теменгі жақ шүңқыры (fossamandibularis) орналасады. Осы шұңқыр мен
есту жолы аралығында самай жолына қарай өтетін буынарты тесігі (foramen
retroarticularis) көрінеді. Итте буын төмпешігінің орнында буын сайы
болады. Ұсақ маддар мен шошқада қабыршақтық бөліктіктің ми жағындағы
бетінде желілік қыр көрінеді.
Самай сүйектің дабылдық бөлігі (pars tympanica) сыртқы есту жолы
(meatus acusticus externus) мен іші куыс дабыл сүйектен тұрады. Сыртқы
есту жолы буын төмпешігінің артқы жағында орналасады. Оның кіреберіс
тесігі самай қырынан сəл төменірек орналасады. Есту жолының ішкі бетінде
дабыл жарғағы бекитін дабыл сақинасы болады. Есту жолы түбінің артқы
жағында тіласты сүйеклен байланысатын бізше өсінді (processus styloideus)
шығып тұрады. Бізше өсінді мен емізікше өсіндінің (processus mastoideus)
аралығында бізше-емізікше тесік (foramen stylomastoideus) көрінеді. Бұл
тесік арқылы бет жүйкесі шығады.
Дабыл сүйек (bulla tympanica) мойындырық өсіндісінің алдында. шүйде
сүйек денесінің латеральды жағында, тастық бөліктің төменгі бетін ала
орналасқан қуысты сүйек. Оның алдыңғы төменгі жағында ет өсіндісі
178
(processus muscularis) шығып тұрады. Осы өсіндінің медиальды жағында ет-
түтік өзегінің (canalis musculotubarius) тесігін көруге болады. Ет-түтік өзегі
ішіндегі ұзынынан өтетін перде (septum canalis musculotubarius) аталған
өзекті өз кезегінде бірнеше өзектерге бөледі. Олар: таңдай шымылдығын
Достарыңызбен бөлісу: |