маңдай қабыршағы, көздік жəне мұрын бөліктерінен тұрады. Маңдай
сүйектің алдыңғы жағы мұрын жəне көзжасы сүйектерімен, оның бүйір
жиектері тандай, сынаша жене самай сүйектерімен, алдыңғы ішкі жəне
төменгі шеті торлы сүйекпен, ал артқы жағы төбе жəне төбеаралық
сүйектермен шектеседі. Маңдай сүйектің көздік бөлігінде көздікүсті тесік
(foramenupraorbitalis) болады. Мүйізді жануарларда бұл сүйектің маңдай
қабыршағы бөлігінен мүйіз өсіндісі (processus cornualis) шығып тұрады.
Маңдай сүйектің сыртқы жəне ішкі тақташаларының аралығындағы қуысты
маңдай қойнауы (sinus frontalis) — деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |