Морфология


Лимфа түйінінің гиетологиялық құрылысы



Pdf көрінісі
бет954/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   950   951   952   953   954   955   956   957   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Лимфа түйінінің гиетологиялық құрылысы. Лимфа туйіні құрылысы 

жағынан  паренхималы  қан  жасау  мүшесі.  Ол  стромадан  жəне  паренхимадан 

тұрады.  Лимфа  түйінінің  стромасын  оның  сыртқы  тығыз  дəнекер  ұлпалы 

қапшығы  мен  одан  мүше  ішіне  қарай  торлана  таралып  жатқан  перделіктер 

(трабекулалар)  кұрайды.  Ал  паренхимасының  негізі  ретикулалы  ұлпадан 

тұрады. Лимфа түйінінін паренхимасы лимфоидты ұлпадан түзілген. Лимфа 

түйіні  сыртынан  тығыз  дəнекер  ұлпалы  қапшықпен  қапталган.  Қапшық 

негізінен  коллаген  талшықтары  мен  олардың  аралығында  қатарынан 

орналасқан  фиброциттерден  тұрады.  Қапшықтың  ішкі  бетінде  лимфа 

тамырлары  кабырғаларына  өтіп  жалғасып  кететін  эластин  талшықтары 

болады.  Дөңес  жағының  қапшығы  қақпа  жағына  қарағанда  жұқалау  келеді. 

Қақпа  бетіндегі  қапшық  құрамында  бірыңғай  салалы  ет  ұлпасының 

миоциттер  шоғырлары  кездеседі.  Қапшықтан  лимфа  түйінінің  ішіне  қарай 

дəнекер  ұлпалық  перделіктер  (трабекулалар)  тарамдала  еніп  бір-бірімен 

торлана  байланысады.  Лимфа  түйінінің  қақпа  жағынан  енетін  перделіктер 

бойымен  өтетін  қан  жəне  лимфа  тамырлары  пен  жүйкелер  лимфа  түйінін 

қоректеңдіреді  жəне  жұмысын  реттейді.  Қапшық  пен  перделіктер 

аралықтарындағы  куыстарда  лимфа  түйні  стромасының  негізін  құрайтын 

ретикулалы  ұлпа  орналасады.  Лимфа  түйінінің  паренхимасын  ретикулалы 

ұлпадағы  əр  түрлі  даму  сатысындағы  лимфоцттерден  жəне  макрофагтардан 

түзілген  лимфоидты  ұлпа  құрайды.  Лимфа  түйіні  шеткі  тығыз  қыртысты 



433 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   950   951   952   953   954   955   956   957   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет