нақтылы бейнеленуі десек, сол сананың дамуы белгілі бір кезеңдегі
қоғамның ілгерілеуіне, қарқынды өсуіне байланысты. Олай болса,
қайнар көзін ауыз әдебиетінен алған қазақ балалар
драматургиясының да дамуы, ілгерілеуі белгілі қоғамда өмір сүрген
жекелеген жазушылардың шығармашылық ізденісімен сабақтасып
жатады. Балалар драматургиясының қалыптасуының басы болған
І.Жансүгіров, М.Ақынжанов, Ш.Құсайынов, Ә.Тәжібаев, Қ.Бадыров
т.б. шығармалары кейінгі жазушыларға бағыт алуға мүмкіндік
۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 39
тудырды дей аламыз. 1960-70 жылдардағы балалар
драматургиясының дамуы Қ.Мұқышев, Б.Тәжібаев, Б.Ысқақов,
Қ.Ыдырысов, М.Гумеров, Н.Ғабдуллин еңбектерімен байланысты
болып өз кезеңінің мәселелерін көтеріп, бала бейнесін, бала үлгі
алатын үлкендер бейнесін көрсете алды. 1980 жылдардың бір
ерекшелігі – бала мінезін, психологиялық, ішкі жандүниесін көрсету
десек осы орайда шығарма жазған Ә.Табылдиев, Е.Елубаев,
Р.Жәшиев т.б. жазушылардың еңбектері елеулі дегіміз келеді. 1990
жылдардағы ел тәуелсіздігімен бірге жаңа сипат, жаңа мазмұн алған
балалар драматургиясы Б.Тайжан, Т.Ахметжан, С.Әуелбекова,
К.Оразбекұлы, Д.Исабеков, А.Ақпанбетұлы т.б. жазушылардың
елеулі еңбектерінің арқасында дамудың белгілі бір сатысына
көтерілгенін байқаймыз. Ол әсіресе балалар драматургиясында
ұлттық реңк, ұлттық сипат мәселесіне байланысты көтерілген
баспалдағы екенін баса айтқымыз келеді. “Кейіпкер таңдау, сюжет
қалау, өмір материалдарын сұрыптау проблемаларына келгенде қазақ
драматургтері екі арнаны қатар алып жүрген: бірі – эпостың ізі,
тарихи аңыздар, биографиялық сюжеттер, екіншісі – заман
проблемасы, өмірдің көкейкесті күйлері”,- деген /17, 432/ тұжырымға
балалар драматургиясындағы пьесаларды талдай отырып толық
қосыламыз. Қазақ балалар драматургиясы-ның туу, қалыптасу, даму
жолы осыны дәлелдейді. Балалар драматургиясы әлі де жан-жақты
сараланып келешекте де үлкен ізденістер мен зерттеулерге негіз
болатынына сенім мол.
40 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞
ІІ
ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ДРАМАСЫНЫҢ ШАҒЫН ТҮРЛЕРІ
Қандай да болмасын жанр өз ішінен шығармада суреттелген
өмір шындығының мазмұны мен ауқатына қарай ішкі түрлерге
жіктеледі. Осындай табиғи процесс балалар драматургиясынан да
байқалып жатады. Жалпы драмаға қарағанда, балалар
драматургиясында шағын түрлері едәуір орынға ие болады. Бұл
тұтастай алғанда балалар әдебиетінің төл ерекшеліктерінен туындап
жатады. Сол себепті де қазақ балалар драматургиясының дамуы
көлемді пьесалармен бірге шағын түрлерінің тууына әкелді. Қазақ
балалар драматургиясының интермедия, скетч, бір актілі пьесалар,
әдеби-музыкалық қойылымдар сияқты ұсақ түрлері де дами түсті.
Әсіресе, мектеп, балабақша өміріндегі дәстүрлі мерекелердің көбейе
түсуі ұсақ драмалық шығармалардың көптеп тууына себеп болды.
Қазақ балалар драматургиясының ұсақ жанрларын топтасақ,
Қ.Ыдырысовтың 1963 жылы шыққан “Ойнайық та, ойлайық”
жинағына кірген интермедиялары мен инсценировкалары алғаш
Достарыңызбен бөлісу: |