Морфология


Жануарлар  морфологиясының  Қазақстандағы  даму  тарихы



Pdf көрінісі
бет46/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   1132
Жануарлар  морфологиясының  Қазақстандағы  даму  тарихы. 

Қазақстанда  жануарлар  морфологиясы  ғылымдарының  даму  тарихы    1929 

жылдан,  яғни  Қазақстан  Республикасы  жоғары  оқу  орындары  қара 

шаңырақтарының  бірі  —  Алматы  зоотехникалық  —  мал  дəрігерлік 

институтында бірінші ашылған жеті кафедраның қатарындағы анатомия мен 

гистология жəне эмбриология кафедраларынан басталады. 

Анатомия  кафедрасын  коп  жылдар  бойы  меңгеріп,  морфологияның 

биоморфологиялық  бағьптарының  негізін  қалаған  ғалым,  профессор  Б.  А. 

Домбровский  өз  шəкірттерімен  бірге  (В.  В.  Колесников,  Ф.  М. 

Мүхамедгалиев, А. Ф. Максименков, Г. К. Қонақбаев, Ш. М. Жақашев, Қ, Б. 

Бердоңғаров  т.  б.)  төменгі  тұлға  еттерінің,  вегетативтік  жүйке  жəне  қан 

тамырлар  жүйелерінің  биоморфологиясын  зерттеуде  жануарлар  анатомиясы 

ғылымына  үлкен  үлес  қосты.  Кейінгі  жылдарда  қой  мен  түйе  малдары 

бүйректерінің    биоморфологиясын,  олардың  жастарына  байланысты  зерттеу 

(А.Ф.Шапилов,  С.  К.  Исембергенова),  Қазақстанның  оңтүстік  еңірінде 

өсірілеұлпа  жаңа  қой  тұқымдарының  (қазақтың  етті-жүнді,  қазақтың 

биязылау  жүнді,  оңтүстік  қазақ  мериносы  қойлары)  тірек-қимыл  аппараты, 

тері  жабыны  жəне  ішкі  мүшелерінің  биоморфологиясын  зерттеу  (К. 

Жаңабеков,  Ж.  А.  Рахимжанов,  Т.Н.  Несіпбаев,  С.  К.  Исембергенова  т.б.) 

арқылы  аталған  мал  тұқымдары  төлдерінің,  олардың  өнімдік  бағыттарына 

сəйкес  өніп-өсуіңдегі  биологиялық  зандылықтар  анықталып,  осы  мал 

тұқымдарын 

асылданыру 

жұмыстарымен 

шұғылданатын 

ғалым-


селекционерлерге ұсыныстар жасалынды. 

Тұңғыш  гистологиялық  зертгеулерді  1929-1936  жылдар  аралығыңда 

гистология  кафедрасын  басқарған  В.ВАвербург,  одан  кейін  1936-1945 

жылдарда  меңгерген  В.В.Колесников  ұйымдастырды.  Гистологияның 

Қазақстандағы  қарқынды  дамуы  академик  Фазыл  Мұхамедғалиұлы 

Мұхамедғалиевтың  есімімен  тығыз  байланысты.  Дарынды  ғалым,  ұстаз, 

таланпы  ұйымдастырушы  Ф.  Мұхамедғалиұлы  аталған  институттың 



39 

 

гистология  жəне  эмбриология  кафедрасын  1945-  1962  жылдарда  меңгеріп, 



елімізге белгілі оқымыстылар дайындауда ауқымды еңбек етті. Академик Ф. 

Мұхамедғалиұлының  жетекшілігімен  бастапқы  кезде  гистология  жəне 

эмбриология  кафедрасында,  1962  жылдан  бастап  ҚР  ұлттық  академиясы 

эксперименталъды  биология  институтында  гистологиялық,  электронды 

микроскопиялық,  эмбриологиялық  көлемді  ғылыми  зерттеу  жұмыстары 

жүргізіліп,  осы  бағытта  ұлттық  ғалымдар  дайыңдау  жұмысы іс  жүзіне  асты. 

Бұл  кісінің  шəкіртгері  О.  И.  Бердоңғарова,  К,  Ш.  Баймұқамбетов,  А.  Ф. 

Шапилов, М. М. Тойшыбеков, P. А Тоқгамысова, Б. О. Исаев, Б. Əбішов, К. 

Жаңабеков,  Р.  Б.  Əбілдінов  т.б.  əр  түрлі  мал  тұқымдары  онтогенезіндегі 

мүшелер  микроморфологиясы  мен  гистохимиясы,  эмбриондардың  əр  түрлі 

кезеңдердегі  дамуы  мен  оларды  тұқым  аралық  ауыстырып  салу  арқылы 

құнды  генотиптерді  көбейту  тақырыптарында  ғылыми  зертгеу  жұмыстарын 

жүргізіп, 

гистология 

мен 

эмбриология 



ілімдерінің 

Қазақстандағы 

қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлестер қосты. 

Ф.  М.  Мұхамедғалиев  шəкірттерінің  бірі  —  профессор  A.  M. 

Мұрзамадиевтің  басшылығымен  жасушалық,  ядролық,  хромосомалық 

деңгеңдегі  зертгеулер  жүргізіліп,  жануарлар  цитологиясының  дамып 

калыптасуына 

үлкен 


септігін 

тигізді. 

Экспериментальды 

биология 

институтында профессор I. А. Шағыров өз шəкірттерімен қой тұқымдарының 

салыстырмалы  эмбриологиялық  дамуын,  профессор  Т.  М.  Мəсенов  өз 

шəкірттерімен  сүтқоректілер  өклесінің  салыстырмалы  морфологиясын 

зерттеді.  Қазақстандағы  биоморфологияның  негізін  салған  академик  Б.  А. 

Домбровскийдің шəкірті К. Б. Бердоңғаров өз шəкірттерімен бірге жануарлар 

тамырлар жүйесінің биоморфологиясын зерттеп, гистологияның дамуына зор 

үлес қосты.  

 

Бұрынғы  Семей  зоотехникалық-малдəрігерлік  институтында профессор 

Н. А. Гороховский қой мен қос өркешті түйе ұрық- жолдасын (плацентасын), 

профессор  3.  Қ,  Тоқаев  қой  мен  марал  жыныс  аппаратының  макро  жəне 

микроморфологиясын  зерттеп,  өз  дəрежелерінде  гистологияның  дамуына 

үлестерін қосты. 

Қазіргі кезде С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеұлпаде 

профессор  А.  Ы.  Ғазизованың  жетекшілігімен  жануарлар  макро-  жəне 

микроморфологиясын  дамытуда  елеулі  еңбектер  жүргізілуде.  Сондай-ақ, 

осындай  ғылыми  зерттеу  жұмыстары  Батыс  Қазақстан  жəне  Семей 

университеттерінде  де  жүргізіліп  жатыр.  Сонымен  қатар,  ҚР  -ның  басқа  да 

жоғары  оқу  орындары  мен  ғылыми  зерттеу  институттарында  көптеген 

морфолог  ғалымдар  жануарлар  макро-  жəне  микроморфологиясын  одан  əрі 

дамыта зерттеуде жемісті еңбек етуде. 

Еліміз егемендік алып, жоғары жəне орта оқу орындарында оқу процесі 

қазақ  тілінде  жүргізіле  бастауына  байланысты,  ана  тілімізде  оқулықтар  мен 

оқу  құралдары  дайындалып,  баспа  беті  арқылы  жануарлар  морфологиясы 

салаларына  арналған  тұңғыш  туындылар  жарық  көре  бастады.  1996  жылы 

жоғары  оқу  орындарының  мал  дəрігерлігі  факультеттері  студенттеріне 



40 

 

арналған  "Жануарлар  анатомиясы"  (авторлары  К.  Жаңабеков,  Е.  Мақашев) 



атты  оқулық,  2004  жылы  мал  дəрігерлігі  мамандығы  бойынша  орта  кəсіптік 

білім береұлпа оқу орындары студенттеріне арналған "Цитология, гистология 

жəне  эмбриология  негіздері"  (авторлары  К.  Жаңабеков,  Г.  К.  Жаңабекова) 

атты оқулық баспа беұлпаде жарық көрді.       

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет