Қыртысмаңы аймағы лимфа түйінінің қыртысты жəне бозғылт
заттары аралығында орналасқан тимусқа тəуедді аймақ. Тимустан келіп
қоныстанған Т — лимфоцитгердің көбейіп, жетіліп мамандануына қолайлы
микроортаны бұл аймақта ретикулалы ұлпамен қатар, фагоцитоз процесіне
қатыспайтын саусақша өсінділі макрофагтар жасайды. Макрофагтар
өздерінен антигендерді плазмолемма маңыңда жинақтап сақтап, Т —
лимфоциттердің осы антигендерге сəйкес дамып жетілуін қамтамасыз ететін
гликопротеидтерді бөледі. Т — лимфоциттер қыртысмаңы аймағында толық
жетіліп, маманданып эффекторлы жасушаларға айналады.
Бозғылт зат лимфоидты бозғылтша баулардан жəне баулар мен
перделіктер аралығындағы лимфа сұйығы торлы ұлпадан сүзіле ағатын
орталық қойнаулардан тұрады. Бозғылтша баулар торлы ұлпада орналасқан
Достарыңызбен бөлісу: |