Біліктік жіп (аксонема) жасушалар кірпікшелері мен талшықтарының
негізін құрайды. Аксонема да іші қуыс түтікше құрылым. Оның қабырғасын
екі-екіден топтаса орналасқан 9 жұп (дублет) шеткі микротүтікшелер
құрайды. Ал қуысында 2 орталық микротүтікшелер орналасады. Біліктік жіп
сыртынан плазмолеммамен қалталған.
Микрожіпшелер — жуандығы 10 нм жіпшелер шоғыры. Олар
микротүтікшелермен қатар жасушадағы тіректік қызмет атқаратын белоктық
құрылым. Əр бір ұлпалардың микрожіпшелері, олардың өздеріне тəн
белоктарынан түзілген. Эпителиоциттер тонофибриллалары — кератин,
фибробласттар микрожіпшелері — виметин, миоциттер мен ет талшықтары
миофибриллалары — десмин жəне скелетин белоктарынан құралған.
Достарыңызбен бөлісу: |