Морфология


кергіш  бұлшық  еттің  жарты  айшықты  өзегі



Pdf көрінісі
бет329/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

кергіш  бұлшық  еттің  жарты  айшықты  өзегі  (semicanalis  m.  tensoris  veli 

palatini)  жəне  есту  түтігінің  жарты  айшықты  өзегі  (semicanalis  tubae 

auditivae).  Бұлардың  біріншісі  арқылы  аталған  бұлшық  еттің  сіңірі  өтеді,  ал 

екінші  өзек  жұтқыншақтың  қуысын  дабыл  сүйегі  қуысымен  жалғастырып 

тұрады. 

Есту  түтігінің  сыртқы  жағымен  кіші  тастық  жүйкенің  өзегі  (canalisn. 

petrosi  minoris),  ал  ішкі  жағымен  үлкен  тастық  жүйкенің  өзегі  (canalis  n. 

petrosi  majoris)  өтеді.  Бұлармен  қатар,  ет  өсіндісі  мен  сыртқы  есту  жолы 

аралығында "дабылдық желі" атты жүйке өтетін өзекше (canalicus chordae 

timpani) көрінеді. 

Самай  сүйектің  тастық  бөлігі  (pars  petrosum)  есту-тепе-теңдік 

мүшесінің  қаңқасын  құрайды.  Ол  самай  сүйектің  дорсо-медиальды  бөлігін 

құрайды.  Тастық  бөліктің  сыртында  самай  сүйектің  қабыршақтық  жəне 

дабылдық бөліктері орналасады. Тастық бөліктің емізікше өсіндісі (processus 

mastoideus)  дабылдық  бөлік  пен  шүйде  сүйектің  мойындырық  өсіндісі 

аралығында орын тепкен. Емізікше өсінді, əсіресе, жылқыда жақсы жетілген. 

Тастық бөліктің ішкі медиальды бетінде ішкі есту жолына (meatus acusticus 

internus) апаратын ішкі есту жолының тесігі (porus acusticus intemus) айқын 

көрінеді.  Оның  жоғарғы  жағында,  ми  қорабының  ішкі  бетінде  мишық 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет