Монография Семей «Үш биік» баспасы 010 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ ббк 84. (5 Каз) а 56



бет7/20
Дата07.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#17517
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Қазақ балалар фольклорындағы “Бала мен шілдің айтысы”,

Иесі мен сиырдың айтысы”, “Ешкі мен қойдың айтысы”, “Төрт түлік



кеңесі”, “Тоқты мен қасқыр”, “Аңдардың айтысы” т.б. осындай

айтыс-ойындар өте көп. Айтыс өлең үлгілері ауыз әдебиетімен

шектелмейді. Ол жазба әдебиет өкілдерінің шығармаларында да

кездеседі. Мәселен, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өлеңдерінің негізгі

бағыты діни философиялық тұрғыда келетіні белгілі. Әсіресе оқиғалы

өлеңдері мен айтыс өлеңдерінде осы бағыт-бағдар айқын байқалады.

22 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞



Оның “Мәшһүр-Жүсіптің тырнамен айтысы”, “Мәшһүр-Жүсіптің ала

қарғамен айтысы”, “Жарты нан хикаясы”, “Шайтанның саудасы”

өлеңдері шағын драмалық тартысқа құрылған. Өлеңдердегі драмалық

тартыс пьесадағыдай болмайды. Драмалық тартыс өлеңдегі айтыс

элементтерімен байланысты. Мұнда лирикалық қаһарман бейнесін

аша түсу үшін немесе айтайын деген идеясын нақтылы беру үшін

драма элементтері қолданылады. Негізгі идеяны шығару үшін айтыс

өлеңдерінде Мәшһүр-Жүсіп сұрақ-жауап әдісін молырақ

пайдаланған. “Мәшһүр-Жүсіп тырнамен айтысы” деген өлеңінде

негізгі тартыс:

Жаз кетіп, күз болған соң қайттың, тырна,

Амандық ел мен жұртқа айттың, тырна.

Келуіңнен қайтуың оңай болды,

Кәнекей, не бітіріп, қайттың, тырна?-

деген жерден басталады. Автор осылайша тікелей сұрақ қою арқылы

өлең өзегі болып тұрған негізгі жайларды тырна атынан баяндайды.

Өлеңде сонымен қатар сұраққа қайыра сұрақ беру әдісі де ұтымды

пайдаланылған. Оны “Надан” деген сөздің мағынасын ашу үстінде

қолданғанын байқаймыз. Мысалы:

Мәшһүр-Жүсіп: Құс болған сенен мықты сол бүркіт пе?

Қиқулап, надан тырна, елді үркітпе.

Тырна: Рас, біз оқымаған Ами надан,

Шүкір, ғапыл емеспіз бір алладан.

Ұстадың не сөзімнен, айтшы жігіт,

Болады надан деген қай түрлі адам?

Мәшһүр-Жүсіп: Надан сол: жақсы пейіл, ісін жойса.

Ішіп-жеп, құр мәз болса, қарыны тойса.

“Алда ғой бәле, дәлел батыл”,- деген

Сөзінің басын айтып, артын қойса,-

деп жауап береді.

Осыдан кейін тырна тоты құс туралы хикая айтады. Бұл оқиғада

тоты құсқа маза бермей, тынышын алған балалардан Сүлеймен патша

неге қашып кетпейсің деп ақыл айтады. Тоты құс:

Балалар қиналады тартып азап,

Тақсыр-ау, қаш демеңіз мені қажап.

Тор түгіл, оқ атса да ұстатам ба,

Бұларды қылып жүрмін ойын, мазақ,-

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 23

дейді. Дегенмен тоты торға түсіп, оны Сүлеймен патшаға әкеледі.

Сүлеймен патша: “Тоты айтты деген сөз қалсын, босатып қоя

беріңдер”,- дейді. Мұндағы тартыс тудырған негізгі идея тоты құс

мен тырнаға ортақ. Ол көптің сөзін тыңдау керек, айтылған ақылды

ұғу керек деген ой. Тырна құстарды тыңдамай елден бөлініп қалса,

тоты құс Сүлеймен патшаның айтқанына көнбей торға түседі.

Өлеңнің өн бойынан көрінетін драмалық тартыс осылайша өлең

идеясын ашуға арқау болып тұр. “Мәшһүр-Жүсіптің тырнамен

айтысы” атты оқиғалы өлеңде автор мақал-мәтелдерді де негізгі ойды

көркем түрде жеткізу үшін ұтымды қолданған. Мысалы: “Беймазаның

түбі – наза”, “Келген – дәулет, кеткен – бейнет” сияқты мақал-

мәтелдер өлеңнің ішкі мазмұнын ашу үшін алынған. “Мәшһүр-

Жүсіптің ала қарғамен айтысы” деген өлеңі біреуге жамандық

ойлама, өз басыңа келеді деген идеяны қазық етеді. Бұл өлеңде де

алғашқы тартыс тікелей сұрақ қоюдан басталады. Нұқ пайғамбардың

кемесі. Кемені тышқан тесіп, оны жылан өз денесімен бітеп тұрады.

Өз қызметі үшін дүниедегі ең дәмді етті сұрайды. Еттің дәмін біліп

келуге қарғаны жұмсайды. Алайда, ашқарақ, ашкөз қарға жер

бетіндегі мол жемтікті көріп пайғамбардың берген тапсырмасын

ұмытып кетеді. Артынан қарлығаш пен сона, оқпақ іздеп келгенде

қарлығаш адамға жаны ашып, қарға, сона, оқпақтың тілдерін жұлып

алады. Пайғамбардың алдына келгенде ең тәтті шөлбақа еті екен

дейді. Мұндағы тартыс арқылы адам жаны үшін күрескен қарлығаш

пен қанқұмарлар (сона, оқпақ, қарға) арасында болып тұр, қарлығаш

өз жанын аямай адам өмірінің арашасы болады. Мысалы:

Сонда мен аузымды ашып, тұрдым қарап,

Тілімді жұлып алды, ақты қанап.

. . . оқпақтың тілін жұлып “ох” дегізіп,

Сонаны ызылдатып қоя берді,-

деген жерінен осы тартыстың шарықтау шегін байқаймыз. Ал,

қарлығаштың “шөлбақа тәтті екен барша жаннан” деуі барлық

оқиғаның шешімі іспеттес. Себебі, қарлығаштың осы сөзінен кейін

жыланға бақа еті бұйырса, қарға сақау болып қалады. Бұл мысалда да

Мәшһүр-Жүсіп халық арасында кеңінен танымал тұрақты тіркестер

мен мақал-мәтелдерді ұтымды пайдаланған. Мысалы: “Көңіл –

қорқақ, тіл – батыр”, “Буға мастану”, “Иманды құл тілге шетін”, т.б.

Ақынның “Жарты нан хикаясы” атты өлеңі адамның ішкі жан

дүниесінің тазалығы туралы. Өлеңде автор адамның көрсеқызар

24 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

мінезінің, артық сөзінің өзіне жау екенін айтады. Мұндағы тартыс та

адамның ішкі жан дүниесіндегі әрекетті сипаттайды. Бұл өлеңнің

ұтымдылығы көзге көрінбейтін “Абайсызда айтылған сөз”, “Ораза”,

“Намаз” сияқты ұғымдарды жандандырып көрсетуінде. Адамның

басына “абайсызда айтылған сөз” – жыланнан қауіп төнгенде отыз

кісі – “ораза”, “бес кісі” – бес уақыт намаз да көмекке келе алмайды.

Тек, қайыр ғып берген жарты нан ғана “жарты кісі” болып қол ұшын

береді. Өлеңнен үзінді келтірсек:

Не дейсің, бұл айдаһар дәнеме емес,

Аузыңнан абайсызда шыққан сөзін.

... Жамандық алтындай боп түсер көзге

... Оразаң отыз күнгі – отыз кісің,

... танып қой, танымасаң мен боламын,

Дүниеде қылған қайыр – жарты наның”-

дейді.


Мәшһүр-Жүсіп өлеңдерінің негізгі идеялары көбінесе адамның

биік болуы, таза, адал болуы сияқты тақырыптарды нысана етеді.

Сопылық ілімді жақтаған ақын өз ойларын мысал өлеңдерде шағын

драмалық тартыс арқылы жақсы ашады. Сонымен бірге ақын

шығармалары көркемдік жағынан өз биігінде дейміз. Мәселен

“Жарты нан хикаясы” деген өлеңінде дүниенің тез өтетінін “бәйге

атындай желіп шауып” дейді. Бәйге атының ұшқыр шабысын

дүниемен салыстыру арқылы қазақ ұғымына сай сөзді орынды

пайдаланған. “Жарқыраған заттарды тауып алған адамның әрекетін”;

“шаттанып өз-өзінен судай тасты”,- дейді. Осы жолдағы негізгі бейне

“судай тасты” деген сөз арқылы беріліп тұр. Ал, жарты адамды

“селтеңдеп” деген сөз нақтылы көрсетіп тұр. Осы сияқты образды

сөздердің көп болуы өлеңнің ішкі мазмұнын ашуға негіз болады.

Мәшһүр-Жүсіптің өлеңдері туралы ғалым С.Дәуітов былай

дейді: “Ақын бұл шығармаларында да көпшілік қауымды еңбекке,

оқу-білімге, адалдыққа үндейді. Әсіресе қолыңнан келгенше кісіге

жақсылық істе, кедей-кембағалдың қажетін өтеу – адамдық

борышың. Ал, халық үмітін ақтарлық игілікті ісің болмаса, кісі

санатына қалай қосылмақсың? – деген”. /24,18/. Ғалымның айтқан

пікіріне қосыла отырып, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармалары

адамды биік мұраттарға тәрбиелеп, пенделік сияқты ұсақ

әрекеттерден аулақ болуға үгіттейді демекпіз. Ақын туындылары





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет