Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет43/61
Дата29.10.2023
өлшемі290,73 Kb.
#121004
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61
Ескерту: Алаған, жатаған, күзеген сияқты сын есімдер де бір кезде –ған; -ген жұрнағы арқылы жасалған аладыған, жатадыған формаларының ықшамдалуы арқылы пайда болған. Бірақ бұл (формалар) сөздер есімше формасынан біржақты сын есімге ауысқан, сондай-ақ қапқан, туысқан сияқты зат есімдердің де есімше формасының қолданылу барысында конверсияланған түрі деп білу қажет.
2. Дағдылы өткен шақ есімше.
Дағдылы өткен шақ есімше –атын (-етін; -йтін) жұрнағы арқылы жасалады. Есімшенің бұл түрі сөйлемде жіктеліп, бұрын болған әрекеттің бірнеше қайталанып, дағдылы қалыпта орындалып тұрғанын білдіреді. Мысалы, баратынмын, баратынсың, баратынсыз, баратын.
Ал атрибуттың қызметтегі айтатын хабар, қарайтын мәселе дегендегі есімшелер келер шақ мәнінде жұмсалған сияқтанып тұрады. Бірақ атрибуттық қызметтеггі –атын (-етін; -йтін) қосымшалы есімше шақтық мағынадан гөрі анықтауыш қызметін атқарады да, шақтық мағынаны білдіру баяндауыштың үлесіне тиеді. Мысалы: Оқитын кітабым жоғалды. Оқитын кітабым үйде тұр. Оқитын кітабым көбеймекші. Осы үш сөйлем үш шақта айтылып тұр. Бір сөйлемде бір ғана шақтық мағына болатынын ескерсек, үш сөйлемде қайталанып тұрған оқитын есімшелі форманың атрибуттық қызметте тұрып, шақтық мағынаға қатыспағанын көруге болады. Бұл үш сөйлемде шақтық мағына баяндауыш боп тұрған жоғалды, тұр, көбеймекші етістіктері білдіріп тұр.
Кейде –атын (-етін; -йтін) жұрнақты есімше келер шақтық та мағынаны білдіреді.Оны байқау үшін –ар, -ер,-р; есімше жұрнақтарымен синоним ретінде қолданылатынын салыстырсақ та болады. Айталық оқитын кітабым, оқыр кітабым, сөйлейтін сөз, сөйлер сөз. Сондықтан болар, есімшенің бұл түрі ауыспалы өткен шақ деп те аталады. Ал, дағдылы өткен шақ деп аталуы есімшенің бұл түрінің жіктеліп, баяндауыш қызметін атқаруына байланысты.
Мен оқитынмын
Сен оқитынсың
Сіз оқитынсыз
Ол оқитын
/а тұрған/ а тұғын/ атын
3. Болжалды келер шақ есімше
Есімшенің бұл түрі ар/-ер/-р/-с жұрнақтары арқылы жасалады /-ар/-ер/-р болымды етістіктерге жалғанса, -с жұрнағы болымсыз етістіктерге жалғанады. –барар, -бармас . Болжалды есімше де атрибуттық және жіктеліп предикаттық мағынада қолданылады.
Есімшенің бұл түрі басқаларындай тәуелденіп, септеліп, қолданылғанымен көптік жалғауды қабылдамайды. Бұл есімшенің осы түрінің өзіндік ерекшелігін білдіреді. Дегенмен өткен шақ есімшелерге қарағанда –ар, -ер,-р,-с тұлғалы есімше сирек тәуелденіп, сирек септеледі.
Мысалы: Келердің алдында білдім. Келмеске кетті. Айтарын айтып қалсын. Ұшарымды жел, қонарымды сай біледі.
Есімшенің бұл түрінен конверсия жолымен зат есімдер қалыптасқан. Мысалы: ат байлар, шаш сипар, алтыатар.
Бұл есімшенің болымды, болымсыз түрі қосарланып, әрі қарай түрлі септік жалғауы арқылы қолданылады да, болымшы, шұғыл әрекетті аңғартады.
Мысалы: болар-болмас жұмыс (болымшы мән)
Келер-келместен кірісті (асығыс-шұғыл)
Барар-бармасын құдай біледі (күмәнді)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет