Морфология



Pdf көрінісі
бет335/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Тесікті  тақташа  (lamina  cribrosa)  ми  сауытының  алдыңғы  қабырғасын 

жасауға  қатысады.  Оның  тым  ұсақ  көптеген  тесіктері  арқылы  мұрын 

куысынан  иіс  жүйкесінің  талшықтары  ми  қорабы  куысындағы  иіс  миы 

баданасына өтеді. Бұл тақташаның бүйір бетінен торлы артерия өтетін торлы 




181 

 

тесік  көрінеді.  Тесікті  тақташаның  ми  қуысы  бетінде  иіс  баданалары 



орналасатын  жұп  терең  иіс  шұңқыры  болады.  Иіс  шүңқырларын  бір-бірінен 

орталық сызық бойымен өтеш айдары бөліп тұрады. 



Перпендикулалы  тақташа  (lamina  perpendicularis)  мұрын  қуысының 

орталық жазықтығы бойымен тесікті тақташаға тік бұрыш жасай орналасады. 

Оның  алдыңғы  жағы  мұрын  перделігіне,  ал  артқы  жағы  əтеш  айдарына 

жалғасады. 

Перпендикулалы  тақташаның  дорсальды  жəне  вентральды  жиектері  оң 

жəне  сол  жакка  қарай  ажырап,  олардың  дорсальды  жиектері  желілік 



тақташаны  (lamina  tecteria),  ал  вентральды  жиектері  негіздік  тақташаны 

(lamina  basalis)  құрайды.  Желілік  тақташа  торлы  шытырманның  төбесін, 

негіздік  тақташа  оның  түбін  құрауға  қатысады.  Осы  аталған  екі  тақташа 

перпендикулалы тақташаны кездік тақташамен жалғастырады. 



Көздік тақташа (lamina orbitalis) — торлы шытырманның сыртқы бүйір 

қабырғаларын  құрайтын  қағаз  тəрізді  тым  жұқа  сүйек  тақташа.  Оның 

жоғарғы жəне төменгі жиектері тесікті жəне перпендикулалы тақташалармен 

тұтаса байланысып жатады. 



Торлы  шытырман  перпендикулалы  жəне  көздік  тақташалар 

аралығында  орналасқан.  Ол  түтік  тəрізді  иіріліп  жатқдн  тым  жұқа  сүйек 

тақташалары  иірмектерінен  құралған.  Мөлшері  мен  орналасу  орындарына 

байланысты олар екіге: ірі ішкі иірмектер (эндотурбиналиялар) жəне майда 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет