М.ҚОзыбаев атындағЫ



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата21.01.2017
өлшемі0,58 Mb.
#2330
1   2   3   4   5   6

Біріншісі  –  жалпылау  есімдігіне  қатысты 
бірыңғай 
мүшелерден 
жасалған 
оңашаланған 
айқындауыш.  Мұндай  сөйлем  құрылымдарындағы 
айқындаушы 
компонент 
зат 
есім 
немесе 
субстантивтенген  есім  сөздерден  жасалған  бірыңғай 
сөздерден  түзіледі;  ал  айқындалушы  компонент 
тәуелденген 
жалпылау 
есімдігінен 
жасалады. 
Мысалы: Алма, шие, жүзім – бәрі бақта өседі.  
Екіншісі  –  жинақтық  сан  есімге  қатысты 
бірыңғай 
мүшелерден 
жасалған 
оңашаланған 
айқындауыш.  Мұндай  сөйлем  құрылымдарындағы 
айқындаушы  компонент  бірыңғай  жұмсалған  жіктеу 
есімдіктерінен,  кісі  аттарын  білдіретін  жалқы 
есімдердің  санамалануынан  немесе  олардың  аралас 
қолданылуынан 
жасалады; 
ал 
айқындалушы 
компонент  тәуелденген  жинақтық  сан  есімнен 
болады.  Мысалы:  мен,  сен,  Досан  –  үшеуіміз  бір 

курста  оқимыз.  Мағаш,  кәкітай,  Мұқа  –  үшеуі  салт 
атпен Семейге қарай аттанды (М.Әуезов). 
Үшіншісі  –  қысқасы,  бір  сөзбен  айтқанда,  не 
керек,  әйтеуір  сияқты  жинақтаушы  қыстырма 
сөздердің  қатысымен  жұмсалған  есім  сөздерден 
болатын  жалпылауыш  сөзге  қатысты  бірыңғай 
мүшелерден  жасалған  оңашаланған  айқындауыш. 
Мысалы:  Мәдениет  сарайына  жұмысшы  жастар, 
студенттер,  оқушылар  –  бір  сөзбен  айтқанда,  кілең 
жастар жиналды. Биыл бидайдың, арпаның сұлының, 
тарының  –  қысқасы,  дәнді  дақылдардың  өнімі  мол 
болды. 
Бірыңғай  мүшелерден  жасалған  оңашаланған 
айқындауыштардың  алдыңғы  екі  түріне  тән  нәрсе  – 
мұндай  оңашаланған  айқындауыштар  тура  желілі 
сөйлемдегі 
жалпылауыш 
сөзден 
жасалған 
бастауышты,  анықтауышты,  толықтауышты  және 
баяндауышты 
ғана 
айқындап, 
пысықтауышқа 
қатыссыз  болады.  Бұл  жағдай  аталған  сөйлем 
құрылымдарына  жұмсалатын  жалпылауыш  сөздердің 
атқаратын  синтаксистік  қызметіне  байланысты 
сияқты.  
Айқындалушы  сөзден  соң  келген  бірыңғай 
мүшелерден  жасалған  оңашаланған  айқындауыштар 
тура  желілі  сөйлем  ортасында  жұмсалады.  Аталған 
сөйлем  құрылымдарындағы  айқындалушы  мүше  зат 
есім  немесе  зат  есім  мағынасында  жұмсалған 
есімдерден  болған  жалпылауыш  сөзден  жасалады  да, 
айқындаушы  мүше  өзара  тұлғалас,  дәрежелес 

бірыңғай  есім  сөздерден  түзіледі.  Мысалы:  Ықтап 
қорғалған малдар: жылқылар, қойлар, сиыр, түйелер 
– алқаптың ортасында отырған төрт-бес ауылдың 
артындағы  жалпақ  қалың  қарағанда  жайылып 
жүр. (С. Сейфуллин) 
Айқындалушы  сөзден  бұрын  келген  бірыңғай 
мүшелерден  жасалған  оңашаланған  айқындауыш 
жалпылауыш сөзден болған айқындалушы тура желілі 
сөйлем 
мүшесімен 
түсіндірмелі-жалпылама 
(индуктивті-дедуктивтік)  қатынаста  жұмсалады.  Бұл 
жағдай аталған синтаксистік категорияның сөйлемнің 
тура желісінен бөлуші сызықша арқылы ерекшеленуін 
керек 
етеді. 
Мұндай 
сызықша 
түсіндірмелі-
жалпылама  қатынасты  көрсетіп  қана  қоймайды, 
сонымен  қатар  сөйлемнің  синтаксистік  құрылым 
өзгешеліктерін 
де, 
ондағы 
интонациялық 
ерекшеліктерді де айқын көрсете алады.  
Айқындалатын  сөзден  соң  келген  бірыңғай 
мүшелерден  жасалған  оңашаланған  айқындауыш 
жалпылауыш сөзден болған айқындалушы тура желілі 
сөйлем мүшесімен жалпылама-түсіндірмелі қатынаста 
жұмсалады.  Мұндай  қатынас  аталған  синтаксистік 
категорияның 
сөйлемдегі 
жалпылауыш 
сөзден 
жасалған  айқындалушы  компоненттен  қос  нүкте 
арқылы  бөлінуін  қажет  етеді.  Сөйлем  ішінде  келген 
мұндай  бірыңғай  мүшелерден  жасалған  оңашаланған 
айқындауышты  сөйлемнің  тура  желісінен  бөліп 
көрсету үшін қос нүкте жеткіліксіз, сондықтан ондай 
оралымның  екінші  жағынан  бөлуші  сызықша 

қойылады. 
Демек, 
аталған 
сөйлем 
құрылымдарындағы  оңашаланған  айқындауышты 
сөйлемнің  тура  желісінен  ерекшелейтін  тыныс 
белгілері  екі  жақты  болып  келеді.  Атап  айтқанда, 
мұндай  синтаксистік  оралымның  алдынан  –  бөлуші 
қос  нүкте,  соңынан  бөлуші  сызықша  қойылады 
(мысалдар  жоғарыда  берілді).  Аталған бөлуші  тыныс 
белгілері  құрмаласушы  сөйлемдер  арасындағы 
жалпылама-түсіндірмелі  қатынасты  белгілеп  қана 
қоймайды, берілген сөйлемнің синтаксистік құрылым 
өзгешеліктері 
мен 
оған 
тән 
интонациялық 
ерекшеліктерін де айқын көрсете алады. 
Сөйлемдегі  әр  түрлі  оңашаланған  мүшелер 
және  оларға  байланысты  қойылатын  бөлуші 
тыныс белгілері 
Қазақ  тілінде  оңашаланған  сөйлем  мүшелері 
жоғарыда 
сөз 
болған 
оңашаланған 
айқындауыштармен  шектелмейді.  Сөйлем  ішіне 
кірістірілген синтаксистік оралымдар көп. Оларды әр 
түрлі оңашаланған мүшелер дейміз.  
Сөйлемдегі  әр  түрлі  оңашаланған  мүшелердің 
бәріне 
тән 
қасиет 
– 
аталған 
синтаксистік 
категорияларға  ол  есімдігін  қосып  айта  беруге 
болады. 
Бұл 
жағдай 
аталған 
оралымдардың 
предикаттануына 
мүмкіндік 
береді. 
Басқаша 
айтқанда,  олар  мұндай  жағдайда  оңашаланған  мүше 
болудан  қалып,  өз  алдына  дербес  сөйлем  болып 
кетеді.  Басқа  бір  қасиеті  –  бұлардың  қай-қайсысы 
болса  да  белгілі  синтаксистік  құрылымдардың 

ерекшеленген варианттары ретінде көрінеді. Былайша 
айтқанда, бір құрылымның өзгешеленген түрі, қалдық 
мүшесі  болады.  Аталған  ерекшеліктерді  төменде,  әр 
түрлі  оңашаланған  мүшелерді  жеке  сөз  ету 
барысында, байқауға болады.  
1.  Бірыңғай  алшақ  оңашаланған  мүшелер 
және  оларға  байланысты  қойылатын  бөлуші  қос 
нүкте. 
Осы 
сияқты 
құрылымдардағы 
бірыңғай 
мүшелерден 
жасалған 
оңашаланған 
айқындауыштардың  кейде  өзі  қатысты  сөздің 
соңынан  тікелей  орналаспай,  сөйлем  біткен  соң, 
оңаша  санамаланып  айтылуы  мүмкін.  Мысалы: 
Студенттердің  көмегімен  мынадай  жұмыстар:  спорт 
алаңын  жөндеу,  аулаға  гүл  отырғызу,  төлге  күтім 
жасау – орындалды.  
Студенттердің  көмегімен  мынадай  жұмыстар 
орындалды: 
а) спорт алаңын жөндеу
ә) аулаға гүл отырғызу, 
б) төлге күтім жасау. 
Сөз  болып  отырған  синтаксистік  категориялар 
екі сөйлемде екі түрлі орында келіп, әр түрлі стильдік, 
интонациялық, 
мағыналық, 
құрылымдық 
өзгешеліктермен  ерекшеленеді.  Осыған  орай,  аталған 
сөйлемдердің  тыныс  белгілері  де  әр  түрлі: 
кірістірілген  оралым  бірінші  сөйлемде  тура  желілі 
сөйлем құрылымынан қос нүкте мен сызықша арқылы 
бөлініп көрсетілсе, екінші сөйлемде тек қос нүктемен 

бөлуді  қажет  етеді.  Сондықтан  бұл  категорияны 
бірыңғай 
мүшелерден 
жасалған 
оңашаланған 
айқындауыштан 
ажыратып, 
бірыңғай 
алшақ 
оңашаланған мүшелер деп қарастырамыз.  
Бірыңғай алшақ оңашаланған мүшелердің соңғы 
сөздері  көбінесе  тұйық  етістіктен  болып,  олар  өз 
алдына  дербес  сөйлем  жасай  алмайды.  Бұларды 
сөйлем  етіп  қолдану  үшін  ондағы  тұйық  етістіктерді 
ашық 
рай 
тұлғаларымен 
түрлендіру 
(предикаттандыру)  қажет  болады.  Ондай  құрылымда 
іліктес салалас (кейде, байланыс түріне қарай, аралас 
құрмалас  сөйлем)  болады.  Мысалы:  Студенттер 
көмегімен  мынадай  жұмыстар  орындалды:  спорт 
алаңы жөнделді, аулаға гүл отырғызылды, олар төлге 
күтім жсады.  
2.  Болжалды  санама  оңашаланған  мүшелер 
және  оларға  байланысты  қойылатын  бөлуші 
сызықша 
Болжалды  санама  оңашаланған  мүшелі  сөйлем 
құрылымдары 
өзара 
бір-бірімен 
түсіндірмелі-
жалпылама  қатынаста  жұмсалған  екі  компоненттен 
тұрады.  Жалпылама  компонент  өз  алдына  дербес 
сөйлем  болады  да,  түсіндірмелі  компонент  өздігінен 
жеке  сөйлем  бола  алмайтын  (предикаттанбаған) 
сұраулық  шылаулар  қатысты  болжал  мәнді  санама 
түсіндірмелі 
қызмет 
атқарады. 
Бұлар 
екінші 
синтаксистік  желіде  келіп,  тура  желідегі  сөйлем 
мүшелерінен 
оқшау 
қолданылады. 
Сондықтан 
бұларды  болжалды  санама  оңашаланған  мүшелер 

дейміз.  Болжалды  санама  оңашаланған  мүшелер 
көбінесе  сөйлем  алдында  қолданылады.  Мысалы: 
Құлаған  көшкін  бе,  гүлдеген  өзен  бе  –  бір  сарын 
естіледі.  (Ғ.  Сланов)  мал  ма,  адам  ба  –  алыстан 
қараңдаған бір нәрсе көрінеді.  (С. Сейфуллин). 
Бұл 
мысалдардан 
болжалды 
санама 
оңашаланған  мүшелердің  өз  алдына  сөйлем  бола 
алмайтынын  (предикаттанбаған)  жеке  сөздер  мен  сөз 
тіркестерінен  жасалатынын  анық  байқауға  болады. 
Сондықтан  аталған  құрылымды  оңашаланған  сөйлем 
мүшесі  бар  жеке  синтаксистік  құрылым  ретінде 
танимыз.  
Алайда 
болжалды 
санама 
оңашаланған 
мүшелерге ол есімдігінен болған бастауышты қосып, 
оны  сөйлем  ретінде  қолдануға  болады.  Ондай 
бастауыш  бар  болса,  аталған  құрылым  құрмалас 
сөйлемге айналады. 
Болжалды 
санама 
оңашаланған 
мүшелер 
сөйлемнің  тура  желісінен  бөлуші  сызықша  арқылы 
ерекшеленеді.  Ал  бұған  тұлғалас  іліктес  салалас 
құрмалас  сөйлемдегі  болжалды  санама  түсіндірмелі 
компоненттер  мен  түсіндірілуші  компоненттердің 
арасы ажыратушы сызықшамен белгіленеді.  
3.  Айқындалушы  оңашаланған  мүшелер 
және  оларға  байланысты  қойылатын  бөлуші 
сызықша 
Айқындалушы 
оңашаланған 
мүшелердің 
қатысымен  жасалатын  сөйлем  құрылымдары  да  қос 
компонентті  болып  қолданылады.  Мұндай  күрделі 

сөйлем құрылымдағы алдыңғы сыңар соңғы сөзі атау 
тұлғадағы 
(көбінесе 
тәуелдік 
жалғаулы) 
предикаттанбаған арнайы сөз тіркестерінен жасалады 
да,  өз  алдына  сөйлем  жасай  алмайды.  Оның  мәні 
соңғы  компонент  арқылы  ашылатын  болады.  Ал 
соңғы  сыңар  әрқашан  өз  алдына  дербес  сөйлем 
ретінде  жұмсалып,  алдыңғы  сыңардың  мазмұнын 
айқындап,  түсіндіріп  тұрады.  Мысалы:  Халық 
жұмбақтарының бір ерекшелігі – онда заттың барлық 
белгілері тізбектеліп жатпайды. Надандықтың белгісі 
– еш ақылға жарымас (Ы.Алтынсарин). Бір қуанарлық 
жағдай  –  аталған  жұмыстар  қоғамдық  орындармен 
бірлесе отырып істеледі. 
Сөз  болып  отырған  синтаксистік  категорияның 
сол,  сонша,  соншалық,  сондай  сөздері  қатысты 
іліктес  салалас  құрмалас  сөйлемдердің  ықшамдалуы 
нәтижесінде оңашаланып қалған қалдық мүше екенін 
байқаймыз. 
Шынында, 
мұндай 
айқындалушы 
оңашаланған  мүшелердің  бастапқы  ықшамдалмаған 
толық  түрі  аталған  іліктес  салалас  құрмалас 
сөйлемнің  алдыңғы  компоненті  болып  табылады. 
Сондықтан  айқындалушы  оңашаланған  мүшені  сол, 
сонша,  сондай,  соншалық  сөздерін  қосып  айту 
арқылы сөйлем ретінде қайта жаңғыртуға болады. 
Алайда 
бұл 
екі 
түрлі 
синтаксистік 
құрылымдарды  бір  қатарға  қоюға  болмайды.  өйткені 
оның  бірі  предикаттанбаған  сөз  тіркестері  ретінде 
қолданылса,  екінші  тұрлаулы  мүшелері  түгел 
қатысқан  (баяндауышы  сол,  сонша...  сөздерінен 

болған) дербес сөйлем болып жұмсалады. Сондықтан 
осындай күрделі сөйлем құрамындағы өз алдына жеке 
алғанда  сөйлем  бола  алмайтын,  мазмұны  тұтас 
сөйлеммен  айқындалатын,  сол,  сонша...  сөздерінсіз 
айтылған  қалдық  оқшау  мүшені  бұл  тұлғалас  іліктес 
салалас  құрмалас  сөйлемдерден  бөлек  қарастырып, 
оларды  айқындалушы  оңашаланған  мүшелер  деп 
атаймыз.  Айқындалушы  оңашаланған  мүшелердің 
сөйлемдегі орны біршама тұрақты болып келеді. Олар 
көбінесе алғы орында жұмсалады. 
Айқындалушы  оңашаланған  мүше  өзі  қатысты 
сөйлемнің  тура  желісінен  бөлуші  сызықша  арқылы 
ерекшеленіп көрсетіледі.  
4.  Салыстырмалы  оңашаланған  мүшелер 
және  оларға  байланысты  қойылатын  бөлуші 
үтірлер 
Салыстырмалы  оңашаланған  мүшелер  сияқты, 
тәрізді,  ұқсас,  сықылды,  -дай/-дей,  -тай/-тей 
жұрнағын 
қабылдаған 
сөздердің 
қатысымен 
жасалады. Мысалы: Күз кезінде ала тышқандар, басқа 
кемірушілер  сияқты,  қысқы  азығын  әзірлеп  алады. 
өзге  балалар  сияқты,  бұл  да  сәнді  киінген.  Аяғына 
кинегі  де,  басқа  киімдері  сияқты,  жап-жаңа.  Бекет, 
құр атқа мінгендей, тіпті түрленіп кетті (Р. Тоқтаров). 
Мұндай  синтакасистік  оралымдар  тура  желілі 
сөйлем мүшелерімен байланыспайды, күрделі сөйлем 
құрамында  оқшау  жұмсалады  да,  тура  желілі 
сөйлемдегі  ойдың  күшейтпелі  салыстырмасы  ретінде 
қолданылады.  Салыстырмалы  оңашаланған  мүше  өзі 

қатысты  сөйлемдегі  іс-әрекеттің  жекелеген  нәтижесі 
емес, жалпы құбылыстың бөлшегі екендігін көрсетеді. 
Сондықтан ондай сөйлем құрылымдарында да, де, та, 
те күшейтпелі дмеуліктер де қолданыла береді. 
Салыстырмалы  оңашаланған  мүшелер,  орын 
тәртібіне  қарай,  сөйлемнің  тура  желісінен  үтір 
арқылы  бөлініп  көрсетіледі  (жоғарғы  мысалдарды 
қараңыз). 
5.  Себеп  мәнді  оңашаланған  мүшелер  және 
оларға байланысты қойылатын бөлуші үтірлер 
Мұндай  синтаксистік  категориялар  өзінің 
интонациялық  жағынан  да,  кірістірмелі  мағыансы 
жағынан  да  өзгеше  ерекшеленеді.  Сонымен  қатар, 
олар,  көбінесе,  үш  жақтың  бәріне  тән  біркелкі 
тұлғадан  қолданылады.  Бұл  ерекшеліктер  оның  тура 
желілі  сөйлем  ішіне  кірістірілген  синтаксистік 
оралым  екенін  білдіреді.  Сондықтан  оларды  жай 
сөйлемнің  күрделі  мүшесі  немесе  құрмаластағы 
бағыныңқы  сөйлем  деп  танымай,  себеп  мәнді 
оңашаланған мүшелер деп қарастырған мақұл.  
Себеп  мәнді  оңашаланған  мүшелер  көбінесе  –
дықтан, -діктен, -тықтан, -тіктен жұрнақты есімшенің 
немесе  басқа  тұлғалардың  қатысымен  жасалып, 
сөйлемдегі  тұрған  орынан  қарай,  сөйлемнің  тура 
желісінен  үтірмен  бөлініп  жазылады.  Мысалы:  Абай 
мен Ербол, бұл өңірде қыс жүріп көрмегендіктен, жол 
бастауды  Шәкенге  тапсырды  (М.Әуезов).  Ол 
есептерді  шығармай  барғандықтан,  мұғалімнен 
бірінші рет сөз де естідім (М.Иманжанов). Сүңгірбай, 

қонақтың  түрін  көре  алмағандықтан,  тесіктен  басын 
қылтита  қойды  (З.  Шашкин).  Әшірбек  Қалмақанов, 
ашық  шахтаға  ауысқандықтан,  біздің  шахтаның 
қызметінен босатылады (Ғ. Мұст.). 
6.  Қарсы  мәнді  оңашаланған  мүшелер  және 
оларға байланысты қойылатын бөлуші үтірлер  
Қазақ  тілінде,  себеп  мәнді  оңашаланған 
мүшелер  сияқты,  қарсы  мәнді  оңашаланған  мүшелер 
де жиі қолданылады. 
Қарсы  мәнді  оңашаланған  мүшелер  мынадай 
тұлғалар  арқылы  жасалады  да,  орын  тәртібіне  қарай, 
үтірмен бөлінеді: 
а)  Емес  болымсыз  етістігінің  қатысымен: 
Жалғыз Бекет емес, бар бала сөйтеді. Мәликені емес, 
Мәликемен өткен күндерді сағынған (Р. Тоқтаров). Ол 
Астанада емес, Петропавлда оқиды. 
ә)  са  тұлғалы  етістіктен  кейін  да,  де,  та,  те 
шылауларының қатысымен: Бекет бұл ойды, басында 
ерсі көрсе де, артынан ұнатты. Арын, қанша түйсіксіз 
болса  да,  соны  сезіп,  дөңгелек  тоқаштар  әкеліпті. 
Дағарадай үлкен терезелері, қақпасыз болса  да, сәнді 
(Р.Тоқтаров). 
б) –ған, -ген, -қан, -кен жұрнақты есімшеге мен 
қосымшасы  қосылуы  арқылы:  Бекет,  қанша  ұйып 
тыңдағанмен, әңгіме желісін толық түсіне алмады (Р. 
Тоқтаров). 
в)  барыс  септігіндегі  тәуелденген  сөзден  соң 
қарамай,  санаспай  сияқты  болымсыз  етістік  келу 

арқылы:  Үйдегілер  Бекетті,  әлсіз  қарсылығына 
қарамай, тысқа алып шықты (Р.Тоқтаров).       
 
Құрмалас сөйлем  компоненті ішінде 
жұмсалған бағыныңқы сөйлемді бөлуші тыныс 
белгілері 
Кейде  сабақтас  немесе  аралас  құрмалас  сөйлем 
құрамында  келген  бағыныңқы  сөйлем  ондағы  бір 
компоненттің 
ішінде 
қолданылады. 
Мұндай 
құрылымдағы  кірістірілген  бағыныңқы  сөйлемнің  екі 
жағынан  да  бөлуші  тыныс  белгілері  қойылады.  Бұл 
арқылы  кірістірілген  компоненттің  де,  бағыныңқы 
сөйлеммен 
бөле 
жарылған 
компоненттің 
де 
синтаксистік желісі айқындалатын болады.  
Сабақтас 
құрмалас 
сөйлемдегі 
басыңқы 
сөйлемнің 
ішіне 
кірістірілген 
бағыныңқы 
компоненттің екі жағынан да бөлуші үтір қойылады.  
Бізге  теңіз  жағалары,  тұман  басылған  соң, 
көріне бастады. Пленканың эмульсиясы, температура 
жоғарылаған  сайын,  күңгірттеніп  кетеді.  Ақ  бұзау, 
Бекет ұйықтап қалғанда, иіскелеп оятып алады. 
Қазақ  тілінде  жалғаулықты  салалас  құрмалас 
сөйлемдегі 
соңғы 
компоненттің 
ішіне, 
яғни 
жалғаулықты  салалас  сыңардың  ішіне,  бағыныңқы 
сөйлем  кірістіріліп  айтылуы  да  аралас  құрмалас 
сөйлемдердің  жасалуы  мүмкін.  Мұндай  аралас 
құрмалас  сөйлемдердегі  жалғаулықты  компонент 
ішіне  кірістірілген  бағыныңқы  сөйлемнің  алдынан  – 
бөлуші  сызықша,  соңынан  бөлуші  үтір  қойылады. 

Мысалы:  Кітап  өте  қажет  еді,  сондықтан  оның 
бірнешеуін  –  сатушы  қыз  келісімен,  сатып  алдым. 
Терезе  алдында  айнала  шыныланған  кең  террас, 
сондықтан  бұл  бөлмеде  –  шам  жақпаса,  күндіз  де 
кітап оқуға, қағаз жазуға қиын (С.Мұқанов).  
Мұндай  сызықшаның  орнына  үтір  қоюға  да 
болар еді, бірақ ондай жағдайда сөйлемдегі үтірлердің 
саны көбейіп, берілген құрылымның тыныс белгілері 
арқылы 
бөлшектенуші 
компоненттердің 
жігін 
ажырату 
қиындайды. 
Қазақ 
тіліндегі 
тыныс 
белгілерінің  көп  функциялығын  ескерсек,  аталған 
сызықшаның 
қолданылуы 
берілген 
сөйлемнің 
синтаксистік 
құрылымын, 
мағыналық 
және 
интонациялық  ерекшеліктерін  айқындауға  толық 
мүмкіндік жасайды.  
Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  ішіне 
кірістірілген  бағыныңқы  сөйлем  тұтас  сөйлемге 
қатысты  болмай,  ондағы  бір  мүшеге  ғана  қатысты 
болса, 
онда 
ол 
сол 
мүшенің 
оңашаланған 
айқындауышы  ретінде  жұмсалатын  болады.  Мұндай 
бағыныңқы 
сөйлемнен 
жасалған 
оңашаланған 
айқындауышы  бар  синтаксистік  құрылымдар  жай 
сөйлем  емес,  құрмалас  сөйлем  болып  табылады. 
Мысалы:  Кешке  жақын,  олар  жұмыстан  келген  соң, 
бәріміз  киноғп  бардық.  Абай  тұсіндірген  соң,  Ержан 
мен Зейнеп үндемей қалысты (М.Әуезов). 
 
 
 

Төл сөзді бөлуші тыныс белгілері 
 
Төл  сөзге  бұрынды-соң  беріліп  жүрген 
анықтамалардың  мазмұны  оның  тек  бөгде  сөзден 
жасалуымен  ғана  шектеледі.  Ондай  анықтамалар 
мына  тұрғыда  беріледі:  «Сөйлеуші  өз  сөзінің  ішінде 
басқа  біреудің  сөзін  бұлжытпай  қолданса,  ол  төл  сөз 
болады».  
Алайда  мұндай  тұжырым,  сөйлемушінің  кейде 
өз сөзін де төл сөз ретінде қолдана беретінін ескерсек, 
тақырып  мазмұнын  толық  қамти  алмайтын  болып 
шығады.  Шынында,  сөйлеушінің  тыңдаушыға  басқа 
біреудің  сөзін  ғана  емес,  өз  сөзін  де  бқлжытпай 
байымдауы мүмкін. Демек, төл сөз бөгде сөзден ғана 
емес,  айтушының  өз  сөзі  арқылы  да  жасалады. 
Мысалы:  Мен  оған  бір  қарап  алдым  да:  «Есен,  біз 
өлуге емес, жауынгерлік тапсырманы орындауға бара 
жатқан  жоқпыз  ба?»  -  дедім.  «Иә,  ол  –  Кеңес 
Одағының Батыры», - деді.  
Төл  сөздер  тура  желілі  сөйлем  ішіне  жиі 
кірістірілетін  синтаксистік  оралымдар  қатарына 
жатады.  Сондықтан  бұларға  байланысты  қойылатын 
тыныс белгілері бөлуші қызмет атқарады.  
Аталған  синтаксистік  категорияны  сқйлемнің 
тура  желісінен  бөліп  көрсетуші  тыныс  белгілерінің 
жазу  тәжірибесінде  тұрақтап  қалыптасқан  мынадай 
ерекшеліктері байқалады: 
1)  Төл  сөзге  байланысты  қойылатын  бөлуші 
тыныс  белгілері  монологты  мәтінде  үнемі  қабаттаса 

қолданылады.  Атап  айтқанда,  мұндай  төл  сөздер  өзі 
қатысты  сөйлемнің  тура  желісінен  тек  тырнақша 
арқылы  ғана  бөлініп  қоймайды,  сонымен  қатар,  төл 
сөз  сөйлем  ішінде  келсе,  оның  алдынан  –  қос  нұкте, 
соңынан  сызықша  қойылады;  төл  сөз  сөйлемнің 
алдында  жұмсалса,  одан  кейін  –  сызықша,  соңында 
тұрса, алдынан қос нүкте қойылады. 
2)  Әдетте,  төл  сөзден  жасалған  сұраулы,  лепті 
сөйлемдерден соң іштей сұрау белгісі мен леп белгісі 
қойылады да, хабарлы сөйлем ретінде жұмсалған төл 
сөзден  соң  нүкте  қойылмайды.  (Шынында,  хабарлы 
сөйлемнен  жасалған  төл  сөзден  соң  іштей  нүкте 
қойылуға тиіс.) Бұған қарағанда, төл сөзден жасалған 
сөйлемдерден  соң  қойылатын  ішкі  тыныс  белгілерін 
сақтамайтынын көреміз. Ал сұрау және леп белгілері 
аталған  оралымның  сөйлем  екенін  білдіру  үшін 
жұмсалған 
белгі 
емес, 
ондағы 
сұрау, 
леп 
мағыналарын көрсету үшін қойылып жүр. Сондықтан 
төл 
сөзден 
жасалған 
сұраулы 
және 
лепті 
сөйлемдерден  кейін  іштей  қойылатын  аталған  тыныс 
белгілері  мәтіндегі  бір  сөйлем  мен  екінші  сөйлемнің 
шекарасын  көрсету  үшін  қолданылатын  әдеттегі 
ажыратушы  тыныс  белгілерінің  қызметін  атқара 
алмайды.  
3)  Хабарлы  сөйлем  ретінде  қолданылған  төл 
сөзден  кейін  (тырнақшадан  соң),  әдетте,  үтір 
қойылады.  Хабарлы  сөйлем  болуымен  байланысты 
ма,  әлде  оны  сөйлемнің  тура  желісінен  бөліп 

көрсетуге  байланысты  ма  –  ол  жағы  зерттеуді  керек 
етеді.  
Төл  сөзге  байланысты  қойылатын  тыныс 
белгілері 
пунктуациялық 
ережелерде 
тұрақты 
қалыптасқан  дәстүрлік  таңбалар  болып  табылады. 
Алайда  қазіргі  жазу  тәжірибесінде,  әсіресе  ағынды 
баспасөзде,  монологты  төл  сөзге  байланысты 
қойылатын  тыныс  белгілерінің  дәстүрі  үнемі  сақтала 
бермейтінін  көреміз:  бірде  олар  тек  тырнақшаға  ғана 
алынып  жүр,  ал  кейде  қос  нүкте  мен  сызықша 
арасында  беріледі.  Бқл  жағдай,  әрине,  төл  сөзді 
бөлуші  дәстүрлік  тыныс  белгілерінің  аталған 
жүйесіздіктеріне байланысты.  
Қазіргі  жазу  тәжірибесінде,  әсіресе  көркем 
әдебиеттерде,  өте  жиі  қолданылатын  төл  сөздер  – 
диалогты  төл  сөздер.  Бұлар  өзі  қатысты  сөйлемнен 
қос  нүкте  мен  абзацтан  соң  қойылатын  сызықша 
арқылы бөлініп көрсетіледі.     

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет