Морфология


кезең.  Жануарлар  қаңқасының  біріншілік  сүйектеріне  тұлғаның,  аяқтардың  жəне  бас-сүйектің  негіздік  сүйектері  жатады.  Ал  қаңқаның  екіншілік



Pdf көрінісі
бет287/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

кезең.  Жануарлар  қаңқасының  біріншілік  сүйектеріне  тұлғаның,  аяқтардың 

жəне  бас-сүйектің  негіздік  сүйектері  жатады.  Ал  қаңқаның  екіншілік 



сүйектері  тек  екі:  жарғақтық  жəне  сүйектік  кезеңдерден  өтеді.  Екіншілік 

сүйектерге бассүйектің жабынды жалпақ сүйектері жатады. 

Эволюциялық  даму  барысында  жануарлар  қаңқалары  да  үш  даму 

кезеңінен: жарғақтық, шеміршектік жəне сүйектік кезеңдерден өтеді. 

Жануарлар  филогенезінде  жарғақты  қаңқа  алғашқы  рет  хордалылар 

типінің  қарапайым  өкілі  қандауыршада  (ланцетниктерде)  дамып  жетіледі. 

Эволюциялық  дамудың  келесі  сатыларында  омыртқалы  жануарларда 

жарғақтық қаңқаны шеміршектік қаңқа ауыстырады. Қаңқаның аталмыш түрі 

қазіргі  кезде  тіршілік  ететін  шеміршекті  балықтарда,  мысалы,  акулалар  мен 



162 

 

скаттарда  болады.  Эволюциялық  дамудың  одан  кейінгі  сатыларында. 



омыртқалы  жануарларда  шеміршектік  қаңқадан  сүйектік  қаңқа  дамып 

жетіледі.  Қазіргі  кезде  хордалылар  типіне  жататын  жануарларда  кеңінен 

тараған  қаңқа  -  сүйектік  қаңқа.  Қаңқа  құрамында  аздаған  шеміршектер 

кездеседі.  Оларға  жауырын,  қабырғалар,  төссүйек  шеміршектері,  буындарда 

кезесетін  шеміршек  тегіршек  (тобық  буыны)  пен  шеміршек  дискі  (самай-

төменгі  жақ  буыны),  омыртқалар  денелері  аралықтарындағы  шеміршек 

дискілер  жатады.  Сүйектік  қаңқалар  сүйекті  балықтарда,  қосмекенділерде, 

бауыры-мен жорғалаушыларда, құстарда, сүтқоректілерде болады. 

Əрбір 

жануардың 



қаңқасы 

өзінің 


онтогенезінде 

ата-тектері 

филогенезінің негізгі кезендерін қысқаша қайталап өтеді. 

Онтогенезде  біріншілік  сүйектер  дамудың  үш  кезеңінен,  ал  екіншілік 

сүйектер  мезенхимадан  дамитын  жарғақтық  қаңқа  жəне  оның  орнында 

қалыптасатын сүйектік қаңқа кезеңдерінен, яғни екі кезеңнен өтеді. 

Онтогенездің  бастапқы  кезеңінде  ұрықтық  жас  дəнекер  ұлпасы  — 

мезенхимадан  жарғақтық  қаңқа  дамиды.  Дамудың  келесі  кезеңінде 

жарғақтық  қаңқа  негізінен  шеміршектік  қаңкаға  ауысады.  Бұдан  кейін, 

шеміршектік  қаңқаның  кейбір  сүйектерінде  сүйектену  ошақтары  пайда 

болады  да,  шеміршекті  қаңқа  біртіндеп  сүйектеніп,  сүйектік  қаңқа 

сүйектеріне айнала бастайды. 

Қаңқа  сүйектеріндегі  сүйек  ұлпасының  түзілу  орнына  байланысты 

сүйектенудің: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет