Морфология


Жануарлар  қаңқаларының



Pdf көрінісі
бет286/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Жануарлар 

қаңқаларының 

сүйектерін 

оқығанда, 

олардың 


қурылысында  кездесетін  морфологиялық  тетіктерге  жете  көңіл  бөлу  қажет. 

Оларға: 


жіліктердің 

эпифиздері 

мен 

диафиздерінің 



аралықтарында 

орналасатын  метафиз  (metaphysis),  сүйектерде  болатын  тетіктер:  өсінді 

(processus),  төмпек  (tuber),  төмпешік  (tuberculum),  қыр  (crista),  бұдыр 

(tuberositas),  бет  (facies),  жиек  (margo),  шұңқыр  (fossa),  ойыс  (fovea), 

шұңқыршық  (foveola),  сай  (sulcus),  ойық  (incisura),  саңылау  (fissura),  өзек 

(canalis), қуыс (cavum), тесік (foramen) жатады. 



Қаңқа  сүйектерінің  дамуы.  Жануарлар  организмдерінің  қаңқалары 

сүйектерінің даму сипатына байланысты біріншілік сүйектер жəне екіншілік 

сүйектер болып екі топқа бөлінеді. 

Біріншілік  сүйектер  даму  барысында  бірін-бірі  кезегімен  алмас-

тыратын  үш  кезеңнен  өтеді.  Олар:  жарғақтық,  шеміршектік  жəне  сүйектік 

кезеңдер.  Ұрықтық  дамудың  алғашқы  сатыларында  дене  қаңқасы 

сүйектерінің  қызметін  жұмсақ  дəнекер  ұлпалық  жарғақтар  кұрайды.  Бұл 

қаңқа  сүйектері  дамуының  бірінші  жарғақтық  кезеңі.  Эмбриондық  дамудың 

келесі  сатыларында  жарғақтық  қаңқаны  шеміршек  қаңқа  алмастырады.  Бұл 

процесс  жануарлар  іштөлдерінің  эмбриондық  даму  мерзіміне  байланысты 

түрлі  уақыт  өлшемімен  сипатталады.  Дəнекер  ұлпалық  жұмсақ  жарғақтар 

қатты  шеміршек  ұлпасына  айнала  бастайды.  Шеміршек  қаңқаның 

шеміршектері  болашақ  сүйек  қаңқа  сүйектерінің  пішініне  ұқсап,  олардың 

шеміршектік  мөделдеріне  айналады.  Бұл  кезеңді  шеміршектік  кезең—  деп 

атайды.  

Ұрықтық  дамудың  бұдан  кейінгі  сатыларында  шеміршектер  сүйектену 

процесі  арқылы  эмбрионның  қаңқа  сүйектеріне  айналады.  Бүл  —  сүйектік 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет