Мотивация



бет2/3
Дата05.10.2022
өлшемі250,95 Kb.
#41491
1   2   3
Байланысты:
ТФП22-020 shan

Химиялық құрамы шаңның адам ағзасына әсер ету сипатының әртүрлілігін анықтайды. Шаңның арнайы әсері, шаңмен тыныс алғанда білінеді, ал оны сілекеймен, түкірікпен қоса жұтудың маңызы аз. Шаңмен дем алу тікелей тыныс алу мүшелерінің зақымдалуына - бронхиттерге, пневмокониоздарға (латын тілінен рneumon - өкпе, соnіа - шаң) немесе жалпы реакциялардың (жалпы улану, аллергия) дамуына алып келеді. Бірқатар шаңдардың канцерогенді қасиеттері болады. Шаңның арнайы емес әсері жоғарғы тыныс жолдарының ауруларымен, көздің шырышты қабатының ауруларымен, тері ауруларымен көрінеді. Шаңмен тыныс алу өкпе қабынуына, туберкулездің, өкпенің ісік ауруының дамуына ықпалын тигізеді.
  • Шаңның құрамына баға беруде оның құрамындағы радиобелсенді қоспалардың болуына аса назар аударады, себебі олар шаңның пневокониоздық әсерін күшейтеді және сәулелі патологияға, тіпті қатерлі жаңа түзілістердің пайда болуына дейін алып келетін арнайы әсері болады. Егер өңделінетін шикізаттың радиобелсенділігі рұқсат етілген деңгейлерден жоғары болса, онда мұқиат радиациялық бақылау жасау керек болады және персоналды иондаушы радиациядан қорғау шараларын қабылдау қажет болады.

Өкпенің шаңды ауруларының жіктелуі.
Негізгі шаңды кәсіптік аурулара пневмокониоздар, созылмалы бронхит, жоғары тыныс жолдарының аурулары жатады.
Пневмокониоз - фиброгенді өндірістік аэрозолдердің ұзақ уақыт әсерінен дамитын, фибоздық өзгерістермен сипатталатын, рентгенологиялық түйінді немесе интерстициалды типті диссименирленген өкпелік үрдіспен көрінетін созылмалы кәсіптік шаңды ауру. Пневмокониоздардың қолданыстағы жіктемесі өндірістік шаңның түріне байланысты пневмокониоздардың этиологиялық түрлерінен тұрады және пневмокониоздардың түрлеріне байланысты клиникалық - рентгенологиялық сипаттамаларын қарастырады, яғни пневмокониоздардың жіктемесі шаңды ауруларды этиологиясы бойынша, ретгенологиялық және клиникалық көріністері бойынша барынша толық сипаттама беруге мүмкіншілік береді.
Этиология-лық белгілері бойынша пневмокониоздардың келесі түрлерін ажыратады:
органикалық шаңнан болатын пневмокониоздар
аралас шаңнан болатын пневмоко-ниоздар
Металло-кониоздар
карбокониоздар
силикатоздар
силикоздар
  • Силикоз - құрамында кремнийдің бос қос тотығы бар кварц шаңымен дем алғанда дамиды. Ең кең таралғаны құрамында кремнийдің қос тотығы 97-99%-ке дейін болатын кремнеземнің кристалл түріндегі түрі- кварц болып табылады.
  • Силикатоздар - кремнийдің қос тотығы әртүрлі элементтермен: алюминий, магний, темір, кальций т.б. байланысқан күйінде болатын минералды шаңдармен тыныстағанда дамиды (коалиноз, асбестоз, талькоз, цементоз).
  • Металлокониоздар - металлды шаңның әсерінен дамиды: темір, алюминий, барий, қорғасын, марганец т.б. (сидероз, алюминоз, баритоз, станиоз, манганокониоз).
  • Аралас шаңды пневмокониоздар - а) кремнийдің қос тотығы едәуір мөлшерде, 10%-тен аса; б) кремнийдің қос тотығы аз 10%-ке дейін немесе жоқ.
  • Органикалық шаңды пневмокониоздар - өсімдік тектес-биссиниоз (мақта мен кенеп шаңы), багассоз - қант тростнигі шаңы, фермер өкпесі (құрамында саңырауқұлақтары бар ауыл шаруашылық шаңы), синтетикалық шаң (пластмасса)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет