Морфология



Pdf көрінісі
бет43/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Анималькулисттер  дайын  организм  шəуетте  болады,  ал  жұмыртқа  тек 

колайлы  қоректік  ортаның  қызмеұлпа  атқарады  десе,  овисттер,  керісінше, 

дайын  ұрық  жұмыртқада  болады,  ал  шəует  қоректік  заттың  кызмеұлпа 

атқарады  —  деген  ғылыми  тұжырымдар  жасаған.  XVII  жəне  XVIII 

ғасырларда  еңбек  еткен  эмбриологиялық  оқымыстылар  А.  Левенгук,  Я. 

Сваммердам, М. Мальпиги, А. Галлер, Ш. Бонне преформисттік көзқарастағы 

ғалымдар еді. 



35 

 

Ұрықтардың дамуы жөніндегі ең алғашқы қарапайым ғылыми мағлұмат 



Д.  Фабрициус  зерттеулерінде  ғана  көрінді.  Ол  1600—1604  жылдары  тауық 

пен  адамның  ұрықтарын  зерттеп,  оларды  суретке  салған.  Д.  Фабрициус 

тауықгың  балапаны  жұмыртқаның  белоктық  жіпшесінен  (халазадан)  дамып 

жетеді — деп санаған. 

В.  Гарвей  1651  жылы  шыққан  "Жануарлардың  пайда  болуы"  деген 

еңбегінде "Omne vivum ex ovo", яғни "Барлық тіршілік тек жұмыртқадан" — 

деген  өз  тұжырымын  жариялағаннан  соң,  ұрықгын  даму  құпиясына  ғылыми 

көзқарастар өзгере бастады. 1670 жылы голландтық оқымысты Рене де Грааф 

жэне  Я.  Сваммердам  жұмыртқалықгы  микроскоппен  зерттеп,  шар  тəрізді 

көпіршікті  (грааф  көпіршігі)  көріп,  аналықжыныс  (жұмыртқа)  жасушасы  — 

деп  ұйғарған.  Бірақ,  шын  мəнінде  жұмыртқа  жасушасы  грааф  көпіршігінің 

ішінде дамып жетілеұлпадігін 1827 жылы орыс ғалымы К. М. Бэр микроскоп 

арқылы  зерттеп  ашты.  Ал  1677  жылы  голландтық  оқымысты  Антони  ван 

Левенгук  жэне  студент-медик  Гам  шəуетті  микроскоппен  зерттеп,  аталық 

жыныс 

жасушаларын 



көріп, 

оларды 


"шəует 

жануарлары" 

немесе 

"сперматозоидтар" — деп атады. 

Эпигенез  теориясын  жақтайтын  ғалымдар  (XVIII  ғ.)  "ұрық  ұрықтанған 

жұмыртқаның  бейқұрылымдық  затынан,  жаңа  түзілістер  нəтижесінде 

дамиды"  —  деп,  олар  өздерінің  эпигенездік,  яғни  жаңатүзілістік  көзқарасын 

еңбектерімен  дəлелдеді.  1759  жылы  Ресей  ғалымы  К.Ф.Вольф,  өзінің  "Даму 

теориясы"  атты  диссертациясында,  жұмыртқадағы  тауық  балапанының 

дамуын  зерттеу  нəтижесінде  алынған  ғылыми  мағлұматтарына  сүйене 

отырып,  преформистгердің  ұрықтың  эмбриондық  дамуы  туралы  қате 

көзқарастарын əшкерелеп жазды. Эпигенездік көзқарастағы X. Г. Пандер, К. 

М.  Бэр,  А.О.Ковалевский,  И.  И.  Мечников  сынды  оқымыстылар  казіргі 

ғылыми эмбриологияның негізін қалады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет