М.ҚОзыбаев атындағЫ


Тыныс белгілерінің айтысы



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата21.01.2017
өлшемі0,58 Mb.
#2330
1   2   3   4   5   6

Тыныс белгілерінің айтысы. 
Бір күні нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі, үтір, 
сызықша,  қос  нүкте  кездесіп  қалыпты.  әрқашан  өзін 
тыныс  белгілерінің  ішінде  біріншімін  деп  санайтын 
нүкте: 
Мен белгілі бір ойдың аяқталуына байланысты 
қойыламын,  дұрыс  қойылмайтын  болсам,  сөйлем 
түсініксіз  болып  шығады,  не  екінші  бңр  мағына 

туындайды.  Мен  дүниедегі  бар  сөйлемдерден  кейін 
қойыламын, менен асқан кім бар? – деді. 
Керемет,  керемет,  -  деді  сұрақ  белгісі,  -  не, 
жауап  күту  мақсатымен  айтылған  сұрау  мәнді 
сөйлемге де сен қойыласың ба? 
Жоқ,  мен  сендерден  де  қажеттімін.  Адамның 
әр  түрлі  көңіл-күйін:  қуанышты,  сүйінішті,  өкінішті, 
ренішті,  бұйрықты,  зекіруді  т.б.  білдіретін,  ерекше 
көтеріңкі  дауыспен  айтылған  сөйлемдерге  сендер 
келесіңдер  ме?  Жоқ,  ең  кереметі  менмін!  -  деді  леп 
белгісі. 
Тоқтат, тоқтай тұрыңдар!  - деді кенеттен үтір. 
–  Біз  де  босқа  жүргеніміз  жоқ.  Сендер  ойдың 
аяқталуына  байланысты  болсын,  белгілі  мақсатпен 
болсын,  адамның  әр  түрлі  көңіл-күйіне  байланысты 
қойылсаңдар да мейлі. Енді бізге сөз кезегін беріңдер. 
Үтір, сызықша, қос нүкте сөз кезегін алды: 
Біз  де  тыныс  белгілерінің  ішінде  жиі 
қолданамыз.  Сөйлемнің  құрылысына,  мағынасына, 
интонацияға байланысты қойыламыз. 
Бос  әңгіменің  не  керегі  бар,  -деді  қос  нүкте,  - 
ерік  беріп  қойса  мақтанады-ақ  екенбіз.  Әркім  өз 
орнын  біліп,    қызметін  атқара  берсін,  сонда  ол 
мақтауға тұрады. 
Оқушылардың кез-келген тыныс белгісі жайлы 
не  білгендерін,  не  білуге  тырысқандықтары  жайлы 
осы  шығарма  сияқты  әңгіме  жазуға  дағдыландырып 
көруге  болады.  Сонымен  бірге  жаттығулардың 
орнына  халқымыздың  тәрбиелік  мәні  зор  сөздерін 

пайдаланып, ойын түрлеріне де ұлттық нақыш енгізіп, 
халықтық  педагогикамен  байланыстыру  мұғалімнің 
шеберлігіне байланысты. 
 
Түрлі тапсырмалар орындауға 
байланысты жаттығу мәтіндері 
Үтір қойылатын сөйлем құрылымдары 
1. Үтірмен ажыратылатын бірыңғай 
мүшелі сөйлем құрылымдары 
 
Ешқашан да Абайдың алғыр ойы, ұшқыр қиялы, 
нәзік  сезімі,  жүрдек  қаламы  тоқырап  қалмайды. 
Бәйшешек  солмақ,  сиремек.  Аспан  ап-ашық,  биік, 
көкпеңбек,  жұлдызды.  Мағыштың  бойы  сымбатты, 
сұңғақ,  биік.  Үлкен,  кең,  жылы  үйде  Нұқы  қарт 
жалғыз қалды (Ә. Сарсенбаев).  
Төлегеннің 
батырлық, 
ерлік 
істері 
халқымыздың  есінен  мәңгі  кетпейді,  көп  жасайды. 
Біздің  алдымызда  зор,  күрделі,  қиын  міндеттер  тұр 
(М. Ғабдулин). 
Абай  елді,  еңбекке,  бірлікке,  бүтіндікке 
бастады.  Абайға,  Абай  өлеңдеріне  сан  сұрақтар 
қойылды.  Адамгершілік  туын  жоғары  ұстауға,  әділет 
үшін  айқасқа  түсуге  ол  бекем  бел  буды.  Абай 
өлеңдері  талай өткелдерден,  талай  асулардан  өтті (С. 
Мәуленов). 
Мұрт  та,  сақал  да,  шаш  та  боз  қырау  тартқан. 
Даңғыр  да,  аяқ  астындағы  мұздың  сытыры  да  бірден 
басылды.  Рабиға  біресе  Дәуқараға,  біресе  Әміржанға 

қарады.  Не  аттың,  не  адамның  жүрісі  тәрізді  бір 
болмашы дыбыс құлаққа шалынды (Б. Майлин). 
Бұларға қарап әлдене дегендей, тіпті қол бұлғап 
шақырғандай  да  болды.  Шыбығымен  түйесін  шып-
шып  ұрып  қойып,  өзімен-өзі  сөйлесіп  те  алады. 
Қалың  қара  қасты,  әнтек  бітіктеу  қара  көзді  жас 
жігіттің онысы дұрыс та шығар (Р. Райымқұлов). 
2.  Үтірмен  бөлінетін  оқшау  сөзді  сөйлем 
құрылымдары 
Амал жоқ, мен қазір Қазанға бара алмаймын деп 
отырмын. Демек, бұл ұсақ-түйек емес. Бірақ, амал не, 
ол  өтінішімнен  жақсы  нәтиже  шықпады.  Мұның  өзі, 
сайып  келгенде,  уақытты  босқа  өткізу.  Біздің  ісіміз 
қаражат  жағынан,  әйтеуір,  қамтамасыз  етіліп  жатыр 
(Ы. Алтынсарин). 
Әлі  есімде,  біздің  үйдің  сыртында  бір  кішкене 
көл бар-ды. Мұны жүзеге асыру, меніңше, оңай емес. 
Ойбай, шырағым, үстіңді бүлдірдің. Ойбай, бауырым, 
сені де көретін күн бар екен ғой! (Б. Майлин) 
А.  Құлмамбет,  Құлмамбет,  ағып  жатқан  сумен 
кет! Қызығыңды көп көрдім, Қарабастау, Құлансаз. О, 
кең  дала,  кең  дала!  Елім  жаңа,  жер  жаңағ  жанған 
шырақ айнала (Ж. Жабаев). 
 
3. Үтірмен бөлінетін оңашаланған мүшелі 
сөйлем құрылымдары 
Малды,  әсіресе  биелерді,  жаңа  сауу  режиміне 
үйрету  кезінде  осы  сүт  шығу  заңдылықтарын  естен 
шығарма.  Сіздерге  бүгінгі  спортымыздың,  оның 

ішінде  күрес  пен  бокстың,  қыры  мен  сыры  жақсы 
мәлім.  Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін,  әсіресе  мал 
шаруашылығын,  онан  әрі  жақсарту  көзделіп  отыр. 
Күкірт қышқылы – осы өндірістің, химия өндірісінің, 
азығы. Күкірт қышқылын өндіру үшін концентратты, 
яғни  күкірті  көп  газдарды,  пайдаланады.  Әріректен, 
ну  арасынан,  қайық  тұмсығы  қылаңдады.  Мұның 
қазіргі  күнде,  яғни  адамның  ғарышқа  ұшуы  дағдылы 
қалыпқа  айналған  шақта,  пайдасы  тиетінін  айтып 
жатпаса да белгілі шығар. («Солт. Қаз.») 
 
4. Үтірмен ажыратылатын құрмалас сөйлем 
құрылымдары 
а) Салалас құрмалас сөйлемдер 
Оның  түрі  алаңсыз,  даусы  жайбарақат.  Салық 
оны  төрге  шы,арды  да,  өзі  мал  қарауылдауға  кетті. 
Біреулер  Тілу  үшін  қуанды,  енді  біреулер  пойыздың 
қозғалғанына  қуанды.  Көзі  жұмулы,  бірақ  бетінде 
әсем күлкінің табы бар  (Ә. Сәрсенбаев). Тыныс керек 
кейде  жанға,  кейде  жанға  ән  керек.  Теңіз  бетін  мұз 
буып,  біресе  түтеп  бораны,  біресе  түтеп  тұманы, 
мұзды  дала  сірескен.  Өзінің  тұлғасы  да  қапсағайдай 
ірі  келген,  бірақ  өзінде  бір  өткір,  нәзік  сипат  бар  (Т. 
Ахтанов).  Кілемдей  жерім  түрленді,  қызғалдағым 
гүлдеді.  Бірде  қорғаушылар  жақсы  ойнады,  бірде 
қақпашылар көзге түсті. Теңіз тынышталды, бірақ еш 
нәрсе  көрінбейді.  Екі  тайым  бар:  бірі  ақ,  бірі  қара. 
Мен еңбегімді қоғамға арнаймын, өйткені қоғам мені 

өсіреді.  Сол  белгі  менде  жоқ  па,  әлде  көрмейсіңдер 
ме? (Ғ. Мұстафин) 
ә) Сабақтас құрмалас сөйлемдер 
Бұлақты  таудан  арна  ақса,  теңіз  болар  аяғы. 
Күй  жосылып,  сөз  үдеп,  түзеледі  шабысым  (Ж. 
Жабаев).  Уақыт  аз  болғандықтан,  көп  сөзді  тастап 
кеттім.  Жапырағы  судырлап,  тал  сұлуша  таранды. 
Көрінген  пойыз  келіп  жеткенше,  ішіндегі  адамдар 
түскенше,  Бәкеннің  сабыры  жетпейтін  сияқтанды. 
Жолдан  бқрыстау  болғанмен,  егер  сен  қарсы 
болмасаң,  соға  кетуді  ойлап  келемін.  Бізге,  тұман 
басылған  соң,  теңіз  жағалары  көріне  бастады.  Мұрат 
үйге  кіргенде,  жүзінде  бір  реніш  бар  еді,  бірақ  мұны 
ешкім байқамады (С. Мұқанов).  
     
Сызықша қойылатын сөйлем 
құрылымдары 
5.
 
Бастауыш пен баяндауыш арасына 
сызықша қойылатын сөйлем 
құрылымдары 
 
Адам  баласының  ең  жаманы  –  талапсыз. 
Досыңа  достық  –  қарыз  із  (Абай).  Басыңа  іс  түссе, 
жақсы  –  көмек  етеді,  жаман  –  күліп  кетеді.  Жаман  – 
түйенің  үстінде  келе  жатып,  жаяуға  бұқ  дейді. 
Айтқызған  –  жаманның  ісі,  қамшылатқан  шабанның 
ісі.  Жаман  –  жақынын  сыйламас.  Жақсы  –  ісімен 
жақсы (Мақал). Біржан – ХІХ ғасырдың орта кезінде 

өмір  сүрген  ақын.  Біржанның  өмірі  туралы  тұңғыш 
деректі жазған – Сәбит Мұқанов.  
 
 
 
6.
 
Сызықша қойылатын оңашаланған 
мүшелі сөйлем құрылымдары 
 
Мағаш,  Кәкітай,  Мұқа  –  үшеуі  салт  атпен 
Семейге  қарай  аттанды.  Талапсыздық,  жігерсіздік, 
ұятсыздық, кедейлік – бәрі де еріншектіктен шығады. 
Қорғасын,  мырыш,  мыс  -  әрқайсысы  өз  түсімен 
құлпырады.  Орысша  оқу  керек.  Хикмет  те,  мал  да, 
өнер де, ғылым да – бәрі орыста зор. Тамағы тоқтық, 
жұмысы жоқтық – аздырар адам баласын. (Абай).  
Қазақ  халқының  ғажайып  ұлы  –  М.  Әуезов 
Абай  жайында  өзінің  роман  –эпопеясында  ыстық 
ілтипатпен, тамаша баяндады. Қазақстанның астанасы 
–  Астанада  биік  үйлер  салынуда.  Оңтүстіктің  ақ 
алтыны  –  мақтаның  өнімі  жылдан-жылға  өсуде.  Кім 
сүймесін өз жүрегі – баласын.  
 
7. Сызықша қойылатын құрмалас 
сөйлем құрылымдары 
Елемес  бір  нәрсе  айтайын  деп  еді,- 
Шымырбек үндемей кетіп қалды. Жалыққаным сонша 
–  сыр  бөлісер  достарды,  тай  құлындай  шұрқырасып 
шоқтық 
жұлысқан 
құрдастарды 
аңсадым. 
Қысылғаным  сонша  –  маңдайымнан  тер  ыршып 

шықты.  Жер  астынан  шымырлап  қайнап  жатқан 
судың  мөлдірлігі  сондай  –  түбіне  тастаған  түймедей 
затыңызды  бадырайтып  көрсетеді.  Нұрым  мен 
Оспанның  оңаша  әңгімесі  болса  керек  –  екеуі  бірге 
далаға  шықты  (К.  Қалмақанов).  Құлайды  екен  деп 
едім,-  құламады.  Қария  еңкейіп  төбетінің  аяғын 
көрмек болып еді, - Қиялас қыңсылап, гүрілдеп, шыр 
көбелек айналып тоқтамай қойды (Ә. Сәрсенбаев).  
 
8. Қос нүкте қойылатын сөйлем 
құрылымдары 
Қаратауда  алуан  түрлі  металдар:  қорғасын, 
цинк, мыс, алтын, ванадий, кадмий – кездеседі. Бірақ 
ол бойындағы осы бір сұлулықты: нұрлы көзін, жұп-
жұқа  дөңгелек  өңін,  әдемі  ұзын  саусақтарын  – 
көрсетуге  тырыспай,  керісінше,  қайда  жасырарын 
білмей  састы  (Ә.  Сәпсенбаев).  Үш-ақ  нәрсе  адамның 
қасиеті:  ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл,  жылы  жүрек. 
Жаман  дос  –  көлеңке:  басыңды  күн  шалса,  қашып 
құтыла  алмайсың;  басыңды  бұлт  алса,  іздеп  таба 
алмайсың  (Абай).  Тракторды  бұрын  кім  көрген: 
құлындар  үркіп,  шелектегі  сүтті  ақтарып,  әйелдерді 
басып  кетті;  ауылдағы  малдың  бәрі  үркіп,  далаға 
босты (Б. Майлин).  
  
9. Нүктелі үтір қойлатын сөйлем 
құрылымдары 
Бұл ереже төменгілерді қамтиды: жаяу адамдар 
тротуармен жүру керек; қол арба, шана, велосипедпен 

көшенің сол қанатын ала жүреді. Жорғаң қатты болса, 
төске сал; ісің ақ болса, көпке сал. Уайым түбі – теңіз, 
батасың  да  кетесің;  тәуекел  түбі  –  қайық,  өтесің  де 
шығасың (Мақал). 
 
10. Жақша қойылатын сөйлем 
құрылымдары 
Тіркеушілермен қатар (әскери адамдарды айтып 
отырмыз) Досов отыр (С. Мұқанов). Ән басталды. (М. 
Әуезов,  «Абай»,  І  к.,  Алматы,  1991,  285-б.)Емшекте 
баласы  бар  ана  баласын  емізіп  қайтуға  қосымша 
жарты  сағаттық  (арасына  үш  жарым  сағат  уақыт 
салып) үзіліс алады. Ол екі адамға (подполковник пен 
тілмаш жігітке) кезек жалтақтады. Мұның бір қасиеті 
(жақсы  ма,  жаман  ба  оны  білмеймін)  –  бірнеше  күн 
қатарымен сөйлемей жүруге шыдайды (А. Сатбаев).  
 
11. Тырнақша қойылатын сөйлем 
құрылымдары 
Тимирязев 
жапырақтарды 
«өсімдіктер 
фабрикасы»  деп  атады.  «Жаңағы  «әйтпесеңе»  менің 
де  «әйтпесем»  бар.  Тыңда!»  -  деді.  «Восход-1» 
автоматты  түрде  қондырылды.  Сабақтан  жалыққан 
кезімізде  менің  «данышпандығым»  жайында  әңгіме 
басталды.  Бұл  адамның  есімі  әйгілі  «Әупілдек» 
әнімен байланысты еске алынады (А. Сатбаев). 
 
Пунктуация 
тарауы 
бойынша 
тестік 
тапсырмалар да жүргізуге болады.  

Тест тапсырмалары:  
І. Пунктуацияны зерттеу байланысты 
1. морфологиямен 
2. фонетикамен 
3. синтаксиспен 
4. лексикамен 
5. сөзжасаммен 
ІІ. Тыныс белгілері  туралы ілім 
1.
 
орфография 
2.
 
пунктуация 
3.
 
орфоэпия 
4.
 
абреввиатура 
5.
 
туынды сөз 
ІІІ. Сұрау белгісі 
1.
 
белгілі 
бір 
ойдың 
аяқталуына 
байланысты қойылады 
2.
 
жауап  күту  мақсатымен  сұрау  мәнге 
байланысты қойылады 
3.
 
адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіруге 
байланысты 
ерекше 
көтеріңкі 
дауыспен 
айтылған 
сөйлемдерге 
қойылады 
4.
 
сөйлемді 
қайталап 
айту 
ұшін 
қолданылады 
5.
 
орын тәртібіне байланысты қойылады 
ІV. Пунктауцияның қызметі 
1.
 
сөздердің  мағынасын,  шығу  төркінін, 
сөз байлығын қарастырады 

2.
 
тілдің  дыбыстық  жүйесін,  жасалу 
жолдарын қарастырады 
3.
 
сөйлемнің 
шекарасын 
белгілеп, 
компоненттердің жігін ажыратады 
4.
 
сөз 
құрамын, 
сөз 
таптарын 
қарастырады 
5.
 
сөздік  қор  мен  сөздік  құрамды 
тексереді 
V.  Сөйлемнің  соңына  қойылатын  тыныс 
белгілері. 
1. үтір, қос нүкте, сызықша 
2. нүкте, сұрау, леп белгісі 
3. тырнақша, жақша 
4. леп белгісі, сызықша 
5. үтір, нүкте 
VІ.  Сөйлемнің  бірыңғай  мүшелерінің 
араларына  
1.
 
үтір 
2.
 
нүкте 
3.
 
көп нүкте  
4.
 
жақша 
5.
 
сызықша 
VІІ.  Сызықша  қойылуға  тиісті  сөйлемді 
табыңыз 
1.
 
Жастық шағыңның қадірін біл. 
2.
 
Ең жақсы тіл ана тілі. 
3.
 
Әлсіздің тілі ащы. 
4.
 
Аласа, ақ, сары жігіт көтерілді. 
5.
 
Бұл ойланатын іс екен 

VІІІ.  Қос  нүкте  қойылуға  тиіс  сөйлемді 
табыңыз. 
1.
 
Сіз кімді іздеп жүрсіз жолдас. 
2.
 
Әрине  адам  өмірінде  көп  қиындықтар 
ұшырасады. 
3.
 
Өмір де ай сияқты бірде толады, бірде 
солады. 
4.
 
Ел жүрген жер береке. 
5.
 
Өнер алды қызыл тіл. 
ІХ. Аяқталмаған ойды білдіру үшін 
1.
 
сызықша 
2.
 
көп нүкте 
3.
 
қос нүкте қойылады. 
4.
 
жақша 
5.
 
үтір 
Х. Үтір қойылуға тиіс сөйлемді табыңыз 
1. Жастық шағыңның қадірін біл. 
2. Қыздар дабырласып отыр. 
3. Биыл несіне айтасың егін шығымы мол. 
4. Кітап білім бұлағы. 
5. Көптің ісі көл.  
ХІ.  Құрмалас  сөйлемге  байланысты 
қойылуға тиісті сызықшаны табыңыз 
1.
 
Тұрайын деп еді тұра алмады. 
2.
 
Жақсы  байқап  сөйлер  жаман  шайқап 
сөйлер. 
3.
 
Балаң  ақылды  ірі  есті  десең  дені  сау 
мықты етіп өсір. 
4.
 
Ең жақсы тіл ана тілі. 

5.
 
Ер жүрген жер мереке. 
ХІІ.  Бастауыш  пен  баяндауыш  арасына 
қойылуатын 
сызықшаға 
байланысты  
сөйлемді табыңыз. 
1.
 
Дүниеде  сөздің  дертінен  ауыр  дерт 
жоқ. 
2.
 
Жан-жақты білім алудың басты құралы 
кітап оқу. 
3.
 
Білімді өлмес артында аты қалар. 
4.
 
Жасасын бірлік бейбітшілік. 
5.
 
Біздер студенттер белсенді араласамыз.  
ХІІІ. Оңашаланған айқындауыш қатысқан 
сөйлем 
1.  Балаларымды  ойыншық  дүкеніне  ертіп 
келдім. 
2.  Біз  тату  жүрсек,  қастық  ойламасақ, 
жақсы болған-ды. 
3.  Еділден  асып  айқара,  зулатты  мені 
отарба. 
4. Ішім өлген, құр денем сау. 
5. Дұрыс жауап жоқ. 
ХІҮ.  Тыныс  белгілері  дұрыс  қойылып 
жазылған сөйлем 
1. Алматы – көп ұлтты қала. 
2. Алматы, көп ұлтты қала. 
3. Алматы көп ұлтты қала. 
4. Алматы көп – ұлтты қала. 
5. Алматы – көп – ұлтты қала. 
ХҮ. Қаратпа сөз қай тұлғада тұрады 

1. Жіктеулі түрде 
2. Табыс септігінде 
3. Атау септігінде 
4. Барыс септігінде 
5. Ілік септігінде 
ХҮІ. 
Толықтауышқа 
қатысты 
атау 
тұлғалы оңашаланған айқындауыш 
1. Кеме, паровоз – металдан жасалады. 
2.  Қазақстан  астанасы  –  Астанада  биік 
үйлер салынуда. 
3. Кім сүймесін өз жүрегі – баласын. 
4. Қойдың, сиырдың өнімі өсті. 
5.  Ормандағы  ағаштар:  қарағай,  қайың, 
тал – ерте көгере бастады. 
ХҮІІ.  Үй  құстарын:  тауық,  үйрек, 
қаздарды - өсіреміз. 
1.  Бірыңғай  мүшелерге  байланысты 
тыныс белгілері 
2. 
Оңашаланған 
айқындауыш 
пен 
бірыңғай мүшелер 
3. Оңашаланған айқындауыш 
4.   Оқшау сөздерге байланысты 
5. Жалпылауыш сөздерге байланысты 
ХҮІІІ.  Көретін  жер  көп,  -  уақыт  аз. 
Сызықшаның қойылу себебі 
1. Ықшамдалған сөйлем 
2. 
Оңашаланған 
айқындауышқа 
байланысты 
3. Жалпылауыш сөз қатысқандықтан 

4.  Бастауыш  пен  баяндауыш  арасына 
қойылатын сызықша 
5.  Жалғаулығы  айтылмаған  қарсылықты 
салалас 
ХІҮ. Қой өрісі – қорадан 
1.  Бастауыш  пен  баяндауыш  арасына 
қойылған сызықша 
2.  Ықшамдалған  сөйлемге  байланысты 
қойылған сызықша 
3.  Төл  сөз  бен  автор  сөзіне  байланысты 
қойылған сызықша 
4. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі 
5. 
Оңашаланған 
айқындауышқа 
байланысты қойылған сызықша 
ХҮ. 
Бірыңғай 
мүшенің 
алдынан 
жалпылауыш сөз келсе, қоямыз 
1. сызықша 
2. үтір 
3. қос нүкте 
4. тырнақша 
5. жақша 
  ХҮІ. Бұл үй жаңадан салынған. 
1. сызықша қойылады 
2. сызықша қойылмайды 
3. үтір қойылады 
4. дұрыс жауап жоқ 
5. тырнақшаға алынады 
ХҮІІ.  Сөйлемде  бірыңғай  мүшелерімен 
бірлікте қаралады 

1. оңашаланған айқындауыш 
2. есімдіктер 
3. жалпылауыш сөз 
4. төл сөз 
5. автор сөзі 
ХҮІІІ.  Санамалап  айтылған  бірыңғай 
сөйлемдердің арасына қойылады 
1. үтір 
2. сызықша 
3. нүктелі үтір 
4. қос нүкте 
5. жақша 
ХІҮ. Цитат алынады 
1. жақшаға 
2. қос нүкте 
3. тырнақша 
4. сызықша 
5. нүктелі үтірге 
ХХ.  Тыныс  белгісі  дұрыс  қойылмаған 
сөйлем 
1. О, кең дала, кең дала! 
2. Күзде, қыс қайтқан кезде, қоя беремін. 
3. Ертай алда, біз соңындамыз. 
4. Жолдастар бәрі дұрыс! 
5. Дұрыс айтасыз, Байжан.. 
 
 
 
 

Мына сөзжұмбақты шешіп келіңдер. 
 
 
с 
 
 
ө 
 
й 
 
 
л 
 
 
е 
 
 
 
м 
 
1. Ол әдемі, көрікті, ... 
2. Бес дұшпаның білсеңіз 
...  ,  өтірік,  мақтаншақ,  еріншек,  бекер,  мал 
шашпақ ... (Абай) 
3.Талап, еңбек, терең ... 
Қанағат,  рақым,  ойлап  қой  –  Бес  асыл  іс, 
көнсеңіз. 
4.да, де деген не? 
5. жалғаулық 
6. Бес арысымыздың бірі, жерлес ақынымыз. 
Жауабы: 
1.
 
сұлу. 
2.
 
өсек. 
3.
 
ой. 
4.
 
жалғаулық 
5.
 
және 
6.
 
Мағжан 

Қорытынды 
Тыныс 
белгілерін 
дұрыс 
қоя 
білу 
– 
сауаттылықты  арттырады,  әрі  синтаксисті  жете 
меңгеруге 
көмектеседі. 
Тіліміздегі 
сөздер 
синтаксистік  қызмет  атқару  үшін,  сан  алуан 
байланысқа 
түседі. 
Тыныс 
белгілерін 
дұрыс 
қолданудың 
негізгі 
жолдарын, 
сөйлемнің 
синтаксистік  ерекшелігін  және  сөйлемдегі  кейбір 
сөздердің  мағынасын,  сөйлемнің  интонациясын  жете 
меңгеру  үшін,  біріншіден,  қандай  грамматикалық 
заңдылықтарға 
байланысты 
қандай 
тыныс 
белгілерінің  қойылатындығы  және  соған  байланысты 
ережелерді,  екіншіден,  қандай  тыныс  белгілерінің 
мағынаға  байланысты  қойылатындығын,  үшіншіден, 
қандай  тыныс  белгілерінің  интонацияға  ғана 
негізделетінін білу қажет. 
Теория  мен  практиканы  меңгеру  түрлері  әр 
түрлі 
әдістер 
арқылы 
жүргізіледі. 
Мұғалім 
оқушылардың  мінез-құлқын,  жас  ерекшелігін,  білім 
деңгейін  бақылап,  соған  сай  сапалы  білім,  саналы 
тәрбие  бере  білу  керек.  Пунктуацияны  оқыту 
оқушылардың  интонацияға көңіл бөліп, тексті тыныс 
белгілеріне  сай  мәнерлеп  оқу,  ір  түрлі  жаттығу 
жұмыстарын  орындатумен  байланысты  болады. 
Оқушыларды 
пунктуацияның 
интонациялық 
принципіне 
дағдыландыра 
білу 
әдеби 
тілдің 
нормасына  сай  дұрыс  та  мәнерлі  сөйлеуге  баулумен 
қабысып  жатады.  Сондықтан  осыған  байланысты 
жүргізілетін  жұмыстар  түрлі  мақсатты  көздейді: 

біріншісі  –  ойды  дұрыс  түсініп,  тыныс  белгілерін 
саналы  қою;  екіншісі  –  оқушыларды  сөйлем  мен  сөз 
тіркестерін  сазына  келтіріп,  тіл  мәдениетінің 
нормасына сай мәнерлі айтқызуға үйрету. 
Қазақ 
тілі 
пунктуациясы 
мағыналық, 
синтаксистік 
жіне 
интонациялық 
принципке 
құрылғанын  көрдік.  Пунктуацияның  теориялық 
жағын  қарастыра  келіп,  оның  қазіргі  жағдайына 
үңіліп,  бағдарламалар  мен  оқулықтарға,  әдістемелік 
құралдарға  талдау  жасап,  пунктуацияны  оқытуда 
бағдарламал  мен  оқулықтар  талапқа  сай  емес,  ал 
әдістемелік  нұсқауларда  пунктуацияны  оқытудың 
ідістері  аз  берілгеніне  көзіміз  жетті.  Дидактикалық 
материалдар  ескі,  оқушыларды  қызықтырмайды, 
сондықтан  мұғалімдер  оны  мазмұнды,  қызықты, 
түсінікті етіп өзгертіп, көркем шығармалардан, газет-
журналдардан  үзінділер  алуға  болады.  Жаттығу 
жүйесіне  де  өзгерістер  енгізу  керек.  Халқымыздың 
тәрбиелік  мәні  зор  сөздерін  пайдаланып,  ойын 
түрлеріне  де  ұлттық  нақыш  енгізіп,  халықтық 
педагогикамен  байланыстыру  қажет.  Оқушылардың 
тыныс  белгілері  жайлы  етілген  кейбір  тақырыптары 
бойынша    жазба  жұмыстарын  жүргізудің  тиімді 
жағын көрсетіліп, пунктуация тарауы бойынша тестік 
тапсырма  жұмысының  үлгісі  берілді.  Пунктуацияны 
оқытуды мынадай жұмыстар жүргізу керек: 
1.
 
Жаттығу түрін, көлемін өзгерту; 

2.
 
Мәтіндерді, 
тапсырмаларды 
құру 
барысында  тыныс  белгілерінің  мағыналық, 
стильдік қызметін көрсету; 
3.
 
Оқулықтар  мен  басқа  да  көмекші 
құралдарда текст үлгісін көрсету; 
4.
 
Пунктуациялық  дағдыны  қалыптастыру 
үшін 
қазақ 
әдебиет 
классиктерінің 
шығармаларынан  үзінді  алу  қолайлы.  Ол  қазақ 
тілі  мен  әдебиеті  пәндерінің  арасындағы 
байланысты күшейтеді. 
 
Пунктуацияны  оқытуда  мазмұндама  мен 
шығарма  жұмыстарын    әрі  тыныс  белгілерін  дұрыс 
қоюға, 
әрі 
оқушыларды 
әдеби 
сөйлеуге 
дағдыландырады. 
 
Интонация  мен  тыныс  белгілеріне  сай 
оқушыларды  мәнерлеп  оқуға  дағдыландыру,  тыныс 
белгілерінің  қызметін  білу,  жаттығуларды  орындау, 
пунктуацияға байланысты әр түрлі жұмыстар жүргізу 
оқушылардың 
пунктуациядан 
сауаттылығын 
арттыруға септігін тигізеді. 

Қолданылаған  әдебиет 
 
1.
 
Қазақ  грамматикасы.  –Астана,  2002.  -783 
бет.  
2.
 
Аманжолов  С.,  Әбілқаев  А.  Қазақ  тілі.  –
Алматы, Рауан, 1993. -203 бет. 
3.
 
Адамбаев  Ж.  «Қазақ  тілі»  оқулығына 
методикалық нұсқау. - Алматы, Мектеп, 1988. 
4.
 
Аманжолов  С,  Әбілқаев  А.  Қазақ    тілі.  -
Алматы, Мектеп, 1981. 
5.
 
Аманжолов  С,  Әбілқаев  А.  Қазақ    тілі.  -
Алматы, Рауан, 1993. 
6.
 
Арғынов 
Х. 
Қазақ 
тілі 
синтаксисі 
методикасының  негіздері.  -  Алматы,  Мектеп, 
1969. 
7.
 
Арғынов  Х.  Қазақ  тілінің  методикасы. 
Синтаксис, пунктуация. Алматы,- Мектеп, 1974. 
8.
 
Арыстанбекова К. Кәтенбаева Б. Қазақ тілі 
бойынша үлестірме жатығулар. -Алматы, Рауан, 
1993. 
9.
 
Аханов  К,  Айғыбылов  А.  Қазақ  тілін 
оқыту. -Алматы, Мектеп,1983 
10.
 
Әбуов  К.,  Біралиева  А.  Қазақ  тілінен  4-
сыныпқа арналған дидактикалық материалдар. -
Алматы, Мектеп, 1973. 

11.
 
Әуелбаева  Ш.  Қазақ  тілі  синтаксисі  мен 
пунктуациясын  оқытуға  арналған  құрылымдық 
схемалар. -Алматы, Мектеп, 1971. 
12.
 
Әуелбаева  Ш.  Пунктуацияның  қиын 
мәселелері. -Алматы, Мектеп, 1977. 
13.
 
Балақаев  М.  Қордабаев  Т.  Қазіргі  қазақ 
тілі.Синтаксис. -Алматы, 1991. 
14.
 
Кәтенбаева  Б.Ш.  Қазақ  тілін  оқыту 
/методикалық нұсқау/. -Алматы, Мектеп, 1985. 
15.
 
Кәтенбаева  Б.  Қазақ  тілі/методикалық 
нұсқау/. -Алматы, Рауан, 1990. 
16.
 
Көбеев  С.  Орындалған  арман.  -Алматы, 
Жазушы, 1988. 
17.
 
Көкпар.  Этнографиялық  әңгімелер.  -
Алматы, Балауса 1992. 
18.
 
Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы.  
-Алматы, Рауан, 1990. 
19.
 
Қазақ  тілі  сабағын  жаңа  әдіс-тәсілдермен 
өткізу. -Алматы,1991 
20.
 
Қараев  Ә.  Қазақ  тілі.  -Алматы,  Ана  тілі, 
1993. 
21.
 
Құлмағанбетова  Б.  Қазақ  тілін  оқыту 
методикасы.  -Алматы, Мектеп, 1988. 
22.
 
Мұсабекова  Ф.  Қазіргі  қазақ  тілінің 
пунктуациясы. -Алматы, Ана тілі, 1991. 

23.
 
Нұрмаханова  Ә.Н.  Қазіргі  қазақ  тілі.  -
Алматы, Мектеп, 1982. 
24.
 
Омаров  Б.  Тыныс  белгілеріне  арналған 
терме диктанттар. -Алматы, Мектеп, 1984. 
25.
 
Оралбаева  Н,  Абылақов  Ә.  Қазақ  тілі.  -
Алматы, Ана тілі 1992. 
26.
 
Оралбаева  Н,  Әбдіғалиева  Т.  Практикалық 
қазақ тілі. -Алматы, Ана тілі, 1993. 
27.
 
Серғалиев  М.  Айғалиев  А.  Қазіргі  қазақ 
әдеби тілі. -Алматы,  Ана тілі, 1991. 
28.
 
Сыздықова  Р.  Қазақ  орфографиясы  мен 
пунктуациясы  жайында  анықтағыш.  -Алматы, 
Мектеп, 1994. 
29.
 
Хасенов  Ә.  Бектұров  Ш.  Қазақ  тілі 
оқулығына  методикалық  нұсқау.  Алматы, 
Мектеп, 1993. 
30.
 
Ысқақов  А.  Хасенов  Ә.  Тыныс  белгілері. 
Алматы, 19 
 
 
 

 
МАЗМҰНЫ 
 
Алғы 
сөз...............................................................................4 
Пунктуацияның теориялық негіздері.......................6 
Ажыратушы 
тыныс 
белгілері..................................................................14 
Бөлуші тыныс белгілері..........................................32 
Бағдарламаны,  мектеп  оқулықтарын,  әдістемелік 
нұсқауларды 
талдау..........................................................................52 
Пунктуацияны  оқытуға  байланысты  жаттығу 
жүйесі..........................................................................63 
Жаттығу мәтіндері.....................................................75 
Тест тапсырмалары................................................80 
«Бірыңғай  мүшелердің  тыныс  белгілері»  сабақ 
үлгісі........................................................................85 
Қорытынды.............................................................90 
Қолданылған әдебиет.............................................92 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет