Мұра меМлекеттік бАғдАрламасын іске Асыру ЖӨніндеГі ҚоғАМдыҚ кеңестің ҚұрАМы бАбАлАр сӨзі жүз томдық Ғашықтық жырлар 54 том



Pdf көрінісі
бет21/22
Дата21.01.2017
өлшемі2,15 Mb.
#2365
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Шоқан  нұсқасы.  Бұл  нұсқаны  қазақтың  ұлы  ғалымы—

шоқан  Уәлиханов  Жанақ  ақынның  айтуы  бойынша  жазып 

алған.  Жырдың  қолжазбасы  Санкт-Петербург  қаласындағы 

шығыстану  институтында  (П.  №2)  сақтаулы.  (Инв.  №  4043) 

шығарма араб әрпінде жазылған. Көлемі—86 бет. Өлең жолда-

ры әр бетке бір қатардан орналасқан. Көшірушісі—Андрей Фро-

лов. Қолжазбаның ішкі бетінде: «Собрания со слов киргизских, 

переписывал толмач Аягузского внешнего окружного приказа, 

1841» делінген жазу бар. Қолжазбаны 1951 жылы СССР Ғылым 

академиясы  шығыстану  институтының  қорынан  ы.Дүйсен-

баев іздестіріп тауып, фотокөшірмесін ӘӨИ-дің қолжазбалар қо-

рына


1

 өткізген. шығарма түгелдей өлеңмен жазылған. 

шоқан жинаған «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» нұсқасы тура-

лы  М.О.Әуезов,  ы.Дүйсенбаев,  Қ.Жұмалиев,  Н.С.Смирнова, 

С.А.Қасқабасов, 

М. 


Ғұмарова 

сынды 


зерттеушілердің 

еңбектерінде сөз болады.

2

Аталған жыр нұсқасы алғаш рет 2002 жылы жарияланған



3

Жырдың оқиғасы қазақтың ескі салты «ежеқабылдан» бастала-



ды. Эпостың басталу кезіндегі Сарыбай мен Қарабайдың бірінің 

әйелі ұл туса, екіншісінікі қыз туса, құдаласуға серттесуі «Ал-

памыс»,  «Таһир—Зуһра»  жырларын  еске  түсіреді.  Кейіннен 

сол уәденің бұзылуынан туатын қиындықтар да көп жерде са-

рындас болып келеді. Ал болашақ кейіпкердің әкесі үйде жоқта 

туу  мотивінің  тасасында  көне  салттан  қалған  ғылым  тілінде 

«кувада» деп аталатын ырым да жатуы мүмкін

4

. Мұндай мотив-



тер  «шал  мен  кемпір»,  «Қарашаш  қыз»,  «Алтын  Айдар»  т.б. 

ертегілер мен «Мұңлық—Зарлық», «Бөген батыр» т.б. эпостар-

да кездеседі.

Бұдан  былайғы  жерде  Сарыбайдың  өлімінен  бастап 

Қарабайдың  жетім  ұлға  қызын  бергісі  келмей,  алыс  жаққа 

1

 Қозы Көрпеш һәм Баян сұлу. ш. 25 (ӘӨИ) 1951.



2

  М.Әуезов.  Әр  жылдар  ойлары.—Алматы,  1959;  ы.Дүйсенбаев.  Қозы 

Көрпеш—Баян  сұлу.  Алматы,1959;  Қазақтың  лиро-эпосы.  Алматы,  1973; 

Смирнова  Н.С.  Исследования  по  казахскому  фольклору.—Алматы:  Жибек 

жолы,  2008.  С.  437-447;  Қазақ  фольклоры  мен  әдебиет  шығармаларының 

текстологиялық зерттелуі.—Алматы, 1983. 115-126-бб. 

3

  Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу.  //  Құрастырып,  алғы  сөзін  жазғандар: 



М.Жолдасбеков., С.Қасқабасов.—Астана: Фолиант, 2002. 29-68-бб. 

4

  Каскабасов  С.А.  Казахская  волшебная  сказка.—Алма-Ата:  Наука,  1972. 



—С. 82.

412

413


ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

көшіп кетуі; Қозының ержетіп, қыз туралы естуі; Қозының са-

парына анасының қарсы болуы; Қозының Баянды іздеп шығуы; 

жолда  әртүрлі  қиыншылықтарды  жеңуі;  Қозының  қазасы; 

пірлер  көмегімен  Қозының  тірілуі  т.б.  эпизодтар  баяндалады. 

Осылардың  бәрі  жырда  әрі  қызықты  оқиғаларға  өзек  болған. 

Эпоста бас қаһармандардың іс-әрекеттері шебер суреттелген.

Жырдың  сюжеттік  құрылымында  әлем  халықтарының 

фольклорлық  туындыларында  жиі  ұшырасатын  эпостық  мо-

тивтердің  біразы  көрініс  тапқан.  Атап  айтқанда  естірту,  сақ-

тандыру,  жоқтау,  ат  таңдау  т.б.  Эпоста  бұлардан  басқа  «өліп-

тірілу»  мотиві  де  кездеседі.  Оған  мына  мысалды  келтіруге 

болады.  Қозының  өлгенін  естіген  соң,  Баян  Жаратқанға  жал-

барынып,  іште  жатып  қосылған  жарына  жеті  ай  өмір  беруін 

тілейді. Сол кезде ақ шалмалы бір шал келіп:

 

 



—Дауысыңа шыдамай келдім,—дейді.

 

 



Тілегенің ол болса, жаным, бәндем,

 

 



Ал,  жеті  ай  өмір  саған  бердім,—дейді  де,  ғайып 

болады. 


Қыздың тілегі қабыл болып, Қозы тіріліп, Баянмен жеті ай 

бақытты ғұмыр сүреді.

Қаһарманның  өліп  тірілу  сюжеті  «Сайын  батыр»,  «Қисса 

Қожа Ғаффан» жырларында, алтайлықтардың «Алтайн—Сай-

ын Салам» т.б ертегілерде кездеседі.

шоқан  нұсқасы  көркем  де  шұрайлы  тілмен  жырланған. 

Мәтінде  аздаған  араб,  парсы,  татар  сөздері  кездеседі.  Эпос 

мәтінінде ұшырайтын түсініксіз сөздер томның соңындағы ар-

найы сөздікке топтастырылды.

1.«Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу»  жырының  2002  жылы  ба-

сылған  мәтінін  ӘӨИ-дің  қолжазбалар  қорында  сақтаулы  қол-

жазбамен (ш.25) салыстырғанда, елеулі айырмашылықтар кез-

дескен жоқ.

2.  1867,  1959,  1964,  1994  жылдары  басылған  мәтіндерді

5

 

өзара салыстырғанымызда, 1959, 1964, 1994 жылғы басылым-



дар И.Н.Березин нұсқасын толық қайталайтыны анықталды.

5

  Березин  И.Н.  Турецкая  хрестоматия.  Ч.  III.—Казань,  1876.—70-162; 



Дүйсенбаев ы. Қозы Көрпеш—Баян сұлу.—Алматы, 1959.—52-99 бб.; Вали-

ханов Ч.Ч. Собр. соч. 5-ти томах. Т.3.—Алма-Ата, 1964. 53-100 бб.; Жұбанов 

Е.,  Малбақов  М.  «Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу  эпосының  текстологиясы.—

Алматы, 1994. 75-136-бб.



414

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

3. Ал енді осы үш басылымды ӘӨИ-дің қолжазбалар қорын-

да  сақтаулы  1841  жылы  жазылған  қолжазбамен  салыстыр-

ғанда, көп айырмашылық кездеспеді. «Жүк артынан көрінген 

сары ноғай» деп басталатын жиырма төрт жол кіріспе А.Фролов 

нұсқасында  жоқ  болғанымен,  «Мекен  іздеп,  жігіттер,  кел  ке-

телік»  деген  шумақтан  былай  жырдың  көп  жері  сөзбе-сөз  дәл 

түсіп отырады. Демек, И.Н.Березин нұсқасы мен А.Фролов жа-

зып  алған  мәтінді  шоқан  нұсқасы  деп  санауға  әбден  болады. 

Оған тағы бір дәлел ретінде мына бір фактіні келтіруге болады.

ш.Уәлиханов  «Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу»  жырымен  жас 

кезінен-ақ  таныс  болған.  шоқан  мен  әкесі  шыңғыс  1841 

жылы  Қостанай  облысы,  Обаған  аулында  Жанақ  ақынның 

айтуы  бойынша  «Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу»  жырын  жазып 

алып,  Омбы  кадет  корпусының  оқытушысы  Н.Ф.  Косты-

лецкий  арқылы  И.Н.  Березинге  тапсырған.

6

  Сонымен  қатар 



ш.Уәлиханов  «Қозы  Көрпештің»  толық  текстін  тапқанын  да 

атап көрсетеді

7

.

«Николай  Федоровичтің  маған  жеткізіп  берген  қағаз да-



рының,—деп  жазады  И.Н.  Березин,—үлкен  бөлігі  универ-

ситеттік  лекциялар  және  әртүрлі  қырғызша  текстер,  былай-

ша  айтқанда,  қазақтың  белгілі  «Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу 

поэмасының үш тізімі болды. Бұл текстерді мен өзім шығарып 

отырған  түрік  хрестоматиясында  бастыруды  көздеп  отыр-

мын».


8

И.Н.  Березиннің  «Турецкая  хрестоматия»  (1867)  атты  жи-

нағының  3-бөлімінде  басылған  «Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу» 

жырының  мәтіні  әрі  толық,  әрі  жазылып  алынған  күйінде 

жарияланған.  Ал  Фролов  жазып  алған  нұсқа  сол  версиядан 

көшірілген болу керек деп ойлаймыз. 

Томға  ұсынылып  отырған  жыр  мәтіні  қолжазбадан  (ш.25. 

ӘӨИ) тікелей әзірленді.



Қ. Алпысбаева 

6

 ш.Уәлиханов. Таңдамалы.—Алматы, 1985.— 22-б.



7

 Ч.Ч. Валиханов. Сочинения. — СПб.,1904. —С. 228.

8

  И.Н.  Березин,  Н.Ф.  Костылецкий  НБТГУ,  архив  Г.Н.Потанина,  д.  149, 



лл. 2-5; ИРАО, т. 8. вып. 1-5, стр. 137-148; Архив востоковедов лОИНА. Ф. 5, 

оп. д. 16, лл. 2-16. 



414

415


ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

В.В.  Радлов  нұсқасы.  «Қозы  Көрпеш»  жырының  бір 

нұсқа  сын  Сергиополь  маңынан  көрнекті  түркітанушы-ғалым 

В.В.Радлов  жазып  алып,  1870  Санкт-Петербургте  «Образцы 

народной  литературы  тюркских  племен  живущих  в  Южной 

Сибирии  и  Джунгарской  степи»  атты  еңбегінің  3-томында 

жариялаған.  Жыр дың  фотокөшірмесі  ӘӨИ-дің  қолжазбалар 

қорында  сақтаулы.  (ш.  26).  Аталған  жыр  мәтіні  одан  кейін 

1924, 1959, 1993, 2002, 2005 жылдары қайта басылды

1

.

Жырдың  сюжеті  мен  жанрлық  сипаты  жөнінде  М.Әуезов, 



ы.Дүйсенбаев,  Қ.Жұмалиев,  Ә.Қоңыратбаев,  Н.С.Смирнова, 

С.А.Қасқабасов  т.б  зерттеушілер  өздерінің  еңбектерінде  жет-

кілікті зерттеген.

В.В. Радлов нұсқасында өлең мен қарасөз аралас келіп оты-

рады. Көлемі—966 жол. Жырдың мазмұны Жанақ нұсқасына 

жақын. Бас қаһармандардың есімдері, іс-әрекеті, шығармадағы 

мотивтер тізбегі де ұқсас болып келеді. Мәтіндер қаншалықты 

ұқсас  болғанымен  В.В.  Радлов  нұсқасының  төмендегідей 

айырмашылықтары да бар:

1. Радлов бастырған нұсқада Манап хан, Жаңыл, ысты, Те-

леу сияқты қосалқы кейіпкерлер бар болса, Жанақ нұсқасында 

Көсемсары мен Тазша бейнелері кездеседі.

2. Радлов нұсқасында Аягөзге келгенде Баянды қалмақтың 

Манап атты ханы баласына алып бермекші болады.

3. Радлов нұсқасында Қозы Көрпеш Баян жайын Тазшадан 

да, кемпірден де емес, ысты ағасынан біледі.

4.  Жанақ  нұсқасында  Қодар  Көсемсарыны  өлтірсе,  басқа 

нұсқаларда бұл кездеспейді т.б.

Жырда  қазақ  халқының  әдет-ғұрпы,  халық  тұрмысы, 

шаруашылығы кең суреттелген. Мысалы, Қозы өрістегі малын 

іздеп  барған  сапарында  ең  алдымен  қой  баққан  қойшыларға, 

одан кейін сиыр баққан сиыршыларға, түйе баққан түйешілерге 

кездескен  кезінде,  олардың  бәрі  Қозы  Көрпешті  танып,  оған 

1

  Радлов.В.В.  Қозы—Көрпеш—Баян  сұлу.—М,  1924;  Дүйсенбаев  ы. 



Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу.  Ғылыми  басылым.—Алматы,  1959.  176-204-бб; 

Қозы  Көрпеш  //  Эпос—ел  қазынасы.  /  Құрастырғандар:  С.Қасқабасов, 

К.Матыжанов.—Алматы,  1993.  250-275-бб;  Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу  / 

Құрастырғандар: М.Жолдасбеков, С.Қасқабасов.—Астана: Фолиант, 2002. 68-

97-бб.; Қозы Көрпеш—Баян сұлу жырының нұсқалары / Құрастырған— 

С.Садырбаев.—Алматы, 2005. 59-83-бб. 



416

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

құрмет  көрсетіп  қошқар,  бұқа,  бура  сояды.  Бұл  эпизодтарға 

шығармада едәуір орын берілген.

Аталған нұсқада бірен-саран ертегілік сюжеттердің де ізі бар. 

Мысалы,  Қозы  өзінің  жылқысын  іздеп  шыққанда,  ертегінің 

кейіпкері  секілді  аяғына  темір  етік  киіп,  қолына  темір  таяқ 

ұстап шығады. Бір ұйықтағанда, он төрт күн бойы ұйықтайды. 

Қозының Ақбуыршын мен Көкбуыршын аттары қанатты тұлпар 

ретінде суреттеледі т.б. 

Сол сияқты, жырда «киім ауыстыру» мотиві де көрініс тап-

қан. Бұл ретте Қозының қойшы болып киініп, Қарабай еліне 

кел ген  жері  алтайлықтардың  «Маадай—Қара»  эпосындағы 

Көгедей  мергеннің  басына  қауіп  төнгенде  Тастарақайға 

(тазшаға) айналып елеусіз болып жүретін жерін еске түсіреді.

«Қозы Көрпеш—Баян сұлу» жырының тілі көркем, оқиғасы 

қызықты. Мәтінде бірсыпыра көне сөздер кездеседі. Олар қазақ 

тіліне аударылып, томның соңындағы арнайы сөздікке топтас-

тырылды.

«Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу»  жырының  1959,  1993,  2002, 

2005 жылдары басылған мәтіндерін В.В.Радлов (СПб., 1870) ба-

сылымымен  салыстырып,  текстологиялық  жұмыс  жүргізу  ба-

рысында, мынандай мәселелер анықталды:

а) 1959, 1993, 2002 жылғы басылым мәтіндері В.В. Радлов 

басылымын ешбір өзгеріссіз жарияланған.

ә) 2005 жылғы басылымда кейбір өлең жолдары өзгертіліп, 

көптеген шумақтар түсіп қалған.

Мысалы:  (1870  жылғы  басылым,  131-жол)  «Атадан  жаста 



қалған  ер  Қозыеке»  деген  өлең  жолы  2005  жылғы  басылым-

да  «Әкеден  жаста  қалған  ер  Қозыекем»,  (1870  жылғы  басы-

лым, 169-жол), «Кезігіп, өзін байлап, ат-тонын алмақ болды» 

деп басылған жолы 2005 жылғы басылымда «Жете қуып, өзін 

байлап,  ат-тонын  алмақ  болды»,  (1870  жылғы  басылым  ,  433-

жол)  «Тоғыз  мың  дәурен  өткен  тоқсан  қатар»  деген  жолы 

«Жұлдыздар жанып тұрар қатар-қатар» болып өзгертілген т.б.

б) 440-630 аралықтағы өлең жолдары түсіп қалған.

в) 660-665 өлең жолдарының аралығында оқиғаны қара сөз-

бен баяндаған жері кездеседі. 

Томға ұсынылып отырған «Қозы Көрпеш» жырының мәтіні 

1870 жылы В.В.Радлов бастырған «Образцы народной литера-

туры  тюркских  племен,  живущих  в  южной  Сибири  и  в  Джун-


416

417


ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

гарских  степях»  атты  жинақтың  3-томынан  (221-252-бб;)  еш 

өзгертусіз даярланды.

Қ. Алпысбаева

Бейсенбай нұсқасы. «Қозы Көрпеш—Баян сұлу»—жыры-

ның  ең  көркем,  ең  толық  нұсқасының  бірін  1936  жылы 

М.О.Әуезов бастырған. Нұсқа алғашында Жанақ ақыннан та-

раса  да,  кейіннен  Сыбанбай,  Бекбау,  Бейсенбайлар  орындап, 

түпнұсқаға өз тарапынан кейбір өзгертулер енгізген

1



Жанақ  ақынның  өзі  орындаған  нұсқасы  сақталмаған. 

ш.Уәлиханов  жазып  алған  варианттан  мұның  айырмасы  көп. 

ы.Дүйсенбаевтың  берген  мәліметі  бойынша,  М.Әуезов  бұл 

нұсқаны 1924-25 жылдар шамасында Семей облысына қарасты 

шұбартау ауданының тұрғыны, руы керей Уәйіс ақыннан жа-

зып алған.

М.О.Әуезовтің айтуына қарағанда, Бейсенбай ақын орындап 

жүрген  нұсқаны  Абайдың  балалары—Ақылбай  мен  Мағауия 

біраз өңдеген тәрізді

2

. Жырдың көлемі—2526 жол. М.О. Әуезов 



бастырып  шығарған  «Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу»  варианты 

1939,  1959,  1963,  2002,  2003  жылдары  шыққан  «Батырлар 

жырының»  жинақтарында,  бірнеше  рет  өз  алдына  жекелей 

және  хрестоматиялардың

3

  құрамында  жарияланып  келеді. 



Көпшіліктің пайдаланып жүргені осы нұсқа.

Аталған  жыр  нұсқасы  туралы  М.Әуезов,  С.Мұқанов, 

Ә.Қоңыратбаев,  Н.Смирнова,  Р.Бердібаев,  С.Қасқабасов  т.б. 

зерттеушілердің еңбектерінде құнды пікірлер айтылған. 

1

 Қозы Көрпеш—Баян сұлу. / Жанақтың айтуынан жинаған. М.О.Әуезов.—



Алматы, 1936.

2

 Сонда, 5-б. 



3

 Қозы Көрпеш—Баян сұлу. // Батырлар.—Алматы, 1939. 435-505. бб. Қозы 

Көрпеш—Баян сұлу // Қазақ эпосы / Құрастырған ы.Дүйсенбаев.—Алматы, 

1959.—Дүйсенбаев  ы.  Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу.  Ғылыми  басылым.—

Алматы,  1959.  204-275;  Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу.  //  Батырлар  жыры.  1.  т 

/  Құрастырғандар:  М.Ғұмарова,  О.Нұрмағанбетова,  Б.Уаханов.—1963.  482-

567-бб.;  Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу.  /  Құрастырып,  алғы  сөзін  жазғандар: 

М.Жолдасбеков.,  С.Қасқабасов.—Астана:  Фолиант,  2002.  97-169-бб;  Қозы 

Көрпеш—Баян—Сұлу.  Қыз—Жібек  /  Жауапты  редакторы  С.Қирабаев.—

Москва: Восточная литература, 2003. 10-88-бб. 

27-0137


418

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Басқа  нұсқалардағыдай,  мұнда  да  жыр  Қарабай  мен  Сары-

байдың  аңға  шығуынан  басталады.  Жырда  қазақтың  салт-

дәстүрі  кең  де  жүйелі  көрініс  тапқан.  Мысалы:  Сарыбайдың 

өлігін іздеп табу, оны жерлеу, Тазшаның Сарыбай өлімін естір-

туі, Тайлақ бидің қамқорлығы т.б осыған мысал болады. 

1.  Бір  айырмашылығы,  мұнда  Қарабайдың  Баяннан  басқа 

асырап  алған  Ай  мен  Таңсық  атты  екі  қызы  болады.  Бұлар 

жырдың дамуына онша араласпағанымен, Ай мен Таңсықтың 

елінен көшердегі қоштасу өлеңі жырдағы ең көркем үзіндінің 

бірі  болып  саналады.  Қозыға  қызы  Баянды  бергісі  келмей 

Қарабай басқа жаққа көшкенде, Ай мен Таңсықтың ел-жұртына 

айтқан мына өлеңі:

 

 

—Балталы, Бағаналы ел аман бол,



 

 

Бақалы, балдырғанды көл аман бол.



 

 

Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,



 

 

Ойнап-күліп, ержеткен жер аман бол...



«Манас  жырындағы  Қаныкейдің  ел-жұртына  арнаған 

қоштасуымен  ұқсас  болып  келеді.  Бұл  қоштасу  сөздерінен  ел-

жұртқа деген қимас көңіл тілегі аңғарылады.

2.  Тайлақ  би  бейнесі  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырының 

барлық нұсқаларында бірдей кездеспейді.

Жинаққа  еніп  отырған  нұсқаның  тағы  бір  ерекшелігі  жыр 

оқиғасын  дамытуда,  адам  образын  жасауда  жыршы  аманда-

су,  естірту,  жоқтау  т.б.  қазақтың  тұрмыс-салт  өлеңдерінің 

үлгілерін  мол  пайдаланған.  М.Әуезов  бастырған  нұсқа  тіл 

көркемдігі жағынан да шебер жырланған. Мәтінде басқа тілден 

кірген сөздер жоқтың қасы. 

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының 1939, 1959, 1963, 2002, 

2003 жылдары басылған мәтіндерін М.Әуезов бастырған (1936) 

басылыммен салыстырып, текстологиялық жұмыс жүргізу ба-

рысында, басылымдар арасында ешқандай айырмашылық жоқ 

екені анықталды. 

Томға  еніп  отырған  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырының 

мәтіні  1936  жылы  М.Әуезов  бастырған  кітаптан  тікелей 

әзірленді.

Қ.  Алпысбаева


418

419


ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

Мәшһүр  Жүсіп  нұсқасы.  Жырдың  қолжазбасын  1964 

жылы  лениградтағы  КСРО  ҒА  шығыстану  институтының 

қолжазба  бөлімінде  сақталған  түпнұсқасынан  микро фильмге 

түсірген—Мәлике  Ғұмарова.  Еуропа  цифрімен  беттелген 

қолжазба  Мәшһүрдің  өз  қолымен  араб  әліпбиінде  жазылған. 

Жыршының  сөздеріне  қарағанда,  XX  ғасырдың  басында  (ша-

мамен  1905  жылдары)  қағазға  түсірілген.  Жинаушысы—ака-

демик Ә.Марғұлан.

Негізінде,  бұл  жырды  XIX  ғасырдың  бас  кезінде  өмір 

сүрген  баянауылдық,  сүйіндік  руынан  шыққан  Сақау 

ақыннан  Қақсалбай  ақын  үйренеді.  Кейіннен,  1867  жылда-

ры  одан  жасөспірім  Мәшһүр  үйреніп,  жаттап,  көпшілікке  та-

ратса  керек.  Оның  айтуынша,  «Қозы  Көрпеш  тарихы  болған 

оқиғадан  алынған.  Баян—Баянауыл  тауында  туып  өскен, 

Қарабайдың  қыстауы—Қараоба,  Сарыбайдың  қыстауы—Са-

рыоба, бірі Өлеңті жерінің оңтүстігін, бірі солтүстігін жайлап-

ты.  Сарыбайдың  Аягөзге  ауған  жолы—Кошот  деп  аталған» 

көрінеді


1

.

Мәшһүр нұсқасының түп негізі—ақын шөжеге тіреледі. Іл-



кідегі Сақау, шөже ақындардың бір дәуірде өмір сүргені мәлім. 

Өзі  айтып  жүрген,  кейін  қағазға  түскен  «Қозы  Көрпештің  …» 

шөже ақыннан тарайтынын Мәшһүрдің өзі де жасырмайды:

 

 



Әңгіме жұрт аузында алып қашқан,

 

 



Жазу жоқ бұл қазақта тасқа басқан.

 

 



Ақын шөже айтқаннан естіп едім,

 

 



Күнімде тоғыз жасқа аяқ басқан …

Мәшһүр Жүсіп жырлаған бұл нұсқа кейінгі кезге дейін жа-

рияланбай, зерттелмей келді. 1959 жылғы ғылыми басылымда 

бұл варианттың аты аталса да, онша назар аударыла қоймайды. 

Мұның  себебі,  ақынның  кеңестік  кезеңде  «қоғамға  зиянды, 

реакцияшыл  элемент»  ретінде  бағаланып,  шығармашылығын 

жан-жақты зерттеуге тыйым салынуынан деп ойлаймыз.

Алғашқы  ғылыми  басылымда  Мәшһүр  нұсқасы  жарық 

көрмесе  де,  жинақтың  соңындағы  түсініктеме  бөлімде 

1

  Қазақ  қолжазбаларының  ғылыми  сипаттамасы.  2-том.—Алматы:  Ғылым 



1979. 145-б.

420

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

ы.Дүйсенбаев  осы  нұсқаның  мәтінін  шөже  (1864)  және 

ш.Абдырахимов  варианттарымен  салыстыра  талдағанын 

көреміз.  Зерттеушінің  «1864  жылғы  нұсқаның  1569-жолы-

нан  бастап  аяғына  дейін,  негізінде,  ш.Абдырахимов  қол жаз-

басындағы  текстен  жөнді  айырмасы  жоқ.  Ал  М.Ж.Көпеев 

нұсқасында бұл жолдар мүлде басқаша берілген»

2

 деген пікірі-



не  қарап-ақ,  мұнда  ақынның  өзіндік  қолтаңбасы  қалғанын 

білеміз.  Мысалы:  шөже  нұсқасының  көлемі—1736  жолды 

құраса, Мәшһүр Жүсіп варианты—1808 тармақтан тұрады.

Мәшһүр  Жүсіп  жырлаған  «Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу» 

жырының  толық  мәтіні  алғаш  2002  жылы  ұлы  эпостың  1500 

жылдық мерейтойына орай жарық көрген ғылыми басылымға 

енді.

Томға  ұсынылып  отырған  жыр  мәтіні  аталған  кітаптан 



алынып,  ӘӨИ-де  сақталған  түпнұсқаның  фотокөшірмесімен 

(ш.24. МФ) салыстырылып берілді. 



С. Қосан

Потанин  нұсқасы.  Жырдың  қолжазбасы  Ресей  Федера-

циясына  қарасты  Томск  Мемлекеттік  университеті  ұлттық 

кітапханасының  қолжазбалар  қорында  сақталған  (№151-іс, 

7369-7388 б.б.). Қолжазбаны 1966 жылы ӘӨИ-дің аға ғылыми 

қызметкері  Едіге  Тұрсынов  тапқан.  Академик  Ә.Х.Марғұлан-

ның  айтуына  қарағанда,  осы  қолжазбаның  дубликаты  Омбы 

қалалық  мұрағатындағы  Н.Я.Коншин  материалының  арасын-

да сақталған көрінеді.

1

Аталған  нұсқа  жайында  ы.Т.Дүйсенбаевтың  «Қазақтың 



лиро-эпосы»  атты  зерттеу  еңбегінде,

2

  М.О.  Әуезов  атындағы 



ӘӨИ  қызметкерлері  шығарған  Г.Н.Потанин  жинағында

3

  жан-



жақты сөз болған.

Біздің қолымызда Ә.Марғұлан ескерткен, кейін арнайы ма-

қала  жазған  екінші  қолжазбаның  фотокөшірмесі  де  бар.  Екі 

2

 Қозы Көрпеш—Баян Сұлу.—Алматы: Ғылым 1959. 342-б.



1

  Қазақ  Қолжазбаларының  ғылыми  сипаттамасы.—Алматы:  Ғылым,  1979, 

155-бет.

2

 ы.Т. Дүйсенбаев. Қазақтың лиро-эпосы.—Алматы: Ғылым, 1973.



3

 «Казахский фольклор в собранин Г.Н.Потанина». под. ред проф. Н.С. Смир-

новой, Из-во «Наука».—Алматы: 1972 г.


420

421


ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

қолжазбаның  бір  адамның  қолынан  шыққаны  және  бір  мез-

гіл де  көшірме  жасалғаны  білініп  тұр.  Біздіңше,  Омбыдағы 

қол жаз ба түпнұсқа болуы да мүмкін. Өйткені Г.Н.Потаниннің 

Томск  университетінің  кітапханасында  сақталған  №151 

істің  сыртына  «Д»  белгісі  соғылған,  яғни  бұл  оның  дубликат 

екенін  білдіреді.  Сондай-ақ  біздің  қолымызға  тиген  Омбы 

қолжазбасының  1-бетінде  «1884  года,  марта  2-го  дня»  деген 

мерзім  көрсетілсе,  Томск  көшірмесінде  «21-III,  1884»  деп 

көрсеткен.  Осыған  қарап,  академик  Ә.Марғұлан  тапқан  эпос 

қолжазбасын түпнұсқа ретінде тануға негіз бар. Қолжазбаның 

соңғы бетіндегі дөңгелек—жүзік мөр де осы сөзімізді қуаттай 

түседі.  Өкінішке  орай,  фотокөшірмеден  мөрдегі  жазуды  оқу 

мүмкін болмағандықтан, жүзіктің иесін де анықтау қиын.

«Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу»  эпосының  бұл  нұсқасы  алғаш 

рет 1972 жылғы Потанин жинағында үзінді түрінде жариялан-

са

4

, кейін толық мәтіні 2002 жылы ұлы эпостың 1500 жылдық 



мерейтойына  орай  шығарылған  ғылыми  басылымға  енгені 

мәлім


5

.

Потанин  нұсқасын  1936  жылы  М.Әуезов  жариялаған 



нұсқамен  салыстырғанда,  бұл  екеуінің  түпкі  негізі—бір 

ақынның  яки  жыршының  өңдеуінен,  тіпті  қаламынан 

қайта  туған  «нәзира»  эпос  екендігі  айқын  байқалады.  Бұл 

ретте  жазушы ның  Г.Потанин  архивінде  яки  А.Коншин 

материалдарының  арасында  сақталған  осы  нұсқаның  толық 

мәтінімен таныс болмауы көп нәрсені көлеңкелей түссе керек. 

М.Әуезов осы күнге дейін «Жанақ—Бейсенбай» варианты ата-

лып  келген  жыр  нұсқасын  1924-1925  жылдар  шамасында  Се-

мей  облысы  шұбартау  өңірінің  тумасы  Уәйіс  шондыбайұлы 

деген әнші-ақынның орындауынан жазып алған. Ал Потанин—

Коншин  көшірмелері  болса,  1884  жылы,  яғни  алғашқысынан 

40  жыл  бұрын  қағазға  түскен  және  бұл  жыр  мәтінінде  ақын 

Абайдың қолтаңбасы барынша айқын сезіледі.

Бір  ғажабы  Абайдың  эпостағы  ақындық  іздерін  зерт-

теушілердің  өздері  де  байқаған,  бірақ  неге  екені  белгісіз, 

«Жанақ  нұсқасын  өңдеген  Бекбау,  Сыбанбай,  Бейсенбайлар, 

4

 Сонда, 213-229 б.б.



5

  Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу.  Құрастырып,  ғылыми  түсініктерін  жазғандар: 

С.Қасқабасов., М.Жолдасбеков.—Астана: Фолиант, 2002, 220-291 б.б.


422

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

кейінірек  Абайдың  балалары  Ақылбай  мен  Мағауия»  деген 

болжамға  ден  қояды.

6

  Профессор  ы.Дүйсенбаев  жырдағы 



Баянның сұлулығын:

 

 



... Аппақ керік маңдайлы, қылығы наз,

 

 



Малың түгіл, басыңды берсең де аз.

 

 



Сыртынан күлімсіреп сөйлесе де,

 

 



Көңілі қош болмайды баймен араз, 

—деп  сипаттайтын  бірнеше  шумақты  келтіре  отырып,  бы-

лайша  түйіндейді:  «Осы  жолдардың  өзінен-ақ  жазба  әдебиет 

үлгілеріне өте жақындығы бірден-ақ көзге түспей ме? Абайдың 

«Қақтаған  ақ  күмістей  кең  маңдайлы»,  яки  «Айттым  сәлем, 

қаламқас»  әлпеттес  белгілі  лирикалық  өлеңдерімен  салысты-

рып байқасаң, көркемдік теңеулер мен тәсілдерінің төркіні бір 

екендігі де айқын сезілмей ме? Өлең құрылысындағы орындау-

шы  ақынның  асқан  шеберлігімен  қатар,  ол  психологиялық 

тың бейнелер жасап, кейіпкерлердің ішкі дүниесін терең ашып 

отырған  жоқ  па?!  Қысқасы,  бұл  нұсқа  көп  жағдайда  жазба 

әдебиет


 үлгісіне жақындап, үнемі дерлік онымен барабар түсіп 

отырады».

7

 

  «Потанин  нұсқасы»  туралы  алғаш  пікір  айтушы—



Ә.Марғұлан бұл қолжазбаның Абайдікі екендікіне шәк келтір-

мейді. Ғалымның деректі пікіріне сүйенсек, «Абай бұл жырды 

1884  жылы  жазып  алып,  оны  өзінше  «Қозы  Көрпеш—Баян 

қыз» деп атап, қадірлі ғалым Г.Н. Потанинге тартуға жібереді. 

Онымен  бірге  ерте  кезде  жазған  қысқа  поэма  «Жаңа  закон» 

деген  жырын  қоса  жібереді.  Әдірісін  орысша  жазып,  «Семи-

палатинского уезда, Чингизской волости, А.К.» деген. Жырдың 

көлемі  екі  мың  алты  жүз  жол,  сөзі  сондай  ашық,  көркем, 

халықтың жан күйін жүйрік білген Абайдың жарқын, саңлақ 

ойынан шыққаны айқын көрініп тұр»

8

. Ә.Марғұлан Абайға тән 



ақындық,  суреткерлікті  байқататын  көптеген  мысалдар  кел-

тіреді.  Мәселен,  зерттеуші  келтірген  мына  бір  шумақ  осының 

жарқын дәлелі:

6

 ы.Дүйсенбаев. Қазақтың лиро-эпосы. — А.: Ғылым, 1973. — 7-6-бб. 



7

 Сонда, 77-бет.

8

 Ә.Марғұлан. Ежелгі жыр, аңыздар: Ғылыми зерттеу мақалалар.—Алматы, 



Жазушы, 1985. — 325 б.

422

423


ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

 

 



Ойлашы, солар шыны дос емес пе?

 

 



Өзге доспын дегендер бос емес пе?

 

 



Бірі үшін жаратыпты бірін Құдай,

 

 



Ақ ашық, Алла қосқыр осы емес пе?

 

 



... Жарын көріп жан беріп сап-сау Баян,

 

 



Үлгі болған кейінгі білгендерге.

ы.Дүйсенбаев  бұған  қарсы  уәж  айтады:  «Біздіңше 

бұлайша  кесіп  айтуға  әзірге  ертерек  сияқты.  Күні  бүгінге 

дейін  Абайдың  өз  қолымен  жазылған  бірде-бір  қағазды 

(қолжазбаны)  білмейміз.  «Ана  бір  нұсқаны  не  мына  бір 

текс ті Абай жазған» деп жорамалдап жүргеніміз, шынында 

дәл  емес,  тек  көңілмен  жору,  оймен  долбарлау.  Ал  мұндай 

жағдайда  Абайдың  өз  қолымен  жазылған  тексті  сөз  ету 

мүмкін  емес,  бос  әурешілік.  Алайда,  бұл  туралы  ақырғы 

тұжырымды шығарманың өзімен тікелей танысқаннан кейін 

ұсынармыз»

9

.  Зерттеуші  эпостың  бұл  қолжазба  нұсқасын 



«Н.Я.Коншин варианты» деп атауды ұсынады. 

Аталған  нұсқаның  жаңаша  жаңғыруына  Абайдың  қатысы 

барлығын  фольклортанушы  Н.С.Смирнова  да  мойындайды. 

Оның:  «Бейсембай  и  Уаис—семипалатинские  акыны  из  окру-



жения Абая, от которых Г.Н. Потанин и М.О. Ауэзов получи-

ли не совпадающие по составу записи текста,—причастны к 

формированию этого признака романического эпоса. Найти его 

им помогли Абай (а через Абая Пушкин), казахская устная пе-

сенная лирика и дастаны»

10

 деген пікірлері назар аударалық. 



Әлбетте, XIX ғасырдың екінші жартысында атақты Жанақ-

тан  кейін  «Қозы  Көрпешті  ...»  шөже,  Сыбанбай,  Бейсенбай, 

Түбек  яки  Майлықожаның  жырлағанын  ешкім  жоққа  шы-

ғармайды. Десек те, аталған эпосты Абайдың орыс мисси о  нер-

лерінің сұрауы бойынша нақ өзі өңдеп, сұлулап әрі өз қолымен 

қағазға түсіруі де мүмкін. 

Абайдың  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырының  қолжазба-

сын  Семей,  Омбы  қалаларына  өз  қолымен  жіберуіне  айғақ 

боларлықтай  жанама  құжаттар  да  кездеседі.  Мәселен,  1882 

9

 ы.Дүйсенбаев. Қазақтың лиро-эпосы.—Алматы, 1973, 83-бет.



10

 Н.С. Смирнова. Исследования по казахскому фольклору.—Алматы: «Жібек 

жолы», 2008. — С. 382.


424

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

жы лы  Орыс  географиялық  қоғамына  қарасты  Семей  қалалық 

статисткалық  комитетінің  бір  хатында  қа зақ тың  аңыз,  ер-

тегілерін  жинастыру  үшін  орысша,  мұсылманша  сауатты, 

аймақтың өткен тарихы мен халық әдебиетін тәуір білетін бір-

ден-бір кісі ретінде «Ибрагим Құнанбаевты» атайды. Яғни 1884 

жылы Семей арқылы Омбы қаласына жеткен «Қозы Көрпеш—

Баян  сұлу»  жырының  нұсқасын  тың  теңеулермен,  тосын 

көріністермен  толықтыра  түрлендіріп,  эпостың  стилін  жазба 

әдебиет  үлгілеріне  бір  табан  жақындатқан  Абай  және  оның 

ақындық айналасы екені дау тудырмайды.

Әйтсе де бұл мәселеде әлі зерттей, тексере түсетін тұстар бар. 

Асылы, Абай мұрасына, оның шығармашылық ғұмырнамасына 

аса сақтық, сергектік қажеттігін естен шығармаған абзал. Мұны 

М.  Әуезовтен  бергі  абайтанушылардың  бәрі  де  айтқан.  Демек, 

шыңғыстау  өңірінен,  Абай  ауылынан  жазып  алынған  «Қозы 

Көрпеш—Баян  қыз»  жыры  мен  жоғарыда  аталған  «Жаңа  за-

кон»  толғауының  тағдырын  болашақ  зерттеулердің  еншісіне 

қалдыра тұрамыз.

Мәтінді  баспаға  әзірлеу  барысында  эпостың  2002  жылғы 

ғылыми  басылымымен  қатар,  Омбы  қаласының  мұрағат 

қорынан  Әлкей  Марғұлан  (1959)  тапқан  түпнұсқаның 

фотокөшірмесі  салыстырыла  пайдаланылды.  Осы  орайда  бір 

кезде ҚР ұҒА-ның Тарих, археология және этнография инсти-

тутында сақталып, кейін жоғалып кеткен түпнұсқаның аталған 

фотокөшірмесін біздің институттың қолжазба қорына өткізген 

Астана  қаласының  тұрғыны,  журналист  Тортай  Сәдуахасовқа 

ұжым атынан көп алғыс айтамыз.

С. Қосан 

Шөже нұсқасы. Көлемі—40 беттен тұратын бұл жыр нұсқа-

сын  1864  жылы  Омбы  қаласында  белгісіз  біреу  араб  әрпінде 

қағазға  түсірген.  Содан  көп  ұзамай  аталған  қолжазба  Санкт-

Петербургтегі  шығыстану  институтының  профессоры  И.Н. 

Березиннің қолына өтеді. Бұған дәлел—қолжазбаның бірінші 

бетінде: «Жыр» «Қозы Көрпеш—Баян сұлу», шөженің жыр-

лауы» деп жазылып, сол титульдік парақтың төменгі сол жақ 

бұрышында «И.Н. Березин» деген қолтаңба қойылған.



424

425


ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

Зерттеушілер  әр  мезгілде  жазылып  алынған  Ф.Абдыра-

хи мов  (1877),  М.Ж.  Көпеев  (жылы  белгісіз),  Қ.Мейірманов 

(1909) нұсқаларының да түп негізі осы «Қозы Көрпештің...» 

шөже жырлаған версиясына өте жақын екендігін айтады.

Жалпы, ел аузында және Қолжазба қорларында эпостың, 

орыс  тіліндегі  аудармаларын  қоса  есептегенде,  20-дан  аса 

варианты  бүгінге  жетті.  Солардың  бірқатары  Санкт-Петер-

бургтегі  шығыстану  институтының  қолжазбалар  қорында 

сақталған.  Бір  жағынан,  «Қозы  Көрпештің»  көпке  мәлім 

қолжазбаларын  ел  арасынан  жинап,  мұқият  көшіріп  алып, 

олардың  кейбіреуін  тәржімелеп,  орыс  және  қазақ  тілдерін-

де  бастырған  В.В.  Радлов,  А.Фролов,  Н.И.  Ильминский, 

И.Березин,  ш.Уәлиханов  т.б.  оқымыстылардың  еңбектері 

зор. 

шөже  жырлаған  «Қозы  Көрпеш  ...»  жыры  сюжеті  толық, 



тілі  таза,  көне  нұсқалардың  қатарына  жатады.  Аталған  эпос 

нұсқасын  1951  жылы  КСРО  ҒА  шығыстану  институтының 

қолжазба қорынан іздеп тапқан белгілі әдебиеттанушы, профес-

сор ы.Т. Дүйсенбаев болатын. Бұл күндері шөже нұсқасының 

фотокөшірмесі ҚР БҒМ ОҒК Сирек қорында (ш. 1419) сақтаулы 

тұр. Осы жыр мәтіні алғаш 1959 жылы баспа бетіне шыққаны 

белгілі. 

Содан бергі уақытта «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» жырының 

шөже  нұсқасы  ауыз  әдебиеті,  фольклор  тұрғысынан  жан-

жақты  зерттеліп  лайықты  бағаланды.  Кезінде  М.Әуезов, 

Ә.Қоңыратбаев,  ы.Дүйсенбаев,  Н.С.  Смирнова,  С.Садырбаев, 

С.Қасқабасов т.б. көрнекті ғалымдардың еңбектерінде эпостың 

идеясы мен тақырыбы, сюжеттік желісі мен поэтикалық ерек-

шеліктері  туралы  көптеген  маңызды  пікірлер  жазылды.  Сол 

себепті  жырдың  сюжеттік  құрылымы  жайында  сөз  қозғаудың 

қажеті аз.

Қалай  дегенмен,  XIX  ғасырдың  аяғымен  XX  ғасырдың  ба-

сында қазақ даласының барлық өңіріне дерлік таралып, халық 

ерекше сүйіп тыңдаған «Қозы Көрпештің...» таңдаулы, көркем 

де  кестелі  нұсқаларын  кейінге  мирас  етушінің  бірі—атақты 

Жанақ  ақын,  екіншісі—«шашасына  шаң  жұқтырмас»  айтыс 

ақыны  аталған  шөже.  Талантты  жыр  дүлдүлінің  бұл  эпосты 

Орта  жүз  ханы  Уәлидің  ұлы  Ғаділбек  Сұлтанның  сұрауымен 

орындауы да тегін болмаса керек.



426

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

«Қозы  Көрпештің  ...»  шөже  нұсқасын  баспаға  әзірлеу  ба-

рысында  бұрынғы  басылымдар  түпнұсқамен  салыстырып, 

өзгерген, қалып-қойған тұстары қалпына келтірілді.

Мәтін  эпостың  ОҒК  сирек  қорында  сақталған  түпнұсқасы 

мен 2002 жылғы соңғы басылымының негізінде дайындалды.

С. Қосан 

Ильминский  нұсқасы.  Орыс  миссионері  Н.И.  Ильминский 

«Қозы Көрпеш—Баян сұлу» жырының тағы бір нұсқасын 1860 

жылы Қостанай жерінде қағазға түсіргені мәлім. шығарманың 

түпнұсқасы  Татарстанның  «Орталық  мемлекеттік  архивінде» 

сақтаулы.  Эпостың  көшірмесін  1954  жылы  Тіл  және  әдебиет 

институтының сол кездегі ғылыми қызметкері М.Ғұмарова та-

уып әкелген (Ф. 968, оп 1, ед.хр.61). 1965 жылы микрофильмі 

алынды


1

.  Өкінішке  орай  қолжазбалар  қорында  шығарманың 

көшірмесі  сақталмай,  машинкаға  басылған  мәтіні  ғана 

сақталған

2

.  Аталған  нұсқа  Қазан  төңкерісіне  дейін  (1878, 



1890,  1894,  1899,  1909)  Қазан  қаласында  жеке  кітап  болып 

жарық көрді. Содан бері аталған нұсқа 1933, 1959, 2002, 2005 

жылдары  шыққан  фольклорлық  жинақтарда  жарияланды

3



Көлемі шағын. Осы Ильминский басылымы туралы ы.Дүйсен-

баев тың,  М.Ғұмарованың,  Н.Смирнова,  С.Қасқабасовтың 

т.б.  зерттеу  жұмыстарында  бағалы  пікірлер  айтылған.  «Қозы 

Көрпеш—Баян  сұлу»  жырының  біраз  нұсқаларын  салысты-

рып  қарағанымызда,  Ильминский  нұсқасында  басқа  вари-

анттарда  кездеспейтін  жыршының  өз  қолтаңбасы  бар  екенін 

байқадық.  Олар  мына  көріністер:  1.  Баянды  іздеп  кеткелі 

тұрған  Қозыға  шешесі  бір  сұлу  қыз  алып  келеді.  Бірақ  Қозы 

оған алданбайды.

4

1



 «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» (Құрастырып, ғылыми түсініктерін жазған—

ы.Т. Дүйсенбаев)—Алматы, 1959.  —120-175-б.б.

2

 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы.—Алматы, 1979. — 148-б.



3

 Қозы Көрпеш—Баян сұлу. ш.28 (ӘӨИ).

4

  Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу  //  Батырлар.  /  Құрастырған  С.Сейфуллин.—



Семей, 1933. 317-348 бб.; Дүйсенбаев ы. Қозы Көрпеш—Баян сұлу. Ғылыми 

басылым.—Алматы, 1959. 90-125-бб; Қозы Көрпеш—Баян сұлу. / Құрастырып, 

алғы сөзін жазғандар: С.Жолдасбеков, С.Қасқабасов.—Астана: Фолиант, 2002. 

342-369-бб.;  Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу.  /  Құрастырған—С.Садырбаев.—

Алматы, 2005. 83-110-бб. 


426

427


ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

2.  Жолда  ұйықтап  жатқанда,  Қозы  түс  көріп,  оған  өліп 

қалған әкесі былай деп аян береді:

 

 



—Ай, балам, қайт үйіңе, жол көрінбес, 

 

 



Сарыбай барғанменен қызын бермес. 

 

 



Ата тілін тыңдамай кеткен бала

 

 



Жолынан аман қайтып үйін көрмес...

Қозы бұған да тоқтамайды, Баянды іздеп кете берді. Бұл мо-

тивтер басқа нұсқаларда кездеспейді.

Қысқасы,  ақын  «Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу»  жырының  ең 

түпкі сюжетін жадына сақтай отырып, жырдың кей жерлерін, 

кейбір оқиғаларды және эпизодтарды түрлендіре жырлаған деп 

санаймыз.

Н.И.  Ильминский  нұсқасының  тілі  жатық,  оқиғасы 

қызықты болып келеді. Мәтінде аздаған араб, парсы және жер-

гілікті сөздер кездеседі. Ондай сөздер қазақшаланып, олардың 

контекстік ұғымдары томның соңындағы арнайы сөздікке топ-

тастырылды

5



1.  «Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу»  жырының  1933,  1959, 



1993,  2002,  2005  жылдары  басылған  мәтіндерін  Қазан  (1890) 

басылымымен  салыстырып,  мәтіндік  жұмыс  жүргізгенде, 

өкінішке  орай,  аталған  жинақтарда  кейбір  кемшіліктер  кет-

кені анықталды:

Аталған басылымдардың бәрінде 116-жолдан кейін:

 

 



«шешеке, осы сөзің расың ба-ай?

 

 



Ішімнен тарқатайын құрысымды-ай.

 

 



Балалар, осы бір сөз қалай болды?

 

 



Ойыным ойнамасам құрысында-ай»—

деген өлең шумағы, ал 646-жолдан кейін: 

 

 

«Төбе жүнін жұлғанда торғай өлген,



 

 

Баянға жақ кісі жоқ бір тайпа елден.



5

  Березин  И.Н.  Турецкая  хрестоматия.  Ч.  III.—Казань  1876.—70-162; 

Дүйсенбаев  ы.  Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу.—Алматы,  1959.—52-99;  Валиха-

нов Ч.Ч. Собр. соч. 5-ти томах. Т.4.—Алма-Ата, 1964. — С. 53-100.



428

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

 

 

Торғайының өлгенін білмей Баян,



 

 

Жүгіріп  жеңгесінен  сұрай  келген»—шумағы 



қалып қойған. Мұндай олқылықтар біраз.

2. 2005 жылғы басылымда бұдан басқа 540-560; 560-564; 574-

596; 610-616; 867-870 жолдар аралығындағы өлең шумақтары 

қалып  қойған.  Мәтінді  жинаққа  дайындау  барысында  осы 

сияқты  кемшіліктер  түзетіліп,  түпнұсқа  мәтіні  қалпына  кел-

тірілді.


Томға  ұсынылып  отырған  жыр  мәтіні  түпнұсқа  бойынша 

(Қазан, 1890) ешбір өзгеріссіз берілді.



Қ.  Алпысбаева

МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЖӘНЕ ДІНИ 

ЕСІМДЕР


Алла  (Аллаһ)ислам  дінінде  бүкіл  ғарышты,  тіршілік 

дүниесін  және  қиямет  қайымды  жаратушы,  баршаға  бірдей, 

жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі. 

Құран  Кәрімде  айтылғандай:  «Ол  Алла  біреу-ақ,  Алла 

мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі 

Оған ешкім тең емес».

Мұсылмандардың  түсінігі  бойынша,  Алла  Тағала  әлемді, 

жерді,  өсімдіктерді,  жануарларды  және  адамды  жаратты.  Ол 

адамдардың  тағдыры—жазмышты  белгілейді.  Қияметте  Алла 

барлық  өлгендерді  тірілтеді  де,  пәнидегі  істерін  таразылап, 

біреулерін—жұмаққа,  енді  біреулерін—тозаққа  жібереді. 

Адамдарды  дұрыс  жолға  түсіру  үшін  Алла  Тағала  оларға  мез-

гіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (с.а.с.)—

Алланың  адамдарға  жіберген  соңғы  Елшісі;  оған  Алланың 

Құраны  Жәбірейіл  періштенің  дәнекерлігімен  жиырма  үш 

жылда толық түсті. 

Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. 

Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілгендікті біл-

діруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккедегі Қағба, онда 

аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті қара тас бар.

Алла  Тағаланың  құдіреттілігін,  әділеттілігін,  қайырым ды-

лығын т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі 

көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім 

(жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық (жара-

тушы), шариф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жап-

пар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б.

Алланың  атын  зікір  ету  рәсімі  «Аллаһу  акбар», 

«Әлхамдулиллаһи»,  «Сұбхан  Аллаһ»  сөздерін  отыз  үш  реттен 

айтып, тәсбих тастарын санамалау арқылы жүзеге асады. 


430

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР



Әзірейіл—діни  ұғым  бойынша,  Аллаға  жақын  періште-

лердің  бірі,  жан  алғыш  періштенің  есімі.  Адамды  жаратар 

алдында  Алла  жердің  әр  тұсынан  саз  әкелуге  періштелерін 

жұмсайды. Жер оларға қарсылық көрсетеді. Жәбірейіл де, Ме-

кайыл мен ысрапыл да жерден бір шөкім саз үзіп ала алмайды. 

Бұл шаруаны Әзірейіл ғана атқара алған, осы қаталдығы үшін 

ол жан алғыш бас періште болып тағайындалған. Адамға ажал 

мезеті  жеткен  кезде  Алла  Тағаланың  жанында  өсіп  тұрған 

ағаштан әлгі адамның есімі жазылған жапырақ үзіліп түседі. 

Әзірейіл қырық күн мерзім ішінде сол адамның жанын алуға 

тиіс.

Баба түкті Шашты Әзіз—қазақ эпостары мен ертегілерін-

де кездесетін киелі де қасиетті бейне. Әулиенің батасын алған 

баласыз  қариялар  Алланың  құдіретімен  ұлды  болып  жата-

ды.  Мұсылман  аңыздарында  шашты  Әзіз  8  пайғамбарлардың 

бірі.  Ол  туралы  аңыздардың  бірінде  есімі  Баба  Туклас  деп 

көрсетіледі.  Әкесі—Керемет  Әзіз.  Мұсылмандар  арасында 

әулие саналған. Меккеге қажылық сапармен барушылар ең ал-

дымен  Мұхаммедтің  (с.а.с),  онан  кейін  Әли  Мұртаза  Сейіттің, 

содан соң Баба Тукластың қабіріне барып тәу еткен. Баба түкті 

шашты  Әзіз—Қожа  Ахмет  Иасауидің  арғы  бабалары,  ислам 

діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі деген 

болжамдар бар. 



Қозы Көрпеш—Баян сұлу—терістік түркілері арасына кең 

тараған  аңыз  бойынша,  Қозы  мен  Баян  бір  кезде  өмір  сүрген 

және олардың моласы да сақталған. Яғни халық оларды өмірде 

болған  адамдар  деп  сенеді.  Орыс-қазақ  зерттеушілерінің 

мәліметтеріне қарағанда, ғашықтардың зираты және олардың 

басына орнатылған ескерткіш қазіргі шығыс Қазақстан облы-

сы,  Аягөз  ауданы,  Таңсық  ауылына  таяу—Аягөз  өзенінің  оң 

жағалауында орналасқан.



Қыдыр  баба  (Қызыр)—көптеген  шығыс  халықтарының, 

сондай-ақ  қазақтардың  да  мифтерінде,  фольклорында,  діни 

аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық 

образ.


Оның  генезисі,  тұлғалық  сипаты  өте  күрделі,  әлі  толық 

зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қыдыр бейнесін көне 

архаикалық  түсінік,  көзқарастармен  байланыстырып  зертте-

се,  кейбір  ғалымдар—тек  ислам  ықпалымен  пайда  болған  деп 



430

431


ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

түсіндіреді.  Қыдыр  туралы  әрбір  халықтың  ғасырлар  бойы 

ұстанып келе жатқан түсінігі бар.

Қазақ  фольклорында  Қыдыр  баба  [Қызыр]—ел  аралап 

жүрген ақ киімді ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы, 

бақыт, дәулет беруші, әртүрлі қиындықтардан қорғаушы.



Лұқпан  хакім—ол  туралы  исламға  дейінгі  араб  хикая-

ларында  біраз  аңыздар  сақталған.  Құран  Кәрімде  лұқпанға 

31-сүре  арналған.  Мұнда  лұқпан  «бір  Құдайлық»  бағытын 

насихаттаған,  Алла  Тағалаға  шын  берілген  данышпан  адам 

ретінде  аталады.  лұқпанның  арабша  аты—лұқман  әл-Ха-

ким,  яғни  хәкім  лұқпан.  лұқпан—ақыл  иесі,  көріпкел,  емші 

делініп,  оның  есімі  көптеген  шығыс  халықтарының  ертегі, 

жыр, аңыздарында құрметпен әңгімеленген. Қазақ арасында да 

«лұқпан хәкім айтыпты» дейтін бірсыпыра сөздер бар.

Ноғайлы—Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған Ноғай 

Ордасының  негізін  қалаған  түркі—қыпшақ  тайпаларының 

ортақ  атауы.  XV-XVІ  ғасырлардың  аяғында  Ноғайлы  жұрты 

көрші елдерге де осындай атаумен мәлім болған. Бұл мемлекеттің 

іргесін маңғыт Едіге би қалады. Оның ұрпақтары (Жаңбыршы, 

Мұса,  Орақ,  Мамай,  Қарасай,  Қази,  Телағыс  т.б.)  ұзақ  уақыт 

бойы ел билеп қана қоймай, ерен ерліктерімен де аттары аңызға 

айналды.


Абзал /а/—артық, ең жақсы

Алакүлік /к.с./—шөпте болатын улы құрт, малда болатын 

ауру түрі



 

Аңа /к.с./—оған

 Әптиек—медреседе алғаш оқылатын кітап; Құран Кәрімнің 

жетіден бір бөлігі деген мағынаны білдіреді.



Бақтықара /а.қ./—бақытсыз, сорлы

Барқадар—тұрақ, ұстаным, опа

Бейрет—ретсіз, тынышы кету, бақытсыз 

Бейіс /п/—ұжмақ, о дүниеде күнәсіз мұсылмандар баратын 

Жәннат мекені



 

Белде-белде /к.с./—толқып-толқып, үдер-үдер

Бура /қ/—қос өркешті түйенің еркегі

Бұзау  тіс  /қ/—басына  қорғасын  құйып  өрілетін  дырау 

қамшы.


Бүлді /қ/—бүлінді, қирады

Бісміллә /а/—Алла атымен

Ғапыл /а/—қапы қалу, білмеу, сезбеу, байқамау

Ғаріп /а/—бейшара, мүсәпір, міскін

Ғарыз /а/—арыз, өтініш

Дозақ /п/—тамұқ, жаһаннам, о дүниедегі от жазасы

Дөнен /қ/—төрт-бес жасар жылқы

Дуадақ /қ/—далада, шөлді жерлерді мекендейтін құс түрі

Дүйім /ж.с./—қалың, көп ел

Елгей /к.с./—ежелгі дәуірдегі күміс ақша, теңге, жамбы 

Жарауке /к.с./—әзіл, қалжың

Жаһаннам /а/—тозақ оты, о дүниеде күнәлі адамдарды жа-

залау орны

СӨЗДІК


432

433


ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

Жолым  (үй)  /ж/—керегесіз  уыққа  киіз  жауып,  уақытша 

тігілген шошақ жаппа.



Жұм  /а/—араб  әрпі,  дифтонг,  «д»  және  «ж»  әріптері  қо-

сарлана дыбысталады.



Жұмыршақ  /қ/—күйіс  қайыратын  мал  қарнының  бір 

бөлігі


Ибадат /а/—құлшылық, тәжім ету, сыйлау

Ибарат /а/—үлгі, өнеге, ғибрат

Инсап /а/—жақсылық, қанағат, тәуір мінез

Калет /к.с./—жаңсақ, жаңылыс 

Кәпір /а/—күнәлі, дінбұзар, өзге діннің адамы

Керік /т/—жазық, кең; жираф; ауыспалы: жүйрік ат

Күмәнді /қ/—екіқабат, жүкті

Кіріш /к.с./—ақ, аппақ

Қар /к.с./—бұзық әйел, опасыз, жезөкше

Қарғыбау /қ/—дәстүр бойынша, қызға құда түсерде алғаш 

берілетін салт кәдесі, жоралғы



Қобы  /к.с./—тау  аңғарындағы  астау  тәрізді  боп  біткен 

ойпаң, кейде жазық жер.



Қодық /қ/—маралдың төлі, құлыны

Қызыл іңір /қ/—кешкі уақыт, қараңғы, күн батқан мезгіл

Қылап (хилап)—бұзу, қиянат ету

Махшар /а/—о дүниеде, қиямет күнінде болатын сот күні 

Мәлден өтіп—Пайғамбар жасынан өтіп деген мағынада 

Меһир /п/—мейір

Мұндар /к.с./—қарғыс, кемсіту, құл

Мүкәммал /а/—мүлік, қазына

Мық /т/—шеге

Намаздыгер /п/—қас қарайып, қараңғы түскенде оқылатын 

намаз уақыты



Намазшам  /п/—күн  батар  алдында  оқылатын  намаз 

уақыты


Нәмрат /п/—адамгершілігі жоқ, оңбаған

Нәубет /а/—мезгілсіз оқиға, кезекті дүние, тағдыр сыйы

Нияз /п/—садақа, сыйлық

Өрмек  /т/—көшпелілердің  үй  тұрмысына  қажет  алаша, 

кілем тоқитын құралы



 

Өтер бит—өтеді ғой деген мағынада

Пандат /п/—пәмдат, таң намаз

28-0137


434

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР



Пәрмен /п/—бұйрық, жарлық

Пәруардигар (Паруардігер) /п/—Тәңірі, Құдай

Рәйіс /а/—бастық, үлкен, ұлық

Салқа /к.с./—салқа жорту, бір сыдырғы жорту 

Саңа /к.с/—саған

Сап (саф) /а/—жақсы, таза

Сарысу /қ/—ауру аты

Сауап  /а/—ислам  шариғаты  бойынша,  мүміндердің  әрбір 

қайырлы,  игі  істері  сауапқа  жазылып,  ақыретте  жазасын 

жеңілдетпек.

Сегіз өрме /қ/—қамшының түрі, қайыс теріден таспа тіліп, 

өрілетін сегіз өрім қамшы



Сыбай /ж/—көрші, сыйлас, сырлас, жақын жандар 

Сілтідей тынды—тып-тыныш болды, қозғалмады 

Сілікпе—жас төлдің асылған еті

Таған /к.с./—көзге таған түсу, ақау түсу, әлсіреу

Тақат /к.с./—сабыр, шыдам

Тасаттық  /а/—Құдайға  құрбандық  шалып,  қуаңшылық, 

жұт, жоқшылыққа қарсы жалбарып жәрдем сұрау



Теперіш—қорлық, қиыншылық, азап

Уағда /а/—уәде, келісім

Халла тон /а.қ./—қалы тон, қымбат, зерлі тон.

Харам /а/—арам

Хафия /а/—құпия, жасырын

Ыңыршақ—ерте уақыттағы ердің бір түрі

Інген /қ/—екі өркешті ұрғашы, 4-5 жасар түйе 

Іребдел /к.с./—ірікті, таңдамалы

ЖЕР-СУ АТАУлАРы

Ақсеңгір, Көксеңгір, Қарасеңгір дейтін жер аттары Арқада 

бірнеше жерде кездеседі, оның ішінде Ереймен тауының алдын-

да, Сілті өзенінің бойында. Мына Көксеңгір Аякөз өзені бойын-

да  Жорға,  Жауыр  тауларына  көрші  тұратын  Көксеңгір  болуы 

мүмкін.

Алатау—Орта  Азия  мемлекеті  мен  Ресейдің  Сібірдегі  тау 

жотасының  жалпы  атауы.  Оларға  Күнгей  Алатауы,  Кузнец 

Алатауы,  Талас  Алатауы,  Қырғыз  Алатауы,  Жетісу  Алатауы, 

Іле Алатаулары жатады. 



Аягөз—шығыс  Қазақстан  облысындағы  қала.  Аягөз 

ауданының орталығы. Өскемен қаласының Оңтүстік батысын-

да, Нарын өзенінің Аягөз өзеніне құятын тұсында орналасқан. 

Іргесі 1831 жылы қаланған.



Бетпақдала—Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең бай-

тақ  аймақты  алып  жатқан  шөлді  өңір.  Қарағанды,  Жамбыл, 

Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан. Баты-

сында  Сарысу  өзенің  төменгі  ағысымен,  шығысында  Балқаш 

көлімен,  оңтүстігінде  шу  өзені  аңғарымен,  солтүстігінде 

Сарыарқамен  шектеседі.  Батыстан  шығысқа  қарай  500  км, 

солтүстіктен  оңтүстікке  қарай  300  км  аумаққа  созылған. 

Ауданы 75 мың км. шамасында. Оңтүстік батыс бөлігі жазық, 

солтүстік шығыс бөлігі қыратты. Палеозой эрасының тау жы-

ныстары (гранит, порфирит, әктас) тереңде жатыр, бетін мезо-

зой мен палеоген кезеңінің шөгінді жыныстары (құмтас, саз, 

малтатас, құм) жапқан. Ең биік жері—Жамбыл тауы (974 м). 

Бұл бөлік Сарыарқаның каледондық құрылымының жалғасы. 

Сай-жыралармен  тілімденген  Батпақдала  жазығында  сор, 

тақыр  және  жазда  құрғап  қалатын  тұзды  көлдер  кездеседі. 

Көктемде  жауын  суымен  толығып,  жазда  құрғақ  арнаға  ай-



436

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

налатын  Қарқаралы,  Қарасу,  Талдыеспе  сияқты  кішігірім 

өзендер бар.



Ертіс—Солтүстік  Мұзды  мұхит  алабында  жатқан  өзен, 

Обь  өзенінің  солтүстік  саласы.  Қазақстан  жерінде  шығыс 

Қазақстан,  Павлодар  облыстары  арқылы  ағады.  ұзындығы—

4248 км, оның 1698 шақырымы Қазақстан жерінде. Бастауын 

Алтай сілемдерінен алады. Зайсан көліне дейінгі бөлігі—Қара 

Ертіс, көлден төменгісі Ақ Ертіс деп аталады.



Есіл—Ертіс  өзенінің  сол  жақ  саласы.  Қазақстанның 

Қарағанды,  Ақмола,  Солтүстік  Қазақстан  облыстары  және 

Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерінен өтеді. Сарыарқаның 

солтүстік  бөлігіндегі  Нияз  тауының  батыс  беткейінен  баста-

лып, Омбы облысындағы Усть-Ишим селосының тұсында Ертіс 

өзеніне құяды.



Жетісу—тарихи-географиялық  аймақ.  Солтүстікте  Бал-

қаш,  солтүстік-  шығысында  Сасықкөл  мен  Алакөл,  шығыста 

Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік батысында 

Сол түстік Тянь-шань жоталарымен шектеледі. Жетісу атауын 

құрайтын,  Балқаш  көліне  құятын  жеті  өзен  туралы  түрліше 

пікір бар.



Қарқаралы—қала,  Қарағанды  облысының  Қарқаралы 

ауданының  әкімшілік  орталығы.  Қарағанды  қаласынан 

оңтүстік  шығысқа  қарай  220  км  жерде,  теңіз  деңгейінен  815 

м  биіктікте  орналасқан.  Ең  жақын  темір  жол  станциясы—

Қарағайлы  (25  км).  Орманды-тоғайлы,  жақпартасты  келген 

көрікті  Қарқаралы  тауларының  шығыс  етегінде,  Қарқаралы 

өзенінің екі жағасында жайласқан. 

Қалба жотасы—Алтайдың оңтүстік-батысында. Негізгі Ал-

тай жүйесінен Ертіс өзені арқылы бөлініп жатыр. ұзын дығы—

400 км, орташа ені 120 км. Ең биік жері—Сарышоқы тауы (1608 

м). Жота батыс жағында біртіндеп аласарып барып, Сарыарқа 

шоқыларына  ұласады.  Мұнда  Қалба  жотасының  биіктігі  450-

700 метрдей. Алтын және түсті металл кен орындары бар. Бұл 

маңнан көптеген шағын өзендер басталады. Қалба жотасының 

сілемі—Далба тауының етегінде қазақтың атақты жырауы әрі 

биі Бұқар Қалқаманұлы өмірінің соңғы шағын өткізген.

Қатынсу—Алакөл  алабындағы  өзен.  шығыс  Қазақстан 

облысының  Үржар  ауданы  жерімен  ағады.  ұзындығы  155 

км. Су жиналатын алабы 1650 км. Тастау, Жалаулы таулары-


436

437


ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

нан  басталып,  Көктал  аңғарынан  төмен  Алакөлге  құяды.  Суы 

ауызсуға,  жер  суаруға  пайдаланылады.  Қатын  судан  8  канал 

тартылған.



Қағба—Меккедегі  мұсылмандар  құлшылық  ететін  аса 

қастерлі  орындағы  тұңғыш  ғимарат.  Мәсжид-ул-Харамда 

орналасқандықтан,  «Бәйтул-харам»  (Қасиетті  үй)  деп  татала-

ды. Қағба қара мата—қисуамен жабылған. Қарама-қарсысында 

зәмзәм суы шығатын қасиетті бұлақ бар. Қағба құбыла болып 

жарияланған соң, оның Ислам әлеміндегі мәні арта түсті.



Қазан—Ресей  Федерациясы  құрамындағы  Татарстан  авто-

номиясының  орталығы,  Еділдің  сол  жағасында  орналас қан 

қала.

ҚұлжаҚытайдың 

солтүстік-батысындағы, 

шыңжаң-

ұйғыр автономиялы ауданындағы қала.



Лепсі—Балқаш  алабындағы  өзен.  Алматы  облысы  Ақсу, 

Сарқант аудандары жерімен ағады. ұзындығы—418 км, су жи-

налатын  алабы—9,4  мың  км.  Жетісу  Алатауының  солтүстік 

беткейіндегі мұздықтардан басталып, Балқаш көлінің оңтүстік-

шығыс бөлігіне құяды. Аңғары жоғары бөлігінде тар шатқалды, 

төменгі  ағысында  кеңейе  түседі.  Жер  асты,  жауын-шашын, 

мұздық суымен толығады. Жылына су деңгейі 2 рет—көктемде 

және  жазда  көтеріледі.  Суы  лайлы,  ағыны  қатты.  Өзеннің 

жазық жерлері желтоқсаннан наурызға дейін қатады. Суы егін 

суаруға жағалауы шабындық пен жайылымға пайдаланылады. 

лепсінің су режимін реттеу үшін лепсі каналы салынған. 

Мекке—мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда бас мешіт 

әл-Мәсжид  әл-Харам  мен  Қағба  орналасқан.  Исламның  не-

гізін  қалаушы  Мұхаммед  (с.а.с.)  осы  қалада  дүниеге  кел-

ген.  Мұхаммед  (с.а.с.)  Меккеден  кеткенімен  Мәдинедегі 

жаңа  құлшылық  ету  үйінің  есігін  Қағбаға  қаратты  (Құбыла). 

Мұсылмандардың Меккені 630-жылы жаулап алуы оның діни 

орталық  ретіндегі  айрықша  жағдайын  қалпына  келтіріп  қана 

қоймай, одан да жоғары дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып 

тәуап ету исламның бес парызының бірі болып саналады.

Мыржық—тау;  Сарыарқаның  солтүстік  шығыс  бөлігінде, 

Қарағанды  облысының  Қарқаралы  ауданы  және  шығыс 

Қазақстан  облысының  Семей  қалалық  әкімдігі  аумағына 

орналасқан.  Солтүстік-батыстан  оңтүстік-шығысқа  қарай  60 

км-ге  созылып  жатыр.  Ені—20-25  км.  Түпкі  жыныстары  жер 


438

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

бетіне  шығып  жатыр.  Беткейлері,  өзен  аңғарлары  сай-жыра-

лармен  тілімделген,  толып  жатқан  жартасты  қырқалар  мен 

шоқылардан  тұрады.  Олардың  арасындағы  ең  биігі—Егібай 

тауы (970 м). 



Обаған—Қостанай облысы, Алтынсарин ауданындағы елді-

мекен, аудан орталығы. Облыс орталығы—Қостанай қаласынан 

шығысқа қарай 67 км жерде, қоңыржай құрғақ дала белдемінде 

орналасқан.



Өлеңті—Жайық  алабындағы  өзен.  Батыс  Қазақстан 

облысының Сырым және Ақжайық аудандарының жерлерімен 

ағады.

Сарыарқа,  Арқа—Қазақстанның  бүкіл  орталық  бөлігін 

алып  жатқан  аймақ.  Солтүстікте  Қазақ  жазығынан  бас-

талып,  оңтүстікте  Бетпақдала  мен  Балқаш  көліне  дейін-

гі  аралықта  орналасқан.  Батыста  Торғай  үстіртіне  тіреледі. 

шығыстағы шекарасы Балқаш көлінің солтүстік-шығыс шеті-

нен Тарбағатайдың етегіне, онан әрі Зайсан қазаншұңқыры ның 

шетін ала Қалба жотасына дейін жетеді.

Сарыөзен—Ертіс  алабындағы  өзен.  Қарағанды  облысы, 

Қарқаралы  ауданы  және  шығыс  Қазақстан  облысы  Семей 

қалалық  әкімдігі  аумағы  жерімен  ағады.  Мыржық,  Ақшоқы 

тауларынан басталып, Ақмолайсор (шалқарсор) көліне құяды.



СырСырдария  өзені.  Орта  Азиядағы  ірі  өзен.  Қарадария 

мен  Нарын  өзендерінің  Ферғана  қазаншұңқырының  шығыс 

бөлігіндегі қосылған жерінен бастап Сырдария аталынып, Арал 

теңізіне құяды.



Семей—Ертіс  өзенінің  жағасында  орналасқан  қала.  Іргесі 

ХVІ ғасырда қаланған қаланың алғашқы атауы—Доржынкент. 

ХХ  ғасырдың  басында  Алашорда  үкіметінің  басты  орталығы 

әрі Алаш қаласы аталған.



Сергиполь—шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданындағы 

ауыл,  округ  орталығы.  Аудан  орталығы  Аягөз  қаласынан 

оңтүстік-шығысқа  қарай  8  км  жерде,  Аягөз  өзенінің  оң 

жағасында орналасқан.



ТүркістанОңтүстік  Қазақстан  облысындағы  Түркістан 

ауданының орталығы, Сырдарияның оң аңғарында орналасқан. 

2000 жылы көне қаланың 1500 жылдығы тойланды. Арабтар-

дың  географиялық  жазбаларына  қарағанда,  ІV-Х  ғасырларда 

бұл қаланың орнында шауғар (арабша шауағар) мекені болған, 


438

439


ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

бірақ бұдан із қалмаған. ХІІ-ХІV ғасырларда Түркістан «Ясы» 

деп аталған. Қожа Ахмет Йасауи ғимараты салынғаннан кейін 

түркілердің діни орталығына айналды



ТарбағатайЗайсан және Балхаш—Алакөл арасындағы су 

айырық жота. Семей, шығыс Қазақстан облыстарының жерін-

де  орналасқан.  Жота  ендік  бағытта  батыстан  шығысқа  қарай 

300  км-ге,  ені  30-50  км-ге  созылып  жатыр.  Аягөз  ауданында 

Тарбағатай ауылы бар.

 

Ташкент—қала,  Өзбекстан  Республикасының  астанасы, 

Ташкент облысының орталығы. шыршық өзенінің жағасында 

орын тепкен. Өткен ғасырларда Ташкент—Қазақ хандығының 

ордасы болған. 



Үржар—шығыс  Қазақстан  облысындағы  аудан  орталығы, 

өзен аты.



Үргенішежелгі  қала,  ортағасырлық  Хорезм  мемлекетінің 

астанасы.  Орны  қазіргі  Түркменстан  республикасы,  Таша-

уыз  уәлаятындағы  Көне  Үргеніш  елді  мекенінің  жанында. 

Үргеніштің  гүлдену  кезеңі  12-13-ғасырлардағы  хорезмшахтар 

билік еткен кезеңге тура келеді. 13-ғасырдың ортасынан бастап 

Алтын Орданың құрамында болып, сауда, қолөнер, әкімшілік 

орталық  ретінде  өз  маңызын  жойған  жоқ.  14-ғасырдың  орта-

сына  қарай  Хорезм  Алтын  Ордадан  бөлінген  кезде  Үргеніш 

қайтадан оның астанасына айналды. 17-ғасырда қала тіршілігі 

құлдырап, кері кетті.



Шыңғыстай—шығыс  Қазақстан  облысы,  Қатонқарағай 

ауданындағы  ауыл,  Қатонқарағай  ауылдық  округінің  құра-

мында.  Аудан  орталығы  Үлкен  Нарын  а-нан  шығысқа  қарай 

20  км,  Сарымсақты  тауының  баурайында,  Бұқтырма  өзенінің 

жағасындағы қайыңды-қарағайлы орман арасында орналасқан. 

Іргесі  19-ғасырдың  аяғында  қаланған.  Бұғы  өсіретін  кеңшар 

бөлімшесінің  орталығы  болған.  Оның  негізінде  шыңғыстайда 

шаруа  қожалықтары  құрылды.  шыңғыстайдағы  алғашқы 

мектеп  ғимараты  1905  жылы  салынған.  Онда  С.Торайғыров 

ұстаздық етіп, өзінің әйгілі «Кедей» поэмасын жазған.

 

Шоқтерек—эпикалық топоним, аңыз бойынша, Қозы мен 

Баян осы теректің түбінде кездесіп жүреді.



Шу—Қырғызстан  мен  Қазақстан  жеріндегі  өзен.  ұзын-

дығы—1186 км. (Қазақстан аумағында 800 км), Теріскей Ала-

тау  мен  Қырғыз  Алатауынан  бастау  алатын  Жуанарық  және 


440

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Қошқар  өзендерінің  қосылған  жерінен  бастап  шу  аталады. 

Ірілі-ұсақты 80 саласы бар, ірілері: (Қазақстанда): Қорағаты, 

Мерке, Қарабалта, Ақсу т.б. Теріскей Алатау мен Қырғыз жо-

тасын  кесіп  өте  бере  шу  Жоғарғы  Ортотоқой  және  Төменгі 

Ортотоқой  шатқалдарын  қалыптастырған.  Соңғысының 

тұсына  Ортотоқой  бөгені  салынған.  Төменде  шу  ыстықкөл 

қазаншұңқырына шығады. 

Шідерті—Батыс Қазақстанның Сырым ауданындағы өзен, 

Өлеңті алабында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет