М.Өтемісов атындағы Батыс


Күрделігүлділер, немесе астралар тұқымдасы (сложноцветные или астровые) — Compositae, Asteraceae



бет17/44
Дата14.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82636
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44
Байланысты:
ЖоғСӨ ХБ Кажымуратова Ж.

Күрделігүлділер, немесе астралар тұқымдасы (сложноцветные или астровые) — Compositae, Asteraceae
Бұл түқымдаста 18—20 мыңдай, түр бар (1 мындай туыс). Өмірлік формалары кішігірім ағаштар (кейде бұтақтанбаған колона тәрізді сабағы болады) бүталар, лианалар, жартылайбұталар, көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Көп жағдайда олар өрмелеп өседі, кейде суккулентеріде болады. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континенттерінде) кездеседі. Бұл ең көп таралған және жоғарғы деңгейде жетілген тұқымдастардың бірі. Көптеген туыстары өзгергіш келеді, өйткені олар белсенді (интенсивті) түрде форма түзу сатысында тұр. Түрлері тұқымы арқылы да, вегетативтік жолмен де өте жақсы көбейеді. Бұтақтарына жапырақтары әдетте кезектесіп, сиректеу қарама-қарсы немесе топтасып орналасады, кейде олар жертаған (розетка) түзіп қатты қысқарады. Көп жағдайда өсімдіктен бөлініп шығатын әртүрлі заттар жиналатын қуыстары болады — сүт жолдары, схизогенді смола жолдары. Клеткаларында инулин жиналады. Тұқымдасқа тән белгілер мыналар: гүлшоғыры себет (корзинка), сырт қарағанда гүлге ұқсас. Кейде себеттер (корзинка) жиналып қалқанша (шиток) немесе сыпыртқы (метелка) түзеді. Себетгің сыртын гүл асты жапырақшалары жауып түрады, олардың жиынтығы орама (обвертка) түзеді. Ораманың жапырақшаларының өзара орналасу ерекшеліктері, олардың формасы және түсі осы түқымдастың өкілдерін классифи- кациялауға және анықтауға ең қажетті белгілер болып табылады. Себеттің үстіңгі беті (ложе) жазықта, ойыста, дөңесте болуы мүмкін; жылтыр немесе емшектәрізді; тікенектермен немесе түктермен жабылған; іші толты- рылған немесе қуыс. Гүлдері алуан түрлі — біреулері біршама үлкен және қанық боялған, ал екіншілері үсақ, көріксіз болып келеді. Олардың барлығы да 4 шеңбер түзіп орналасады.
Алқалар тұқымдасы (пасленовые) — Solanaceae. Алқалар түқымдасының 2300-дей түрі бар (85 туыс). Ортаңғы ендіктерде олар негізінен шөптесін өсімдіктер болып келеді. Сиректеу жартылай бүталар, кейде тіптен бүталар. Тропикалық елдерде, әсіресе Оңтүстік Америкада өрмелеп өсетін бүталары мен ағаштары басым болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады, жапырақ серіктері (қосалқы жапырақшалары) болмайды, жапырақтары жай, жапырақтақталары түтас немесе тілімделген болып келеді. Сабақтарында биколлатералды өткізгіш шоқтары болады. Гүлдері монохазий бүйра гүлшоғырына жиналған немесе жекелеген гүлден түратын, көрнісі актиноморфты, көп жағдайда гүл түйінінің көлбеу орналасуына байланысты аздап зигоморфты болып келеді. Тостағаншасы 5-тісті, ал гүлдердің бірігуіне байланысты ол 4—6 үялы болады. Күлтежапырақшалары бір-бірімен біріккен, дөңгелек, табақша, трубка тәрізді, немесе кең қоңырау секілді болып келеді. Күлтенің трубкасына, оның тістерімен кезектесіп, ішкі жағынан әрқайсысының басында 2-ден, сиректеу 4- тен тозаң ұясы бар 5 аталық жабысып өседі. Гинецейі ценокарпты, 2 жеміс жапырақшадан түрады. Гүл түйін жоғарғы, әдетте 2 ұялы, бірақта жалған перденің пайда болуына немесе гүлдердің бірігуіне байланысты ол 4—6 ұялы болады. Жемісі шырынды немесе қорапша (қауашақ), сиректеу сүйекті болып келеді. Көптеген түрлерінің көк- өністік өсімдіктер ретінде (картоп, помидор, баклажан, бүрыш) шаруашылықтағы маңызы аса зор, ал кейбіреу- лерінің бойында улы аккалоидтары болады, оларды дәрі- дәрмек ретінде пайдаланады. Кейбір біржылдық түрлері сәндік өсімдіктер болып келеді. Алкц туысы ( паслен — Solanum ). 1,5 мыңдай түрлері бар. Түрлерінің ең көп кездесетін орталығы Оңтүстік Америка. БОР-дың флорасында бары-жоғы 10-ақ түрі кездеседі. Экономикалық жағынан ең маңыздысы картоп (картофель — S.tuberosum) (220-сурет), ол осы тұқымдастың ішіндегі мәдени жағдайда ең кең таралған түрдің бірі. Біржылдық өсімдік ретінде отырғызылады. Гүлсерігі актиноморфты, күлтежапырақшаларының түсі ақ, ашық- сия көк, сарылау-қызғыш, аталықтары аналықтың мойнының айналасында конус түзіп орналасады. Гүлінің формул асы: Са(5) Со(5) А5 G(2).
Екі ұялы шырынды жемісі болады. Тамырлары жіңішке. Сабағының жер асты бұтағы — сталондары болады, оларды тамырдан оңай ажыратуға болады. Өйткені олардың бүршіктерімен үсақ қабыршақ (чешуя) тәрізді төменгі жерасты) жапырақтары болады. Сталондарында түйнектері жетіледі, оларда 12—25% дейін крахмал және 78% дейін су болады. Картоптың 1 мыңнан астам тамаққа пайдаланатын, малдарға қорек болатын және әртүрлі техникалық затгар алатын сорттары белгілі. БОР-дың территориясында отырғызылып жүрген картоп, шамасы Чилидің Андасында, Чилоэ аралында өсетін түрге, бәлкем Перуде өсетін түрге де жататын болуы мүмкін. Кең таралған овощтық дақылға көк баклажанда (синий баклажан — S.melongena) жатады. Ол жеуге келетін жемісі үлкен, қою сия-көк түсті; шыққан жері Индия. Жабайы өсетін түрлерінен ашылау алқаны (паслон сладко-горький — S.dulcamara) айтуға болады. Ол жартылай бұта, шырынды жемісінің түсі ашық-қызыл болып келеді. Қара алқа (п.черный — S.nigrum); біржылдық шөптесін өсімдік, шырынды жемісінің, түсі қара болып келетін кең таралған арамшөп.
Темекі туысы (табак — Nicotiana). 100-дей түрі бар. Табиғи жағдайда негізінен Оңтүстік Америкада, Австралияда кездеседі. Бұталар және шөптесін өсімдіктер. Гүлдерінің күлтежапырақшалары воронка тәрізді немесе қоңырау- тәрізді, көп жағдайда хош иісті болып келеді. Бірқатар түрлері бір жылдық техникалық өсімдіктер ретінде кеңінен өсіріледі: кәдімгі темекі (табак курительный — N.tabacum) - жабайы түрінде Перуде және Эквадорда өседі, көптеген сорттары шығарылған; Мохорка темекісі (табак махорка —
N.rustica) (221-сурет). Сөндік өсімдіктер ретінде орман темекісі (табак лесной — N.sylvestris), үзынжапырақты темекі (табак длиннолистый — N.longifolia) жөне т.б. отырғызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет