Морфология



Pdf көрінісі
бет334/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Ерекшеліктері.  Жылқыда  маңдай  қойнауының  қуысы  мұрын 

қуысындағы  дорсальды  мұрын  кеуілжірі  қойнауымен  жалғасып,  мандай-



кеуілжір  қойнауын  (sinus  conchofrontalis)  түзеді.  Маңдай  қабыршағы  ішкі 

тақташасының  торлы  жиегі  (margo  ethmoidalis)  арқылы  торлы  сүйекпен 

байланысады. 

Сиыр мен шошқада мандай қойнауьшың куысы шекаралас жатқан тбе, 

самай,  шүйде  сүйектер  қойнауларымен  жалғасып  жатады.  Ол  алдыңғы 

жағындағы тесік арқылы мұрын куысымен де жалғасады. 

Маңдай  сүйектің  бет  өсіндісі  жылқыда,  сиырда  жəне  ұсақ  малдарда 

бет  доғасымен  жалғасады.  Ал  шошқа  мен  итте  ол  бет    доғасына  жетпейді. 

Онымен  тек  кездік  байлам  (ligamentum  orbitale)  арқылы  жалғасады.  Бет 

өсіндісінің ішкі бетінде көзжасы безінің тұңқыры (fossa glandulae lacrimalis) 

болады. 


Маңдай сүйектің көздік бөлігі (pars orbitalis) көздіктің (көз шарасының, 

аңғалақтың)  ішкі  (медиальды)  қабырғасын  түзеді.  Маңдай  сүйектің  көздік 

бөлігінде торлы тесік (foramen ethmoidale) орналасады. 

Мандай  сүйектің  мұрын  бөлігі  (pars  nasalis)  мұрын  сүйекпен  бірге 

мұрын  қуысының  дорсокаудальды  төбесін  құрайды.  Оның  сыртқы  мұрын 

жəне ішкі торлы жиектері аралығында мандай қойнауының тесігі (apertura 

sinuum frontalium) болады. Торлы жиектен төменірек сагиттальды сызықтың 

бойында мұрын перделігін (septum nasi) жасауға қатысатын перделік өсінді 

(processus  septalis)  шығып  тұрады.  Перделік  осіндінің  артқы  жағы  ми 

куысындағы əтеш айдарына жалғасады. 



Торлы  сүйек  (решетчатая  кость)  —  os  ethmoidale  —  ми  сауытының 

алдыңғы  қабырғасын  түзіп,  ми  қорабы  куысын  мұрын  куысынан  бөліп 

тұратын  шекаралық  сүйек.  Торлы  сүйек  үш  түрлі  жұқа  сүйек  тақташадан 

(тесікгі,  перпендикулалы,  көздік)  жəне  екі  түрлі  торлы  шытырманнан  (ішкі 

иірмектерден, сыртқы иірмектерден) тұрады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет