Монография Семей «Үш биік» баспасы 010 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ ббк 84. (5 Каз) а 56



бет14/20
Дата07.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#17517
түріМонография
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Аумаған осы түр-беті.

Тұр қабырға газетте,

Озат Еркін суреті.

Үйде:

Газетте тұрса суреті,

Ол Еркіннің бір беті.

Бір Еркінді екеу қып,

Жаратқан екен құдіреті!

Көріп отырғанымыздай мектептегі Еркін мен үйдегі Еркіннің іс-

әрекеттері бір-біріне мүлдем сай келмейді. Осы арқылы автор жұрт

көзіне дұрыс көрініп, оңашада басқаша күй кешетіндердің алдамшы

қылығын сипаттайды. Балаларды ондай әрекеттерден аулақ болуға

тәрбиелейді.

Шағын, драмалық қойылымдарда бүлдіршін баланың ой-

санасын дамытумен қатар, оның белгілі бір ұғым төңірегінде кеңірек

мәлімет алуына жағдай жасалады. 1990 жылы жарық көрген “Мектеп

кеші көңілді” деген кітапқа жинақталған сценарийлер мен әдеби-

музыкалық қойылымдарда да негізінен алғанда осындай мақсат

көзделген. Жинақты құрастырушы кітаптың алғы сөзінде өз

мақсатын былай деп көрсетеді. “Әсіресе, төменгі класс

оқушыларының өмірінде мектеп ертеңгіліктері ерекше орын алады.

Бұл жаста балаларға сезімталдық, әсерленгіштік қасиеттері тән.

Кездесуге ардагер келген екен, олардың жадында ерлік ұғымы берік

сақталады. Ал, жолда жүру ережелеріне арналған танымдық ойыннан

сол ережелерді тікелей жаттатқаннан гөрі көбірек ұғынып, жадында

сақтайды. Кештерді әзірлеу барысында балалар өз беттерімен

ізденуге, творчестволық қабілетін танытуға мүмкіндік алады.

Өнерпаздық, білімпаздық қасиеттері ұшталады, арман, қиялдарына

қанат бітеді” /27, 3/. Аталған кітапта “Қош бол сүйікті, Әліппем!”,

“Айналайын, ақ мамам”, “Жасыл шырша жанында”, “Жол тәртібін

жадыңда ұста”, “Кім болам?”, “Сыңғырла, соңғы қоңырау” сияқты

мектеп дәстүріндегі әр түрлі мерекелерге арналған әдеби-музыкалық

қойылымдар мен Т.Дәуренбековтің “Қонбаған ем”,

Ә.Шынбатыровтың “Жұлдызды түн” пьесалары жинақталған.

“Қонбаған ем” пьесасы өтірік балгер болып жүрген Бибі деген

кемпірдің іс-әрекетін әшкерелеуге құрылған. Оның бал ашып жүрген

кітабы “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу” жырының ескі нұсқасы болып

шығады. Пьеса мақсаты – діни уағыздарды өз пайдасы үшін, олжа

44 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

табу үшін арам пиғылда пайдаланатын адамдарды сынайды. Ал,

“Жұлдызды түн” пьесасында ешқандай тартыс жоқ. Ауылға атасына

қой бағуға көмектесуге келген баланың бейнесін жасамақ болған.

Алайда, пьеса ойдағыдай шықпаған. Онда тек атасы мен немересінің

шағын диалогы ғана бар. Құр диалогпен пьеса жасау мүмкін емес,

сондықтан автор өз мақсатына жете алмаған.

Балаларға арналған шағын драмалық шығармалардың көбі

ойнақы, жеңіл қалжыңға құрылып, тәрбиелік мақсатты орындауға

бағытталған. Жазушы-ұстаз Ә.Табылдиевтың мектеп өміріне

арналған интермедиялары көбінесе эстетикалық-этикалық,

дүниетанымдық, тәрбиелік мақсаттарды қамтиды. Ә.Табылдиевтың

интермедияларындағы кейіпкерлер тұрақты: Күлдірген мен

Бүлдірген. Кейіпкерлердің тұрақтылығы ұсақ драмалық

шығармаларда жиі кездесетін құбылыс. Автор екі тұрақты

кейіпкердің көмегі арқылы әдеп, әдет, адамгершілік, экология,

эстетика-этика, дүниетанымдық және т.б. көптеген тақырыптарда

әңгіме өрбітеді. Ә.Табылдиевтың “Бір үзім нан” интермедия-сында

балаларға нанды қадірлеу, оны аяққа баспау керектігін көрсетеді.

Шығармада сонымен бірге нанның қасиеті туралы тақпақтардан

үзінді келтірілген. Бұл өлең жолдары көрермен жас баланың есінде

тез қалу мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Бала үлкеннің өсиет қып

айтқан ақылынан гөрі өзі сияқты баланың шынайы сөзін тезірек

қабылдайды. Ә.Табылдиев шығармаларында пьеса кейіпкерлері сахна

төрінен көпшілікке ой тастап, оларды да әңгімеге тартып отырады.

Орыс балалар әдебиетінде мұндай пьесалардың кейіннен пайда

болып, көрермендерді баурап алғандығы туралы айтылған пікірлерге

көңіл бөлейік. Мәселен, орыс балалар әдебиеті оқулығында алғашқы

“көрерменмен сөйлескен” пьесалар ретінде В.Розовтың “Қыстағы

кемпірқосақ”, Р.Погодинның “Көк қарға”, В.Дашкованың “Олар және

біз” пьесалары аталады. /34, 486/. Сахнадан балаларды әңгімеге

тартып, көрерменді қоса ойландыратындай жағдай тудырудың мәні

зор. Белгілі бір ұғымның мәнін ашып, түсіндіретін шағын

шығармалар Ә.Табылдиевтың “Тағлым” жинағына жинақталған.

“Тыныштық” интермедиясында Күлдірген мен Бүлдірген тыныштық

деген сөздің мәнін түсіндіреді. Үзінді келтірсек:

“Күлдірген: Балалар, мен сендерге бір қызық сұрақ қоямын. Бұл

жерде не жақсы?

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 45

Бүлдірген: Дүние жүзінде бәріміз жақсы көретін қымбат нәрсе –

тыныштық.

Күлдірген: Балалар, Бүлдірген дұрыс айтып тұр ма? Меніңше,

дүние жүзінде “ана” деген сөзден асқан ардақты, қымбат сөз жоқ қой

деймін”.

Осыдан кейін көрерменді әңгімеге тарта отырып екі бала

“тыныштық” деген сөздің мәнін ашады. Ал, “Адамгершілік деген

не?” интермедиясында гүлзарда гүл үзіп алған Бүлдіргенге Күлдірген

адамгершілікке жатпайтынын айтады. Алайда, өзі адамгершілік деген

не деген сұраққа:

“Күлдірген: Адам не істесе, соның бәрі – адамгершілік”,- дейді.

Ал, бастаушы көрермендерді әңгімеге тартып сөз мағынасын ашуға

тырысады. Соңында:

Апай, енді түсіндім, адамгершілік дегеніміз ар, намыс, адалдық,

достық, жақсылық жасау екен ғой,- деп Күлдірген қорытындылайды.

Жалпы бәріне түсінікті сияқты ұғымның мәнін ашу, жас көрермен

үшін мәні зор деп санаймыз. “Тіл алу”, “Әдеп”, “Мінез”, “Жаман

жолдас”, “Жалқаулық – жаман құлық”, “Қорқақ” интермедиялары да

тәрбие мәселесін сөз етеді. “Жыртқыш” интермедиясы Күлдіргеннің

Бүлдіргенді жыртқыш деп мазақтауынан басталады. Кейіннен

екеуінің диалогы арқылы неге “жыртқыш” атағаны белгілі болады.

“Бүлдірген: Апай, мынау Күлдірген мені жыртқыш деп

мазақтайды.

Бастаушы: Апай, Бүлдіргеннің жыртқыш екені рас.

Бүлдірген: Мен жыртқыш болып не бүлдіріппін? “Жыртқыш”

деп аңды айтады білдің бе?

Бастаушы: Күлдірген сен әуелі түсіндірші, Бүлдіргенге сен неге

жыртқыш деп ат қойдың?

Күлдірген: Апай, Бүлдірген кітаптан не журналдан сурет көрсе,

жыртып алады”.

Автор жыртқыш сөзінің омонимін орынды пайдалана отырып

кітап жыртудың жаман екенін, кітап жырту да хайуандық екенін

түсіндіріп өткен.

Жалпы мектеп сахнасына арналып жазылған интермедиялардың

көбі юмормен көмкеріліп, тәрбиелік, дүниетанымдық мақсатты

көздейді. “Тағлым” жинағына кірген интермедиялар да әдептілік,

экологиялық, тәлімдік, дүниетанымдық мәселелерді көтеріп

46 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

оқырман, көрермен балалардың білімі кеңейе түсуіне мүмкіндік

тудырады деп айта аламыз.

Кейінгі кезде мектеп сахнасына арналып жазылған скетчтер де

шағын драма түрі ретінде дамып келеді. Скетчтер сатиралық ойын-

сауық кештерінде қойылатын шағын көріністі шығармалар. Белгілі

бір рөлді ойнаушы баланың юморлық қабілетін скетч дамытып, оның

сөйлеу тілінің ұшқырлығын нығайтады, ой-санасын, психологиясын

өрбітуге қызмет етеді. Қазақ балалар драматургиясында скетчтердің

туып, қалыптасуына Қ.Ыдырысов, Ә.Табылдиев сияқты жазушы-

педагогтар үлкен үлес қосты. 1970-80 жылдардағы барлық балаларға

арналған шығармалардағы сияқты скетчтердің де негізгі тақырыбы –

жақсы оқу, тәртіпті болу мәселелеріне құрылған. Ә. Табылдиев “Іс

керек” деген скетчінде пионер балалар өмірін, олардың қоғамдық

белсенділігін көрсетуді негіз еткен. Алайда, кейіпкерлері нағыз

пионер болғанымен, олардың ұғымы нағыз балаға сай келе бермейді.

Себебі, олар аса жоғары пафоспен сөйлейді. Мысалы, отряд советінің

председателінің үнемі: “Пионер жолдастар!” “Құп болады”, “Мақұл”

деп айту оңай, ал “Iс жоспарын орындау жөнінде ойларың бар,

ма?”",- деген сипатта сөз саптауы жасанды да нәрсіз естіледі. Немесе,

“Жоспар бойынша саяси сабақ өткізуің керек”,- дегенде де ол баладан

гөрі ересек адамдарға көбірек ұқсап тұрады. Байқауымызша, мұндай

шығармалар көрерменді тез жалықтырып, оған ешқандай рухани

азық бере алмайды. “Білмеген жаман” деген скетч те тек құрғақ өсиет

айту сияқты шыққан. Мұнда жақсы оқушы Асан деген баланың

“режимді” бұзғаны үшін талқыға түскені көрсетіледі. “Намыс” деген

скетчте сабақты нашар оқитын баланың іс-әрекеті сипатталады. Есен

деген бала Ғани деген баладан есеп дәптерін есепті көшіріп алу үшін

сұрайды. “Өзің шығарып үйрен”,- дегенге ол көнбейді.

“Есен: Кластан класқа көшсем болды да, мені бір академик

болады деп жүрсің бе? Давай.

Ғани: Тарт қолыңды! Есепті өзің шығарып үйрен!

Есен: Сен өз қара басыңды ойлама. Бер, кәне!

Ғани: Сен достықты түсін.

Есен: Әне, атаман келеді. Оған айтам.

Ғани: Атаманың кім?

Есен: Кәдімгі боксер – Қайрат”.

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 47

Осылайша Есен Қайрат деген баланың көмегі арқылы қалай

болса да есеп дәптерді алуды ойлайды. Ол Қайратты Ғаниға айдап

салады.

“Есен: Көрдің бе, Қайрат, қалай шыдап тұрсың?

Қайрат: Көрсетемін “бермегенді”. Кел бокске”.

Ғаниді ұрмақшы болады, алайда өзі таяқ жеп қалады. Ғани

Есенге: “Саған еңбек, білім, ар, намыс керек!”,- дейді. Скетчте нашар

оқитын және онысынан ұялмайтын балалар сыналған. “Теке тірес”

скетчінде бала мінезіне, психологиясына сай көріністер берілген.

Онда ағайынды Ерлан мен Нұрланның білім жарыстырып, сөз

таластырғаны суреттеген. Баланың өзінікін дұрыс көріп басқалармен

дауласуы, қайтсе де жеңілмеуді ойлауы, оның сана-сезіміне сай

көрсетілген. Тіпті бірінікін бірі теріске шығарып, өздерінің айтқанын

дұрыс етіп көрсету үшін теке тіреске дейін барады. Сонымен бірге

бұл скетчтен балалар өздеріне қажетті әр түрлі мағлұмат та ала

алады. Мәселен, олар “поляр жарқылы деген не?”, “жер кіндігі деген

не?” және т.б. мәселелер туралы хабар алады, білімдерін

толықтырады. Скетчтің табиғаты юморға бейім болғандықтан, онда

күлкі тудыратын көріністер немесе күлкі келтіретін сөздер негізгі

орын алады. “Теке тірес” скетчінде бұл талап біршама орындалған.

Бұған Нұрланның: “Сен оны қай киіз кітабыңнан алдың?”,- деп

Ерланды “киіз кітап”,- деп, мұқатуы дәлел бола алады. Немесе:

“Түсінігің болса, кіндіктен айналу оңай ма, оңай болса – айналып

көрші”,- деген сияқты сөздері бала ұғымына сай сипатта берілген.

Кейінгі кезде мектеп сахналарында көркем шығармалардың

инсценировкалары да көбірек қолданыла бастады. “Инсценировка –

прозалық немесе поэзиялық туындыны сахнаға, теледидар, радио

қойылымдары үшін арнап, қолайлап, шығарманың мазмұнын,

идеялық мәнін, көркемдік ерекшеліктерін сақтай отырып, драмалық

формада автордың өзі яки өзге қаламгердің қайта жазып шығу түрі”,-

деп инсценировкаға әдебиеттану терминдерінің сөздігінде анықтама

жазылған /29, 169/.

Қазақ әдебиетінде М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек”, “Абай”,

Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен тер”, Ш.Айтматовтың “Ана-Жер-Ана”

инсценировкалары кейіннен таңдаулы пьесаларға айналды. Жазушы

Ә.Табылдиев мектеп бағдарламасын-дағы эпостық жырлардың

инсценировкаларының үлгісін өз еңбектерінде көрсетіп жүр.

Инсценировкалар арқылы эпостық шығармалардың эстетикалық,

48 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

этикалық, тарихи және көркемдік мәнін ашу құр оқығаннан

әсерлірек болмақ. Ә.Табылдиев мектеп сахнасына арналған

инсценировкалары туралы былай деп ой бөліседі: “Орта мектеп

сахнасына арнап, эпостық шығармалардың инсценировкаларын

көркемдеп қою керекті нәрсе. Мектепте эпостық шығармалардың

инсценировкаларын толық түрінде және үзінді ретінде қуыршақ

театры арқылы көркемдеп көрсетудің тәрбиелік, ұйымдастырушылық

мәні зор” /30,113/. Бүлдіршін жасындағылар үшін ертегілер мен

шағын әңгімелердің инсценировкалары да бала бақшаларында

қолданылады.

Балаларға арналған шағын драмалық шығармалардың көбі бір

актлi пьесалар. Шағын пьесалардың ерекшелігі олардың ойды

нақтылы, тез жеткізуінде және де оқиғаның тез басталып, жедел

өрбуінде. Драматургия әдебиет жанрларының ең қиыны. Сөйлеу

тілімен ғана сомдалатын көркем шындықты көрерменінің жас

ерекшелігіне бағындыра отыру талабы тағы да бар. Бала жасы кіші

болған сайын оған арналған драмалық шығармаларға қойылатын

талап та күшейе түседі. Ересек адамдар үшін 2-3 жастың

айырмашылығы ескерілмесе, балалар үшін маңызы зор. Сондықтан

да балаларға арналған драмалық шығармаларды жас ерекшелігіне

сәйкес жіктеуді жөн санаймыз. Бүлдіршін жасындағылар үшін

көбінесе бір актлi шағын пьесалар арналуы да сайып келгенде

олардың жас ерекшелігімен байланысты. Шағын пьесалардың

оқырмандар мен көрермендерге жол табуы балалар газет-

журналдары арқылы болып отырады. Әсіресе, “Балдырған”,

“Қазақстан пионері” кейіннен “Ұлан”, “Пионер” кейін “Ақ желкен”

басылымдарының беттеріне шыққан шағын пьесалар оқушы балалар

үшін, мектеп сахнасы үшін маңызы зор болды. Осындай алғашқы

шағын пьесалардың бірі – А.Сатаевтың “Айға сапар” деп аталатын

шығармасы. Пьеса 1960 жылы “Балдырған” журналында жарық

көрді. “Айға сапар” пьесасына балалардың ойын кезіндегі шағын

тартыстары негіз болған. Ойынға келген Сәуле түйіншекке нан, май,

колбаса салып ала келеді. Асқар оған: “Күнге жақындағанда еріп

кетеді, майды нанға жағып жеп алайық”,- деуі бала психологиясына

сай шыққан сөздер болуымен әсерлі. Сәулені өздерімен бірге “айға”

ала барғысы келмей, онысын білдірмегенсіген Асқардың: “басыңда

шлемің жоқ, аспанда жел қатты болады, құлағыңа жел тиеді”,- деуі де

бала ұғымына сай сөздер. Төкен деген баланың дүрбісін қызғанған

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 49

Асқар: “дүрбі керек, бірақ ауыр болады”,- деуі, Төкеннің: “Мұның

салмағы түспейді, мойнымнан тастамаймын”-, деп жауап қайтаруы

бала мінезінің аңқаулығын көрсетеді. Соңында айға бара жатқан

балалардың қызыл ту ала кетулері де сол кездегі кеңестік

идеологияға сай нанымды шыққан. Жалпы бұл пьесада алып-ұшып

бара жатқан өткір тартыстың жоқтығы шығарма кейіпкерлерінің

толығымен ашылмай, тек сипатталып өтуіне әкелген. Жанұядағы

бала мінезін, оның өзіндік психологиясын көрсетуге талпынған

пьесалардың бірі “Жез қоңырау” деп аталады. Авторы –

Ж.Молдағалиев. Пьеса әкесіне өкпелеп үйден кетіп қалған баланың

монологымен басталады. Өзімен өзі қалған Жақып әкесінің мінезін

түсінбей былай дейді: “Әкемнің мінезі қызық. Апама ұрса береді.

Бүйте берсе мен оны жақсы көрмеймін. Бүгін жылқыдан келді де,

шай неге қойылмаған деп айғай салды. Ал мамамның қолы тиді ме?”.

Осылайша әкесіне ренжіген бала мамасын жақтап: “Түске дейін кір

жуды, сиырды өріске айдады, жүгіріп ләпкеге барды, ферманың

ыдыстарын жуды”,- дейді. Әкесі: “Мамаң кетем деп отыр. Сен

кіммен қаласың”,- дегенде, Жақып: “Мамаммен қаламын”,- деп

жауап береді. Әкесі: “Онда қалағаныңды ал”,- дейді. Жақып әкесі

әперген жаңа бәтеңкесі мен жез қоңырауын алып кетіп қалады.

Алайда, бақша ішінде жатып, әрі үйге қайтқысы келіп ол қоңырауын

қағып-қағып қалады. Әкесі тауып алып, екеуі мәре-сәре болады.

Іздеп жүрген әкесіне оның бірден шықпауы, қоңырау үні арқылы

“хабар” беруі баланың мінезіне, бала психологиясына сай шыққан.

Автор пьеса кейіпкерлері арқылы шағын болса да психологиялық

портрет жасауға тырысқан. Шығармадағы тартыс та бала жан

дүниесінің ішкі тартысы ретінде көрінген. Ал, С.Қасимановтың

қуыршақ театрына арналған “Ұзын құлақ” пьесасы ертегілік

тақырыпта жазылған. Автор оқиғаның балаларға түсінікті болуын

көздеп бастаушы кейіпкер алған.

Бастаушы: Қорқа-қорқа ақ қоян өлер халге жетіпті, берекесі

кетіпті. Сонымен сол қоян: “Шағыстырып аңдарды, жауластырып

малдарды, сөйтіп олжа табайын, қызығына батайын”,- деп ойлайды.

Қоян зырлаған бойда қойға келеді.

“Қоян: Қоңыр қой-ау, қоңыр қой!

Мен де өзіңдей момын ғой

Жейміз дейді төрт бөрі,

Төртеуі де көк бөрі.

50 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

Бұл қорыққа енбеңдер,

Қойшы айдаса көнбеңдер

Енді мұнда келмеңдер”,-

деп қойды қасқырға қарсы қоюдан бастайды. Алайда, қойлар оның

сөзіне ермейтіндерін білдіреді. Қоян одан кейін түйелерге, биелерге

келеді. Бірақ ешкім оның сөзін елемейді. Осы жағдайды естіген аң

патшасы арыстан оны ұстап әкелуге бұйырады. Барлық аң мен құс

қоянды іздейді. Үкі қоянды көріп құлағынан ұстап алады да

жыбырлаған ерінінен шоқып қалады. Қоян жұлқынып қалып Үкінің

тырнағынан шығып кетеді. Содан бері қоянның еріні жырық, ал

құлағы ұзын екен деп бастаушы әңгімені аяқтайды. Пьесада сөз

тасып, өсек айтқан қоянды сынай отырып оның ерінінің неге жырық,

ал құлағының неге ұзын екенін өзінше түсіндіріп өтеді. Шығарма

тартымдылығы оның шынайылығы таптық тартыс көздемегенінде,

оның табиғат құбылысын ертегілік мазмұнда жеткізуінде. Жеті

буынды өлең жолымен берілген қоянның, қойдың, түйенің, биенің

сөздері жаттауға ыңғайлы, әрі бала ұғымына сай берілген. Сонымен

бірге пьесада кейіпкерлер сөзі, мінезі қазақи ұғымда, ұлттық

ерекшелікті сақтай отырып жазылған. Пьесаның ұтымдылығы да

осында. Мысалы биенің қоянға берген жауабын алайық:

“Қасқыр барын білеміз,

Тәуекел деп жүреміз.

Қашсақ озып кетеміз,

Қусақ басып жетеміз.

Сойылы бар қақтаған,

Жүйрігі бар баптаған,

Жылқышыға сенеміз.

Өзен жаққа келеміз,

Саялатып құлынды

Құраққа да енеміз”.

Осы үзіндіде мал баққан ел ұғымына сай талай түсінік бар

екенін көреміз. Ондағы жылқышының сойылын қақтауы, жүйрігін

баптауы да шынайы өмірден алынған суреттер. Сондықтан пьеса өз

мақсатына жеткен туынды дей аламыз.

Ертегілік тақырыптағы тағы бір шығарма “Теке мен лақ” деп

аталады. Авторы – О.Бодықов. Бұл шағын пьесада озбыр қасқыр мен

қу түлкінің лақты жеу үшін істеген әрекеттері суреттеледі.

Лақ: Мә-ә. Мені жеп қойсаң, әкем жылайды ғой!

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 51

Қасқыр: Ух!.. Пух!.. Жыламақ түгіл көзінен қаны ақсын. Маған

керегі қарынның тоқтығы. Ал, мен жеймін! (Ұмтыла бергенде,

"Қасеке, Қасеке!"- деп, Түлкі жүгіріп кеп, жолын бөгейді).

Қасқыр: Ух!.. Пух!.. Немене, осындай жерде қыстырылатын

әдетің-ай! Ух! Пух!..

Түлкі: Қасеке, кешіріңіз. Мені Жолбарыс жіберді. Қасқырды

көрсең сәлем айт,- деді. Берілген үзіндіден Қасқырдың озбыр,

қызғаншақ мінезін көреміз. Озбырлығы дәрменсіз лаққа күш көрсетуі

болса, қызғаншақтығы – түлкінің келгенін жақтырмауы. Одан ары

қарай қасқырдың қорқақ екенін де көрермен балалар жолбарыстың

атын естіп қаша жөнелгенінен байқайды. Түлкінің қулығын

қасқырды алдағанынан бір көрсек, лаққа айтқан сөзінен тағы да

байқаймыз:

“Түлкі: Етіңді жесем де, сүйегіңді жемеймін. Көктем шыққан

соң сүйегіңнің қасына келіп, лақ еткізіп құссам ұйқыдан оянғандай

тіріліп кетесің”,- деп лақты алдап қолға түсіріп тұрғанда, Теке мен

Бөрібасар ит келіп құтқарып қалады. Пьесаның ұтымдылығы

кейіпкерлерінің сөздерінің нақтылы, әрі бала ұғымына сай

берілуінде. Әсіресе, тартысқа түсетін қасқыр мен лақ, түлкі мен лақ

диалогтары нанымды шыққан. Қасқыр лақты жеу үшін бірден күш

көрсетсе, Түлкі лақты алдап, ауызына өзі келіп түсетіндей жағдай

жасайды. Бұл көрермен балалардың ойында қалып, қасқыр десе –

озбырлық, түлкі десе – қулық ұғымдарының қалыптасуына себебін

тигізері даусыз. Осындай аңдар туралы пьесаның бірі –

Ә.Ақпанбетұлының “Қайырымды қасқыр” туындысы. Пьеса

қуыршақ театрында да, драмалық театрында да қоюға ыңғайлы.

Кейіпкерлері шағын, тілі жатық, әрі түсінікті. Қысқаша шығарма

сюжеті былай: Қой екі қозысымен жайылып жүреді. Төбет оларды

күзетіп отырады. Төбеттің қарны ашып тамақтануға кеткенде екі

бөлтірігі бар Қасқыр келеді. Шығарманың негізгі оқиғасы осы арадан

басталады. Қасқыр ақ қозыны желкесінен тістеп арқасына салып

алады.


“Қой: Көп жасағыр көк бөрі! Тастаңыз қошақанымды.

Қасқыр: (Ұлып) Ау-у. Маған "аштан қал" демекпісің? Ет

көрмегелі екі апта болды.

Қой: Мә-ә-ә. Ақ қозым әлі жас қой.

Қасқыр: Ау-у. Білемін. Еті ылбырап тұр. Тіске жұмсақ. Сүйегі

кемік. Бір түйірін қалдырмай қылғытамыз”.

52 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

Осылайша Қасқыр мен Қойдың арасындағы диалог өрбіп, келе-

келе Қасқырдың қозыларға жаны аши бастайды.

“Қасқыр: Ту-у, сөзің төбеқұйқамды шымырлатты ғой

(жыламсырап). Үнің қандай зарлы еді. Сайсүйегімді сырқыратты-

ау”,- деп жұмсара бастайды. Қой оның осы сөзін пайдаланып шөп

жеуді ұсынады.

“Қой: Мә, мәңіз ең болмаса бір талын татып көріңізші.

Қасқыр: (Шайнайды. Түкіріп тастайды). Түк дәмі-татуы жоқ”.

Осылайша Қасқыр бөлтіріктеріне шөп жеңдер деп тұрғанда

Төбет келіп екеуін екі жаққа лақтырады. Енді Қасқыр Төбетке

жалына бастайды. Араларына Қой түседі. Сонымен оқиғаның

соңында Қасқыр мен бөлтіріктері шөп жеп, Қойдың қозыларымен

бірге жүретін болды. Пьеса арқылы автор балаларға үнемі жаман,

жағымсыз болып көрінетін қасқырдың да жақсы бола алатынын

көрсеткен. Сол арқылы табиғатта жаман хайуан жоқ, бәрі тек

тіршілік қамы үшін екенін айтқан. Пьесаның ең ұтымды жері оның

қазақ ұлтына тән сөздерді көп пайдаланып, ұлттық реңкке баса назар

аударып отыруында. Балаларды ұлттық рухта тәрбиелеу, осындай

ұлттық сөздерді көп қолданудан басталады. Мәселен, “әпеке”,

“айналайындар-ай”, “Ой, сорым бар, құдай-ай”, “Бір ашуыңызды

маған беріңізші”, “Көңіл сыйса бәрі сыяды” деген сияқты сөздер мен

сөз тіркестері қазақ ұлтына тән, қазақ ұғымына тән сөздер.

Ә.Ақпанбетұлының “Ақсақ көжек” пьесасы да қайырымдылық,

бірлік достық мәселесін көтереді. Жалпы халықтық түсініктегі

қасқырдың озбырлық, жауыздық, қаскүнемдік бейнесін автор аталған

екі пьесада да өзінше көрсетеді. Пьесаларда озбыр қасқыр

қайырымды қасқырға айналады. “Ақсақ көжек” пьесасында ойнап

жүріп аяғын ауыртып алған көжекті түлкінің баласы түлкішек пен

қодық үйіне әкеле жатқанда алдыларынан қасқыр шығып, оларды

жемекші болады. Түлкі бейнесінің қу, алдампаз қырын автор ұтымды

пайдаланып, қасқырды алдауына әкеледі.

“Қасқыр: Ха-ха-ха. Бұйырған кетпейді, жүгірген жетпейді! Бәрі

жас! Ет-метімен, сүйек-мүйегімен қашыр-құшыр шайнайсың.

Қайсыңнан бастасам екен, ә!”

Қасқырдың озбыр, қайырымсыз қыры осы сөздерінен

байқалады. Әрі автор қасқырдың осы қырын ашуға байланысты

менмендік, менсінбеушілік сөздерді дұрыс таңдай білген. Ал, өзі

Түлкішектің алдауына сеніп орға түсіп кеткенде басқаша сарнайды.

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 53

“Қасқыр: (зарлап) “Ой, жаным-ай! Көмектесіңдер ағайындар!”,-

десе, ордан шыққаннан кейін: “Әй, айналайындар-ай! Мың жасаңдар!

Үбірлі-шүбірлі болыңдар!”,- деп алғысын жаудырады.

Туындының бала ұғымына түсінікті, әрі сенімді шығуы автор

пайдаланған сөздерінде. Өзінен әлсіз Көжек, Түлкішек, Қодық

үшеуіне келгенде ол айбарланып сөйлесе, орға түсіп кеткенде

“ағайындар” деп жалынады. Ә.Ақпанбетұлының шығармаларының

ерекшелігі ұлттық бояудың молдығында. Қазіргі кезде ұлттық

нақыштың мол болуы әсіресе керек. Сондықтан, Ә.Ақпанбетұлының

балаларға арналған шағын пьесаларын қазақ балалар

драматургиясындағы жақсы туындылардың қатарына жатқызамыз.

С.Әуелбаеваның “Оюхан мен Жоюхан” атты шағын пьесасының

тақырыбы жақсылық пен жамандық, ізгілік пен жауыздық күресіне

құралған. Жақсылық пен жамандық бір-біріне қарама-қарсы күштер

болғандықтан пьесадағы тартыс та нақтылы көрінеді. Көрермен

балаларға оқиғаның басталуы, барысы түсінікті болу үшін автор

баяндаушы бейнесін кіргізген. Жоюхан Оюханның елін басып алуға

келгенде оның қызғаншақтығы, көрсеқызарлығы бірден көрінеді.

“Жоюхан: О, мынау не деген байлық! Кімнің жері мынау? Бұл

неге менікі болмайды?”,- дейді.

Жоюханның баласы да пьеса басталғаннан қатыгез, дөрекі,

ешкімге жаны ашымайтын жауыз болып өсіп келе жатқанын

көрсетеді.

“Баласы: Мына ағаштағы не нәрсе өсіп тұрған? (алманы,

алмұртты үзіп алып, тістеп, түкіріп тастайды). Әй, көбелек, мен

сені қазір ұстап алып қанатыңды жұлып, өзіңді таптап тастаймын.

(солай істейді). Мә, саған қызыл гүл, мә, саған сары гүл! (Гүлдерді

үзіп, аяғымен таптап кетеді)”.

Осылайша көбелек пен гүлдерді таптап өлтіруден бастаған ол

аңға шығып көзіне көрінген аң-құсты да аяусыз қыра бастайды.

Автор баланың қатыгез болып өсіп келе жатқанын бірте-бірте

дамытып, ақырында “біреуге ор қазба, өзің түсесің” деген ұғымға

әкеледі. Ақырында Жоюханның баласы Үкімен айқасамын деп

жардан құлап өледі. Жоюхан: “кімде-кім баламның өлімін естіртсе,

соның басын аламын”,- деген жарлық береді. Оюхан өзі сұранып

Жоюханның ұлын іздеуге шығады. Ол жолда жараланған аң-

құстарды дәрі жағып, жараларын таңып емдейді. Соңында ол Үкіге

кездеседі. Үкі болған жайды баяндап, Жоюханның баласының өлген

54 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

жерін көрсетеді. Оюхан барлық оқиғаны сырмаққа ойып, жазып

шығады. Оны Жоюханға береді. Жоюхан сырмақтағы оюды оқып:

“Балам өлді дейді ме? О, жалған! Өлтіремін сені, Оюхан!”,- деп

Оюханға ұмтылады. Бірақ, Оюхан өзінің ақылдылығымен

Жоюханның өз жарлығын өзіне қарсы пайдаланып, тақтан түсіреді.

Ертегі-пьесаның жалпы желісі халық арасында кеңінен танымал

“Ақсақ құлан” күй-аңызына ұқсас. Пьеса бүлдіршендердің түсінігіне

сай жеңіл, әрі ұғынықты тілде жазылған. “Оюхан мен Жоюхан”

пьсасындағы тартыс ізгілік, мейірбандық (бір сөзбен жақсылық) пен

жауыздық, зұлымдық (бір сөзбен жамандық) арасында өтеді. Бала

түсінігінде Оюхан жақсы, Жоюхан жаман кейіпкер ретінде

қалыптасады. Жоюхан неге жаман десе, оның әскерінің жасыл

жайлауды таптауы көбелекті, тағы басқа аң-құстарды жазықсыз

қыруын айтар еді. Осылайша бала түсінігіне сай жазылған конфликт

мақсатына жетеді. Бала үшін жазылған шығармаларда

К.Чуковскийше айтсақ, ағы ақ, қарасы қара болып көркемдік бояулар

араласпай нақтылы көрінуі керек. Пьесада пайдаланылған ұлттық

таным-түсінікке сай сөздер мен тіркестер орынды қолданылған.

Шығарма соңында Оюханның халқына:

Құдай пейіл тарылтпасын,

Қуаныштан арылтпасын.

Халқым ешбір қамықпасын,

Қасиеті шарықтасын,-

деп бата беруі де қазақи түсінікке сай нанымды шыққан дей аламыз.

Балалар үшін жазылған шығармалардың ұлттылығы, көркемдігі ең

басты шарт екенін зерттеуші Б.Ыбырайым өзінің докторлық

диссертациясында айтып кеткен. “Әлі жеткілікті ескерілмей жүрген

мәселелердің бірі – ұлттық қасиет, ұлттық дәстүр, нақыш, рухты

орағытып өтуге болмайды. Өйткені, ұлттық топырақтан неғұрлым

алыстап, “жалпы адамзаттық”, “интернационалдық” принциптерді

басшылыққа алғансып, сонымен рухтанған кейбір шығармалар

балалардың туған халқына деген құрмет, махаббат сезімін оятуға,

нығайтуға айтарлықтай септігін тигізе алмайды” /12, 169/.

Шығарманың ұлттылығын ұмыту, болашаққа ұлт, ұлттық намыс

дегенді ұмыттырумен бірдей. Сондықтан драмалық шығармалардың

көркемдік, эстетикалық, тәрбиелік мәнімен бірге оның ұлттық реңкте

жазылғанын да ескеру абзал. “Қыз Жібек”, “Айман - Шолпан”, “Қозы

Көрпеш - Баян Сұлу” т.б. пьесалардың халық жүрегіне жол тауып,

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 55

көптің көңілінен шығуы да ең алдымен осы ұлттық рухын, қазақи

қалпын жоғалтпауында болатын. Жоғарыда талданған

С.Әуелбаеваның, С.Қасимановтың, Ә.Ақпанбетұлының пьесаларын-

да аздап болса да көрінген ұлттық реңк пен қазақи ұғым қазіргі

балалар драматургиясының бір жерде тұрмай үнемі даму үстінде

екенінің айғағы.

1920-30 жылдардағы әдебиетке баға бере келе ғалым

Р.Нұрғалиев былай дейді: “Қазақ драматургиясының төркінін

іздегенде, ең алдымен ұлттық әдебиет үлгілеріне ден қою қажет.

Жанрдың жалпы заңдылықтарын, драматургия сабақтарын Еуропа

нұсқаларынан үйренген қаламгерлер, өмірлік материалдарды

сұрыптап, шығарма мақсатына орай пайдалануға келгенде - ана

топырағындағы дәстүрлерді ілгері жалғады” /26, 222/. Аты аталып,

талданған ертегілік тақырыпта жазылған балаларға арналған

туындылардың сол кездегі басқа да балаларға арналған пьесалардан

биік тұруы ұлттық ерекшеліктің сақталуында. Ал, мектеп өмірі,

мектептегі бала әрекеті сияқты тақырыпты қозғайтын туындылардан

ұлттық реңк белгісінің көрінуі аздау болды. Көбі газет-журналдарға

аударылып басылған орыс әдебиетіндегі пьесалар жолымен кетіп,

орыстық рухта сөз қозғап, орыстық тәрбиені насихаттады. Мәселен,

Ш.Ахметовтың “Қолқанат”, С.Оморовтың “Портрет”, Б.Тәжібаевтың

“Ойлану керек екен” пьесаларындағы бала мінезінен ұлттық белгі

көрінбейді. 1960-70 жылдарда жазылған шығармаларға тән ортақ

белгі – шығармада міндетті түрде орыс өкілінің болуы, бұл

пьесаларда да бар. “Қолқанатта” Аркаша мен Борис Николаевич

басшы болса, “Портретте” Агафонцев пен оның ұлы оқиға желісінің

негізі. Зерттеуші Б.Ыбырайым бұл туралы өз еңбегіне былай деген:

“Жер жүзінде ұлттардың өзара қарым-қатынасы үдемелі түрде

өркендеп жатқан қазіргі кезеңде біраз аймақтарда, аудандарда,

жергілікті, байырғы ұлттың азаюына байланысты олардың тарихи,

төл ерекшелігі азая беретіні белгілі. Мұның бәрі сезімтал әдебиетте

бейнеленбей қалмайтыны түсінікті. Мәселен, М.Қабанбаевтың

“Арыстан мен виолончель және қасапхана”, Н.Мұраталиевтiң

“Жасылкөлдің құпия тұрғыны” деген повестеріндегі кейіпкерлері

қазақ емес, басқа ұлт балаларының, мәселен, орыс, украин, белорус

балаларының есімін қоя салуға болады” /12, 222/.

Балаларға арналған шағын драмалық шығармалардың көбі

бүлдіршін жасындағылар мен төменгі сынып оқушыларына арналған.

56 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

1970 жылдары жазылған осындай шығармалардың бірі –

С.Омаровтың “Ақымақ арыстан” деп аталатын пьесасы. Пьесаның

тақырыбы бір қарағанда бірлік, ынтымақ, жауыздық, сатқындық

тартысына құрылғандай көрінеді. Автор аталған күштердің

қақтығысы арқылы бейбіт өмір идеясын алға шығарады. Автор

бүлдіршіндерге таңдап алған кейіпкерлері көмегімен (арыстан,

жолбарыс, аю, түлкі, қасқыр, мысық, т.б.) олардың іс-әрекеттері

арқылы (жауласу, қастық істеу, өтірік айту т.б.) түпкі бейбітшілік

идеясының мәнін ашқан. “Ақымақ арыстан” пьеасындағы аңдардың

ешбірі жақсы қырынан көрінбейді. Арыстан – ақымақ, мақтаншақ,

даңғой, Түлкі – қу, аяр, Қасқыр – қомағой, озбыр, Мысық –

жағымпаз, шағыстырғыш, Қоян – қорқақ тағысы тағылар осылай кете

береді. Алайда, автор аңдардың жағымсыз қылықтары арқылы

балаларды ондай іс-әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелейді.

Пьесадағы Ай бейнесі әрі бастаушы ретінде, әрі көрермендермен

байланыстырушы кейіпкер ретінде алынған. Автор пьесадағы барлық

оқиғаны арыстанның маңайына жинай отырып, әр кейіпкерінің

бейнесін аша алған. Түлкінің қу, аяр екенін бірден байқатады. Жас

жолбарыс кәрі арыстанға күш көрсетіп, орманнан қуып жатқанын

байқап қалып тығылып тыңдап тұрады. Пьесадан үзінді келтірсек:

“Түлкі: (көңілдене). Аһа, бір қызық іс басталады қазір. (бұтаға

жасырынады).

Хық … хық! Қайсыңның патша екеніңді көрейік қазір!”- деп

тасадан ғана аңдиды. Жолбарыс кеткеннен кейін:

“Түлкі: (аңқаусып). Сізге не болған, әміршім? Денеңізді кім

тырнап тастаған?”-деп өтірік жаны ашыған сыңай танытады. Түлкінің

одан кейінгі әрекеттері де жас көрермендерді жат қылықтан аулақ

болуға итермелейді. Сол сияқты, Қасқыр мен Аю да озбыр ретінде

көрінген. Қиыншылыққа кезігіп ашыққан кезде өздерімен бірге еріп

шыққан жолдастары Қоян мен Қоразды құрбандыққа шала салулары

олардың сатқындық мінездерін аша түседі. Арыстанның жанына

ерген аңдардың образдарының нақтылануы негізгі кейіпкер

бейнесінің, яғни Арыстан бейнесінің ашылуына, пьеса идеясының

дәл берілуіне әкеледі. Арыстан өз орманынан қуылып, ай далада

адасып жүргенде аспандағы Айға жалынады.

“Ай: Өз орманында неге тұрақтап қалмадың?

Арыстан: Ел билегім келеді! Мансапсыз тұра алмаймын!

Ай: Енді әділ басқарасың ба?

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 57

Арыстан: Қара қылды қақ жарған әділ патша болайын. Ешкімге

қиянат істемеймін. Ант етемін алдыңда: шөптен басқаны жемеймін,

судан басқаны ішпеймін, гүл иіскеп құмарымды қандырамын…

Көмектес маған, жарқын Ай!”

Ай Арыстанға көмектесіп жаңа орманға жол сілтейді. Алайда,

Арыстан Айға берген уәдесін ұмытып, орманды “өзінше” билей

бастайды. Ал, орманға жас Жолбарыс келе жатыр дегенде, оған

жарық түсіретін Ай. Айды аспаннан құлатайық деп ор қазып, оған

өздері түсіп мерт болады. Автор “біреуге ор қазба, өзің түсесің” деген

ойды Айдың сөзімен аяқтайды.

“Ай: Уа, жарандар! Маған қараңдар! Сөзіме құлақ салыңдар!

Осынау оқиғаның терең мәні бар. Ақымақ Арыстанның өмірі тәмам

болды, жағдайы жаман болды. Енді жалақтаған жас Жолбарыстан

сақтаныңдар! Алаңғасар, ақымақ Арыстандар, жалаңдаған есалаң жас

Жолбарыстар жер бетінде әлі бар! О, Жер Ана, солардан сақта!”

Жалпы пьеса өз мақсатына жеткен туынды. Әр кейіпкерінің өз

орыны нақтылы белгіленген. Әрі басқа ертегілерге ұқсамайтын

ерекшеліктері де бар. Әсіресе, тек жағымсыз кейіпкерлер арқылы

негізгі идеяның мәнін ашуы ұтымды шыққан.

Балаларға арнап пьеса жазып жүрген жазушылардың бірі –

Е.Елубаев. Оның “Асар” атты пьесасы қуыршақ театрына арналып

жазылған. Пьесаның тақырыбы бірлік, достық мәселесін қозғайды.

Пьесада қазақ ұлтына тән ұлттық реңк және қазіргі заманның

жаңалықтары қатар алынып бір арнада тоғысқан. “Асар” деген

пьесаның аты-ақ ұлттық дәстүрден хабар беріп тұр. Асар сөзі кейінгі

кезде қолданылмай кеткен сөз. Сондықтан автор кейіпкерлерінің бірі

Тауықтың ауызымен асар сөзінің мәнін былай деп түсіндіреді.

Менің ақылым:

Осы күні ағайын-бауырдан да

Артық жақының -

Көршілерді шақыр асарға,

Күрке жасарда.

Пьеса ұйқасқа негізделіп жазылған. Тілі жеңіл. Сондықтан да

баланың ойында тез сақталып, кейбір үзінділерді олардың жаттап

алуларына мүмкіндік бар. Сонымен бірге, пьесада қай жануар немен,

қалай қоректенетіні туралы мәлімет алады. Әтешке қоян сәбіз

ұсынғанда:

Рақмет, рақмет қоян,

58 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

Тоқпын.


Мен өзім дән шоқуға болмаса,

Сәбіз кеміруге жоқпын,- деп жауап береді.

Ал күрке салып болғаннан кейін Әтеш өзіне көмектескен

көршілерін дастарханға шақырады. Әтеш Мекиенге қай көршісі, нені,

қалай жейтінін түсіндіреді:

“Аю - ұнатады балды.

Ал, балды шоқымайды-

Жалайды.

Тиін - ұнатады жаңғақты.

Ал, жаңғақты шоқымайды -

Шағады.

Қоян ұнатады сәбізді.

Ал, сәбізді шоқымайды -

Кеміреді.”

Балаларға арналған пьесаларды саралағанда оның басты

қасиеттерінің бірі ретінде жас көрерменнің танымдық, тәрбиелік

қабілетін арттыру көзделеді. Е.Елубаевтың “Асар” пьесасы осы

талаптарға жауап бере алады. Әтештің айтқандарын мекиен бірнеше

рет қайталайды. Бірақ дастарханға ас қойғанда бәрін шатастырып:

“Ал, Аю батыр,

Жаңғақ жалай отыр.

Ал, Қоян ер жүрек

Сенің қызметіңе жүрегім тұр елжіреп,

Мына балды кеміре бер

Бойыңа құт болсын

(Тиіннің алдына сәбіз қояды)

Елгезек Тиін

Мынау – сыбаға-сыйың,

Шағып дәмін ал,

Әбден тойып ал”,-

дейді. Мекиеннің шатастырып алып аңдарға басқа ас ұсынуы күлкі

тудырады. Жалпы пьеса жеңіл юморға құрылған. Юморлық

көріністер пьесаның өн бойынан үнемі кездесіп отырады. Мәселен,

қоянды қорқақ аң ретінде бәрі біледі. Ал, оның қорқақтығын әтеш

үйіне іздеп келгенде:

Кәне, шақыршы,

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 59

Дауысыңды естиін,

Сонда ғана сенемін-

деп сенімсіздік көрсетуінен байқаймыз. Әтеш алдымен қыт-қыттап,

одан кейін шақырады. Сонда ғана Қоян алты бірдей құлыпты, жеті

бірдей ілгекті сыртылдатып аша бастайды. Бұл көрініс Қоян мінезін

ашатын нақтылы детальдарға құрылған. Автор кейіпкер мінезін ұсақ

детальдар арқылы жақсы аша білген. Аюды жай ғана күшті десе,

оның күштілігі көрінбейді. Ал:

Анау-мынау бөренелерді

Қаңбақша домалата береді,

Орманнан өзі сүйреп келеді,-

деген жолдар Аюдың қайраттылығын нақтылай көрсетеді. Себебі,

қаңбақ ең жеңіл шөп, ал бөрене одан мың есе ауыр. Сол бөренелерді

салмағын сезбей қаңбақша домалатуы – ерен күштілігі. Жоғарыда

атап өткендей пьесада автор үнемі ұлттық ерекшелікті алдыға

тартып отырады. Қазақ халқының қонақжай мінезін Тиін, Аю,

Қояндардың үйіне келген Әтешті дастарханға шақыруынан көреміз.

Автор қонақжайлыққа байланысты мақал-мәтелдерді де ұтымды

пайдалана алған.

Қоян: “Қуыс үйден құр шықпа” деген,

Дәм тат.

Сәбіз бар әйбәт.

“Eртеңгі асты тастама,

Кешкі асқа қарама” деген,-

деп Әтештің алдына сәбіз қояды. Осылайша Тиін де, Аю да өздерінде

бар бал, жаңғақтарын қонақтарының алдына тосады. Алдыларына ас

келгенде Әтештің бата беруі де қазақи қалыпты танытады:

“Асқа адалдық,

Басқа амандық берсін!”

Ал, Аю, ал

Жалай бер бал.

Ал, Тиін, таңдап,

Шаға бер жаңғақ.

Қоян, сен де

Кемір сәбізді демде.

Сонымен бірге, автор ғылым мен техниканың жаңалықтарын

пьесаның әр тұсында пайдалануды ұсынады. Мәселен, екі әтештің

төбелесін бейнежазбаға түсірілген таспадан көрсетсе, қырғидың

60 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

шабулын әуе дабылының үнімен білдіреді. Бұл да жас көрерменді

қызықтыру үшін жасалған тәсілдер деп түсінеміз. Дегенмен пьесада

орынсыз, пайдаланылған бүлдіршіндерге түсініксіз сөздер де орын

алған. Мәселен:

“Бізден рентабелді,

Бізден перспективный

Болу бәріне … қайда”,-

дегендегі “перспективный”, “рентабельді” сөздері жас көрермен

үшін түсініксіз. Осындай бірен-саран кемшіліктерін ескермегенде,

“Асар”" пьеасы өз мақсатына жеткен, баланың түсінігіне сай тілде

жазылған туынды деуге негіз толық.

Балаларға арналып жазылған тақырыптардың ішіндегі көп пьеса

арналған тақырып жаңа жыл мерекесіне байланысты туындылар

болып келеді. О.Әубәкіровтің жаңа жыл тақырыбына арналған “Аяз

ата кәмпиті” пьесасы бүлдіршін жасындағыларға арналған. Пьесаның

кейіпкерлері аз, әрі таныс бейнелер: қасқыр, түлкі, Аяз ата, Ақшақар.

Бұл бүлдіршіндердің оқиғаны тез қабылдауларына, әрі жалықпауына

көмектеседі. Шығарма оқиғасы бірінен кейін бірі туып дамып

отырады. Пьеса Әйбәт деген баланың тәтесінен Жаңа жыл туралы

сұрауынан басталады. Ол тәтесінен Жаңа жыл қалай келеді дегенде:

“Жаңа жыл жаяу келмейді. Аяз Ата деген атасының арқасына

мініп, өлең айтып келеді”,- деп бала түсінігіне сай жауап береді.

“Әйбәт: Қандай өлең айтып келеді?

Маржан: Жүр, Жаңа жыл жүр.

Әйбәт күтір тұр.

Тез бармасаң жүгіріп,

Жылағалы тұр,- деп тура біздің үйге келеді”.

Жаңа жыл адасып кетпесін деп Әйбәт тоғайға барып өзі қарсы

алмақшы болғанда Қасқыр мен Түлкіге кезігеді. Әйбәттің әнін

естіген екеуі Аяз Ата кәмпитін өздері алмақшы болады. Түлкі

айласына басып Қасқырды қақпанға алдап түсіріп кетеді. Түлкінің қу

мінезін тағы да бірнеше эпизодтардан көреміз. Ол қалай да кәмпитті

алу үшін Әйбәтті мен сенің тәтеңмін деп алдайды. Баланың Жаңа

жыл адасып кетпесін деп алдынан шығуы бала қиялына, баланың

тағатсыздығына сай нанымды шыққан. Ал оның тәтесіне қайта-қайта

сұрақ қойып, көп білгісі келетіні де өсіп келе жатқан баланың

психологиясына сай суреттелген. Маржан мен Әйбәт, Түлкі мен

Қасқыр, Түлкі мен Әйбәт диалогтарын байланыстырып тұрған оқиға

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 61

Аяз ата кәмпитіне байланысты. Сондықтан да пьеса оқиғалары

шашырамай, жинақы шыққан. Кәмпит үшін Әйбәт орманға келсе,

Қасқыр қақпанға түседі, ал Түлкінің өтірігі ашылып қалады. Пьеса

оқиғалары бірін-бірі толықтырып, бірін-бірі дамытып отырады. Тілі

жатық, бала түсінігіне сай. Сондықтан да осындай әрі жеңіл, әрі

мерекелік шығармалар мектеп сахналарында жиі қойылады.

О.Әубәкіровтің қуыршақ театрына арналған екі бөлімді

комедиясы “Қожа мен спорт” деп аталады. Автор бұл пьесада

балаларға жалқау болмауды, спортпен айналысуды насихат етеді.

О.Әубәкіров пьесаларының ерекшелігі бала түсінігіне сай жеңіл,

ойнақы тілмен жазылуында. Мәселен, Алтыншаш Қожаға үзеңгіні

таныстырып:

“Кішкентай ғана тостаған

Мені көтеріп тастаған”

Деген жұмбақ осы үзеңгі болады.

Атта қаладағыдай лифт болмайды”,-

дейді.


Осының өзінде автор үзеңгінің не екенін балаларға түсінікті

тілмен айтып өтеді. Апасы мен атасына келген Қожаның күні бойы

ұйықтауы оның Жалқау апамен кездесуіне әкеледі. Қожа Жалқау

апаның тілін алып, жаттықпай-ақ спортшы болғысы келеді. Бірақ

Жалқау апа берген дәрінің күші көпке ұзамай бітіп қалып, Қожа

бокстан жеңіледі. Спорт ағайдың және Алтыншаштың көмегі арқылы

Қожа Жалқау апаны да, қарсылас боксшыны да жеңеді. Спорт,

Жалқаулық деген сияқты бейнелерді жандандыру бала ұғымына сай

шыққан. “Қожа мен Спорт” пьесасы өз мақсатына жеткен туынды

дей аламыз. Пьеса ұйқасқа құрылып, өлеңмен жазылған. Ұйқышы

Қожаны әжесі Ажардың оятқанда айтқан:

Айналайын баладан,

Тауып алған даладан.

Тауып апты атасы,

Алып кепті апасы,

Елеңдеп ерте тұрмайтын

Тек сол ғана қатасы

Тұра ғой, Қожа, тұра ғой,-

деп айтқан сөзі Е.Елубаевтың “Өжет” пьесасындағы Балабекті оятуда

айтылған үзіндіге ұқсас. О.Әубәкіров өлеңге құрылған

диалогтарында қазақ мақал-мәтелдерін орынды қолданып, кейіпкер

62 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

мінезін ашуға тырысқан. Мәселен, “Ер жігіт мал табады жаяу

жатып”, “Ұйқы мен өлі тең”, “Өнерді үйрен, үйрен де жирен”,

“Жығылған күреске тоймайды”, “Қол – құдайдың мөрі”, “Ұрыста

тұрыс жоқ”, “Қонақ қойдан жуас”, “Өнерлі өрге жүзер” және т.б.

кестелі сөздерді шығарма тілін әрлендіру үшін орынды пайдаланған.

О.Әубәкіровтің ақ өлеңмен жазылған бұл пьесасы халықтық поэзия

үлгісімен сабақтасып келіп, бүлдіршіндерге қазіргі замандағы өмір

шындығын ертегілік түрде жеткізген туынды. Пьеса идеясы қашанда

еңбек ету арқылы ғана өз мақсатына жетесің деген мәселе көтереді.

Бір жағынан балаларды спортпен айналысуға, спорт пайдасын

түсіндіруге негізделген пьесаның жеткіншек бала үшін берері мол.

Ә.Табылдиевтың “Жаңа жыл келеді” деген ертегі-пьесасы

жаппай қарулануға қарсы бейбітшілік тақырыбына арналған

туынды. Қатысушылар: Ертекші, Аяз ата, Уақыт, Декабрь, Жаңа жыл,

Ақша қар, Жезтырнақ, Шырша. Жаңа жылды қарсы салуға

дайындалып жатқан орман. Шыршалар жаңа жыл кешіне

дайындалып жатқанын Жезтырнақ естіп мерекені болдырмауға

тырысады.

Жезтырнақ:

Болмайды!

Соғысшыл мені қолдайды:

Бар байлық соның жолында,

Соғыс пульті қолымда.

Шырша:


Аяз ата! Құтқарыңыз пәледен!

Апат болып! Бүлінбесін бар әлем!”

Көмекке келген Аяз атаны ең алдымен Жезтырнақ алдамақ

болады:


Жезтырнақ:

Саған мені жіберді зиялы көп:

Дос болайық! Ешкімге зияным жоқ!”

Ал, Аяз ата Жезтырнақтың кім екенін біліп қойғанда, ол бірден

алыса жөнеледі.

Аяз ата:

Аязбын шытырлаған,

Аязыммен қатырармын.

Жезтырнақ:

Әй, маған беріл, бұйырамын!

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 63

Әйтпесе, бомбаларға сиынамын!

Жаңа жылды тойлатпаймын!

Жаңа білдім ойлап жайын:

Декабрьді бөгеп қалам!”

Алайда, Уақыт, Аяз ата, Декабрь үшеуі бірігіп Жезтырнақтың

өзін бомбaға мінгізіп ұшырып жібереді. Соңы жаңа жылдық мерекеге

ұласады. Пьеасаның жалпы идеясы жақсы, бірақ автор сол идеяның

мәнін аша алмаған. Пьесада құрғақ сөз өте көп, әрекет аз. Аяз ата мен

Жезтырнақтың, Декабрь мен Жезтырнақтың араларындағы

тартыстар өрбімейді тез шешіле салады. Драмалық туындылардың

басқа шығармалардан ерекшелігі – онда болатын ерекше күшті,

серпінді тартыстың болуы және де одан да күшті шиеленіскен

әрекеттің болуында. Ә.Табылдиевтың “Қаскүнем Қасқыр мен батыр

Қоян пьесасы” тапқыр Қоянның озбыр Қасқырды жеңіп шығуы

туралы. Қоянның Қасқырды жеңуіне Барыс, Кірпі көмектеседі. Автор

балаларға қызықты, күлкілі болу үшін сөз мағынасын бұрып

төмендегідей диалог жасаған:

Барыс: Әй, қасқыр! Сен қорқақ Қоянды сескендірдім деп,

секеңдеме!

Қасқыр: “Қорқақты қуа берсе батыр болады” деген рас екен.

Қоян қазір қорқақ емес.

Барыс: Ол қорқақ болмаса, неге қашып жүр?

Қасқыр: Ол қашқансып, мені мазақтап жүр. Ызам келіп,

зығырданым қайнап “інпарк” болатын болдым.

Барыс: “Інпарк” деген не тағы? Іннің ішінде де парк бола ма?”

Сол сияқты Қоянның тапқырлығын Кірпінің үстіне шүберек

жауып Қасқыр келгенде: “Бастық, әне жастық, отырып, ес алып, күш

алып, мені жеуге дайындалыңыз”,- дейді. Қоянның сөзіне алданып,

масаттанған Қасқыр Кірпінің үстіне отыра қалады да содан жүрегі

жарылып өледі. Автор біреуге озбырлық, қастық жасама деген

идеяны осылайша Қоян мен Қасқыр бейнесі арқылы жеткізген.

Пьесада қазақ мақал-мәтелдерін орынды қолданып кейіпкер әрекетін

нақтылай түскен. Мәселен, Қасқыр Барысқа кездескенде Қоян оған:

“Көп асқанға – бір тосқан” десе, Түлкіге қусың дегенде: “Қулық та

ақылдан шығады” деп жауап береді.

Жазушы Ә.Табылдиевтың аңдар туралы тағы бірнеше шағын

пьесалары бар. Олар “Батыр Қоян”, “Қасиетті сөз” деп аталады.

“Батыр қоян” пьесасы екі көріністен тұрады. Бірінші көріністе

64 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

жалғыз қалған Арыстанның қайтадан аңдардың қатарына қосылуы

туралы баяндалады. Ал, екінші көріністе қоянның ғарышқа ұшқаны

туралы айтылады. Пьесаның екі бөліміндегі оқиға екі түрлі. Оларды

байланыстырушы желі жоқ. Екі көрінісі жеке-жеке пьеса сияқты

шыққан. Алғашқы көріністі ертекші мынадай сөздерімен бастайды:

“Сәлеметсіңдер ме, балалар! Ертегілер әлемінде талай қызық тамаша

болды. Жаңа жылда Аяз атаны аңсап күткен, қыс тойын Аяз атамен

өткізген аңдар, Аяз ата кеткен соң айуандығын істеп, бірлік-достық

берекені, мерекені бұзды. Аң патшасы – Арыстанның ниеті бұзылып,

қоянның етіне қызығып, құлқынның құлы болды. Ақыр аяғында

басқа аңдар бірігіп, Арыстаннан аулақ қашты”,- дейді. Автор ертекші

көмегі арқылы оқиғаны созбай бірден пьесаның негізгі арнасына

түседі. Пьесада айтылатын негізгі идея – достық, бірліктің зор күш

екені туралы. Достық, бірлік тақырыбын сөз етіп келе жатып автор

бірден ғарыш тақырыбына ауысып кетеді. Пьесадан үзінді келтірсек:

Арыстан: “Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас”

деген екен! Араларыңда болып, Арыстан атым жойылмаса арман

жоқ!


Аңдар: Достыққа достық!

Ниетті қостық!

Аю: Міне, достар! Көп біріксе, қол болады!

Достық барда жол болады! Күш бірлікте!

Қоян: Сонда біз адамнан да күштіміз бе?

Аю: Аңдар біріксе, адамдардай күшті болады.

Кірпі: Мүмкін адамға ұқсап, аспанға сонау ғарышқа ұшармыз.

Пьеса оқиғасы осылайша аяқ астынан ғарышқа ұшу идеясымен

ұштасады. Аңдар басында батылданғанмен жеме-жемге келгенде бәрі

тайқып, шығады да: “Қорқақты қуа берсе батыл болады! Ондай

игілікті іске қоян лайықты!”-деп Қоянды ғарышқа ұшырады. Автор

бірлік, достық тақырыбын ашып алмай, бірден басқа тақырыпқа

ауысып кеткен. Сондықтан пьесаның айтайын деген ойы да

түсініксіз, бұлдыр. Кез келген әдеби шығарманың жанды бөлігі –

идеясының тақырыппен ұштаспауы сәтсіздікке әкелетіні белгілі.

Ал, “Қасиетті сөз” деп аталатын пьесада Ә.Табылдиев “ана”,

“мама” деген сөздің мәнін аңдар мен жануарлар бейнесі арқылы

түсіндіруге тырысқан. Барлық аңдардың тілін білетін Қасқырды

Арыстан тілмаштыққа алады. Қасқыр тілмаштығы үшін Арыстаннан

ақы сұрайды.

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 65

“Қасқыр: “Онда түстік асқа түйе бер, кешкі асқа бие бер,

ертеңгіме ешкі бер!”- дейді.

Қасқырдың халық арасында озбыр, қомағай бейнесін осы

сөздері нақтылай түседі. Алайда, Қасқырдың арманы орындалмайды.

Жолда кездескен жан-жануарларды қасқырдың аузынан құтқаратын

қасиетті сөз бар. Ол – мама деген сөз. Осы сөз үшін Арыстан мысық,

қозы, бұзау, боталарды өзіне дос етеді. Автор пьеса оқиғасы арқылы

бүлдіршін балаларға “ана” деген сөздің мәнін ашып береді. Жалпы

Ә.Табылдиевтың балаларға арналған туындылары негізінен

танымдық, тәрбиелік мақсатты көздей жазылады. Балалар драматур-

гиясында өзіндік қолтаңбасы, өзіндік стилі қалыптасқан

жазушылардың бірі де – Ә.Табылдиев.

Ә.Табылдиевтың “Батыр қозылар”, “Тентек балапан”, “Ғажайып

бақ” пьесалары да бүлдіршін жасындағыларға арналған. “Батыр

қозылар” пьесасы бірлік, достық тақырыбына жазылған. Онда Мә,

Ми, Ме деген үш қозының бірліктері арқасында қасқырды жеңіп

шыққаны туралы айтылады. Автор пьесаны қоюда эстетикалық

жағынан әсерлі болу үшін ән, бимен өрнектеген. Пьесаны қалай қою,

қалай дайындау жөнінде автор өзі түсінік береді: “Батыр қозылар”

ертегі-пьесасының қойылымын жеке балалардың ойнауымен де,

қуыршақ театрымен де қоюға болады. Пьесада ән-би көбірек

болғандықтан, оны музыкамен өрнектеудің мәні зор, би өнерін

үйретудің де қажеті мол”. /30, 59/.

Шығарманың негізгі идеясы бірлік, достық мәселесі пьесаның

өн бойында үнемі көрініп отырады. Қасқырға бірігіп қарсы шыққан

үш қозы:

Бірлік жасап келеміз,

Күш-бірлікке сенеміз.

Жау тиіссе, біздерге

Сыбағасын береміз,-

деп әндете тойтарыс береді. Батыл да бірлікшіл қозылардың әрекеті

бүлдіршендерді қуантары анық. “Тентек балапан” пьесасы балаларды

әдептілікке, ата-ана сөзін тыңдап, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу

тақырыбына арналған. Анасының тілін алмаған қиқар балапан күнге

ұшып барамын деп көп қаңғырады. Ол жолда қозыға, егіншіге

кезігеді. Бірақ оның бетін қозы мен егіншінің сөзі де бұра алмайды.

Ақырында қиқар, тілазар балапан мысыққа жем болады. Пьеса

ұйқасқа құрылып жазылған. Кейіпкерлері қысқа сөйлейді.

66 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

Сондықтан пьеса балаларды жалықтырмайды. Ал, Ә.Табылдиевтың

“Ғажайып бақ” пьесасы еңбек тақырыбына арналып жазылған. Бұл

пьеса да ұйқасқа негізделіп, өлеңмен жазылған. Пьесадағы негізгі

тартыс жақсылық пен жамандық арасында өтеді. Хасен деген

малшының бар малы қырылып жұтқа ұшырайды. Ол ұлы Сырымды

ертіп Асан деген егінші досына келеді. Асан досы Хасен мен

Сырымды жақсы қарсы алып, оған өз жерінен жер бөліп береді.

Хасен: Жерің, Асан, аядай,

Ортақ болсам аямай,

Бірлігім бе осыным?

Асан: Жалғыз ұлың Сырым бар …

Жақсы тұрмыс құрыңдар …

Менімен бірге тұрыңдар!

Барымды досқа қиямын-

деуі оның досына деген ниетін білдіреді. Хасеннің ұлы Сырым жер

жыртып жүріп көп алтын тауып алады. Ол алтынды өзі алмай Асанға

әкеліп береді. Бұл оның адалдығын көрсетеді. Алтынды сен таптың

сенікі деп Асан да алмайды. Сонда Сырым, Хасен, Асан үшеуі

ақылдасып алтынға көп дән алуды ойлайды. Сырым алтынды алып

келе жатқанда көп құсты торға салып алған бай мен жендетке

кезігеді. Оларға Сырым алтынды беріп құстарды босатып алады.

“Жақсылыққа жақсылық” деп құстар Сырым ұйықтап жатқанда бір-

бір дәннен тасып үлкен бақ өсіріп шығарады. Бұл бақ достық, еңбек,

адалдық, бірлік символы ретінде алынған. Сырымның мақсатының

орындалғанын автор мынадай сөздермен береді:

“Бұл не ғажап,

Сенейін бе, сенбейін бе көзіме,

Еткен азат

Достығымды өздерінше сезіне:

Құстар менің арманымды

Орындапты беріле.

Құштар едім,

Құлпыртайын бақ өсіріп еліме!”

Автор Сырымды батыр деп алған. Алайда пьесада Сырымның

батырлық қыры көрінбейді. Пьеса соңында Жезтырнақ пайда болып,

бақты таптап құртамын дегенде онымен күресуге Сырым емес,

Самұрық құс шығады. Сырымды батыр дегеннен кейін оның

батырлық әрекетін көрсететін эпизодтар керек-ақ.

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 67

Ә.Табылдиевтың “Кербақбай мен Кердеңбай” деген екі көріністі

комедиясы үлкенді сыйлау, тәртіпті болу мәселесін көтереді.

Кейіпкер саны шағын ғана. Автор екі баланың бір-бірімен ерегескен

тұсын шынайы түрде бере алған. Дегенмен де, балалардың дұрыс

жолға қалай келгендерін көрсете алмаған. Пьесада құр ерегесу ғана

бар. Жалқау баланың бірден ұқыпты, тілалғыш балаға айналғаны да

жасанды түрде шыққан. Драмалық туындылардың басты талабы

тартыс десек, оны да тудыратын оқиға жоқ. Пьесада екі баланың сөз

таластыруларымен әжелерінің бәйек болуы ғана бар. Тартыссыз

драмалық туынды болмайтынын ескере отырып, пьеса өз мақсатын

орындай алмаған дегіміз келеді.

Көптен бері жастар мен балалар театрының репертуарында

қойылып келе жатқан пьесалар ретінде С.Балғабаевтың “Жымбала,

Мико және қасқыр”, Ө.Боранбаевтың “Бәрінен күшті – қорқақ

көжек”, М.Қабанбайдың “Ти-ти” атты туындыларын атауға болады.

С.Балғабаевтың “Жымбала, Мико және қасқыр” пьесасының идеясы

балаларды оқуға шақыруға құрылған. Автор пьесада көрермендерге

қарап арнай сөйлеу тәсілін ұтымды қолданған.

Жымбала: (залға таңдана қарап) Осылардың бәрі де оқиды ма?

Ботагөз: Әрине! (залға қарап) Айтыңдаршы, балалар, бәрің де

оқисыңдар ғой (“оқимыз” деп шулайды) Әне, көрдің бе, бәрі оқиды,

ал сен жетіге келгенше әлі жеті әріп білмейсің.

Жымбала: Неге білмеймін, білемін А - а …

Ботагөз: Сосын?

Жымбала: Б - б …

Ботагөз: Болды ма?

Жымбала: (дауысын жіңішкертіп) неге болды, а …

Ботагөз: Оны айттың ғой.

Жымбала: Ол үлкен – А, ал мынау кішкене – а.

Міне осы шағын көріністен-ақ автор бала психологиясын

көрсете білген. Көріністе баланың өзі білмейтінін білмеймін деп

айтуға намыстанып, өзінше қулық істеп тұрғанын көреміз. Оқуға

ынтасын қоймаған Жымбала Микодан жеңіліп, таяқ жеп қалады. Ал,

оқу оқып, жаттығу жасағаннан кейін ол Миконы жеңіп кетеді. Автор

осы арқылы балаларға оқудың пайдасы туралы өз ойын жеткізген.

Пьеса жалпы алғанда өз мақсатына жеткен туынды десек те,

кемшіліктері де бар. Мико мен Бурик, Жымбалалардың ойын үстінде

68 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

сөйлегендері тым ұзақ болып кеткен. Бұл жас көрермендерді

жалықтырып алуы мүмкін.

М.Қабанбайдың “Жиһанкез Ти-ти” әңгімесі бойынша жазылған

“Ти-ти” деген пьесасының негізгі идеясы қайырымдылық мәселесіне

байланысты. Балабақшада жиһанкез деген сөзді естіген кішкентай

Ти-ти жиһанкез болсам деген арманның жетегінде үйінен шығып

кетеді. Ол өзі кішкене болса да жүрегі үлкен, әрі ешнәрседен

қорықпайтын батыл бала. Себебі, ол үйдің астында тұратын

Албастыға кездессе де қорықпайды. Қайта оның өзін зообақ

директорына сатып жіберіп, ақшаның бір бөлігін базар бұрышында

тұратын әжейге береді. Әжейдің бата беруі ұлттық болуға сай

ұтымды шыққан. Қалған ақшасын қаңғыбас иттерге бәліш алып

беруге жұмсайды. Ти-тидің басына қауіп төнгенде, оны басқа

планеталықтар алып кетпекші болғанда оған иттер де, әжей де,

Албасты да көмекке келеді. М.Қабанбай осы арқылы жақсылыққа

жақсылық деген негізгі ойын жеткізе білген. Пьеса 1980 жылдардан

бері театр сахнасында қойылып келеді. Қазіргі уақытта театр

сахнасында қойылып келе жатқан пьесаларың бірі – “Бәрінен күшті –

қорқақ көжек” деп аталады. Авторы – Ө.Боранбаев. Пьесаның жалпы

идеясы – татулық, бірлік мәселесін көтереді. Автор бұл пьесада

жалпы бұрыннан халық арасында белгілі түсініктерді пайдаланған.

Мәселен, қоян – қорқақ, қасқыр – озбыр, түлкі – қу деген сияқтылар.

Сонымен бірге күшіктен емтихан алу кезінде қой, сиыр, түйе, жылқы

сияқты төрт түлік малдың атауларымен таныстырады. Пьесаның осы

жағы жас көрерменнің танымдық білімін толықтырады. Туындыдағы

негізгі тартыс оқиғаға түлкінің араласуынан басталады. Өйткені,

түлкінің көзі келе сала қорқақ көжекке түседі. Қалайда болса түлкі

көжекті жеудің амалын ойластырады. Міне, шағын пьесадағы шағын

тартыс осыдан туады. Ал, оқиғаға қасқырдың араласуы шиеленіскен

қиын жағдай тудырады. Себебі, көжек әрі кішкентай, әрі қорқақ, ал

оған қарсылас аңдардың бірі – қу, аяр келсе, бірі – қомағай. Түлкі

амалын тауып көжекті үйде жалғыз тастап, ал достарын бөлек

әкеткенде үйге бөлтірік кіріп келеді. Пьесаның осы жері қиын

түйіннің шешуі іспетті. Көжек бөлтіріктен қашып жүріп, артқы екі

аяғымен оны теуіп қалады. Бөлтірік талып жатқанда түлкі, күшік, лақ

үшеуі кіріп келеді. Осылайша түлкінің құрық бойламас қулығы

ашылып, әшкереленеді. Пьеса тілі жеңіл, бала түсінігіне, бала

қабылдауына сай жазылған.

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 69

1980 жылдары көп жазылған тақырыптардың бірі – мектеп

өмірі, мектептегі бала әрекетіне арналған туындылар еді. Сондай

драмалық шығарманың бірі Р.Жәшиев “О” операциясы” деп аталатын

пьесасы. Әдебиет зерттеушілері 1970-80 жылдардағы әдебиетке баға

бере келе осы жылдардағы шығармаларда адам мәселесіне, адамның

жеке тұлға екеніне көп назар аударыла бастағаны жөнінде айтады.

/31, 201/ 1970-80 жылдардағы жалпы әдебиет мәселесіндегі адам

концепциясы қазақ балалар драматургиясына да өз ықпалын тигізді

дей аламыз. Мәселен, жоғарыда атап өткен Р.Жәшиевтің “О”

операциясы” атты пьесасында тәртібі де, оқуы да нашар баланың ішкі

жан дүниесін ашуға тырысқан тұстары бар. 1970 жылдары

қалыптасқан “қиын бала” термині дәл осы пьеса кейіпкері

Далданбайға келеді. Автор Далданбай бейнесі арқылы “қатарға”

қосылған бала образын ғана бермеген. Сонымен, бірге баланың ішкі

психологиясын да көрсете алған. Оның да жақсы оқығысы келеді,

оның да озат оқушы Жеңіс сияқты болғысы келеді. Бірақ, өзін әлсіз

емес, күшті етіп көрсеткісі келіп қиқарлық әрекеттер істейді. Оның

Жеңіс сияқты болғысы келетінін мына сөзінен байқаймыз:

“Далданбай: (Трубканы қойып) Мәссаған. Өңім бе, түсім бе?

Профессормен жұмыстас болдық. Ә, Жеңіс, тұра тұр … Не деп еді…

Бар болғаны түсіндім, келістім дей беріппін-ау … (ойланады). Бірінші

– төзімділік деді, сосын жалқау болмау, салақтықты жою, өтірікті …

Өтірік айтпау, қоғамдық жұмысқа араласу… У-у! Бір оңайы

болсайшы. Бас тартсам қайтеді?.. Қой, болмас. Жеңістің қатарына бір

жетіп алайын, сосынғысын көрерміз”.

Баланың осы монологы оның ішкі тілегін, ішкі мүмкіндігін

көрсетеді. Жеңістің өзінен тікелей көмек алу оның намысына тиеді,

ол қалай болғанда да кешірмеуді, кішіреймеуді ойлайды. Профессор

телефон шалмай тұрғанда өзіне көмекке келген достарын келемеждеп

шығарып салады. Онысы да өзімен өзі ерегесуі, қырсығуы,

кішіреймеуі деп түсінеміз. Автор оның бұл қырын мына көрініс

арқылы нақтылы бере алған.

Далданбай: Шықпайды ерегескенде … (тағы да үңіледі)

Шықпайды … Әй, ертең көшіріп алармын … Ой мыналар осында

келе жатқаннан сау ма? Қазір жақсылап қарсы алайын…

(Магнитофонды жіберіп, билей бастайды. Есік қағылады, бұл билей

береді).

Жеңіс: Далданбай, біз саған келдік.

70 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

Далданбай: Бүгін қабылдамайтын күнім.

Жеңіс: Ренжіме. Біз достық көңілмен келдік. Міне, қолым.

Далданбай: Өзімде мұндайдың екеуі бар.

Сәуле: Менің қолымды да алмайсың ба?

Далданбай: Бек, рахмет. Кейде өзімнің екеуімді де қоярға жер

таппаймын.”

Далданбай мінезіндегі жақсы оқушыларға деген ішкі ерегесін

автор осылайша көрсеткен. Оның осындай оқыс қимыл-әрекетінің

түп-төркіні намысқойлығында. Өзі құралпы балалардан артта қалуы,

бірақ олардың көмегін қаламауы бала жан дүниесіндегі өзіндік

ерекшелігі. Сыныптас достарының қол ұшын береміз дегеніне

Далданбайдың көнбеуі, қырсық сөз айтып қайтарып тастауы

біріншіден, олар бірде болмаса бірде оның артта қалғанын өздерінің

көмектескенін айтуы мүмкін. Екіншіден, Далданбай мінезіндегі

ешкімге ұқсамайтын тұлғалық психологияның болуы. Бұл

психология өсіп келе жатқан бала үшін қалыпты жағдай. Ал, оның

профессор көмегін қабылдауы біріншіден – тосын жағдай болса,

екіншіден – өзінің ғалыммен жұмыстас болатындығы. Осы екі

жағдай оның ішкі дүниесіндегі жеке тұлғалық (индивид)

психологиясына әсер етеді. Пьеса соңында Жеңіс өзінің мұғалімі

Досжанға Далданбайға жасаған көмегі туралы айтпақшы болғанын

көреміз. Досжан ұстаз ретінде бала психологиясын түсінетін адам

болып көрінген. Ол Жеңіске: “Жақсылық – сатусыз болса жақсылық.

Ойлан”,- дейді. Содан кейін Жеңіс Далданбайға сырттан жасаған

көмегін балаларға айтпауды ойлайды. Автор Далданбай мінезіндегі

қиқарлықты оның тілі арқылы жақсы берген. Пьеса басында жақсы

оқитындарды кекетіп “білгішбаевтар” десе, жаза салайын дегенді

“сүйкей салайын” дейді. Пьесаның өн бойында бала психологиясын

дәл басып көрсететін осындай сөздердің болуы туындының

сәттілігіне себеп болған дей аламыз.

Мектеп өмірін суреттейтін пьесалардың бір тобы 1981 жылы

шыққан “Пионер театры” деген жинақта топтасты. Жинаққа он бес

пьеса кірген. Солардың ішінде баланың жеке тұлға ретінде

қалыптасуын көрсететін Т.Алшынбаевтың “Дәулеттің қуанышы”,

К.Әмірбековтің “Уәде бермеуге уәде” пьесалары бар. “Дәулеттің

қуанышы” пьесасының ерекшелігі үлкендер арасындағы қарым-

қатынасқа өз пікірін, өз ойын білдірген баланы көрсетуінде. Пьесада

өмірде кездесетін жең ұшымен жалғасқан сыбайластықты сынайды.

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 71

Мұнда үлкендер арасындағы жағымсыз әрекетке бала көзімен қарап,

өзінше ой қорыту бар. Бірінші көріністе әкесінің жаңа трактор

алмағанына ренжіген Дәулет өз ойын әкесіне жеткізу үшін

күнделікке жазып әкесіне көрсетпек болады. Дәулет монологынан

оның әкесі туралы мәлімет алуға болады. Дәулеттің әкесі өзінің адал

еңбегімен елге танымал адам екенін байқаймыз. Пьеса соңында өзінің

әкесі туралы да газетке мақала жазылғанын оқып қуанған Дәулетті

көреміз. Дәулеттің әрекеті бұл дүниеде әлі де болса әділетсіздікпен

кездесіп көрмеген балғын жастың қызуқандылығы деуге болады.

Пьесаның тәрбиелік мәні де үлкендер істеген істің бәрі бірдей дұрыс

еместігін, үлкендер де қателесетінін көрсетуде. Ақбай әрекетінен

жиіркену арқылы балалар көп нәрсе алады дегіміз келеді.

Ал, К.Әмірбековтің “Уәде бермеуге уәде бер” деген пьесасынан

тек оқудан ғана нашар емес, тәртібі де жаман баланың түзелуге бет

бұрғанын көреміз. Белгілі сықақшы К.Әмірбековтің комедиялық

шағын пьесасында жалқау балаларда жиі кездесетін уәдешілдікті

сынайды. Нәпи мен Нәмәғұл деген баланың диалогтары арқылы

олардың білім деңгейлерінің қандай дәрежеде екенін көрсетеді.

Мәселен, Нәмәғұлдың: “Бүгін Алматының “Қайрат” командасы өз

алаңында Ереванның “Пахтақорын” қабылдады”,- деп шатастыру

арқылы оның білім деңгейін көрсетеді. Пьесада алып-ұшып бара

жатқан өткір тартыс жоқ. Автор комедия деп алғанымен, бұл туынды

шағын ғана сатиралық, юморлық шығарма болып шыққан.

1998 жылы “Ұлан” газетіне шыққан Ш.Күмісбайұлының

“Қожайынға қой десеңдерші” атты екі көріністі шағын пьесасы

мектеп өміріне арналған. Пьеса тақырыбы оқушыларды

ұқыптылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен. Алған кейіпкерлердің де

аттары заттарына сай: Қиқарбек, Шимайбек, Сәмбігүл және олардың

заттары: қаламсап пен дәптер. Оқушылардың диалогтарынан

олардың қандай оқушы екенін бірден түсінікті болады. Мысалы:

Шимайбек менің атам: “Атың шықпаса жер өртейін деп жүрсің бе?”-

деп ұрысатын. Көрдің бе, мына Шимекеңнің шимайын (Парталарды

аралап жүріп көрсетеді). Міне, мынау Шварцнегер, мынау Брюс Ли

...,- деп өзінің суреттеріне мақтанады. Ал, Қиқарбек деген бала

қаламсаптың сиясы бітіп қалғаннан кейін лақтырып жіберсе,

Сәмбігүл одан да өткен орашолақтық жасайды. Өз сөзімен айтсақ:

“Әй, сен маған дәптер сатып әперме “профессор” дедім де,

математика дәптерін жыртып-жыртып тастадым”,- деп өзінің

72 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

дәптерін өзі жыртып және сол қылығынан өзі ұялмайды, қайта

мақтан көретін сияқты. Бірінші көрініс соңында олар өз беттерімен

кетеді. Екінші көріністе ұқыпсыз оқушылардың дәптер,

қаламсаптары сөз алып оқиғаны дамытады. Қаламсап пен дәптер

өздерінің ұқыпсыз, салақ, қожайындарға түсіп қор болғандарын

айтады. Қаламсаптың: “Ой, ұят-ай, бәрінен бұрын әжетханаға да

менің сияммен “Шимайбек” деп жазды ғой. Қойшы, сонымен бір он

күнге жетер-жетпестен менің сиям таусылды ғой. Жасыма жетпей

қартайдым. Сиямды айырбастаса түк жоқ. Міне, бүгін сабақтың

соңында мені мына жерге атып ұрып, үйіне тайып тұрды”,- деуінен

бірінші көріністе көрінген Шимайбектің сипаты ашыла түседі. Ал

дәптердің сөзінен Сәмбігүлдің сабақты қалай оқитыны, әрі ұқыпсыз

қылығы ашылады. Дәптер: “Алғашқы күннен-ақ екілік қойылған

парағымды жыртып-жыртып, умаждап-умаждап ешкімге көрсетпей

кір-қоқыс салатын шелекке лақтырып жіберді”, -деп жылайды.

Бірінші көрініс, екінші көріністі жалғастырып оқиға желісі үзілмей,

қайта шиелінісе түседі. Автор пьесада құр үгіт сөз айтпайды.

Нақтылы әрекет арқылы суреттейді. Балалардың өздерін қорытынды

шығаруға, ойландыруға тырысады. Балаларға арналған шығарма-

лардың барлығы тәрбиелік мақсатты көздейді дегенде құрғақ ақыл

айту туралы сөз болмау керек. Бала мінезіндегі олқы тұстарды

нақтылы сурет арқылы көрсетіп, шығарма идеясын баланың өзі

түсінуіне әкелгенде ғана кез-келген туындының мақсаты

орындалмақ. Пьесада ұқыпсыз, үнемсіз, берекесіз, қиқар балалар

бейнесі берілген. Алғашқы көріністе көрінген үш оқушыға деген

көзқарас жыртылған дәптер, сурет салынған парта, сынған қаламсап

кейіптерін көргенде тіпті күшейе түседі. Пьесада тартысқа балалар

да, олардың сынған заттары да түсіп тұрған жоқ. Бұл жерде тартыс

ұқыпсыз балалар әрекеті мен көрермен балалардың көзқарастарына

байланысты болмақ. Жалпы пьеса айтайын деген мақсатына жете

алған туынды дей аламыз.

Қорыта келе айтқанда балаларға арналған драмалық

шығармалардың шағын түрлері көбіне бүлдіршін жасындағылар мен

төменгі сынып оқушылары үшін жазылған туындылар екені

айқындалды. Мұның өзі баланың жас ерекшелігіне, оның

психологиялық жетілуі мен таным-түйсігіне байланысты болып

отырғанын естен шығармау абзал. Шағын драмалық шығармаларды





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет