Монография Семей «Үш биік» баспасы 010 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ ббк 84. (5 Каз) а 56



бет3/20
Дата07.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#17517
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
А.С.Ақтанова қазақ балалар драматургиясы

қалыптасу кезеңінде жазылған М.Әуезовтің “Жақсы пьеса – сапалы

әдебиет белгісі”, “Қыз Жібек” қандай?”, “Дінді әшкерелейтін пьеса”,

Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар” т.б. мақалалары жалпы



драмалық шығармалардың өзіндік сипатын, кейіпкер әрекетін,

драмадағы тартыс мәселесін қозғайды /14/ “Жақсы пьеса – сапалы

8 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞



әдебиет белгісі” деген мақаласында М.Әуезов: “Оқиғасы тығыз

құрылған, істелуі босаң емес, құрыш пьеса керек. Ол үшін әрбір тұлға

көп ойланып, көп сұрыптаудан туған болсын,”- деп талаптар қояды.

Ал, “Драматургия заңы туралы кейбір ойлар” /15/ деген мақаласында

М.Әуезов драмалық шығармалардың теориялық мәселелерін айта

келіп, драманың архитектоникасына мұқият қарау жөнінде ой

айтады. Зерттеуші Ә.Тәжібаев “Қазақ драматургиясының дамуы мен

қалыптасуы” атты кітабында /16/ қазақ драматургиясының тууы мен

қалыптасуын халық ауыз әдебиетіндегі ертегі, аңыз әңгімелер, мақал-

мәтелдер, айтыстармен байланыстырып қазақ драмасының түп тегін

халық мұрасымен сабақтайды. Автор қазақ драматургиясындағы ірі-

ірі туындыларға зор ақындық шабытпен баға береді. Трагедиялық,

комедиялық шығармалардың табиғатын ашып, кейіпкер характеріне

тоқталады. Ұлт әдебиетіндегі драмалық шығармалардың жанрлық

дамуы туралы, драма жанрының спецификалық ерекшеліктері туралы,

драманың жүйелі зерттелуі, идеялық-эстетикалық ерекшеліктерін

айқындау, драмалық жанрдың даму тенденциясын ашып көрсетуді

мақсат ете жазылған Р.Нұрғалиевтың “Айдын” атты монографиялық

еңбегінің /17/ қазіргі қазақ драматургиясының бағыт бағдарын

айқындауда маңызы зор.

Қазіргі қазақ балалар драматургиясының қыр-сырын ашып,

жанрлық жақтан жіктеп, кейіпкер характерін ашатын көлемді

зерттеудің жоқтығы тақырыптың көкейкестілігін көрсетеді.

Зерттеу негізінен 1934 жылы жазылған І.Жансүгіровтің

“Мектеп” пьесасынан бастап жүргізілді. Балалар мен жасөспірімдер

театрының ашылуымен дүниеге келген М.Ақынжанов пен

Қ.Бадыровтың “Алтын сақа”, М.Ақынжановтың “Ыбырай

Алтынсарин” және т.б. 1950-60 жылдары шыққан пьесалар

алғашқылар ретінде жаңаша бажайлау тұрғысынан талданды. Негізгі

талдау объектісі болған пьесалар 1960-70 жылдарда шыққан

туындылар. Сонымен бірге 1980-90 жылдардағы қоғамдық тоқырау

кезіндегі бірен-саран пьесалар мен қазіргі жаңа әдебиет аталып

жүрген 1990-2000 жылдар туындыларына көбірек назар аударылды.

Балаларға арналған драмалық шығармаларды жас ерекшелігіне

сәйкес шартты түрде негізінен екі топқа бөліп қарастырылды:

1. Бүлдіршіндерге арналған драмалық шығармалар

2. Мектеп оқушыларына арналған драмалық шығармалар

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 9

Мектеп окушыларының жас ерекшелігіне сәйкес өз ішінде тағы

да екі топқа:

а) төменгі сынып оқушыларына арналған

ә) жоғарғы сынып (яғни ересектерге) арналған туындылар деп

тағы жіктелді. Сонымен бірге жұмыс көлемінде балаларға арналған

драмалық туындылардың шағын түрлеріне көңіл бөлінді. Шағын

драмалық туындылар қатарына мектеп, балабақша өмірінде

жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру мақсатында, тіл дамыту

мақсатында қойылған скетчтер, инсценировкалар, интермедиялар

мен тақырыптық қойылымдар алынды. Жұмыс көлемінде балаларға

арналған пьесалардың тақырыптық-идеялық мақсатын ашумен бірге

көркемдік дәрежесін саралауды жөн деп санадық. Жас жеткіншекке

сөз қадірін түсіндіріп, көркем сөздің құдіретін бағалауға

тәрбиелейтін драмалық туындылардың мәні зор. Әсіресе, жазушылар:

М.Гумеров, Қ.Ыдырысов, С.Омаров, Ә.Табылдиев, Е.Елубаев,

С.Жүнісов, Б.Ысқақов, А.Ақпанбетұлы, С.Әуелбаева, С.Бегалин т.б.

туындылары жіті талданды.

Балаларға арналған драмалық туындыларда кездесетін көп

сөзділік, ақыл айтушылық, кейіпкер тілінің жұтаңдығы сияқты

кемшіліктер де ескерілді. Сонымен бірге, басты назар әр драмалық

туындыдағы ұлттық реңк, ұлттық бояу мәселесіне аударылды. Осы

ретте ғалым, зерттеуші Б.Ыбырайымның ұлттық ерекшеліктер

балаларға арналған шығармалардың 1970-80 жылдағыла-рында

мүлдем ескерілмей кеткені туралы пікіріне қосыламыз /12.165/.

Ал, кейінгі тәуелсіз әдебиет тұсында туған С.Әуелбаеваның

“Оюхан мен Жоюхан”, А.Ақпанбетұлының “Қайырымды қасқыр”,

Д.Исабековтің “Әбіл-Диханның арманы”, К.Оразбекұлының “Ұлыс

оң болсын”, Б.Тайжанның “Тосыннан тойланған той”,

Т.Ахметжанның “Қара торғай” т.б. пьесаларында көрінетін ұлттық

ерекшелікке баса назар аударылды. Сонымен бірге балалардың жас

ерекшеліктеріне сәйкес драмалық туындылардың да өзіндік

ерекшеліктері, өзіндік күрделенуінің болатыны драмалық

туындыларды талдау кезінде нақтылана түсті. Мәселен, төменгі

сынып оқушылары мен бүлдіршіндер үшін жазылған драмалық

шығармаларда драма түрлерінің шекарасы жоқ болса, ересектер үшін

жазылған пьесаларды драма, комедия, трагедия деп жіктеуге

мүмкіндік бар.

10 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

Қазақ балалар драматургиясын кенжелеп туды десек те, оның

тууы мен дамуына бағдар жасай отырып, балаларға арналған

драмалық туындылардың қазіргі кезде қазақ балалар әдебиетінің

үлкен бір арнасы болып қалыптасқанына көз жеткіземіз.

Жалпы қазақ балалар драматургиясы әлі де сарапталып,

балалардың жас ерекшелігіне, шығарманың жанрлық сипатына,

көркемдік тұрғыда жан-жақты қарастыруды қажет етеді.

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 11

І

ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ДРАМАСЫНЫҢ ТУУ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет