Морфология


шеміршек  немесе  метафиз



Pdf көрінісі
бет289/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   1132
шеміршек  немесе  метафиз  (metaphysis)  —  деп  аталады.  Метафиз  сүйек 

диафизі  қуысы  жағынан  эндоостпен  (endoosteum)  қапталған.  Метафиз  бен 

субхондральды сүйек жіліктердің ұзынынан өсуін қамтамасыз етеді. 

Жілік эпифиздерінің ішінде пайда болған сүйектену ошақтарынан кемік 

сүйек заты дамиды. Оның ұлғайып өсуі нəтижесінде шеміршектік эпифиздер 

толығымен  сүйек  кемігіне  айналады.  Бірақ,  шеміршек  толығымен  жойылып 




163 

 

кетпейді.  Ол  эпифиздердің  сыртқы  буындық  беттерінде  жəне  метафиздерде 



сақталып қалады. 

Қысқа сүйектер негізінен энхондральды сүйектену жолымен дамиды. Ал 

сүйектерде кездесетін əр түрлі өсінділер жекеленген энхондральды сүйектену 

ошақтары арқылы өсіп жетіледі. Бұндай ошақтарды апофиздер (apophysis) — 

деп атайды. 

Сүйектің  өсуі.  Жануарлар  денелерінің  өсуімен  қатар,  қаңқа  сүйектері 

де,  көлденеңінен  қалыңдап  жəне  ұзынынан  өседі.  Олардың  көлденеңінен 

қалындап  өсуін  сүйекқап  остеобласттары  түзетін  сүйек  ұлпасы  қамтамасыз 

етеді.  Ал  сүйектердің  ұзынынан  өсуі  метафизбен  субхондральды  сүйек 

қабаты  жасушалары  мен  эндоост  остеокласттары  жəне  остеобласттарының 

əрекеті  нəтижесінде  түзілген  сүйек  ұлпасы  арқылы  іске  асады.  Сүйектердің 

диафизі  мен  метафиздерінің  өзара  тұтасып  кетуі  —  жануарлар  организмінің 

толық жетіліп, оның өсуінің тоқталуының белгісі. 

Əр  түрлі  жануарлар  қаңқа  сүйектерінің  толық  жетілу  мерзімі,  олардың 

тұқымына,  күтіміне,  азықтануына,  физиологиялық  жағдайларына,  өнімдік 

бағытына  байланысты.  Орта  есеппен  кейбір  жануарлардың  өсіп  жетілу 

мерзімі:  жылқыда  —  4,5-5  жылға;  сиырда  4-4,5  жылға;  қойда,  ешкіде, 

шошқада — 3-3,5 жылға; түйеде - 8 жылға; итте — 1,5-2 жылға; қоянда —1 

жылға тең болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет