2. Жұмыртқалықтың денедегі орналасу орны, құрылысы жəне оның жануарлар
358
XI тарау. ЭНДОКРИНДІ БЕЗДЕР ЖҮЙЕСІ
Ішкі секреция бездері немесе
эндокринді (грек, endon — іш, ішке;
krinos — шығару) бездер (эндокринные железы) биологиялық белсенді заттар
— гормондарды (грек, hormao — қоздырамын) организмнің ішкі сұйық
ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлу арқылы дене мүшелері мен жалпы
организмдегі зат алмасу процесін, организм ұлпалары мен мүшелерінің
дамуы мен сомалық өсу жəне көбею қызметтерін реттеуге қатысатын
қомақты паренхималы мүшелер мен жекеленген жасушалар жүйесі.
Эндокринді бездердің шығару өзектері болмайды. Сондықтан, олар
гормондарын (инкреттерін) организмнің сұйықішкі ортасына бөледі. Осыған
байланысты, ішкі секреция бездері микроайналым арнасы қан тамырларымен
жоғары
деңгейде
жабдықталған.
Гормондар
қан
жəне
лимфа
тамырларындағы сұйық ұлпалардың ағысымен организмнің барлық мүшелері
мен ұлпаларына таралып, жалпы денедегі немесе жеке мүшелердегі зат
алмасу процестерін реттеуге қатысады. Организм мүшелері мен мүшелер
жүйелері қызметтерінің сұйық ұлпалар арқылы реттелуін сұйықтық
Достарыңызбен бөлісу: