Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет38/61
Дата29.10.2023
өлшемі290,73 Kb.
#121004
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61
Үшінші топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы мен шартты рай формасы жатады, бұлар үшінші үлгі бойынша жіктеледі.
Төртінші топқа етістіктің бұйрық рай формасы жатады да, төртінші үлгі бойынша жіктеледі.
Жіктік жалғаудың ықшамдалған түрлері
Қазіргі қазақ тілінде жіктік жалғаудың ықшамдалған кейбір формалары бар және олар толық формалармен жарыса әдеби тілде қатар қолданып жүр. Ондай ықшамдалған тұлға екі тұлғада жиі ұшырайды.
Біріншіден, ондай ықшамдалу құбылысы жоғарыдағы бірінші үлгіге тән -ған формалы есімшемен байланысты жиі кездесіп отырады.Мысалы: тартқам, келгем.
Екіншіден –а,-е,-й формалы көсемшенің бірінші және үшінші жақтарында жиі кездеседі. Мысалы: аттанам, тігем, барам. Ықшамдалған формалар ауызекі тілде және өлең сөздерде жиі кездеседі. Бірақ олардың ықшамдалуына жіктік жалғауының өзіне тән екпіні болмауы себеп те, негіз де болған сияқты.
Жіктік жалғаудың болымсыз түрде қолдануы
Екінші, үшінші, төртінші үлгілер бойынша жіктелетін етістіктерді қайсысы болмасын түбірге болымсыз форманың –ма(-ме,-ба,-бе,-па, -пе) қосымшасы тікелей қосылып жіктеле береді (бармаймын, бармадым, келмесем, бармайын).
Бірінші үлгі бойынша жіктелетін есімшелер мен есімдердің болымсыз формада жіктелулерінде айырмашылықтар бар:
а)Есімдердің бәрінен де болымсыздық форма емес сөзі тіркесу арқылы жасалатындықтан, жіктік жалғауы сол дәнекерге жалғанады.Мысалы: Мен Оралбай емеспін, елдің жазықсыз, қылмыссыз адамымын(М.Әуезов).
ә) есімше формалардан болымсыздық формалар синтетикалық тәсіл (-ма,-ме жұрнағы) арқылы да, аналитикалық тәсіл(«емес», «жоқ» сөздерінің көмегі) арқылы жасалатындықтан, олардың жіктелулері екі тәсілдің ерекшеліктеріне байланысты болады (бармаған, келмеген, тұрған емеспін, тұрған жоқпын).
б) Жазуда да, ауызекі тілде де екінші үлгі бойынша жіктеліп, өкінбеймін, аямаймын, жібімеймін деген сияқты болып келетін көсемшенің ауыспалы формасының орнына өкінбен, аяман, жібімен, жаңылдырман деген форма қолданады, бұл формалар көтеріңкі ырғақпен, зілді үнмен айтылып, белгілі эмоциялық, экспрессивтік рай білдіру үшін жұмсалады әрі етістіктің жекеше түрінің болымсыз формасының бірінші жақ көрсеткіші ретінде ғана жұмсалады, өзге жақтарда қолданылмайды.
Жіктік жалғаудың қолданылмайтын жағдайлары
а) Сөйлемнің бастауышы (жіктеу есімдігі) айтылмаған жағдайда жіктік жалғау әрқашан қолданылады.Мысалы: Көңілім неге жасисың? Миым неге ашисың? (С.Торайғыров).
Сөйлемнің бастауыштары(жіктеу есімдігі) айтылған жағдайда жіктік жалғаудың қолданылмайтын кезі де болады. Мен сен емес, жас күнім жайнап тұрған(Абай).
ә)Ауыспалы көсемшенің (а,е,й) үшінші жағының жіктік жалғауы барлық басқа жағдайларда түсірілгенмен, сұраулық шылау тіркескенде, әдетте, қолданылмайды. Мысалы: ол барады – ол бара ма?
а)Жіктік жалғау көптік жалғаулы сөзге жалғана береді (біздер оқушылармыз).
ә) Жіктік жалғау тәуелдеулі сөзге де жалған береді де, жіктік жалғаудан кейін (субстантивтенгенде ғана болмаса) тәуелдік жалғау жалғанбайды.
Бірақ тәуелдеулі сөздердің жіктелулерінде біраз ерекшеліктер бар:
1) тәуелдіктің бірінші жағының қосымшасы қосылған сөзге ешуақытта да жіктік жалғаудың бірінші жағының қосымшасы жалғанбайды, тек екінші жақтың жалғауы ғана жалғанады. Мысалы: студентімсің, оқушыларымызсыңдар.
2)Керісінше, тәуелдіктің екінші жағының жалғауы жалғанған сөзге еш уақытта да жіктіктің екінші жағының жалғауы жалғанбайды, тек бірінші жақтың жіктік жалғауы ғана жалғанады. Мысалы: мен студентіңмін, оқушыңмын.
3)тәуелдіктің үшінші жағының жалғауы жалғанған сөзге жіктіктің бірінші, екінші жақтарының жалғаулары жалғана береді.Мысалы: студентімін, оқушысымын, оқушысысың, студентісіз.
б)Сұраулық шылау ма, ме жіктік жалғаудың екінші жағының жалғауынан кейін де, бұрын да келе береді. Бірақ бұрын келгенде сұраулық шылаудың ашық дауысты дыбысы (а, е), сөздің жуан я жіңішкелігіне қарай, қысаң дыбысқа (ы, і) айналады.Мысалы оқушысың ба? – оқушымысың? Барасың ба? – барамысың?
в) Тәуелдеулі сөздің бірінші және үшінші жақтарында да, сұраулық шылау (ма, ме) жіктік жалғаудан кейін де, бұрын да келе береді.Мысалы: оқушымсың ба? –оқушымбысың?
г) Атау формалардан басқа септік жалғаулы сөздердің ішінен, әдетте, мекендік және көлемдік мағына беретін жатыс және шығыс жалғаулы сөздер де баяндауыш болғанда, жіктік жалғау жалғанады. Мысалы: қай қаладансыңдар? Көкшетауданбыз.
ғ) Жіктік жалғаудың бірінші, екінші жақтарының қосымшалары, қажет болған жағдайда, жіктелетін сөзге тікелей жалғанбай, ғана, -ақ шылауларынан кейін де келеді. Мен оның атқосшысы ғанамын. Қарғаның жаман-ақсың баласынан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет