торлы нейроциттер дендриттерінің сезімтал жүйке ұштары (рецепторлары)
сезім мүшелерінде орналасады. Рецепторлар ішкі жəне сыртқы орта
əсерлерінен қозып, жүйке толқындарын түзеді де, оларды байланыстырғыш
нейроциттер дендриттеріне өткізеді. Ассоциативті нейроциттер өз кезегінде
жүйке
толқындарын
дендриттері
арқылы
қабылдап,
оларды
перикариондарында өңдеп, өнделген жүйке толқындарын не күшейтіп (қозу),
не тежеп, эффекторлы нейроциттер дендриттеріне өткізеді. Қозғалтқыш
(эффекторлы) нейроциттер өз кезегінде жүйке толқындарын қабылдап
өңдеп, одан əрі орындаушы жұмысшы мүшелерге жеткізіп, олардың
тітіркендіргіш əсерлеріне жауап беру процесін іс жүзіне асырады. Демек,
рецепторлы, ассоциативті жəне эффекторлы нейроциттер бір-бірімен жанаса
жалғасып, нейроциттер тізбектерін жасау арқылы құрылысы əр түрлі
(қарапайым, күрделі) рефлекторлық доғалар түзеді. Рефлекторлық доғалар
жануарлар организмдеріндегі жүйке жүйесіне тəн түрлі рефлекстердің іс
жүзіне асуын қамтамасыз етеді. Рецепторлы нейроциттер перикариондары
жұлын жəне мидың сезімтал жүйке ганглийлерінде, ассоциативті жəне
қозғалтқыш сомалық (денелік) нейроциттер перикариондары жұлын мен
мидың сұр затында, ал вегетативті екінші эффекторлы нейроциттер
вегетативті жүйке ганглийлерінде орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |