Омыртқаның құрылысы. Омыртқа (позвонок, лат. — vertebra, грек. -
spondylus) үш бөлімнен: омыртқа денесінен, омыртқа доғасынан жəне
омыртқа тесігінен (foramen vertebrale) тұрады.
Омыртқа денесінің (corpus vertebrae) краниальды жағында дөңес келген
омыртқа басы (caput vertebrae), оған қарама-қарсы каудальды жағында
омыртқа шұңқыры (fossa vertebrae), төменгі бетінде вентральды қыры
(crista ventralis) болады.
Омыртқа доғасы (arcus vertebrae) омыртқа денесінің екі бүйір
қапталымен жалғасып, оның жоғарғы жағындағы сүйек тақташасынан
құралған омыртқа бөлімі. Омыртқа денесі мен доғасының бір-біріне
жалғасатын тұсында краниальды (алдыңғы) жəне каудальды (артқы) омыртқа
ойықтары көрінеді. Көршілес омыртқалар аралығында аталған ойықтар
бірігіп, қан тамырлары мен жүйкелер (нервтер) өтетін омыртқааралық
Достарыңызбен бөлісу: |