Морфология



Pdf көрінісі
бет320/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Ерекшеліктері:  Жылқыда  шүйде  сүйек  денесінің  пішіні  цилиндр 

тəрізді,  мойындырық  өсіндісі  тік  болады.  Желке  қыры  айқын  білінеді. 

Сыртқы шүйде дөңесінен темен желке шұңқыры орналасады. 

Сиырда  мойындырық  өсіндісі  қысқа  жəне  медиальды  бағытта  иілген. 

Жырымдалған  тесіктің  каудальды  бөлігінен  жеке  мойындырық  тесігі 

(foramen  jugulare)  қалыптасып,  бөлініп  тұрады.  Тіласты  жүйкесі  өзегінің 

тесігі қосарланған екі тесіктен құралған. 

 

91 - сурет. Бассүйектер А — сиыр, Б — жылқы 

1 — тебе сүйек, 2 — маңдай сүйек, 3 — көздік үсті тесігі, 4 — маңдай сүйектің 

шықшыт өсіндісі, 5 — көздік (көз шарасы, аңғалак), 6 — көз жасы сүйегі, 7 — шықшыт 

сүйек, 8 — мұрын сүйек, 9 — жоғарғьг жақсүйек, 10 — мүйіз өсіндісі, 11 — маңдай қыры 

(сиырда), 12 — самай шұңқыры, 13 — көздікасты тесік, 14 — тұмсық сүйек, 15 — шүйде 

қыры, 16 — төбеаралық сүйек. 

 

Желке  қырының орнында  желке  сызығы  болады.  Сыртқы шүйде дөңесі 



нашар жетілген. 

Қойда  сыртқы  шүйде  дөңесі  жақсы  жетілген.  Тіласты  жүйкесінің  өзегі 

жеке тесіктен басталады. 



Шошқада мойындырық өсіндісі өте ұзын жəне вентральды бағытта тік 

орналасқан.  Шүйде  қабыршағының  пішіні  үшбұрышты,  оның  вентральды 

жиегі  үлкен  шүйде  тесігін  шектеуге  қатысады.  Сыртқы  шүйде  дөңесі 

болмайды.  Қартайған  қабан  мен  мегежіннің  шүйде  қабыршағында  қуысты 

қойнау пайда болады. 

Итте  мойындырық  өсіндісі  қысқа  болады,  Шүйде  қабыршағы  үлкен 

шүйде  тесігінің  дорсальды  жиегін  жасауға  қатысады.  Шүйде  қабыршағында 

жұп  желке  төмпешігі  (tuberculum  nuchale)  орналасқан.  Желке  қыры  айқын 

білінеді. Шүйде қабыршағының төбе бөлігі арқылы сыртқы сагиттальды қыр 

өтеді. 

Сынаша  сүйек  (клиновидная  кость)  —  os  sphenoidale  —  денеден,  жұп 

самай  жəне  жұп  көздік  қанаттар  мен  жұп  қанатша  өсіндіден  құралған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет