Морфология


заттан,  аралық  қыртысмаңы  аймақтан



Pdf көрінісі
бет955/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   951   952   953   954   955   956   957   958   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

заттан,  аралық  қыртысмаңы  аймақтан  жəне  орталық  акшыл  келген 

бозғылт заттан тұрады. 

Қыртысты зат лимфа түйіні қапшығының астындағы шеткі қойнаудан 

(синус)  кейінірек  ішке  қарай  бір-бірімен  тығыз  орналасып,  ретикулалы 

ұлпада  жатқан  лимфа  түйіншелерінен  құралған.  Қапшық  пен  лимфа 

түйіншелерінің  аралығындағы  тек  ретикулалы  ұлпадан  құралған  шеткі 

қойнау  арқылы  əкелгіш  лимфа  тамырларымен  келген  ұлпа  сұйығы  сүзіле 

ағып, аралық аймақтағы қойнаулармен бозғылт заттағы орталык қойнауларға 

өтеді.  Қыртысты  заттан  төменірек  жатқан  қыртысмаңы  аймағы  лимфа 

түйіншелерінен 

шығатын 

лимфоидты 

жұмсақ 

баулар 


мен 

аралық 


қойнаулардан  тұрады.  Лимфа  түйінінің  орталығында  лимфоидты  бозғылтша 

баулар  мен  орталық  қойнаудан  тұратын  бозғылт  зат  орналасады.  Лимфа 

түйіншелері  мен  бозғылтша  бауларда  В  —  лимфоциттері  көбейіп  жетіліп, 

эффекторлы  жасушаларға  айналады.  Сондықтан,  лимфа  түйінінің  қыртысты 

жəне бозғылт заттарын В — аймақ деп атайды. Ал қыртысмаңы аймағаңда Т 

— лимфоциттері жетіледі. Бүл аймақты Т— аймақ — деп те атайды. 

Қыртысты  заттағы  лимфа  түйіншелерінің  негізін  ретикулалы  ұлпа  мен 

сақинаша 

орналасқан 

ретикулин 

талшықтары 

құрайды. 

Түйінше 

лимфобласттардан, 

лимфоциттерден 

жəне 


макрофагтардан 

тұрады. 


Түйіншелерді  сыртқы  жағынан  ретикулин  талшықтарымен  байланысқан 

ретикуло-эндотелиоциттер  қаптап  жатады.  Түйіншенің  орталық  ақшыл 

бөлігінде  бөліну  арқылы  көбейіп  жатқан  лимфобласттар  орналасады.  Бұл 

ақшыл  бөлік  түйіншенің  көбею  (герминативті)  орталығы  деп  аталады. 

Көбею  орталығының  макрофагтары  əр  түрлі  əсер  етуші  факторларға  жедел 

жауап  береді.  Сондықтан,  көбею  орталығын  реактивті  орталық  дейді. 

Түйіншенің  шеткі  жағында  жетілген  эффекторлы  кіші  лимфоциттер 

түйіншені сыртынан тəж тəрізді қаптап жатады. Бұлар антигендік қасиеттерді 

еске  сақтау  В  -  эффекторлы  лимфоциттері.  В  -  лимфоцитер  лимфа 

түйіншелерінен 

бозғылтша 

бауларға 

өтіп, 

антиденелер 



түзетін 

плазмоциттерге айналады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   951   952   953   954   955   956   957   958   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет