М.ҚОзыбаев атындағЫ


АЖЫРАТУШЫ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата21.01.2017
өлшемі0,58 Mb.
#2330
1   2   3   4   5   6

АЖЫРАТУШЫ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ 
 
 Ажыратушы  тыныс  белгілері  мәтіндегі  бір 
сөйлем  мен  екінші  сөйлемнің  шекарасын  ажырату 
үшін,  синтаксистік  тура  мағынада  келген  өзара  тең 
дәрежелес  синтаксистік  компоненттердің  (сөйлем 
мүшелерінің,  құрмалас  сөйлем  құрамындағы  жай 
сөйлемдердің)  ара-жігін  көрсету  үшін  қолданылады. 
Ажыратушы  тыныс  белгілерінің  жиі  қолданылатын 
екі түрін атап өтуге болады: 
1)  сөйлем  соңына  қойылатын  тыныс  белгілері 
/нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте, бұлардың 
қабаттаса қолданылған түрлері/; 

2)  бірыңғай  мүшелерді  және  құрмалас  сөйлем 
компоненттерін  ажыратушы  тыныс  белгілері  (үтір, 
сызықша,  қос  нүкте,  нүктелі  үтір).  Сөйлем  соңына 
қойылатын  ажыратушы  тыныс  белгілерінің  жазу 
мәдениетін 
қалыптастырып, 
пунктуациялық 
сауаттылықты  арттыруда  атқаратын  ролі  зор.  Бұл 
топтағы  тыныс  белгілері  жазба  жұмыстарында  өте 
жиі  қолданылып,  қажетті  қызмет  атқарады.  Олар 
мәтіндгі  әрбір  жеке  сөйлем  аралығын  белгілеп,  бір 
ойды  алдыңғы  не  соңғы  оймен  шатастырмауға 
мүмкіндік жасайды, сөйлемнің синтаксистік құрылым 
ерекшелігін, 
интонациясын 
еркін 
байқауға 
көмектеседі.  Оқушы  сөйлем  соңына  қойылған 
ажыратушы  нүкте,  сұрау  белгісі  немесе  леп  белгісін 
оқи отырып берілген сөйлемдердің хабарлы, сұраулы, 
лепті  сөйлем  екенін,  олардың  қандай  интонациямен 
айтылатын  бірден  көреді.  Бірыңғай  мүшелерді  және 
құрмалас  сөйлем  компоненттерін  ажыратушы  тыныс 
белгілерінің  қолданылуы  тура  желіде  келген  жай 
сөйлемдер  мен  құрмалас  сөйлемдердің  мағыналық 
және 
синтаксистік 
құрылым 
ерекшеліктерін 
айқындауға  мүмкіндік  беріп,  сөйлемді  дұрыс  оқуда 
интонацияның    қажеттігін  ескертеді.  Аталған  тыныс 
белгілері  арқылы  ажыратылушы  компоненттер 
біртұтас  синтаксистік  топтың  жеке  және  өзара  тең 
дәрежелес  сыңарлары  болып  табылады.  Мектеп 
бағдарламасында  бірыңғай  мүшелер  мен  құрмалас 
сөйлем  құрамындағы  жай  сөйлемдердің  арасына 

қойылатын  ажыратушы  тыныс  белгілері  мынадай 
мазмұнмен қаралады: 
1) Ажыратушы үтір. 
Ажыратушы  үтір  бірыңғай  мүшелер  мен 
құрмалас  сөйлем  құрамындағы  жай  сөйлемдердің 
арасына қойылады. Ескертетін бір жай – Тау да, тас та 
күннің  күлімдеген  нұрына  бөленді  деген  сөйлемде 
ажыратушы  үтірлер  да,  де,  та,  те  шылауларына 
қатысты  емес,  бірыңғай  мүшелердің  арасын  ажырату 
үшін  өойылған.  Екіншіден,  аталған  шылаулар  – 
жалғаулықтар  емес,  әрбір  бірыңғай  сөзден  соң  келіп, 
оның  лексикалық  мағынасын  күшейтіп  тұратын 
демеулік шылаулар. Бұлардың жалғаулық қызметінде 
жұмсалатын 
кездері 
де 
болады. 
Жалғаулық 
ыңғайында  жұмсалған  да,  де,  та,  те  шылаулары 
сөйлемдегі  тең  дәрежелес  екі  сөзді  немесе  екі 
сөйлемді  өзара  жалғастырады  да,  қайталанбай  бір-ақ 
рет қолданылады.  
Қазақ  тіліндегі  көп  бағыныңқылы  сабақтас 
сөйлем  компоненттері  әрі  сабақтаса,  әрі  салаласы 
байланысады. Мысалы:  
Астанамды көргенде, 
Қуат кірді бойыма,  
Өлең түсті ойыма,  
Ағындатты жырымды 
Күн сияқты Астана... 
Берілген көп басыңқылы сабақтас құрмаластағы 
бағыныңқы  сөйлем  әрбір  басыңқы  сөйлеммен  жеке-
жеке  сабақтаса  байланысса,  ондағы  басыңқы 

сөйлемдер  өзара  бір-бірімен  салаласа  байланысып, 
ыңғайлас салалас сөйлем ретінде жұмсалған. Мұндай 
құрылымдар аралас құрмалас сөйлем болады.    
Жалпылауыш 
сөзсіз 
келген 
бірыңғай 
мүшелердің  арасына  ажыратушы  үтір  қойылады. 
Мысалы:  Мұнда  арпа,  бидай,  жүгері,  күнбағыс 
өсіріледі.  
1) 
Құрмалас 
сөйлем 
құрамындағы 
компоненттердің арасына ажыратушы үтір қойылады: 
2)Салалас құрмаластағы жай сөйлемдер арасына 
қойылатын үтір: 
Ыңғайлас  салалас:  Жылы  күн  ұйқыны  көп 
келтіреді,  тамақтың  артынан  бойды  көп  сергітеді  
(М.Әуезов). 
Жалғаулықты  қарсылықты  салалас:  Кейбір 
толқындары ғана Еділ бойлары мен Византияға жетті, 
бірақ одан аса алмады (І.Есенберлин). 
Талғаулықты салалас: Сол  белгі менде жоқ па, 
әлде байқамайсыздар ма? 
Кезектес  салалас:  Біресе  үстінен  мүлт  кетеді, 
біресе  астындағы  бақанға  барып  сарт  етеді 
(І.Есенберлин). 
2)  Сабақтас  құрмаластағы  жай  сөйлемдердің 
арасына қойылатын ажыратушы үтір: 
Шартты  бағыныңқылы  сабақтас:  Күштілерім 
сөз айтса, бас изеймін шыбындап. (Абай) 
Қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас:  Таң 
алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді 
ұйқысыз өткізді (М.Әуезов).  

Қимыл-сын  бағыныңқылы  сабақтас:  Жапырағы 
судырлап, тал таранды сұлуша (І.Жансүгіров). 
3) Көп бағыныңқылы сабақтас: 
Бірыңғай  мәнді  жарыспалы  көп  бағыныңқылы 
сабақтас: Қар еріп, топырақ қызып, жайнап қалғандай 
болдық (О.Бөкей). 
Әр  түрлі  жарыспалы  көп  бағыныңқылы 
сабақтас:  Жолдан  бұрыстау  болғанмен,  сен  қарсы 
болмасаң, соға кетуді ойлап келемін (С.Мұқанов). 
Сатылы 
көп 
бағыныңқылы 
сабақтас: 
Білеубайдың аты аталғанда, көңілсіз оқиға есіне түсіп, 
Айша мұңайып қалды (Т.Ахтанов). 
4)  Аралас  құрмалас  сөйлемдер:  Жау  жағадан 
алғанда,  бәрі  етектен  жармасып  әбден  қажытып  еді, 
жасымызға жеткізбей әбден қартайтып еді (О.Бөкей).  
Осындай  бірыңғай  мүшелер  мен  құрмалас 
сөйлем  құрамындағы  жай  сөйлемнің  арасына 
ажыратушы  үтір  қою  қазіргі  қазақ  тілі  мен 
пунктуациялық  әдебиеттерде  қарастырылады.  Мұнда 
тек 
синтаксистік 
құрылымдарға 
тән 
кейбір 
байқауларды  ғана  көрсеттік.  Кейбір  пунктуациялық 
бірыңғай  мүшелердің  арасында  келетін  үтірлердің 
қолданылуы 
жалғаулықтарға 
байланысты 
қарастырылады,  кейде  -да,  -де,  -та,-те  демеуліктерін 
сондай жалғаулықтармен шатастыру байқалады. 
 
 
 
 

2.
 
Ажыратушы қос нүкте 
 
Ажыратушы  қос  нүкте  сөйлем  мүшелерінің 
грамматикалық  және  логикалық  қарым-қатынасын 
білдіреді,  ойдың  жалпыдан  жалқыға,  жалқыдан 
жалпыға  қатысын  көрсетеді.  Қос  нүктенің  негізгі 
қызметі  –  сөйлем  мүшелерінің  арасындағы  түрлі 
қарым-қатынастарды көрсету [1, 46 б.].  
Ажыратушы 
қос 
нүкте 
компоненттері 
жалпылама-түсіндірмелі 
(дедуктивті-индуктивтік) 
қатынаста 
жұмсалған 
құрмалас 
сөйлем 
құрылымдарында қойылады. 
Қос  нүкте  (:)  -  жазуда  пайдалынатын  тыныс 
белгілерінің  бірі.  Көп  нүкте  сөйлемнің  синтаксистік 
ерекшеліктері 
мен 
мағынасына 
баыланысты 
қойылады.  Қос  нүктенің  сөйлемдегі  басты  қызметі  - 
сөйлем  мүшелерінің  арасындағы  түрлі  қарым-
қатынастарды көрсету. 
1)  Жалпылама  сыңар  -  жеке  сөйлемнен,  ал 
түсіндірмелі  сыңар  бірнеше  сөйлемнен  жасалған 
іліктес салалас құрмалас сөйлемдерде ажыратушы қос 
нүкте  қойылады:  Тек  түр  шамасын  ана  жолғыдай, 
сырттай  ғана  топшылаймын:  дауысына  қарай  өзі 
топас,  ақымақтау  болар  деп  түйемін.    Қарашы, 
күзетші,  малшы  дегендердің  үй  жұмысын    істеп 
жүрген толып жатқан адамдарды көз алдына келтірді: 
олар жалаң аяқ жар кешіп жұмыс істейді, әуе айналып 
жерге  түсетін  ыстықта  қой  бағады,  бие  сауады 
(С.Бегалин). 

2) 
Компоненттері 
жалпылама-түсіндірмелі 
қатынаста  келген  аралас  құрмалас  сөйлемдерде 
ажыратушы  қос  нүкте  қойылады.  Мұндай  аралас 
құрмалас  сөйлемнің  жалпылаушы  компоненті  жеке 
жай  сөйлемнен  жасалса,  түсіндірме  компоненттері 
өзара  тұлғалас,  ыңғайлас  болып  түзілген  сабақтас 
құрмалас  сөйлемдерден  жасалады.  Мысалы:    Жаман 
дос  -  көлеңке:  басыңды  күн  шалса,  қашып  құтыла 
алмайсың;  басыңды  бұлт  алса,  іздеп  таба  алмайсың. 
(Абай)  Келесі  күні  дүние  құлпырып  шыға  келіпті: 
кешегі  жауған  ұлпа  қар  қыстың  аязды  қарындай 
шақыраймай,  октябрьдің  аласа  күнінің  солғын 
сәулесіне малынып, төңіректің ажарын ашып, алысты 
айқындап берген (С.Бегалин). 
Бұл  арада  ескертетін  нәрсе  –  синтаксис  пен 
пунктуация  жайында  жазылған  еңбектерде  аталған 
құрылымның  аралас  құрмалас  сөйлем  екені  анық 
көрсетілмейді. 
Осыған 
байланысты, 
ондағы 
ажыратушы 
қос 
нүктенің 
қолданылуы 
жазу 
тәжірибесінде  біржолата  тұрақтай қойған жоқ.  Кейде 
бұл қос нүкте үтірмен де алмастырылып жүр.   
3)  Екі  компонентті  де  дара  сөйлемдерден 
жасалып,  ой  түйіні  келесі  бөлікте  шешілетін  іліктес 
салалас  құрмалас  сөйлемде  де  ажыратушы  қос  нүкте 
қолданылады.  Мысалы:  Диқандар  ораған  алтын 
астықты  Отан  қамбасына  тасуда  шығыс  облыстары 
басым  қолданылатын  транспорт  бар:  ол  -  өзен 
қатынасы.  Бұған бұғышының бір  жауабы  қысқа: ол  - 
әрбір тірі жан өз денесін ауырламайды. Мұндай жерге 

сызықша  қоймай,  қос  нүкте  қоюдың  бір  себебі  - 
екінші  сөйлемнің  тұрлаулы  мүшелері  көбінесе  атау 
тұлғада  келіп,  өзара  сызықша  арқылы  ажыратылады. 
Сондықтан  сызықшаны  қабаттай  бермей,  қос  нүкте 
қою дұрыс болады. 
4) 
Іліктес 
салалас 
құрмалас 
сөйлемнің 
компоненттері 
былайша 
мынадай 
мағыналық 
байланыста болғанда, араларына қос нүкте қойылады. 
Мысалы,  Мұндайда  әйелдер  қандай  берекесіз: 
шыңғырып,  бақырып  азан-қазан  болып  жатыр.  Сырт 
кескінінде «мен мұндалап» көзге түсер ешнәрсе жоқ: 
орта  бойлы,  кеуделі,  толықша  денелі,  кішілеу  қайқы 
тұмсық, аққұба әйел (С.Бегалин). 
Түсіндірмелі мәнді сөйлем  құрылымынан  кейін 
бірыңғай  мүше  келген  сөйлем  құрылымында  қос 
нүкте  қойылатын  орындар  да  кездеседі.    Сол  жұмыр 
жердің  бетіндегі  құрғақшылығы:  Азия,  Европа, 
Африка,  Австралия  деп  аталады  (С.Бегалин). 
Сонымен 
бірге, 
салалас 
құрмалас 
сөйлем 
құрылымында,  мысалы,  Ат-көлік  аман  болса  түс  ауа 
апаңыздың  ақ  дидарын  көресіз:  көптен  бері 
көріспеген  болсаңыз,  ауыл  сыртына  түсіп,  сіңлі 
кәдесін  істерсіз  (сонда).  Алғашқы  басыңқы  сөйлем 
құрылымын  екінші  басыңқы  сөйлем  құрылымы 
түсіндіріп,  мағынасын  ашып  тұр.  Мұндай  сөйлем 
құрылымы практикада кездесе қоймайды.   
 
 
 

3.
 
Ажыратушы сызықша 
 
Сызықша  да    үтір  сияқты  жиі  қолданылатын 
тыныс  белгісі.  Сызықша  мағынаға,  интонацияға, 
сөйлемнің  синтаксистік  ерекшелігіне  байланысты 
қойылады.  Ажыратушы  сызықша,  негізінен  алғанда, 
компоненттері  индуктивті-дедуктивті  (түсіндірмелі-
жалпылама)  қатынаста  жасалған  іліктес  салалас 
құрмалас сөйлемдерде қойылады [2, 56 б.].  
1) Қазіргі қазақ тілінде іліктес салалас құрмалас 
сөйлемге орын тәртібі жағынан жалпылауыш сыңары 
түсіндірмелі  сыңарынан  бұрын  келетін  (дедуктивті-
индуктивтік) 
синтаксистік 
құрылымдар 
ғана 
жатқызылып  жүр.  Алайда  тіл  фактілеріне  қарағанда 
қысқасы, бір сөзбен айтқанда, демек, сайып келгенде 
сияқты 
жалпылау-жинақтау 
мәнді 
қыстырма 
сөздердің  қатыстырылуы  арқылы  іліктес  салалас 
құрмалас  компоненттерінің  орын  тәртібін  алмастыра 
қолдану  жиі  кездеседі.  Мұндай  жағдайда  олардың 
тыныс  белгілері  де  өзгереді:  қос  нүкте  орнына 
сызықша  қойылады.  Мысалы:  Дәрігердің  екеуі  де 
жоқ: бірі қалаға кетті, бірі ауырып жатыр. Бірі қалаға 
кетті, бірі ауырып жатыр-қысқасы, дәрігердің екеуі де 
жоқ. 
2)  Санама  түсіндірмелі  компоненттері  ма,  ме 
шылаулары  арқылы  жасалып,  талғаулы  немесе  өзара 
ыңғайлас,  кезекетс  қатынаста  жұмсалған  іліктес 
салалас  құрмалас  сөйлемдерде  ажыратушы  сызықша 
қойылады. Мысалы: Жер жайынан, осы тұстағы елдің 

ата  тегі  жайынан  көп  әңгімелер  айтқан  Диқанбай 
деген кісі Іле өзенінің басы Қытаймен шектес Алатау 
сілемдерінен  шығып,  жолшыбайғы  –  Шарын,  Шелек 
сияқты  әлденеше  ондаған  өзен  бұлақтардың  суымен 
молығып,  Балқаш  көліне  құятынын  айтып  берді 
(С.Бегалин). 
Мұндай  құрылымдардың  кейде  түсіндірмелі 
сыңарлары  түгел  санамаланбай-ақ,  бір  ғана  сөйлемі 
берілуі 
мүмкін. 
Бұл 
жағдайда 
түсіндірмелі-
жалпылама  мән  әйтеуір  сөзінен  белгілі  болады: 
Сонысын қызық көре ме - әйтеуір Қали Абдыралыдан 
шыққалы оны қасынан ұзатпады.     
2)  Іліктес  салаластың  жалпылауыш  компоненті 
әйтеуір,  не  керек  тәрізді  сөздердің  қатысымен 
жасалады,  мұндайда  сызықша  қойылады.  Мысалы: 
Кейде жел тұрады, кейде жаңбыр жауады - әйтеуір бір 
тыныш күнді көрмедік. 
3) Іліктес  салалас құрмалас  сөйлемнің ерекше 
бір  түріне  алғы  сыңардағы  баяндауыштары  сол, 
сонша,  соншалық,  сондай  сөздерінен  жасалған 
құрылымдар 
жатады. 
Алдыңғы 
сөйлем 
грамматикалық  жақтан  дербес  сөйлем  болғанымен, 
ондағы ой мазмұны толық ашылмай, келесі сөйлемге 
сілтеніп  отырады;  екінші  сөйлем  алғы  сөйлемді 
түсіндіріп, ондағы ойды жинақтау үшін қолданылады. 
Мысалы: Халық жұмбақтарының қасиеті сол – заттың 
барлық  белгілері  тізбектеліп  жатпайды,  ең  маңызды 
деген  бір-екеуі  ғана  алынады.  Біздің  жастардың  әнге 

құмарлығы  сондай  –  олар  әрбір  жаңа  өлеңді 
бұлжытпай тез үйреніп алады.  
Көп  жағдайда  мұндай  сөйлемдердегі  сол, 
сонша,  сондай  сөздерінен  болған  баяндайыштар 
айтылмай,  түсіп  қалады  да,  аталған  құрылым 
құрмалас сөйлем болудан қалады. Мысалы: Бір жақсы 
жері  –  әжем  бұған  көп  назар  аударған  жоқ. 
Надандықтың  белгісі  –  еш  ақылға  жарымас  (Ы. 
Алтынсарин).  
 
4.
 
Ажыратушы нүктелі үтір 
 
Нүктелі  үтір  (;)  -  жазуда  пайдалынатын  тыныс 
белгілерінің  бірі.  Бұл  белгіні  қоюда  сөйлемнің 
құрылысы  мен  мағынасы  негізге  алынады.  Нүктелі 
үтірді  сөйлемнің  құрылысына  қарай  қойғанда, 
құрмаласқа енген жай сөйлемдер баяндауыштарының 
тұлғалық  жағынан  және  жасалу  жолдары  жағынан 
сәйкестілігі, 
бірыңғайлығы, 
тепе-теңдік 
тиянақтылығы 
ескеріледі. 
Нүктелі  үтір,  негізінен,  жай  сөйлемдердің  арасына 
қойылатын  тыныс  белгі.  Өзара  ыңғайлас,  тең 
дәрежелі,  іштей  үтірмен  ажыратылатын  түсіндірмелі 
компоненттер арасына нүктелі үтір қойылады: 
1)  Жалпылама-түсіндірмелі  қатынаста  жаслған 
құрмалас сөйлемдегі түсіндірме компоненттер нүктелі 
үтірмен ажыратылады: 
Кеудеңнен қашан жаның шығып кеткенше үміт 
деген  ит  үзілмейді  екен;  алдыңғы  қатардағыларды 

сыпырып  шығарып  жатқан  ажал  ұстарасы  дәл  маған 
тақалғанда  тоқтап  қалар  ма  екен;  кеудемде  әлсіз  бір 
есек  дәме  болады.  Аға  досы,  әрі  қазақ  даласының 
сырына жетік, тілі мен түсінігіне таныс Дабашинский 
Шоқанға  Ковалевскиймен  бірге  болғандағы  көп 
әңгімелерін  айтты;  Ковалевскийдің  Африкадан  алып 
келген  қара  көмірдей  күтушісі  жайында  бір  тамаша 
жайды сөйледі (С.Бегалин).   
2)  Дедуктивті-индуктивті  қатынаста  келген 
синтаксистік  құрылымдардағы  өзара  іштей  үтірмен 
ажыратылған 
бірыңғай 
алшақ 
оғашаланған 
компоненттер  арасы  нүктелі  үтірмен  ажыратылады: 
Шабуылдың 
тактикасының 
негізгі 
элементтері 
ретінде мына жайларды айтуға болады: 
а)  Допты  соғарда  қарсы  команданың  нашарлау 
ойнайтын ойыншысын көздеп, соған бағыттау: 
ә) ауа райын (желді, күнді) пайдалану; 
б)  қарсыластар  алаңының  ең  осал  қорғалынып 
тұрған жерін таба білу. 
3)  Өзара  ыңғайлас,  тұлғалас  болып  түзілген 
бірнеше  сабақтас  құрмалас  сөйлемдерден  жасалған 
аралас құрмалас сөйлемдерде нүктелі үтір қойылады: 
Ұлың өссе, ұлы үлгілермен ауылдас бол: қызың өссе, 
қызы үлгілерімен ауылдас бол (мақал). 
4) Төрт не одан көп жай сөйлемдерден жасалған 
күрделі  салалас  құрмалас  сөйлем  құрылымдарында 
нүктелі үтір қойылады: 
Уайым түбі - теңіз, батасың да кетесің: тәуекел 
түбі - қайық, өтесің де шығасың (Мақал).   

Қазақ  тілі  оқулықтары  мен  пунктуациялық 
әдебиеттерде  нүктелі  үтір  қойылатын  синтаксистік 
құрылымдардың  нақты  жүйесі  жасалып,  бір  ізге 
келтірілмеген. Олар әр әдебиетте әр түрлі беріліп жүр. 
Ажыратушы  тыныс  белгілері  ықшамдалған 
сөйлем құрылымдарында қойылады. Қазақ тіліндегі 
қайсыбір  сөйлем  құрылымдары  өз  құрамындағы 
сөздердің  айтылмай,  түсіп  қалуы  нәтижесінде 
қалыптасады.  Бұл  құбылыс  құрамдық  жағынан 
ықшамдап,  белгілі  дәрежедегі  стильдік  талаптарға 
жауап  береді.  Бұларды  ықшамдалған  немесе 
(эллипсистік) 
сөйлем 
құрылымдары 
дейміз. 
Ықшамдалған 
сөйлем 
құрылымдары 

өз 
құрамындағы  кейбір  сөздердің  айтылмай,  түсіп  қалу 
нәтижесінде  сыйыстырыла  қалыптасқан  сөйлемдер. 
Мысалы: Мектепке – 75. Барлығы да -  балалар үшін. 
Той – тондынікі. т.б. 
Тұрлаулы 
мүшелер 
сөйлем 
құрылымын 
жасаудағы  өзекті  компоненттер  болып  табылады. 
Сондықтан  олардың  әр  түрлі  тұлғада  жұмсалуы 
бастауыш  пен  баяндауыштың  синтаксистік  байланыс 
тәсілдерін  де  өзгертіп,  сөйлем  құрылымдарын 
түрлендіріп  отырады.  Бастауыш  пен  баяндауыштың 
байланысы үнемі  жіктік  жалғаулары  арқылы  іске  аса 
бермейді.  Етістік,  зат  есім  мағынасында  жұмсала 
алатын сын есім, жинақтық сан есім, жатыс жалғаулы,  
кәсіп-мамандықты  білдіретін  және  теңеу  ретінде 
қолданылған  зат  есім,  кейбір  есімдіктерден  жасалған 
баяндауыштар  І,  ІІ  жақ  жалғауларын  қабылдаса,  ІІІ 

жақта  (ауыспалы  осы  шақ  пен  ауыспалы  келер 
шақтағы  және  –ып,  -іп,  -п  тұлғасында  келген 
көсемшелі 
бұрынғы 
өткен 
шақтағы 
етістік 
баяндандауыштар  болмаса)  арнайы  жіктік  жалғауын 
қабылдамайды.  Егерде  І,  ІІ  жақтағы  жіктеу 
есімдіктерінен 
(сондай-ақ 
кейбір 
тәуелденген 
есімдіктер  мен  жинақтық  сан  есімдері  сияқты 
сөздерден) басқа бастауыш болатын сөздердің дені ІІІ 
жақта  қолданылатынын  ескерсек,  қазақ  тілінде 
баяндауыштардың  жіктік  жалғауын  көп  жағдайда 
қабылдамайтынын көреміз. Бұдан предикаттық қиыса 
байланысудың  барлық  сөйлем  атаулыға  тән  құбылыс 
емес екендігін байқау қиын емес.  
Басқа  тілдердегі  сияқты,  қазақ  тілінде  де 
баяндауыштар тек жіктік жалғаулы етістіктерден ғана 
емес,  сондай-ақ  әр  түрлі  тұлғадағы  (атау,  барыс, 
жатыс,  шығыс,  көмектес  септік  жалғаулары,  шылау 
және  түрлі  жұрнаққа  біткен)  сөз  таптарынан 
жасалынып,  айтылмақ  ойды  біршама  аяқтап, 
байымдауға  қажетті  мағынаны  толық  жеткізе  алады. 
Бұл  жағдай  қазақ  тіліндегі  сөйлемдердің  ықшам 
қолданылуға 
(эллипсистік 
құбылысқа) 
жиі 
ұшырауымен  тікелей  байланысты.  Қазақ  тіліндегі 
ықшамдалған  сөйлем  құрылымдары  мен  оларға 
байланысты  қойылатын  тыныс  белгілерін  төменгі 
топтарға бөліп қарастыруға болады. 
Бастауыш 
пен 
баяндауыш 
арасына 
қойылатын сызықша 

Бастауыш  пен  баяндауыш  арасына  сызықша 
қою  –  ықщамдалған  сөйлем  құрылымдарына  тән 
құбылыс. 
Сондықтан 
мұндай 
сызықшаны 
ықшамдалуға  байланысты  қойылатын  сызықша 
дейміз.  
Мектеп 
оқулықтарында 
бұл 
тақырыпты 
«Бастауыш  пен  баяндауыш  арасына  қойылатын 
жағдайлар»  деп  атайды.  Мұндай  жағдайда  сөйлмнің 
баяндауышы 
зат 
есімнен 
немесе 
зат 
есім 
мағынасындағы  сөз  таптарынан  жасалады.  Алайда, 
қазіргі  қазақ  тілінде  бастауыш  пен  баяндауыш 
арасына 
қойылатын 
сызықшаның 
аталған 
құрылымынан  басқа  жерлерде  де  кездесетінін 
көреміз.  Осыған  орай,  бастауыш  пен  баяндауыш 
арасын  ажыратушы  сызықша  мына  төмендегідей 
негізгі сөйлем құрылымдарында қойылады.  
1.  Бастауышы  да,  баяндауышы  да  атау  тұлғада 
келген сөйлем құрылымдарында қойылатын сызықша.  
а) Есім баяндауыштың ІІІ жақ жіктік жалғауын 
қабылдамауы 
сөйлемді 
ықшамдайды. 
Мұндай 
жағдайда  бастауыш  пен  бяндауыш  арасына  сызықша 
қойылады.  
Мысалы:  Бұл  топ  –  Абайдың  өз  үйінің 
қонақтары (М. Әуезов). Бес жерде бес – жиырма бес. 
Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас (Абай). 
Кейде  есім  баяндауыштардағы  І,  ІІ  жақ  жіктік 
жалғауларын  да  түсіріп  айтуға  болады.  Мұндай 
құбылыстан  кейін  сөйлем  ықшамдалып,  бастауыш 
пен  баяндауыш    арасына  сызықша  қойылады. 

Мысалы:  Мен  –  көмір  де,  сен  –  темір,  ерітуге 
келгенмін (Бұқар). Мен – тауда ойнаған қарт марал. 
ә)  Есім  баяндауыш  құрамындағы  көмекші 
етістіктер айтылмаса, сөйлем ықшамдалып, бастауыш 
пен  баяндауыш  арасы  сызықшамен  ажыратылады. 
Мысалы: Еңбек ету – ардақты іс. (Еңбек ету ардақты 
іс  болып  саналады.)  А.С.  Пушкин  –  данышпан  ақын. 
(А.С.  Пушкин  данышпан  ақын  болып  еді.)  Бұл  – 
адамзаттың  жарқын  болашағы.  (Бұл  адамзаттың 
жарқын болашағы болып табылады.) 
б)  Модаль  сөздер  және  басқа  грамматикалық 
тұлғалар  есім  баяндауыш  құрамында  жұмсалса, 
сөйлем  ықшамдалып,  бастауыш  пен  баяндауыш 
арасына  сызықша  қойылады.  Мысалы:  Жамал  – 
сауыншы.  (Жамал  сауыншы  шығар. Жамал  сауыншы 
ма? Жамал сауыншы болып жүр екен.) 
2. Бастауышы субстантивтенген сөз таптарынан 
жасалған 
сөйлем 
құрылымдарына 
қойылатын 
сызықша.  
Көп – қорқытады, терең – батырады. (Көп адам 
қорқытады,  терең  су  батырады.)  Көрмес  –  түйені  де 
көрмес.  Жақсы  –  ісімен  жақсы.  Оқымаған  –  надан. 
Саусағы  ұзын  –  биші  болар,  құлағы  үлкен  –  күйші 
болар (Мақалдар). 
Ықшамдалған сөйлемдердің бастауышы зат есім 
мағынасында 
қолданылған 
атау 
тұлғалы 
сөз 
таптарынан  жасалса,  баяндауыштары  атау  тұлғалы 
есім  сөздерден  де,  жақ  жалғаулы  етістіктерден  де 
жасала 
береді. 
Бұл 
сияқты 
синтаксистік 

құрылымдардың түзілісінде өзіндік ерекшеліктер бар. 
Сөйлемнің  алғашқы  зат  есім  бастауыштары  түсіп 
қалады.  Мұның  нәтижесінде  сөйлем  ықшамдалады, 
оның  құрылысында  мынадай  өзгерістер  пайда 
болады:  зат  есімнен  болған  бастауышты  анықтаған 
сапалық  есім  заттанады  да,  ықшамдалған  сөйлемнің 
бастауышына  айналады.  Мұның  өзі  сөйлемдегі 
бастауыш  арасын  сызықшамен  ажыратудың  негізгі 
себебі  болса,  ондай  сызықша  қоюдың  екінші  бір 
жанама  себебін  де  ескеру  керек  болады.  Ол  – 
субстантивтенген 
бастауыштардың 
есім 
баяндауыштарымен  қабысуға  қабілеттілігі.  Мұндай 
жинақы  құрылымдар  мақал-мәтел,  қанатты  сөздерде 
жиі кездеседі.  
3.  Баяндауышы  септік  жалғаулы  сөздерден 
жасалаған  сөйлем  құрылымдарында  қойылатын 
сызықша. 
Қой  өрісі  –  қорадан.  (Қой  өрісі  қорадан 
басталады.)  Ақыл  –  жастан,  асыл  –  тастан.  Ат  – 
биеден,  аруана  –  түйеден.  Елдің  көркі  –  жерменен, 
жердің көркі – суменен. Ат жүйрігі – асқа, тіл жүйрігі 
– басқа. 
Қазақ  тілінде  өнімді  қолданылатын  мұндай 
ықшамдалған  сөйлем  түрлері  толық  сөйлемдегі 
етістік  баяндауыштардың  айтылмай,  түсіп  қалуынан 
жасалады.  Баяндауыштың  синтаксистік  қызметі  әр 
түрлі  септік  жалғаулы  сөздерден  болған  (алдында 
тұрған) тұрлаусыз мүшеге ауысады.  

4.  Баяндауышы  есім  сөз  бен  үшін  шылауының 
тіркесінен 
жасалған 
сөйлем 
құрылымдарында 
қойылатын сызықша. 
Бәрі  де  –  балалар  үшін.  Бар  білім  –  ел  үшін. 
Мұның  бәрі  –  сен  үшін.  Жақсыны  –  көрмек  үшін 
(Мақал).  
Ықшамдалған  құрылымда  айтылмаған  мүшенің 
(толық  сөйлемдегі  баяндауыштың)  синтаксистік 
қызметі  үшін  шылауы  мен  зат  есім  немесе  зат  есім 
мәнінде  жұмсалған  сөздердің  тіркесінен  жасалған 
мүшеге  ауысады.  Бұл  тіркес ықшамдалған  сөйлемнің 
баяндауышы болады. Мұндай сызықша ықшамдалған 
сөйлемдегі  ойды  біршама  аяқтауға  қатысты  болып, 
баяндауыш  құрыман  енген  үшін  шылауының 
синтаксистік қызметін айқындай түседі.  
5.  Баяндауышы  –ша,  -ше  жұрнақты  өткен 
шақтағы 
есімшеден 
жасалған 
сөйлем 
құрылымдарында қойылатын сызықша:  
Көз  –  көргенше,  құлақ  –  естігенше.  Жақсы 
кісінің ашуы – торғын орамал кепкенше (Мақал).  
Мұндай  сөйлемдердің  толық  түрі  көбінесе  бір 
сөздің  әрі  бастауыш,  әрі  баяндауыш  болып 
қайталануынан  жасалады  да,  ықшамдалған  түрінде 
ондай  ортақ  сөз  баяндауыш  ретінде  қайталанбайды. 
Ықшамдалған  компоненттің  синтаксистік  қызметі 
алдыңғы  мүшеге  ауысады.  Сондай-ақ,  ондай 
баяндауыштар бастауышты қайталамайтын сөздерден 
де жасалуы мүмкін. 

6. Бастауышы тәуелдік  жалғаулы есімшеден не 
есімше  қатысты  сөзден  жасалып,  баяндауышы 
мезгілдік үстеулерден, сілтеу есімдіктерінен жасалған 
сөйлем құрылымдарында қойылатын сызықша: Сенің 
айтқан  сөзің  –  осы.  (Сенің  айтқан  сөзің  осы  емес  пе 
еді?) Оқығаным – қазір. Естігені – кеше.  
Мұндай баяндауыштар субстантивтену ыңғайда 
жұмсалады. 
Сондықтан 
толық 
құрылымдағы 
предикаттық  мәнді  беруші  грамматикалық  тұлғалар 
(шылаулар,  көмекші  етістіктер)  айтылмай,  сөйлем 
ықшамдалады. 
Алғы сөзі – септік жалғауында, соңғы сөзі атау 
тұлғада  келіп  ықшамдалған  эллипсистік  сөйлем 
құрылымдарына қойылатын сызықша       
Мектепке – 75 жыл. Сәттілікке – тәттілік. Сыйға 
– сый, сыраға – бал. Атадан – алтау, анадан – төртеу 
(Абай).  Еңбегіне  қарай  –  табысы.  Білімдіден  –  ақыл, 
ақылды  қарттан  –  нақыл.  Жасыңда  –  бейнет, 
қартайғанда – зейнет.   
Бұл 
ықшамдалған 
сөйлемдердің 
негізгі 
ерекшелігі  сол  –  оның  құрамында  бастауыш 
болмайды.  Сөйлемнің  ұйымдастырушы  предикаттық 
қызметін баяндауыш қана атқарады.  
Ықшамдалған  мүшенің  синтаксистік  қызметін 
жаңғыртушы компонент түрлерінің бірі емес, бірнеше 
мүмкін  варианттары  болуы  ықтимал.  Ықшам 
құрылымның  толық  түріндегі  мүмкін  варианттардың 
жуық көріністері мынадай:  

а)  Толық  сөйлемнің  баяндауышы  түсіп  қалса, 
ондағы  бастауыш  (өз  тұлғасын  өзгертпей)  сөйлемнің 
баяндауышы  қызметінде  жұмсалады.  Мысалы: 
Жүзден  –  жүйрік,  мыңнан  –  тұлпар.  (Жүзден  жүйрік 
шығады,  мыңнан  тұлпар  шығады.)  Бір  жылға  –  қоян 
шарық. (Бір жылға қоян шарық шыдайды.) 
ә)  Толық  сөйлемнің  ырықсыз  етістіктен  болған 
баяндауышы 
айтылмаса, 
оның 
бастауышы 
ықшамдалған  сөйлемнің  баяндауышына  ауысады. 
Мысалы:  Жүйрікке  –  жүлде.  (Жүйрікке  жүлде 
беріледі.)  Сыныққа  –  сылтау.  (Сыныққа  сылтау 
табылады.)  
б)  Толық  сөйлемнің  күрделі  баяндауыш 
құрамындағы  сабақты  етістік  түсіп  қалса,  ондағы 
негізгі предикаттық мәнде жұмсалған жасырын табыс 
септіктегі  есім  сөз  ықшамдалған  сөйлемнің  атау 
тұлғалы баяндауышы болып қалады. Мысалы: Сыйға 
– сый, сыраға – бал. (Сыйға сый жаса, сыра бергенге 
бал  бер.)  Жақсылыққа  –  жақсылық.  (Жақсылыққа 
жақсылық жасады).  
в)  Толық  сөйлемнің  бастауышы  айтылмай, 
ондағы  атау  тұлғалы  есім  баяндауыш  ықшамдалған 
сөйлемде  бұрынғы  синтаксистік  қызметінде  қалады. 
Мысалы: Білгенге – маржан, білмеске – арзан. (Абай) 
(Білгенге бұл – маржан, білмеске бұл – арзан.). 
г)  Жіктік  жалғауларды  қолданбау  арқылы  да 
мұндай  сөйлемдер  ықшамдалады.  Мысалы:  Атадан  – 
алтау,  анадан  –  төртеу.  (Абай)  (Атадан  алтаумын, 
анадан төртеумін.)  

Екі 
компоненті 
де 
септік 
жалғаулы 
ықшамдалған  сөйлем  құрылымдарында  қойылатын 
сызықша 
Бұл 
құрылымдар 
алдыңғы 
берілген 
ықшамдалған  сөйлемдерге  ұқсас.  Одан  айырмасы  – 
ықшамдалған сөйлемнің баяндауы атау тұлғада емес, 
септік  жалғаулы  сөзден  жасалады.  Сондықтан  мұны 
сызықша қойылатын ықшамдалған сөйлем типтерінің 
өзіндік 
ерекшеліктері 
бар  бір  түрі  ретінде 
қарастырамыз. 
Аталған  сөйлем  құрылымы,  негізінен  алғанда, 
екі түрде көрінеді: 
а)  Алдыңғы  сөзі  табыс  септік  жалғаулы  тура 
толықтауыш  болса,  соңғы  сөзі  шығыс  септік 
жалғаулы  баяндауыш  болып  құрылады.  Мұндай 
ықшамдалған құрылымның толық түріндегі етістік не 
етістік  қатысты  түрлі  грамматикалық  тұлғалардан 
жасалған  баяндауышы  айтылмай  қалады  да,  ол 
сөйлемнің  пысықтауышы  өз  тұлғасын  өзгертпей, 
эллипсистік құрылымда баяндауыш болады. Мысалы: 
Баланы  –  жастан.  (Баланы  жастан  тәрбиелеу  керек.) 
Жаз  киімін  –  қыстан.  (Жаз  киімін  қыстан  даярлау 
керек.) 
ә) Бірінші сөзі ілік септік жалғаулы анықтауыш 
болса, екінші сөзі шығыс септік жалғаулы баяндауыш 
болады.  Бұлайша  ықшамдалған  құрылымның  толық 
түріндегі  баяндауыш  қызметінде  келген  сөз  түсіп 
қалады  да,  ондағы  шығыс  септіктегі  жанама 
толықтауыш  өз  тұлғасын  өзгертпей,  сөйлемнің 

баяндауышына 
айналады. 
Сондай-ақ, 
мұндай 
құрылымдарда  сөйлемнің  басқа  компоненттері  де 
(«қандай  екені»  сияқты  сөздер)  айтылмай  қалады. 
Келіннің – аяғынан, қойшының – таяғынан. (Келіннің 
қандай  екенін  аяғынан  (ыдыс-аяқ)  тануға  болады, 
қойшының қандай екенін таяғынан тануға болады.)  
Екі  сыңары  да  септік  жалғауынан  жасалған 
ықшамдалған  сөйлем  құрылымдарының  тағы  бір 
ерекшелігі  сол  –  оның  толық  түрі  көбінесе  жақсыз 
сөйлем 
ретінде 
жұмсалады. 
Мұны 
жоғарғы 
мысалдардан байқауға болады.  
Ортақ 
мүшеге 
ықшамдалған 
сөйлем 
құрылымдарында  қойылатын  сызықша  мен  үтірлі 
сызықша 
Мұндай 
ықшамдалудың 
(эллипсистік 
құрылыстың)  ерекшелігі  –  онда  сөз  түсіп  қалмайды, 
екі  не  одан  да  көп  сөйлемдерден  жасалған 
синтаксистік  құрылымдағы  кейбір  мүшелер  әрбір 
сыңарда  қайталанбай,  соңғы  сыңарда  бір-ақ  рет 
айтылады. Мысалы: Қой өсіру – екі есе, жылқы өсіру 
үш  есе  артты.  (Қой  өсіру  екі  есе  артты,  ал  жылқы 
өсіру  үш  есе  артты.)  Олардың  алдында  астыңғы 
қабаты – кірпіштен, үстіңгі қабаты ағаштан салынған 
шатырлы үй тұрады. Екінші рет оралғанда Айғыз бір 
қолында  –  ақ  шәйнек,  екінші  қолына  тағы  бір  кесе 
ұстай  кірді.  Үлкенді  –  аға,  кішіні  –  іні  де  сыйлауды 
ұмытпасақ болар. Олар кейде  – түгел, кейде кездесіп 
жұмыс  істейді.  Біреу  –  күрегін,  біреу  –  балтасын, 

біреу  арасын  алып  сапқа  тұрды.  Мен    орыстармен  – 
орысша, қазақтармен қазақша сөйлесе беремін.  
Мұндай  құрылымдарда  әр  түрлі  орындарда 
жұмсалған  ортақ  мүшелер  ғана  емес,  сонымен  бірге, 
міндетті  түрде,  қос  сыңарлы  екі  не  бірнеше 
салыстырмалы  жұп  ыңғайлас  мүшелер  болады. 
Мәселен,  жоғарғы  мысалдардағы  бірінші  сөйлемде 
мынадай жұп ыңғайлас мүшелер бар: бірі – қой өсіру 
екі есе, екіншісі – жылқы өсіру үш есе.  
Ортақ мүшеге ықшамдалған сөйлем құрамында 
бірыңғайлас  мүшелер  ерекше  көзге  түседі.  Ықшам 
құрылымдағы  мұндай  ыңғайлас  мүшелерді  әдеттегі 
бірыңғай  сөйлем  мүшелерімен  қатар  қоймай,  ерекше 
қарастырған жөн. Аталған синтаксистік категорияның 
өзіндік  ерекшеліктерін  ескере  келе,  оны,  шартты 
түрде,  салыстырмалы  жұп  ыңғайлас  мүшелер  деп 
атаймыз.  
Сөйлемнің 
бірыңғай 
мүшелері 
мен 
салыстырмалы  жұп  ыңғайлас  мүшелердің  негізгі 
айырмасы  мынады:  бірінде  әр  түрлі  сөздерден 
жасалған  мүшелер  бір-ақ  қатарға  түзіледі  де,  қалған 
мүшелер қайталанады; екіншісінде әр түрлі сөздерден 
жасалған  мүшелер,  кемінде,  екі  қатарлы  болып, 
қалған  сөздер  қайталану  арқылы  ортақ  мүшелер 
болады.  Қысқасы,  салыстырмалы  жұп  ыңғайлас 
мүшелерге  тән  ажырым  мүшелер  әдеттегі  бірыңғай 
мүшелерден  жасалған  сөйлем  құрылымдарында 
қолданылмайды.  

Аталған  синткасистік  категориялардың  бір-
бірінен  айырмасын  төмендегі  кестелерден  байқауға 
болады. 
Бірыңғай  мүшелерге  ықшамдалған  сөйлем 
құрылымы 
Серіктестік жыл сайын бидай, бұршақ, қызылша 
өсіреді. 
1-ортақ 
мүше 
2-ортақ 
мүше 
Ортақтас 
мүшелер 
3-ортақ 
мүше 
Серіктестік   жыл сайын  бидай 
бұршақ 
қызылша 
өсіреді 
 
Салыстырмалы  жұп  ыңғайлас  мүшелерге 
ықшамдалған сөйлем құрылымы. 
Мұнда  Есболатжан  –  Оразбай,  Бөкеншіден  – 
Күнту, Топайдан – Байділда бар. (М.Әуезов) 
 
1-
ортақ мүше 
Ажырым 
мүшелер 
Ортақтас 
мүшелер 
2-ортақ 
мүше 
Мұнда  
Есболатжан 
Бөкеншіден 
Топайдан  
Оразбай 
Күнту 
Байділда  
бар 
Салыстырмалы 
жұп 
ыңғайлас 
мүшелі 
ықшамдалған сөйлем құрылымдары салалас, сабақтас 
және 
аралас 
құрмалас 
сөйлемдердің 
сыйыстырылуынан жасала береді: 
1)  Салалас  құрмалас  сөйлемдердің  көбінесе 
алдыңғы компоненттері ықшамдалып, соңғысы толық 

айтылады.  Мысалы:  Білекті  –  бірді,  білімді  –  мыңды 
жығады.  (Білекті  бірді  жығады,  білімді  мыңды 
жығады.) (Мақал) 
2)  Сабақтас  құрмалас  сөйлемдердегі  басыңқы 
сөйлемдер  ықшамдалады  да,  бағыныңқылары  толық 
айтылады.  Мысалы:  Жау  жағадан  алғанда,  бөрі  – 
етектен.  (Жау  жағадан  алғанда,  бөрі  етектен  алады.) 
(Мақал) 
3)  Екі  не  одан  да  көп  сабақтас  құрмаластардан 
жасалған  аралас  құрмалас  сөйлемдердегі  басыңқы 
сыңарлар  ықшамдалады.  Мысалы:  Қолымызға  құты 
түссе, - құтымен, кесе түссе, су аламыз.    
Салалас  сөйлемдер  ортақ  мүшеге  ықшамдалу 
нәтижесінде  құрмалас  сөйлем  болудан  қалып,  жай 
сөйлемге 
айналатын 
болса, 
ортақ 
мүшеге 
ықшамдалған  сабақтас  және  аралас  құрмалас 
сөйлемдер  құрмалас  сөйлем  күйінде  қалады.  Өйткені 
әрқашан 
ондай 
құрмаластардағы 
басыңқы 
компоненттер  ықшамдалып,  бағыныңқы  сөйлемдер 
толық 
айтылады. 
Ықшамдауға 
байланысты 
қойылатынэллипсистік 
сызықшамен 
қатар, 
бағыныңқы  сөйлемнен  соң  келетін  ажыратушы  үтір 
де  сақталады.  Сөйтіп,  мұндай  сөйлемдерге  үтірлі 
сызықша қойылатын болады.  
Салыстырмалы 
жұп 
ыңғайлас 
мүшелер 
құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  ықшамдалуынан 
ғана  емес,  сол  сияқты,  үйірлі  мүшелердің  ортақ 
мүшеге сыйыстырыла жұмсалуынан да жасала береді. 
Ондай 
үйірлі 
мүшелерден 
ықшамдалу 
шегі 

баяндауыш  ыңғайындағы  сөзбен  аяқталады  да,  одан 
ары  қарай  ықшамдауға  келмейді.  Мысалы:  Бірі- 
қойға, бірі қозыға шөп салып жүрген малшылар бізді 
аңғармады.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет