Морфология



Pdf көрінісі
бет328/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   1132
теменгі  жақ  шүңқыры  (fossamandibularis)  орналасады.  Осы  шұңқыр  мен 

есту жолы аралығында самай жолына қарай өтетін буынарты тесігі (foramen 

retroarticularis)  көрінеді.  Итте  буын  төмпешігінің  орнында  буын  сайы 

болады. Ұсақ маддар мен шошқада қабыршақтық бөліктіктің ми жағындағы 

бетінде желілік қыр көрінеді. 

Самай  сүйектің  дабылдық  бөлігі  (pars  tympanica)  сыртқы  есту  жолы 

(meatus  acusticus  externus)  мен  іші  куыс  дабыл  сүйектен  тұрады.  Сыртқы 

есту  жолы  буын  төмпешігінің  артқы  жағында  орналасады.  Оның  кіреберіс 

тесігі самай қырынан сəл төменірек орналасады. Есту жолының ішкі бетінде 

дабыл  жарғағы  бекитін  дабыл  сақинасы  болады.  Есту  жолы  түбінің  артқы 

жағында  тіласты  сүйеклен  байланысатын  бізше  өсінді  (processus  styloideus) 

шығып  тұрады.  Бізше  өсінді  мен  емізікше  өсіндінің  (processus  mastoideus) 

аралығында  бізше-емізікше  тесік  (foramen  stylomastoideus)  көрінеді.  Бұл 

тесік арқылы бет жүйкесі шығады. 



Дабыл сүйек (bulla tympanica) мойындырық өсіндісінің алдында. шүйде 

сүйек  денесінің  латеральды  жағында,  тастық  бөліктің  төменгі  бетін  ала 

орналасқан  қуысты  сүйек.  Оның  алдыңғы  төменгі  жағында  ет  өсіндісі 



178 

 

(processus  muscularis)  шығып  тұрады. Осы  өсіндінің  медиальды  жағында  ет-



түтік  өзегінің  (canalis  musculotubarius)  тесігін  көруге  болады.  Ет-түтік  өзегі 

ішіндегі  ұзынынан  өтетін  перде  (septum  canalis  musculotubarius)  аталған 

өзекті  өз  кезегінде  бірнеше  өзектерге  бөледі.  Олар:  таңдай  шымылдығын 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет