35 — сурет. Қосмекенді жануарлар ұрығынын стереограммасы
1 — эктодерма, 2 - мезодерма, 3 - мезодерманын висцерадьды жалырағы, 4 -
мезодерманың париетальды жапырағы, 5 - ішек, жуйке түтігі, 7 — хорда, 8 - миотом, 9 -
дерматом, 10 - сегментті аяқша, II- спланхнотом,
12 - склеротом, 13 - мезенхима.
Құс эмбриогенезі
Əр түрлі құстардың аталық жыныс жасушалары құрылысы жагынан бір-
бірімен
ұқсас.
Олар
бір-бірінен
тек
мөлшерімен,
бастары
мен
құйрықтарының пішінімен ғана ажыратылады. Сперматозоидтар аналық
жыныс жолында 30 күнге дейін ұрықтану қабілеұлпа жоймайды. Құс
жұмыртқасы, кейбір балықтар овоциттері (бекірелер) сиякты. полилецитті
жəне телолецитті жұмыртқа жасушасына жатады. Құс жұмыртқасындағы
сарыуыз қоры ұрықтың дернəсілдік сатысынан өтпей-ақ, жұмыртқанан толық
дамып шығуына мүмкіндік береді. Құс овоциті жұмыртқалықта дамып, пісіп
жетіліп, сарыуыз кабығымен қапталып, жұмыртқа жолына түседі. Ұрықтану
процесі жұмыртқа жолының жоғарғы 1/3 бөлігінде жүреді. Пайда болған
ұрық (зигота) жұмыртқа жолымен төмен қарай жылжи отырып, сыртынан
аналық жыныс жолы мүшелері (жұмыртқа жолы, мойыншық, жатыр, қынап)
өнімдерімен (белок, қауызасты қабық, қауыз) қапталып, толық жетіліп
сыртқа шығады. Ұрықтың даму процесі енесінің организмінен тыс,
толығымен жұмыртқада жүреді. Зигота жартылай (меробластикалық
жолмен), əркелкі, асинхронды жəне дискі тəрізді бөлшектенеді. Бөлшектену
процесі тек овоциттің ядросы орналасқан жоғарғы анимальды полюсінде
жүреді. Пішіні дөңгелек табақ тəрізді бластомерлерден құралған ұрық,
сарыуыздың жоғарғы жағымен жанаса орналасып, сарыуызбен қоректенеді.
Қоректену нəтижесінде сарыуыз қоры азайып, сарыуыз бен ұрықтың
88
аралығында қуыс пайда болады. Бөлшектену процесі пішіні дөңгелек
табақшаға (дискіге) ұқсаған көп жасушалы ұрық — дискобластуланың
түзілуімен аяқталады. Дискобластула мен сарыуыз арасында пайда болған
қуыс
бластоцель — деп аталады. Ұрықтың бөлшектенуі мен
гаструляциясының бастама процестері жұмыртқа жолында жүріп, аналық
жыныс жолдары өнімдерімен қапталып сыртқа шыққан жұмыртқада ұрықтың
одан əрі дамуы тоқталады. Ұрықтың даму процесі күрік құс жұмыртқаны
басып шайқаған немесе жұмыртқаны инкубаторға салған кезеңнен бастап
жалғасады.
Гаструляция процесі жарылу (деламинация), ішке көшу (иммиграция)
жəне қаптай өсу (эпиболия) арқылы жүреді. Инкубацияға салған
жұмыртқадағы ұрық 12 сағат ішінде сарыуызды қаптай өсіп, ұрық
Достарыңызбен бөлісу: |