Центросома (клетка орталығы) бір-біріне перпендикулярлы жəне
катар орналаскан екі центриольден (қос денешік - диплосома) құралған
интерфазалық жасуша органелласы. Диплосоманы сыртынан цитоплазманың
ақшыл аймағы — центросфера қоршап жатады. Центросоманың негізгі
құрылымдық бірлігі — центриоль. Ол — ені 0,2 мкм, ұзыңдығы 0,3 - 0,5 мкм
іші қуыс цилиндр тəрізді ұсақ денешік. Центриольдің кабырғасы үш-үштен
топтаса орналасқан 9 үштік топ (триплеттер) микротүтікшелерден құралған.
Триплеттер бір-бірімен центриоль тұтқасы арқылы байланысып тұрады.
Жасушаның бөлінуге дайыңдалу кезеңінде центиольдердің қатысуымен
цитоплазмадағы тубулин белогі молекулалары тізбектеле байланысып
(полимерленіп), күрделіқұрылымды микротүтікшелерге айналады. Бұлардан
жасушаның цитоқаңқасының құрылымдары, жасушалар кірпікшелері мен
талшықтарының негіздік денешіктері, біліктік жіптері (аксонемалары) жəне
жасушаның
бөліну
ұршығы
қалыптасады.
Осының
нəтижесінде
центриольдердің өздері де екі еселеніп, жасушаның митозды балінуін
қамтамасыз етеді. Центросома — тек жануарлар жасушаларына тəн
органелла. Ол өсімдік жасушаларында болмайды. Центросоманы бірінші рет
1875 жылы Флемминг, 1876 жылы Бенсден жануарлар жасушаларын зерттеп
ашқан. Центросома терминін 1895 жылы Т.Бовери ұсынған.
Жасушаның цитоқаңқасын құрайтын тірек-қимыл құрылымдарға:
микротүтікшелер жəне олардан түзілген жасушаның күрделі құрылымды
органеллалары — центриольдер, кірпікшелер мен талшықтар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |