтан, Раушан және

Жақан. Жақан туралы біз оның әйелі Сәния мен Айтан, Құрбан

122 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

ауызынан ғана естиміз, ол сахнаға шықпайды. Бірақ автор Жақан

бейнесі арқылы 1986 жылғы зобалаң зардабын тартқан дарынды

жастың тағдырын береді. Сәнияның айтуынша ол жанұясына қарамай

ішкілікке салынған адам болса, досы Айтанның айтуынша ол дарынды

суретші, әрі ақын. Автор болашағынан зор үміт күтер азаматтық

азғындану жолына түсуінің себептерін іздейді. Және де бұл мәселені

ашық сұрақ күйінде қалдырады. Ал пьесаның негізгі кейіпкерлері

Айтан мен Раушан басындағы қиындықтар қазіргі замандағы қазақ

жастарының көбінде бар жағдай. Әсіресе, творчестволық жолға түскен

жастардың қадір-қасиеті бағаланбай жүргенін айтады. Айтан лауреат

атағын алып той жасап жатыр, бірақ оның қуанған түрі байқалмайды.

Себебі, ол қанша дарынды болса да, әлі күнге баспанасы жоқ. Тұрып

жатқан үйлерінің иесі келіп шығыңдар деп жатса, Айтанда қандай той

тойлайтын шама болсын. Олардың басындағы қиын жағдайды

Раушанның ашына айтқан:

“Ал біз тентірегелі жеті жыл! Жеті жыл! Жеті жылда қанша пәтер

ауыстырмадық біз, сорлы. Тіпті санынан да жаңылыппыз. Елдің ескі-

құсқы лашығын жөндеп-ақ өміріміз өтетін шығар ... Мен ... кейде ...

ойлап кетсем ... өлгенде біреудің босағасынан шығарып масқара болар

ма деп күйінемін”,- деген сөздерінен байқаймыз. Айтан мен Раушанның

дастарханына жиналған жұртты біз білмейміз. Бірақ олардың қатты

шығып жатқан дауыстары арқылы қандай адамдар екенін аңғаруға

болады. Әйелі де, еркегі де даурығып арақ ішіп жатқан жұрт, елді

ауызына қаратқандай көпіріп сөйлеп тұрған Томардай. Тіпті оның

сөздерінде мән де, мағына да жоқ болса да көтеріп, қолпаштап жатқан

көп тобыр. Қолда билігі мен мансабы бар адам не айтса да

жағымпаздана қолдай кететін топтың Айтан мен Раушан

проблемаларында шаруалары жоқ. Олар тек көңіл көтеріп, улап-шулап,

той үстінде бірін-бірі бос мақтағаннан басқаны білмейді. Айтан мен

Раушан той өз үйінде емес адамдардай оқшау жүр. Олардың мақсат-

тілегі тойға жиналған көпшілікпен ұштаспайтындай. Айтан басындағы

баспана мәселесінің жайын білетін Құрбан басында жер алып беруге

ниеттенгенмен, артынан тайқып шығады. Құрбанның екі жүзді әрекеті

Раушанның ажалына әкеледі. Раушан өзі айтқандай ай далада “біреудің

босағасында” ажал тапты. Айтаны мен екі қызы аңырап жетім қалды.

Ал радио үні: “Егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақ” ... деп бастайтын

сөзін қайта бастады. Айтан балтасын алып Раушанын әкеткен

қатыгездік тамырын шаппақшы болады. Бірақ оны Көк тәңірінің үні

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 123

тоқтады. Пьеса осылайша мифтік сарында аяқталады да көрермендері

мен оқырмандарын ойға қалдырады.

Бір күнде, бір қимылмен шешілмейтін, бір адамның ғана қолынан

келмейтін оқиғаның осылайша аяқталуы қазақ драматургиясында

бұрыннан бар тәсіл. Аруақпен, періштемен, тәңірімен тіл қатысу

драмалық туындылардың шешімі іспетті болып келеді. Мәселен,

М.Әуезовтің “Қарагөз” трагедиясын-дағы Қарагөздің аруағы Сырымға

аян беруі оны күйзелістен шығып, өмір сүруге итермелейді. Сол

сияқты, “Қара торғай” пьесасында да автор Айтанды артынан

өкіндіретін әрекеттен көк тәңірінің үнімен тоқтатады.

Драмалық туындылардың негізгі құралдарының бірі – диалог.

Диалог – адам психологиясын, мінезін, әрекетін ашуда қолданылатын

күшті құрал. “Қара торғай” пьесасындағы жағымсыз кейіпкерлердің

(Томарбай, Құрбан) характерін ашуда диалогтар ұтымды қолданылған.

“Құрбан: Т-Т-То-Том-аға! Ж-жерді Айтаға беріп қойдық қой!...

Томарбай: Берген өзіміз, қайта алатын болсақ несі айып? Жаның

ашыса өз жеріңді бер! Ал мына жер түбін қуып келсек менің жерім.

Сен өтінген соң ғана су тегінге Айтанға сатқан болатынмын. Ақшасына

бола емес, азаматқа жаным ашыған соң келіскем. Құрбан. М-м-мен

жерді шешемнің атына жаздыртып қойып едім... Енді... ол кісі келісе

ме...


Томарбай: Жалтарма, бала!

Құрбан: (бойын жиып) Жоқ, мен бере алмаймын.”

Міне, Айтанның досым деп жүрген Құрбан мен ел көзіне

кеңпейілді болып көрінгісі келген Томарбай жеме-жемге келгенде

ақша, байлық үшін ар-ұят, ізгілік дегендей асыл қасиеттерден оп-оңай

аттап кете салады.

Кейіпкерді сөйлету арқылы оның ішкі жан дүниесін ашуда жиі

кездесетін тәсілдің бірі – монолог та пьесада ұтымды қолданылған.

Айтанның, Раушанның монологтары адал еңбекпен күн көріп жүрсе де

заманның таршылығына тап болған жастардың ішкі күйзелісін дәл

басып берген. Айтан лауреат атағын алып, той жасап жатыр. Бірақ

Айтан бір төбе де, жиылған топ бір төбе. Қанша қуаныш болса да

Айтанды мазалайтын баспана мәселесі оны көңілді топқа қоса

алмайды. Оның ішкі сырын автор монологы арқылы жақсы көрсете

алған:

“Айтан: (Отын ұсақтап авансценаға таяу отыр; ой құшағында).

Иә, ертеңнен қалмай үйді босатсын деп жатыр. Табаныңды жалтырат

124 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

деген сөз! Ертеңнен қалдырмай! Түсінікті ме? “Тәйт!” деді ме, пыр етіп

ұшып кетуің керек! Ха-ха-ха! Қара торғай! Сен ұясы жоқ қара

торғайсың. Иә, иә, кәдімгі қара торғай ...

Қара торғай,

Ұштың зорға-ай.

Бейшара . . .

Шырылдайсың жерге қонбай, а-ай (әндетеді).

Басқа пәтер тапқанша Раушанға үндемей-ақ қояйын деп едім.

Естісе тағы ... Құдай-ай осындай той үстінде шабарманын жібермесе де

болар еді ғой. Қой, үндемей-ақ қояйын, тойдың берекесі кетер. Қара

торғай ... (әндетеді)”

Ал, Раушанның ішкі сезімін, көңіл-күйін, қиналысын оның ішкі

дауысымен сөйлесу түрінде алған. Күйеуі мен балаларының қамын

ойлап қайғырған шарасыз әйел өзіне-өзі дем беріп, өзімен өзі сөйлеседі.

Бұл тәсіл де драмалық туындыларда жиі кездеседі.Әсіресе, кейіпкер

тығырыққа тіреліп, жауап іздегенде ішкі дауысты сөйлету орынды

шыққан.

Т.Ахметжанның “Қара торғай” пьесасы бүгінгі жастар өмірін

көрсетіп, заманға қарай құбылған адамдар мен қарапайым тіршілігімен

адал күн көретіндердің ішкі жан дүниесін ашуымен ерекше. Автор

шағын ғана трагедиялық туынды арқылы бүгінгі күннің өзекті

мәселелерін көтереді. Жеткіншектер үшін трагедияның берері мол

дегіміз келеді. Көркем туындының мақсаты адам бойындағы ізгілік,

адалдық, жақсылық т.б. қасиеттерді ояту десек, “Қара торғай”

пьесаның авторы сол мақсатқа жете алған дей аламыз. Себебі, пьесаны

тамашалап отырған жеткіншек Құрбан мен Томарбай сияқты ақша мен

дүниеге құнығып, адамгершілік бет-бейнесін жоғалтқан адамдарға

жиіркене қарап, өмірдегі сондай адамдардың әрекетіне тойтарыс беруге

үйренеді. Шығармада суреттеліп отырған 1990 жылдардың бас кезі

шынымен-ақ, тек ақша жасай алатында заманына айналып, адамның

рухани игіліктері мен ізгі қасиеттері жойылып кете жаздаған кез еді.

“Қара торғай” пьесасы сол кездің өмір шындығын көркемдік

шындыққа айналдырған объективті туынды деуге негіз толық.

Жоғарыда бүлдіршін жасындағылар үшін жазылған

шығармалардан қарағанда ересек балаларға арналған туындылардың

біршама күрделі болатынын айтқанбыз. Ересек балаларға арналған

драматургиялық туындылардың комедия, трагедия, драма түрлерінің

жіктеліп, жеткіншектерге әр нәрседен хабар беретінін, олардың

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 125

білімдерін толықтырып, жеке тұлға ретінде қалыптасып, елдің ертеңі

болуға ынталандыратынын байқаймыз. Заман ағысымен өзгеріп

отыратын әдет-ғұрып пен дәстүрдің жаңалануы сияқты факторлар

әдебиетке де, оның ішінде драмаға да, белгілі бір дәрежеде жаңа

талаптар әкеледі. Ұлттық әдебиетіміз, бойында ұлттық намысы мен өз

ұлтына, дәстүріне адал азаматтарды тәрбиелеп, өсіріп шығаруы керек.

Осы ретте біздің еліміздің жастары ғаламдану үрдісінің ыңғайына

түгелдей бағынып кетпеуі үшін ұлттық әдебиетіміздегі дәстүр

жалғастығын ойлау абзал. Әрине, уақыт өте береді, оны тоқтату,

немесе, кері жүргізу мүмкін емес. Сол себепті де әлемдік дамуға

қосыла отырып ұлттық белгілерімізді жоғалтып алмауға талпынуымыз

абзал. Ұлттық балалар әдебиетінің рухани дамудың әлемдік деңгейіне

жетуі, жеткіншектердің сергек, әрі белсенді азамат болып

қалыптасуына ықпал етеді. Балалар драматургиясы өзінің қалыптасу

кезінде басынан өткерген тарихи-әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдағы

әр түрлі жағдайдың әсерінен белгілі бір дәрежеде тоқырауға

ұшырағаны да рас. Еліміздің тәуелсіздік алуы, балалар әдебиетіне оның

ішіндегі балалар драматургиясына объективті баға беріп, талдап,

саралауға мүмкіндік беріп отыр. Балаларға арналған драмалық

туындыларды әлі де болса бір арнаға түсіріп, оларды тегіне қарай

(трагедия, комедия, драма) саралап, көркемдік, тілдік жағынан талдау

қажет. Әлі де болса балалар жазушыларының стилін, өзіндік

лабораториясын ашып ерекшеліктерін сараптауды дамыта түсу керек.

Бір ғана диссертациялық жұмыс көлемі мұны көтермейді. Сондықтан,

бұл тақырып өз зерттеушілерін қызықтырады деп ойлаймыз,

үміттенеміз.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ балалар әдебиетіндегі басқа жанрлармен салыстырғанда

балалар драматургиясы кешеңдеп туса да, кенжелеп қалған жоқ.

Балаларға арналып жазылған алғашқы пьеса (1934 ж.) мен балалар

театрының ашылуынан басталатын балалар драматургиясының

тарихы алпыс жылдан енді ғана асты. Осы аз уақыттың ішінде

балалар драматургиясының өзіндік туу, қалыптасу, есею кезеңдері

болғаны анық. Балалар драматургиясын оның бастау көзі болған ауыз

әдебиетінсіз елестету мүмкін емес. Ғасырлар бойы халық

тұрмысымен біте қайнасып, ұлттық дәстүрді бойына сіңірген мақал-

мәтелдер, халық өлеңдері, ертегілер, аңыз әңгімелер, айтыстар

кейінгі қалыптасқан балалар драматургиясының ірге тасы деуге негіз

толық. Өмірдің орнында тұрмайтыны сияқты, әдебиетте үнемі даму

үстінде болатыны белгілі. Даму дегенде, өткендегі дәстүр мәнін,

бағыттаушылық, негіздеушілік рөлін ескерген жөн. Өзгерген

заманның өскелең талабы көркем әдебиетке, оның ішінде балалар

әдебиетіне де жаңа талаптар қояды. Ал, мұның өткен дәстүрдің

өзіндік толығу, өрістеу мүмкіндігін кеңейтетіні анық. Соның

нәтижесінде қаламгерлер шеберлігі ысылуына жаңа өріс ашылатыны

айқын. Бұл ізденістер әрбір кезеңдегі, әр онжылдықтағы өзіндік

ортақ дәстүрмен бірге әр драматургтің өзіндік стилі қалыптасуына,

суреткерлік амал-тәсілдердің толығуына ықпал етеді. Бұл орайда

өткен кезеңдегі әміршілдік жүйе қыспағының жойылуы, атап

айтқанда әдебиеттің партиялық, таптық көзқарас тұрғысынан

қойылған шектеулерден босауы да қаламгердің ізденіс өрісін кеңейте

түсетіні мәлім.

Тәуелсіздік әкелген жеңістің бірі – ұнамды, ұнамсыз кейіпкер

мүсіндеуде таптық, партиялық мүдде қыспағынан шығып жалпы

азаматтық және ұлттық мүдденің тоғысуы, алға қойылуы кейіпкер

сипатына, шығарма идеясына ондағы бейнелеу құралдары жетілуіне

т.б. өзіндік игі ықпал етті. Соның бір көрінісі әдебиеттегі ұлттық

өрнектің мәні кеңеюі болса, сол кеңею кейіпкерлердің де болуға тиіс

делінген жасанды, үстірт оң не теріс мінездеуімен емес, анағұрлым

шынайы қалпында өсу, толығу үстінде көрінуіне жол ашты. Қазақ

әдебиетінің басқа салалары сияқты қазақ балалар драмасында да

кейіпкерлерді тек екіге, яғни ақ пен қараға, жағымды, жағымсызға

бөлудің де біржақтылық, үстірттікке апару мүмкіндігі кейінгі кезде

неғұрлым айқын сезіле бастады.

Ізденіс үстінде ұлттық әдебиетті тірек ете отырып жаңа дәстүр

игеріледі. Дәстүрдің озығы да бар, тозығы да бар. Қазақ балалар

драматургиясы өзінің даму жолында барлық сатылардан өтті.

Кеңестік идеология мен социалистік реализм кезінде дүниеге келген

схемалық туындылар өз-өзінен шеттеп қалды. Есесіне халықтық

үлгіде, ертегілік тақырыпта, балалар өмірінің шындығын көрсететін

туындылар өміршең келді. Мәселен, ертегілік тақырыпта жазылған

М.Ақынжановтың “Алтын сақа” пьесасын қай заманның балалары

болса да қызыға тамашалар еді. Немесе, Б.Соқпақбаевтың аңыз

әңгімелер желісіне құрылған пьесасы “Тапқыр Қожанасырды” алсақ

қашан да бала көңілінен орын алатын туындылар демекпіз.

Тікелей бала өмірін, бала мінезі мен әрекетін суреттеуге

арналған Е.Елубаевтың “Өжет”, “Бір уыс бидай”, Қ.Мұқышевтың

“Аликтің әлегі”, Б.Тәжібаевтың “Әй, Әнипа-ай”, Ш.Құсайыновтың

“Есірткен ерке”, Б.Ысқақовтың “Түймедейден түйедей” және т.б.

көптеген ақын-жазушылардың балаларға жазған туындыларын

ерекше атауға болады. Балалар драматургиясының басты ерекшелігі

бала жасын ескере отырып жазылуында. Осыған сәйкес олардың

көлемінде шектеу болады. Бүлдіршіндер үшін жазылған шығармалар

көлемі шағын, тілі қарапайым келеді. Мысал үшін, жаңа жыл

мейрамына арналған ертегілік тақырыптағы О.Әубәкірдің “Аяз ата

кәмпиті”, Ә.Табылдиевтың “Жаңа жыл кешінде”, “Қаскүнем қасқыр

мен батыр қоян”, А.Сатаевтың “Айға сапар”, А.Ақпанбетұлының

“Қайырымды қасқыр”, “Ақсақ көжек”, С.Әуелбаеваның “Оюхан мен

Жоюхан” және т.б. көптеген пьесалар көлемі де шағын, тілі де бала

жасына, түсінгіне негізделе жазылған туындылар.

Қазақ балалар драматургиясының шағын түрлері дегенде кейінгі

кезде туған инсценировкалар, интермедия мен скетчтер туралы

айтпай өту мүмкін емес. Балаларға арналған туындыларды айтқанда

олардың тәрбиелік қыры да үнемі назарда болады. Драманың шағын

формалары ретінде күлдіре, ойната отырып тәрбиелейтін туындылар

да осылар. Мұндай шағын интермедия, скетчтер үлкен концерттік

қойылымдарда ойналады. Қ.Ыдырысовтың “Ойнайық та ойлайық”

жинағына кірген интермедиялары, Ә.Табылдиевтың “Тағлым”,

“Халық тағлымы” жинақтарындағы скетчтері жеткіншек тәрбиесіне

көңіл бөлгеннен туған шығармалар екені анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет