Несеп-жыныс өзегі (мочеполоаой канал) — uretra masculina — зəр бөлу
жəне көбею мүшелері жүйелерінің ортақ мүшесі болып табылады. Ол екі:
жамбас жəне жыныстық бөлімдерге бөлінеді. Несепжыныс өзегінің
қабырғасы: ішкі кілегейлі, ортаңғы кеуекті, сыртқы етті қабықтардан тұрады.
Кілегейлі қабығын көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителий астарлайды.
Кеуекті қабықғы бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері, эластин
талшықтарымен арқауланған дəнекер ұлпалық перделіктер жəне олардың
аралықтарында орналасқан, үңгір қуысты вена қан тамырларының торы
құрайды. Кеуекті қабықтың үңгір қуысты вена қан тамырлары торының ішкі
беті эндотелиоциттермен астарланған. Аталған тамырлардың үңгірқуыстары
қанға толған кезде кеуекті қабық қаталды да, несеп-жыныс өзегі ашылып,
шəуеттің кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді. Етті қабықты көлденең жолақты
бұлшық ет ұлпасы құрайды.
Несеп-жыныс өзегінің жамбастық бөлімінің қабырғасында қосымша
жыныс бездері, атап айтқанда, көпіршікше, қуықалды жəне баданалық бездер
орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |