93 - сурет. Жылқы бассүйегінің бүйір беті (бет доғасы алынып тасталған) III —
жоғарғы жақ сүйек, IV — көзжасы сүйегі, V — бег сүйек, VI — маңдай сүйек, VII —
төбе сүйек, IX — самай сүиек, XIII — таңдай сүйек, XIV — сынаша сүйек
1 — көзжасы қапшығы шұңқыры мен көзжасы тесігі, 2 — торлы тесік, 3 — көру
тесігі, 4 — маңдай сүйектің бет өсіндісі, 5 — көздік саңылау, 6 — дөңгелек тесік, 7 —
самай сүйектің бет өсіндісі, 8 — шүйде айдаршығы, 9 — мойындырық өсіндісі, 10 —
сыртқы есту жолы, 11 — артқы (каудальды) қанат тесігі, 12 - кіші қанат тесігі, 13 -
сынатаңдай тесігі, 14 - жоғарғы жақ сүйек тесігі, 15 — каудальды таңдай тесігі, 16 —
жоғарғы жақ сүйек төмпегі, 17 — канатша қыр, 18 — сынаша сүйектің қанатша өсіндісі,
19 — ет төмпешігі, 20 — бізше өсінді, 21 — біз-емізікше тесігі, 22 - емізікше өсінді.
Қанатша сүйек (крыловидная кость) — os pterygoideum — жұка
тақташа тəрізді жұп сүйек. Ол сынаша сүйектің қанатша өсіндісі мен таңдай
сүйектің тік тақташасына жабысып тұрады. Шошқада қанатша сүйек пен
сынаша сүйектің қанатша өсіндісінің артқы жағында қанатша шұңқыр
(fossa pterygoidea) болады. Қанатша сүйектің төменгі жиегі ілмектеніп
тұрғандықтан, оны қанатша ілмегі (hamulus pterygoideus) — деп атайды. Əр
түрлі жануарлар қанатша сүйегінің құрылысындағы ерекшеліктер, негізінен
оның пішініне байланысты. Сиыр мен ұсақ малдарда қанатша сүйек ұзын
177
жəне жалпақ, жылқыда жіңішке жəне ұзын, шошқа мен итте қысқа жəне
жалпақ болып келеді.
Самай сүйек (височная кость) — os temporale — ми сауытының екі жақ
бүйір қабырғасын жəне артқы бассүйек шұңқырын, тепетендік жəне есту
мүшелерінің қаңқасын жасауға қатысады. Самай сүйектің артқы жиегі шүйде
сүйекпен, дорсальды жиегі төбе жəне маңдай сүйектермен, алдыңғы жағы
сынаша жəне бет сүйектермен, ал төменгі жиегі тіласты жəне төменгі жақ
сүйектерімен шектеседі. Ол үш бөліктен: қабыршақтық, дабылдық жəне
тастық бөліктерден құралған.
Самай сүйектің қабыршақтық бөлігі (pars squamosa) төбе сүйекке
жалғасып, самай шұңқырының (fossa temporalis) ішкі қабырғасын құрайтын
жалпақ сүйек. Оның сыртқы самай бетінде (facies temporalis) самай бұлшық
еті орналасады. Қабыршақтық бөліктің дорсальды төбе жиегінің (margo
parietalis) артқы жағы шүйде өсіндісіне (processus occipitalis), ал алдыңғы
шеті сынаша жиекке (margo sphenoidalis) жалғасады. Шүйде өсіндісінен
вентральды бағытта сыртқы есту жолы тұсында, тастық-дабыл өсіндісі
(processus petrotympanicus) ажырайды. Аталған өсінділер аралығында дабыл
Достарыңызбен бөлісу: |