Монография Семей «Үш биік» баспасы 010 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ ббк 84. (5 Каз) а 56



бет18/20
Дата07.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#17517
түріМонография
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
А.С.Ақтанова қазақ балалар драматургиясы

Қазақ балалар драматургиясының дамуы мен қалыптасуы

дегенде балаларға арналған драмалық туындылардың театр

сахнасында қойылуы да назарда болады. Осы орайда жастар мен

балалар театрында кейінгі он жылда қойылған пьесаларды да саралап

өттік. Мұнда да бүлдіршін жастағы көрермен мен ересек көрермендер

деп жіктеп алған орынды болар деп ойлаймыз. С.Балғабаевтың

Жымбала, Мико және қасқыр”, Ө.Боранбаевтың “Бәрінен күшті-



қорқақ көжек”, А.Хангелдиннің “Керемет”, М.Ақынжановтың “Алтын

сақа”, М.Қабанбайдың “Ти-ти”, халық ертегісінің ізімен жазылған

Қаңбақ шал” т.б. пьесалар көрермен балалардың көңілінен шыққан



туындылар ретінде белгілі қойылымдар. Сонымен бірге, ересек

балалар назарына ұсынылып отырған “Сталинге хат” (Ш.Мұртаза),

Жау тылындағы бала” (О.Бөкей), “Бесеудің хаты” (Ш.Мұртаза), “Кер



құла атты Кендебай” (Т.Алшынбаев) т.б. пьесалар театр сахнасынан

әлі күнге дейін түспей келе жатқан туындылар ретінде белгілі.

Қазақ балалар драматургиясының туу және қалыптасу жолдары

дегенде әлі де беті ашылмаған мәселелер көп. Оны бір

диссертациялық жұмыс көлеміне сыйғызу мүмкін емес. Бұл өте

ауқымды тақырып. Әлі де болса балаларға арналған туындылардың

тілдік, стильдік жағын саралай түсу қажет. Сонымен бірге қазіргі

заман балаларының психологиясы, түсінігі, рухани-эстетикалық

қабылдауының күннен күнге өсіп, дамып отыратынын ескеру шарт.

Осы орайда көркемдік шындықты беруде жаңа ізденістер, тың

тақырыптардың ұлттық бояумен астасып келуі әбден орынды болар

еді. Реті келгенде, басқа да ұғымдар тәрізді ұлттық өрнек

талаптарының бір орында тұрмай, даму үстінде болатыны, кейін

шыққан теледидар, компьютер, жеңіл құбылатын музыка т.б.

әсерімен балаларды әлемдік балалар психологиясына тән дәстүрді

ұлттық психологиямен ұштастырудағы өзгерістер тарихы да өзіндік

бір тақырып дегіміз келеді.

Қазақ балалар драматургиясының даму, қалыптасу тарихына көз

жіберсек қоғамдық-әлеуметтік өзгерістердің кейіпкер жасау, тұлға

сомдау кезінде өз ықпалын тигізіп отырғанын байқаймыз. Тәуелсіздік

әкелген сөз бостандығы әміршілдік жүйені сынауға жол ашты.

Алайда, жетпіс жыл бойы үстемдік еткен өмірді боямалап көрсету

әдеті қазіргі заман шындығын тікелей айту, көрсету, сынау

дәстүрінің қалыптаспағандығымен астасып келіп, бүгінгі жастар

өмірінің әдеби туындыларда ашылмай, біржақты ғана көрінуіне себеп

болып отыр. Заман індетіне айналып бара жатқан ішкілікке салыну,

нашақорлық, жезөкшелік, халық мүлкін заң атынан қымқыру сияқты

әрекеттерді батыл айтатын туындылардың жоқтығы сайып келгенде

жазушылардың идея, тақырып таңдауында тығырыққа тірелгенін

байқатады. Әрине, он жылдық тәуелсіздік еліміздің рухани, мәдени

дамуында алдыға жылжығандық, ілгерілеушілік әкелді. Дегенмен,

балалар әдебитеінде, оның ішінде балалар драматургиясында әлі де

болса қазіргі заманның шынайы кейіпкерінің болмауы жоғарыда

айтып өткен дәстүрдің әсері демекпіз. Балалар жазушыларының

қазіргі заман балаларының талап-тілегін орындайтын, олардың

көңілінен шығып, көкейіне қонатын туынды бере алмауы ең



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет