Морфология



Pdf көрінісі
бет331/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   1132
Төбеаралық  сүйек  (межтеменная  кость)  —  os  interparietal  —  тек  жас 

төлдерде анық көрінеді. Ол сақа жануарларда шүйде жəне төбе сүйектермен 

тұтаса  байланысып  кетеді.  Жылқы  мен  итте  төбеаралық  сүйектің  ішкі 



179 

 

бетінде  ми  қорабы  қуысының  ішіне  қарай  шығып  тұратын  желілік  өсінді 



(processus tentorius) болады. 

 

94 - сурет. Жылқы бас сүйегінің сагиттальды кескіні 

1 — мандай қойнауы, 2 — торлы сүйек шытырманы, 3 — сынаша қойнау, 4 — əтеш 

айдары, 5 — ішкі сагиттальды қыр, 6 — желілік өсінді, 7 — тастық қыр, 8 — алмұртша 

шұңқыр, 9 — жүйке сайы, 10 — ішкі есту жолы, 11 — тіласты жүйке өзегі, 12 — шүйде 

сүйек денесі, 13 — сынаша сүйек денесі, 14— ет төмпешігі, 15 — маңдай сүйектің ішкі 

тақташасы, 16 — гипофиз шұңқыры, 17 — маңдай сүйектің сыртқы тақташасы, 18 — 

қанатша сүйек. 

 

Төбе сүйектің (теменная кость) — os parietale — алдыңғы жағы маңдай 

сүйекпен, артқы беті шүйде жəне төбеаралық сүйектермен, латеральды жиегі 

самай  сүйекпен  шектесіп,  ми  қорабының  төбесін  жəне  самай  шұңқырының 

ішкі  кдбырғасын  жасауға  қатысатын,  пішіні  жалпақ  келген  жұп  сүйек. 

Мүйізді  жануарларда  маңдай  сүйектің  мүйіз  өсінділері  күшті  жетіліп,  ми 

қорабы  төбесін  толық  алып  жатады.  Осыған  байланысты  бұл  жануарларда 

төбе  сүйек  шүйде  қабыршағының  желке  бөлігі  мен  самайға  қарай  ығыса 

орналасады да, желке такташасы (planum nuchale) — деп аталады. 



Мандай  сүйек  (лобная  кость)  —  os  frontale  —  ми  сауытының  маңдай 

бөлігін  құрайтын  жұп  сүйек.  Ол  орналасу  орындарына  сəйкес  үш  беліктен: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет