шеміршектік
немесе
энхондральды
жəне
шеміршексырттық немесе перихондральды түрлері ажыратылады.
Жіліктердің бөліктеріндегі сүйектенудің өзі əр түрлі жолмен, жіліктің
диафизі перихондральды, ал эпифиздері энхондральды жолмен сүйектенеді.
Перихондральды сүйектену кезінде, сүйек ұлпасы шеміршектік жіліктің
диафизі шеміршекқабының ішкі бетіндегі жасушалардан (остеобласттардан)
түзіледі. Сүйек ұлпасының одан əрі қалыңдауының нəтижесінде, жіліктің
сүйектік диафизінің тығыз сүйек заты қалыптасады. Жіліктік шеміршекті
жіліктің ішіне қарай енген остеобласттар мен остеокласттардың (osteoclastus
— сүйек ұлпасын бұзатын жасушалар) қатысуымен шеміршектік диафиздің
орнында сүйек кемігі түзіледі. Жілік диафизінде остеокласттардың
қатысуымен сүйек кемігі толығымен бұзылып, оның орнында жілік қуысы
пайда болады. Сүйектену процесінің нəтижесінде бұрынғы шеміршектік
жіліктің шеміршек ұлпасы тек диафиздің екі ұшы мен эпифиздердің
аралығында ғана сақталып қалады. Аталған шеміршек қабат сүйектік диафиз
бен сүйектік эпифиздер жағынан құрылысы ерекше шеміршекасты
(субхондральды) сүйекпен қапталған. Бұл шеміршек аралықтар метафиздік
Достарыңызбен бөлісу: |