Мұра меМлекеттік бАғдАрламасын іске Асыру ЖӨніндеГі ҚоғАМдыҚ кеңестің ҚұрАМы бАбАлАр сӨзі жүз томдық Ғашықтық жырлар 54 том



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата21.01.2017
өлшемі2,15 Mb.
#2365
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
354

355


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Әліжаппар құлдың берген жауабы:

—Аякөздің бауыры шоқ терек-ті,

Айналасы малға жай мол терек-ті.

Қысырақ қарап жүргенде көріп едім,

Айтқаны, ойлап тұрсам, сол терек-ті.

Армансыз бір төсекте жата алмадым,

Баянмен бір ауыз сөз қата алмадым.

Сарыбай тоғыз кісі барып еді,

Иіліп сәлем берген соң бата алмады.

Мінгені Қозыкенің күрең ат-ты,

шоқтеректің түбінде байлап жатты.

Қозыке көзі ілініп кеткен екен,

Қозы жауырын қол оқпен Қодар атты.

«Күрең ат азу тісін ойған ба деп,

Баян жас көзінің жасын тиған ба деп.

Қозы жауырын қол оқпен Қодар атты,

Бұ тазды не қылғаның, қойған ба» деп.

Қодар құл оқпен атып, өшін алды,

Сүйтіп қастық қылғандай несін алды.

«Үйдегі Баяныма берейін» деп, 

шұрқылтайдың түбінен кесіп алды.

Бәрекелді Қодардың тентегіне,

Асау күрең жүрмейді жетегіне.

«Қозыкенің басы» деп тастап еді,

Баян жылап салады етегіне.

Баянның жұрт қарайды жабығына,

Қозыкеден жас қалған қамығына.

«Ал [байыңның] басы» деп тастап еді,

Баян жылап салады сандығына.

Баян  жылап,  Сарыбайдан  «Қозыкені  кім  өлтірді?»  деп 

сұрағанда:

1110


1120

1130


356

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Баян жылап күймеден тұра келді,

Сарыбайдың қасына жетіп келді.

—Әке, сенен сұрайын бір сауалды,

Ер Қозыке күйеуің кімнен өлді?



Сарыбайдың қызына берген жауабы:

Сарыбай қызын көріп тұра келді,

Сол жерде оң жағынан орын берді.

—Сен сұрасаң айтайын, шырағым-ай,

Күйеуім Қодар атты құлдан өлді.

Балалы арқар болып мен жусайын да,

Көздің жасын қолыммен тосайын да.

Биылғы жыл сабыр қыл, шырағым-ай,

Қозыкедей кісіге қосайын да.

Баянның әкесіне берген жауабы:

—Етегімді жел ашып жүрген емен,

Қозыкеден басқаға күлген емен.

Әке, неке қи дағы тек өзің ал,

Елден бура салғандай інген емен.

Аузымнан жаман сөз айта қалман,

Аузымнан шыққан сөзден қайта қалман.

Әке, неке қи дағы тек өзің ал,

Елден айғыр салғандай байтал емен.

Баян сұлу атандым тамам жұртқа,

Әке қылған осыңды сен де ұмыт па!

шешем Қаракөз бетіңе қарай алмас,

Неке қиып ал [мені] тоқалдыққа.

Сұлу Баян қолына айна алады,

Қозыкеден айрылып қиналады.

«Өзімменен қосылып зарласын» деп,

Ботасы өлген боз інген түйе алады.

1140


1150

1160


356

357


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Баянның іші күйіп тұра алмай тас болып, ешкім тұрғыза 

алмай жұртында қалғаны:

Баян жас бота белбеу белден шешті,

Қозыкеден айрылып қайғы түсті.

Баян сұлу тұра алмай жұртта қалды,

Сарыбайдың ертең тұра ауылы көшті.

Баян сұлу тұра алмай жұртта қалды,

Оны көріп Қодар құл қуаныш қылды.

Көш жөнеліп кеткенін көріп тұрып,

Жұртта қалған Баянға Қодар келді.

Баянды көріп Қодардың берген жауабы:

—Жылқыны көп жалшылар суарады,

Сені көріп көңілім қуанады.

Алған байың өлді ғой, сұлу Баян,

Енді сені мен алмай кім алады?

Баянның Қодарға берген жауабы: 

Баян басын көтеріп тұра келді,

Жылап тұрып Қодарға жауап берді:

—Мен сенікі болайын, Қодареке,

Қозыкені бір көрсет маған,—деді.

Қодардың Баянға берген жауабы:

—Баян жас, нанбаймысың маған,—дейді, 

Тимесең болар ақыр заман,—дейді, 

Осы жерде маған тисең, тура сөйле,

Тазшаңды көрсетейін саған,—дейді.

Баян сұлу қуанып тұра келді,

Қодарменен екеуі бірге жүрді.

—Ойдым-ойдым жер келді сұлу Баян,

Кел, екеуміз ойналық, Баян,—деді.

1170


1180

358

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Баян сұлу Қодарға жауап берді,

Қозыкені көруге алып жүрді.

—Далада ойнағаның не болады,

Су басына барайық, Қодар,—деді.

Хақтың жолын күткен жан болар дәруіш,

Баян жастың кигені алтын кебіс.

—Су басына әпкелдің, сұлу Баян,

Қодареке, тұра тұрсаң, мені жемес.



Қодардың қуанып берген жауабы: 

—Айт дегеннен айтамын айда, Баян,

Қасыңда мендей жолдас қайда саған!

Алдыңда жарық болған ай ма Баян,

Сондай ақыл біздерге қайда Баян?!

Тазаланып жатайын қойыныңа,

Білегіме шашыңды байла, Баян.

Баян алдап Қодарды суға салды,

Екі кебіс су ішіп мейірі қанды.

Қодар құдық ішінде, Баян—қырда,

—Суға тоңдым, шығайын, Баян,—деді.

Баян бұл сөзді естіп тұра келді,

Бұйда пышақ қолына Баян алды.

Қодар суда жатқанда, Баян—қырда,

Қодарды пышақпенен салып алды.

Судың ішінде жатып Қодардың берген жауабы:

—Баян жас, мені есіңе алмадың ба,

Әуелі суға түс деп алдадың ба?!

Екі бірдей байыңнан тең айрылып,

Енді қараң суалып қалғаның ба?!

Мұнша қастық қылғандай неттім, Баян,

Мені неге сергелдең еттің, Баян.

1190


1200

1210


358

359


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Екі бірдей байыңнан тең айрылып,

Көзің ашық дүниеден өттің, Баян.

Мұнша қастық қылғандай неттім, Баян,

Әке-шешем жылатып кеттім, Баян.

Тіл ұшымен мені сен жақын қылып,

Аңдып жүріп түбіме жеттің, Баян.

Айда Баян, а, Баян, неттім, Баян,

Ептеп жүріп түбіме жеттің, Баян.

О дүниеде артыңнан еш қалмаспын,

Тікен болып араңа біттім, Баян!

Баян сұлу бұл жерде қуанады,

Тіліне Қодар құлдың кім нанады?

Баян жас шашын қиып жібергенде,

Қодар құл құдық түбіне жұмалады.

Баян Қодарды өлтіріп, Қозыкенің басына келіп жылағаны:

—Ботасы өлген боз інген артып келді,

Баян жас қайғы азабын тартып келді.

Қодар құлды құдықта өлтірген соң,

Қозыкенің басына қайтып келді.

Баян Қозыкені көріп зар-зар жылағаны:

—шырағым, жатырмысың жер бауырлап,

Қаба жүнді қайың оқ оны ауырлап.

Тұрар болсаң, тұр сана, шырағым-ай,

Баян жас—алған жарың келдім зарлап.

шырағым, жатырмысың жер бауырлап,

Алты батпан топырақ оны ауырлап.

Тұрар болсаң, тұр сана, шырағым-ай,

Құдай қосқан қосағың келді зарлап.

Қозыке жүрмек болып қылды талап,

Жеткізді Баян жасқа Құдай қалап.

1220


1230

1240


360

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Не өлісін, не тірісін білейін деп,

Баян отыр Қозыкенің мойнына басын жамап.

Баян Сұлу зар жылап отыр еді,

Құдайдан сол мезгілде пәрмен болды.

Баянның көзі ілініп кеткен екен,

Түсінде періштелер хабар берді.

Құдайдан сол мезгілде пәрмен болды,

Түсінде Баян жасқа хабар берді.

Алладан періштелер хабар беріп,

—Неше күндік тілейсің өмір?—деді.

Баян жас зар жылап тұра келді,

Құдайдан тілегені қабыл болды.

—ұзақ өмір тілеп мен не қылайын,

Үш күн, үш түн ойнасам болар,—деді.

Баян жастың тілеуін Құдай берді,

Періштелер бұл сөзді есітіп тұрды.

Құдайдан сол мезгілде пәрмен болып,

Ер Қозыке сілкініп тұра келді.

Ер Қозыке сілкініп тұра келді,

Жаппар Құда тілеуін қабыл қылды.

Құдайдың бақ бергені кем бола ма,

«Үш күн, үш түн ойна» деп өмір берді.

Қозыке сөз болғалы бір талай жыл,

Құдай берген жақсыға бір қызыл гүл.

шығардық өлең қылып үшбу сөзді,

Баянның сұлулығын есітіп біл.

Ибраһим Мекке тұрғызды Құдай үйін,

Жүрген жері жақсының болар жиын.

Қозыке мен Баянды өлең қылып,

Хатқа жазып шығардық анық біліп.

1250

1260


1270

360

361


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Басына ақ кірпіштен үйін салып,

Үш күн, үш түн екеуі ойнап-күліп.

Екеуінің көңілі қысқа болды,

Төртінші күн Құдайдан пәрмен болып.

Ақ кірпіштен баспана салды үйін,

Ажалына шығады қызыл құйын.

Үш күн, үш түн екеуі ойнап күліп,

Өмірін қысқа тілеп болды қиын.

Қияметтің қыл көпірі тар-ды дейді,

Бір жағы от, бір жағы жар-ды дейді.

Қозыке мен Баян жас өлген шақта,

Қырық бір молла Меккеге барды дейді.

Меккеге қырық бір молла барды дейді,

Қасына қырық періште жолдас болды.

Меккеден үйге қайтып бара жатса,

Жолда тұрған ақ сарай үйді көрді.

Жолда тұрған ақ сарай үйді көрді,

Періштелер адам сипатты болып келді.

«Кім де болса бір бата қылайын» деп,

Қырық бір молла сарайға кіріп келді.

Қырық бір молла сарайға кіріп келді,

Отырып Құран оқып, бата қылды.

Бата қылып сөйлесіп отырғанда,

Төбесінде жазулы хатты көрді.

Ақ сарайда жазған хатты көрді,

Қозыке мен Баянның атын көрді.

«Жаратқан жеті ғашықтың бірі екен» деп,

Құдайдан тілейік деп кеңес қылды.

Қырық бір молла жиылып кеңеседі,

Әр қайсысы әр түрлі сөз сөйлеседі.

«Әркімнің әр тілеуі өзінде бар,

Құдай бізге алғанын бермес» деді.

1280


1290

1300


362

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Ақ сақалды бір молла тұра келді,

Өзгесі соның сөзін тыңдап тұрды.

—Жаны кеткен денеге жан кіргізген,

Мұнан артық боларсың бәрің,—деді.

Ақ сақалды бір молла айтса жауап,

Құдайдан шын тілеңіз бәрің жылап.

Жаны кеткен денеге жан кіргізсең,

Табарсың мұнан да үлкен артық сауап.

Ақ шалмалы бір молла жауап берді,

Баршасы мұның сөзін қабыл қылды.

Қозыке мен Баянның жанын тілеп,

Намаз оқып Құдайға жылап тұрды.

Қырық бір молла Құдайдан тілеп тұрды,

Қырық періште Құдайға ғарыз қылды.

Құдайдан сол мезгілде пәрмен болып:

—Періште, не себептен келдің?—деді.



Періштенің берген жауабы: 

—Меккеге тауап қылып жүрдік,—дейді, 

Қозыке мен Баянды көрдік,—дейді. 

Жаратқан жеті асықтың біреуі екен,

Біз соның жанын сұрап келдік,—дейді.

Біздермен қырық бір молла жолдас болды,

Меккеге тәуап қылып бірге келді.

Қозыке мен Баянның хатын көріп,

Қырық бір молла біздерден тілек қылды.

Құдайдан сол мезгілде пәрмен болды,

Қырық бір молла тілеуін қабыл қылды.

Мың жанды бір қапасқа салған екен,

Екі жанды шығарып алсын» деді.

Періштелер қапастың аузын ашты,

Жатқан мың жан қапастан тұра қашты.

1310


1320

1330


362

363


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Қозыке мен Баянның себебінен

Көрде жатқан мың жан да басын қосты.

Екі жанды періштелер алып келді,

Қозыке мен Баянның жаны кірді.

Қырық бір молла тілеуі қабыл болып,

Екеуі көрден шығып тұра келді.

Қырық бір молла тілегін Құдай берді,

Қозыке мен Баянның жаны кірді.

Қозыке мен Баянның себебінен

Көрде жатқан мың кісі тұра келді.

Екеуі көрден шығып тұра келді,

Жалаңаш, айдай балқып, нұрға толды.

«Ғашық кісі жалаңаш тұрмасын» деп,

ұжмақтан Құдай берді халла тонды.

Екеуі халла тонды киіп, шүкір қылды,

Ақ жүзі бұрынғыдан артық болды.

Моллалардың тілегін қабыл қылып,

«Отыз бір жыл ойна» деп ғұмыр берді.

Қозыке мен Баянның көңілі толды,

Құдайдан тілегені қабыл болды.

Қозыке мен Баянға бата беріп,

Моллалар амандасып жүре берді.

Екеуі көр басында жалғыз қалды,

Тұра келді, ешнәрсе көре алмады.

Қасында ауыл түгіл, дәнеме жоқ,

Айдалада қалғанын сонда білді.

Көңілі Қозыкенің біткен екен,

Түбіне жалғыз Қодар жеткен екен.

Сарыбай күйеу, қыздан айрылған соң,

Өлеңті-шідертіге көшіп кеткен.

1340


1350

1360


364

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР



Баянның анасының бір күн жатып түс көргені: 

Қаракөз бір күн ұйықтап жатыр еді,

Түсінде күйеу, қызы сәлем берді.

Тірілгені көңіліне ғаян болып,

Кемпір жылап күн шықпай тұра келді.

Кемпір жылап күн шықпай тұра келді,

Үш көш жерде жылқыға жаяу жүрді.

Пәрмен болды, тіл бітті екеуіне,

Арда күрең, Бақа айғыр сәлем берді.

Арда күрең, Бақа айғыр сәлем берді,

Жылап кірген кемпірді бұлар көрді.

—Туғалы мал көрмеген адам едің,

шешеке, неге зар жылап келдің?—деді.

Қаракөздің екі атты көріп берген жауабы:

—Бүгін жатып төсектен тұрдым,—деді,

Қозыке мен Баянды көрдім,—деді.

Өзімнің іздеп барар балам жоқтан,

Сіздерге соны айтқалы келдім,—деді.

Өзімнің іздеп барар шырағым жоқ,

Тірі болса көруге көңілім тоқ.

Тәңірден тілеп қосқан екі көзім,

Көргенше зар жылаймын іңкәр болып.

Екі аттың Қаракөзге айтқан жауабы:

—Айталық тура жауап сізге,—дейді,

Балаңнан күдеріңді үзбе,—дейді. 

Тірі болса екеуміз ап келерміз,

Алтын жабдық әзірле бізге,—дейді.

Байғұс кемпір қуанып қайтып келді,

Алтын жабдық, ер-тоқым әзірлейді.

1370


1380

1390


364

365


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Қозыке мен Баянның киімдерін

Өз алдына бір жерге алып қойды.

Түс болғанда ауылға бие келді,

Арда күрең, Бақа айғыр бірге келді.

«Қозыке мен Баянға барамын» деп,

Екі айғыр іздеп жүрмек болды.

Айбас құл көп жылқымен түзде қалды,

Құл-күңі биелерді байлап сауды.

Намазшам мезгілінде бие ағытып,

Екі айғыр желі басында жатып қалды.

Арда күрең, Бақа айғыр жүрмек болды,

Намазшам болған соң тұра келді.

Алтын жабдық, ер-тоқым, киім артып,

Кемпірге амандасып жүре берді.

Құдайдан екеуіне пәрмен келді,

Әулиелер алдына жақсы болды.

Екеуі көр басында отыр екен,

Арда күрең, Бақа айғыр жетіп келді.

Арда күрең, Бақа айғыр оған жетті,

Алтын-күміс көрген соң көңілі бітті.

Екеуінің киімі кигеннен соң,

Халла тоны ұжмаққа ұшып кетті.

Екеуі алтын-күміс киім алды,

Баянға Бақа айғырды ерттеп берді.

Қозыке күрең атты өзі мініп,

Сарыбайдың ауылын іздеп жүрді.

Сарыбайдың ауылын іздеп кетті,

Орта жолда ойнап-күліп көңілі бітті.

«Енді күйеу кәдесін қылалық» деп,

Мал ішіне жеткенде тастап кетті.

1400


1410

1420


366

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Қозыке күйеу болып түзде қалды,

Баян сұлу қуанып үйіне барды.

Сарыбай мен Қаракөз қарсы шығып,

Үшеуі құшақтасып зар жылады.

Қаракөз қызын көріп зар жылады,

Көптен бері сағынып, қайғырады.

Күйеу, қызы қолына келгеннен соң,

Төрт күн, төрт түн жұрт жиып той қылады.

Жұрт білді Қозыке мен Баян атын,

Қолында екеуінің қызыл алтын.

Ер Қозыке күйеуі келгеннен соң,

Алдына шатыр тікті қырық бір қатын.

Сағынып қайын енесі жаяу барды,

Күйеуіне көрісіп, зар жылады.

Торғайға қастық қылған жау жеңгесі,

ұзатқанша көре алмай қорғалады.

Қозыке ақ шатырда күндіз тұрды,

Түнде алтын күймеде дәурен сүрді.

Ел-жұрты Қозыкенің есінде жоқ,

Жиырма жыл Сарыбайда бірге жүрді.

Айбас құл Қозыкені сағынады,

Елге келмей жылқыны бағып жүрді.

Көп жылдан ел көрмеген Айбас пақыр

Бір күні көп жылқыдан елге келді.

Айбас бір күн жылқыдан елге келді,

Қозыкенің шатырын көзі көрді.

шатырының есігінен қарай салып,

Қозыкеге көрісіп зар еңіреді.

Қозыке—күйеу, Айбас құл қосшы болды, 

Бір-біріне көрісіп көңілі тынды.

Баян бір күн күймеде ұйықтап жатса,

Түсінде Мамабике ғаян берді.

1430

1440


1450

366

367


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Баянның түсіне қайын енесі кіріп сөйлескені:

Сол күні ай қараңғы түн болыпты,

Ғашықтар жалған емес шын болыпты.

Қозыкеден айрылып қалғаннан соң,

шешесі тезек теріп күң болыпты.

Қарабайдың үйінде тоқсан құл-ды,

Жидебай қалған үйге ие болды.

Тоқсан құлдың бастығы—Жидебай құл,

Бәйбішені күң қылып ғазап қылды.

Тоқсан құлдың бастығы—Жидебай-ды,

Құлдың қылған ісіне кім шыдайды.

Баян жастың түсінде хабар беріп,

«Құлға күң боп қалдым» деп зар жылайды.

—шырағым, мені есіңнен салма ,—дейді, 

Дұшпанның өсегіне нанба,—дейді.

Тәңіріден тілеп алған екі көзім,

Мен байғұсқа көрер күн бар ма?—дейді.

Баян жылап күймеден тұра келді,

Қозыкені шатырдан алып келді.

—шырағым, қайдан өстің, қайдан келдің,

Біз көргендей ел-жұртың бар ма?—дейді.

Қозыкенің Баянға айтқан жауабы: 

—ұшбу жерде қашар шайтан «Алла» десең,

Кетерсің жаһаннамға харам жесең.

Екеуімізге қуанып атам өлген,

Зар жылап қалып еді жалғыз шешем.

Қайғысын ұзын жолдың сарт көреді,

Танымаған кісіні жат көреді.

«Енді бізді елімізге ұзатсын» деп,

Баян жас Сарыбайға хат береді.

1460


1470

1480


368

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Сарыбай «жері алыс» деп қайғырады,

Қаракөз ұзатпаққа ой қылады.

Қарғи барып Бақа айғыр шідер үзді,

Өлеңтіде өлең айтып той қылады.

Әділ болса, бұзылмас ханның тағы,

Ақынның сайрап тұрар тіл мен жағы

Өлеңтінің Ақжар деген жері бар-ды,

Сарыбайдың той қылған жер-ошағы.

Қырық күнде той қылып дәурен өтті,

Қырық қара нар арттырып қыз жөнелтті.

«шырағым жұрттан жалғыз шықпасын» деп,

Қырық нөкерді Баянның қасына ертті.

Жиырма қыз, жиырма жігіт ертті,

Неке етіп бір-біреуін қосып кетті.

Өлеңтінің бойынан шыққан күні,

Айбас пенен Қозыке озып кетті.

Баян жас ауыр жүкпен кейін қалды,

Айбас пенен Қозыке озып барды.

Қарабай елі Жұпардың қорығында,

Бұқараның ар жағына барып қалды.

Айбас пенен Қозыке бұрын барды,

Жұпардың қорығына жетіп қалды.

Ел шетінде бір адам қой жайып жүр,

Екі жігіт қойшыға душар болды.

Екі жігіт қойшыға душар болды,

—Қай ауылдың қойы?—деп сұрап алды.

—Бізден не сөз сұрайсың, екі жігіт, 

Иесіз бағып жүрмін қалған малды.



Қозыкенің қойшыға айтқан жауабы:

—Қалай-қалай сөйлейсің, қойшы жаным,

Мұңды сырың Құдайға болсын мәлім.

1490


1500

1510


368

369


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Біздер үйден шыққалы көп [жыл] болды,

Иесіз бағып жүр едің кімнің малын?

Қойшының жауабы:

—Жаратқан сиынамыз бір Құдайға,

Көре алмай іңкәр болдық күн мен айға.

Қозыке жаста кетті [зар] жылатып,

Қалған дәурен қор болды Жидебайға.

Қойшыдан елдің жөнін сұрап алды,

Үйіне қонақ болып тура барды.

Үй артында келіп тұр екі қонақ,

Жидебай үйде отырып жауап қылды.

—шұнақ күң, қолыңды отқа тықшы,—дейді,

ұятты кісі болса бұқшы,—дейді.

Үй артында келіп тұр екі қонақ,

Кім екенін білгелі шықшы,—дейді.

Қозыке сәна қылды, ғақыл ойлап,

Жеткізді шешесіне Құдай айдап.

Үйден шыққан шешесін тани салып,

Алдынан қарсы жүрді атын байлап.

Байға күнде қонақ көп келеді,

Жөнсіз қонақ келгенін жек көреді.

«Қарны ашқан екі қонақ бір тойсын» деп,

Екеуіне үш табақ ет қояды.

Айбас құл енді танып, күлімдеді,

Қозыке келген жерден білінбеді.

«Жүдеген мұңды кемпір бір тойсын» деп,

Екі табақ етінің бірін берді.

Мұны көріп, Жидебайдың Қозыкеге айтқан жауабы: 

—Қонақ, саған не болды қара басып, 

Адал асты мен бердім қазанға асып.

24-0137


1520

1530


1540

370

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Жалғызынан айырылған мұрдар күңге,

Неге асыңды бересің жаның ашып?!



Қозыкенің жауабы:

—Өзіміз мылтық атқан мерген едік, 

Үйіңе мейман болып келген едік.

Мұңлыққа неге жаның ашымасын,

Жалғызын қайнындағы көрген едік.

Жидебайдың жауабы:

—Адал асты мен бердім саған салып,

Жақсы қонақ екен деп жолың танып.

Қодар атып сүйегі қурап қалған,

Не қыласың шіркінді аузыңа алып?!

Қозыкенің жауабы:

—Құл болсаң, жылқы бағып жатар едің,

Би болсаң, жұртқа кеңес айтар едің.

Жағаңды ұстап шүкір қыл, Жидебайым,

Жалғызы келіп қалса, қайтер едің?

Жидебайдың жауабы:

—Әділ болсаң, жұртыңның қамын жерсің,

Қонақ сыйлап жөнелтсем, мырза дерсің.

Қодар атып сүйегі қурап қалған,

Өлген кісі тіріліп қайдан келсін?!

Қозыкенің жауабы:

—Адал болсаң, дәулетке мол боларсың,

Етің кетсе, сүйегің бор боларсың.

Жағаңды ұстап шүкір қыл, Жидебайым,

Жалғызы келіп қалса, қор боларсың!

1550


1560

370

371


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Жидебайдың жауабы:

—Жасымнан ерке болып өсіп едім,

Жақпас қонақ келдесін кесіп едім.

Мұнша жаның ашыды мұрдар күңге,

Сен мұның есі ме едің, досы ма едің?

Қозыкенің жауабы:

—Өзіңнен басқа жанды аямайсың,

Жалғыз болсаң, жұмысқа жарамайсың.

Барлық-жоқтық басыңнан кешкен жоқ па,

Неге мұндай ғаріпке қарамайсың?!

Қозыке, ертең Айбас атқа мінді,

Жылқыдан қырық боз бие айдап келді.

Қырық биенің құлынын байлап қойып,

Сүтін сауып шешесін шомылдырды.

Жидебайдың жауабы:

—Антұрған мынау қонақ түпке жетті,

Жылқыдағы биемді айдап кетті.

Малымның бірі құрлы бәсі жоққа,

Бекер байлап құлынның жайы кетті.

Қозыкенің жауабы:

—Жағады бәйбішеміз опа....

*

,

Қарайсың айнаменен көркемдігін.



Құл-қотанның жегені—сенің малың,

Қонақтың бай көтерер еркелігін.

Жидебай, көп сөйлеме, үнің өшсін,

Тақылдаған тіліңді Тәңірі кессін!

Құл-қотанның жегені—сенің малың,

Не қыласың байғұстың көңілі өссін!

*

 Бұл жерде сөз түсіп қалған



1570

1580


372

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Ол кемпір құлдан қорқып төмен бұқты,

Жерде жатқан тезекті қапқа тықты.

Тезек теріп шешесі жүрген екен,

Қозыке айдалаға алып шықты.

Жидебай тоқсан құлдың басы дейді,

Көзінің бекер шықты жасы дейді.

—Біздер үйден шыққалы көп күн болды,

Сауап болсын, арқамды қасы,—дейді.

Мамабике сол жерде жылап тұрды,

Жылағанын Қозыке көзі көрді.

—Менен басқа жүрме едің кісі көрмей,

Кемпір, саған не мүшкіл болды?!—дейді.

шыныңды айтсаң көңілім тынсын, балам,

Жалған болса, сүйегім сынсын, балам.

Жалғызымның белгісі бойыңда тұр,

шыныңды айтып өлтірші, кімсің, балам? 



Қозыкенің берген жауабы:

—Құдайдан тілеп алған сен-ді, шеше,

Тілеуің қабыл болды енді, шеше.

Баянды Құдай қосқан алып келдім,

Жаста кеткен жалғызың мен-ді шеше.

Екеуі көріседі құшақтасып,

Үш күн, үш түн отырды зар жыласып.

Айбас пенен екеуі бірдей жылап,

Көзінің жасы көл-дария болды тасып.

Үшеуі үш күн, үш түн жылап қалды,

Төртінші күн есі-тұсын жинап алды.

Үшеуі есі-тұсын жиып алып,

Ақ үйдің ішіне кіріп барды.

Көп дәулет таусылмайды молдықпенен,

Жидебай күң қылыпты зорлықпенен.

1590


1600

1610


372

373


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

шешесіне қас қылған Жидебайды,

Иттей кесіп өлтірді қорлықпенен.

Қозыкенің келгенін жұрты білді,

Қырық жылқы сойдырып тойын қылды.

Қозыке жұртын билеп ұлық болды,

Айбас құл жылқы бағып түзде жүрді.

Айбас құл жылқы бағып түзде жүрді,

Қозыке екі қатын алып берді.

Жоғарыда Қарабайдың елі болды,

Бірнеше ай өткен соң Баян келді.

Ел шетінде Баянды Айбас көріп,

Енесінен сүйінші сұрай келді.

Жүз жылқы сүйіншіге бөліп берді,

Баян сұлу аулына жақын келді.

Төрт кісі бұрын озып үйге кірді,

—Мамабике құдағи бар ма?—дейді.

Құдағи, үйде болсаң, сүйінші бер,

Құдай қосқан келінің келді,—дейді.

Мамабике есітіп тұра келді,

Үйден шығып жан-жаққа қарай берді.

Баян жастың қарасын көрген екен,

Жүрек қабы жарылып енесі өлді.

Есіз қалған үйіне Баян келді. 

Өліп қалған енесін көзі көрді.

«Алтынымды қолымнан қоямын» деп,

Баян жас таза жуып өзі көмді.

Қозыке жұртын билеп ұлық болды,

Құдайдың бергеніне көңілі толды.

Отыз бір жыл Құданың берген бұйрығы бар,

Перзент үшін көңіліне қайғы толды.

1620


1630

1640


374

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Отыз бір жыл ғұмыры тамам болды,

ұйықтап жатса түсінде ғаян болды.

«Қозыке, амандасып жеріңе бар,

Бұйрығың Аякөзде болар» дейді.

Қозыке ерте тұрып жұртын жиды,

Біткен малын санатып үш бөлдірді.

Екеуін пақыр-міскінге үлестіріп,

Бір бөлігін Айбасқа өзі берді.

Тамам жұртын Айбасқа табыс қылды,

Айбас мұнда, жұрт билеп ұлық болды.

Мінер ат, сауар сауын жиып алып,

Қозыке Аякөзге жүрмек болды.

Қозыке Аякөзге кетіп қалды,

Көп кісілер шығарып жолға салды.

Мінер ат, сауар сауын бәрі бітіп,

Екеуі Аякөзге жаяу барды.

Екеуі Аякөзге жаяу жетті,

Қозыке өзен судан бұрын өтті.

Баян жас таһарат алып барғанынша,

Қозыке амандаспай өліп кетті.

Қозыке амандаспай бұрын өлді,

Баян барып басына зар еңіреді.

Баян жас зар еңіреп отырғанда,

Үстіне бір топ керуен жетіп келді.

Қырық кісі, керуен басы бұрын келді,

Жылап тұрған Баянды бұлар көрді.

—Біз жүргенде жоқ еді сендей адам,

Нағылып зар жылаған жансың?—дейді.



Баянның керуенге берген жауабы:

—Біз тудық Қарабай мен Сарыбайдан,

Жүзіміз артық болды туған айдан.

1650


1660

1670


374

375


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Отыз бір жыл ортада ойнап-күліп,

Бүгін қаза жетіп тұр бір Құдайдан.

Қырық кісі, керуенбасы мұны білді,

Сұлулығын көрген соң алмақ болды.

—Сұлуға жалғыз тұрған жарамайды,

Қайсымызға тиесің айтшы?—дейді.

Баян Сұлу қайғымен болды кәбәб,

Тамам керуен Баянға болды сәбәп.

Баян Сұлу керуенге жарлық қылды:

—Там тұрғызған кісіге тиемін,—деп.

Қыздың айтқан жарлығын керуен білді,

Қырық күнде Қозыкенің тамын қылды.

Баянның өзі барып көріп келді,

—Қиямет-қайым болғанша тұрар,—деді.

Тамам керуен жиылып кеңес қылды,

Баянды аламыз деп көңілі тынды.

—Қыздың айтқан жарлығын қылып болдық,

Қайсымызға тиеді, келсін—дейді.

Алушы керуеннің басы болды,

Аламыз деп Баянға кісі салды.

Баян жас өз алдына жылап тұрып,

Керуенге жүзі таймай жауап берді.

—Көп керуен, разымын келгеніңе,

Белгісін тұрғыздыңыз өлгеніме.

Әрқайсыңа үлессем, мүшем жетпес,

Тиемін ақылы артық жеңгеніңе.

Тамам керуен бір жерге жиылады,

Баян сарай қылмаққа бұйырады.

Тамам керуен Баянға жол таласып,

Ажал жетіп сол жерде қырылады.

1680


1690

1700


376

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Қырық кісі қырылды жол таласып,

Баян үшін өліпті төбелесіп.

Тамам керуен сол жерде өліп қалды,

Үш кісі үш ру елге барды қашып.

Бұл сөзді Құдай сүйсе өнер қылған,

Қозыкенің сарайын керуен қылған.

Үш кісі үш ру елге қашып барып,

Сол екен Қозыкені өлең қылған.

Патшамызға қарайды жұрттың бәрі,

шөженің өнер қылған мұңдық назы.

[Ер] Қозыке өлгенде, Баян да өлді,

Әркімнің сондай болсын алған жары!

1710

1718


Жасым бар жиырмада, жылым—мешін,

Өлімнің кім біледі ерте-кешін.

Айтайын бес-алты ауыз, құлағың сал,

Қозы Көрпеш—Баянның әңгімесін.

Ел болар он екі ру, бірі—шеркеш,

Қом жасап, сар атанға бітеді өркеш.

Бес-алты ауыз айтайын, құлағың сал,

Баян мен ертеде өткен Қозы Көрпеш.

Мығы бар сауыр етіктің табанында,

Құдайға құлшылық қыл аманыңда.

Қарабай, Сарыбаймен бай өтіпті

Ноғайлы ертеде өткен заманында.

Жігіттер, я биссимилла, жанды аманат,

Құлына Алла деген болған санат.

Қоймадың айт дедің де, саф азамат,

Сұраймын енді көптен мен де рұқсат.

Бердің бе рұқсатың, жақсы ағалар,

Артында қаба құйрық, алдында жал.

Айтайын Қозы Көрпеш пен Баянды,

Төңкеріп қудай мойның, құлағың сал.

Әуелі бисмилладан басты айтайын,

Қиылған маңдайдағы қасты айтайын.

Сарғайып сәнаменен көп жылаған,

Баян мен Қозы Көрпеш жасты айтайын.

Қисса-и Қозы Көрпеш

(Н.И. Ильминский нұсқасы)

10

20



378

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Сөйлейін, сөйле десең бар Құдайды,

Жаратқан Құдай артық күн мен айды.

Сарғайтып сәнаменен көп жылатқан

Баянның өз әкесі Сарыбайды.

Қарабай Сарыбаймен аңға шықты,

Екеуі аттанды деп даңқы шықты.

Аттанып жолдас болып келе жатса,

Алдынан буаз марал аң қашыпты.

Қарабай Сарыбаймен аң қуыпты,

Қарабай жол үстінде жолығысты.

Екеуі уағда-серт сөз айтысқан,

Ерлердің бұрынғы айтқан сөзі мықты.

Мінгені Сарыбайдың көк-ті дейді,

Қарабай өз сөзіне берік-ті дейді.

—Күмәнді еді әйелім, ау, Сарыбай,

Атпаймын буаз марал десті дейді.

—Екеуміз жолдас болдық, ау, Қарабай,

Перзентке менде жүрмін еш жарымай.

Мен де атпаймын әйелім күмәнді еді,

Ниет қылшы аузыңа, ай, дариға-ай.

—Аузыңа Құдай ниет салған болсын,

Сөзіңе Құдай салған жалған болсын.

Біреуі ұл, біреуі қыз тапқанда,

Екеуі қияметтік алған болсын.

—ұл болса, екеуі дос қияметтік,

Қосқалы екі жасты ниет еттік.

Мен болсам қашатұғын ер Қарабай,

Балаңды Алла әкбір күйеу еттік.

—Сарыбай, айтқан серттен өзім тайман,

Қыз болса, менің балам даярлаймын .

Сенің балаң қыз болып, сөзді ұмытсаң,

Кетсең де жұрттан асып, һәркез қойман.

30

40

50



378

379


ҚИССА-И  ҚОЗы  КӨРПЕш

Сөзіңе Құдай салған қате болсын,

Қарабай қыз балаға ата болсын.

Қосалық екі жасты «Алла әкбар»,

Меһірі пайғамбардың бата болсын.

Бастаған әр не жолға Құдай болар,

Қарасу кешсе, тұнық ылай болар.

«Көзімнен не туса да көремін» деп,

Қарабай Сарыбайға сыбай қонар.

Аллаға халықтың ісі болар ғаян,

Тоймаған топырақ жалап құрт пен шаян.

Қатыны Сарыбайдың қыз тауыпты,

Қойысты оның атын сұлу Баян.

Һәркімге бір дәурен бар ерте де, кеш,

Өтер бит сүрмегеннің өмірі еш.

Қатыны Қарабайдың ұл тауыпты,

Қойысты оның атын Қозы Көрпеш.

Қарабай ол күндері далада екен,

Көңілі сол күнде де балада екен.

Бір адам сүйіншіге қуып жетті,

Алысқа сапар шегіп барады екен.

Қатыны Қарабайдың ұл тауыпты,

Қуанып ауыл жаққа бай шауыпты.

Қарабай шауып келе жатқанында,

Ат жығылып, беттерін қан жуыпты.

Қарабай ақыретін жастаныпты,

Мекенің тарапына бастаныпты.

Қозыке ардақтаған ақыл алмай,

Атадан зор күн Тәңірі жас қалыпты.

шешесі Қозыкенің қара салды,

Қозыке ардақтаған жетім қалды.

«Қызымды жетім ұлға бермеймін» деп,

Сарыбай көңіліне сұмдық алды.

60

70



80

380

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Бұрынғы өткендердің салтыменен, 

Атаның қыз өтеді даңқыменен.

«Қызымды жетім ұлға бермеймін» деп,

Сарыбай кеңес етті халқыменен.

Дабысы Сарыбайдың желдей есті,

Сұқсұрдай сұлу Баян болып өсті.

«Қызымды жетім ұлға бермеймін» деп,

Сарыбай жұртыменен тұра көшті.

Сарыбай жұртыменен көшіп кетті,

Дариясын Аякөздің өтіп кетті.

Сұлу Баян айтыпты әкесіне:

—Қозыке келер ме екен мұнда?,—депті.

Ауылы Қозыкенің қалды бұлай,

Баянның көңілі ауып, болды жылай.

Айрылайын деген жоқ Баян сұмрай,

Артында екі көзі кетті жылай.

Сарыбай көше қашты сұмдық ойлап,

Жылайды Баян сұмырай «ойбай-ай» деп.

Баян кетті, Қозыке бір білмейді,

Жүр екен бір күндері асық ойнап.

Кетті ғой Баян онан күдер үзіп,

Жылайды кейін қарап, көзін сүзіп.

Жүргенде атпақылды атып ойнап,

Кетіпті бір кемпірдің жібін үзіп.

—Өрмекті жалғай алмай көзім көріп,

Жалғармын енді мұны қашан тұрып. 

Атаңның атастырған кетті жарың,

Жүгірмек, неге ойнайсың бармай жүріп?!

—шешеке, осы сөзің расың ба-ай?

Ішімнен тарқатайын құрысымды-ай!

Балалар, осы бір сөз қалай болды?

Ойыным ойнамасам құрысында-ай!

90

100


110

120


380

381


ҚИССА-И  ҚОЗы  КӨРПЕш

—шешеке, қаз келеді атайын да,

Жылаған ғарызымды атайын да.

Болады әлде қандай сұм заманым,

Қолыңнан қуыр бидай татайын да.

Жөнелді Қозы Көрпеш ойнамай көп,

Көңіліне кемпір сөзін қылады кек.

Жылайды тыста тұрып өксіп-өксіп,

Анасы шыға келді «Не болды?» деп.

—Бір нәрсе шырағыма болды ма-ай кез,

Телміртпей шақырғанда, келсейші тез.

Қолыңнан қуыр бидай, татамын,—деп,

шырағым, сол айтқаның не деген сөз?

—шешеке, сөз есітіп қаным қашты,

Мен жеймін, қуыр бидай, қарным ашты.

Мен тұрған айтарыңа, жазған шеше,

Бидай сап, ошақ ап кеп қазан асты.

Қозыке хан ұлынан кем демейді,

Дұшпаны сыртындағы не демейді.

Алтын табақ, күмістен қасығы бар,

Берсе де бидай салып бір жемейді.

Қозыке бидай жемей қарап отыр,

шешесі сұмдықпенен тыңдап отыр.

Қараса көзін салып жазған шеше,

Баласы алдындағы жылап отыр.

—шешеке, көңілменен қолға салсаң,

Бар болса, жаңылғаным есіңе алсаң.

Сөзімен бір кемпірдің ішім толды,

Пышақпен алтын сапты ішім жарсам.

—шырағым, қолымменен қолға салсам,

Бар болса, жаңылғаным есіме алсам.

Үлкеннен қарғыс алған оңбайтұғын,

Болмас-ты, сірә, жолың қайда барсаң!

130


140

150


382

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—шешеке, еш алданба мал ғанаңа,

Барамын атам қосқан жар ғанама.

Емізген ақ сүтіңді балаң едім,

Бер сана, бидай салып қол ғанаңа.

Қозыке алданбады малдарына,

Бармақшы нағылса да алғанына.

Бейшара ана байғұс шыдамады,

Береді бидай салып қолдарына.

Көңіліне Қозыкенің қайғы түсті,

Баянның қасіретінен күйіп-пісті.

—шешеке, жаңылғаның есіңе ал,—деп,

Бидайға қызып тұрған қолын қысты.

—шырағым, енді айтайын жалғанымды,

Сол Баян атаң қосқан алғаныңды.

Жетім деп қызын бермей көшіп қашқан,

Ала алмайсың жастықтан қалғаныңды.

—Мен іздеп Сарыбайға бармай қойман,

Дәуренді Баянменен сүрмей қойман.

Алды-арты айтқаныңның, ә, шешеке,

Айттырып енді әркімді көзімді ойман.

—шырағым, айналайын, барма, балам,

Сіздерге Баянды айтқан қандай адам?!

Ойында жоқ нәрсені ойына салып,

Баламды бір қан жауғыр қылған алаң.

Қозыке жүген менен құрық алды,

Көңіліне сәна менен сұмдық алды.

«Баянды іздеймін» деп айтып еді,

Анасы «іздеме» деп ойбай салды.

—шырағым, қайда барсаң, мен ерермін,

Мен сұмырай сенен қалып не көрермін.

Алыстағы Баянға алаң болма,

Бір сұлу жұрттан тауып әперермін.

160

170


180

382

383


ҚИССА-И  ҚОЗы  КӨРПЕш

—шешеке, олай деме сөзің жалған,

шаншудай құса дертке ішім толған.

Бір сұлу жұрттан тауып әперсең де,

Баяндай әкем қосқан болмас маған.

Мінгені Қозыкенің қара кер-ді,

Болмасын баласының енді білді.

Қозыке жүген менен құрық алып,

Қарамай алды-артына жүре берді.

Қарамай алды-артына жүре берді,

Досы жылап, дұшпаны күле берді.

Жылқыға келе салып Қозы Көрпеш,

Бозын жетіп, шұбарын ұстап алды.

шұбарын бозын жетіп, мініп алды,

Басына бір дәуренді Құдай салды.

Кетерін баласының білгеннен соң,

Анасы бір сұлу қыз алып келді.

Сұлу қыз отырыпты шашын тарап,

шешесі шыға келді алдын орап.

«Көңілім қызды көрсем, бұзылар» деп,

Тұрады анасынан ерін сұрап.

—Болар ма, балам, жолың қайда барсаң,

 Болайын мен разы көңілімді алсаң.

Сол қызға Қозыкені алданар деп,

«шырағым, үйге кіріп өзің алсаң».

Сұмдығын анасының біліп келді,

Қасқайып күрек тісі күліп келді.

«Әлдеқандай қыз еді үйдегі» деп,

Үйіне көзін жұмып кіріп келді.

Қозыке көзін жұмып ерін қарар,

Сұлу қыз үйде отырып шашын тарар.

—Ерің, көзіңді ашсаң, алдыңда тұр,

шырағым, бір ашқаннан несі құрар.

190


200

210


384

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—шешеке, жалғыз едім таяуым жоқ,

Жанымды, жан шешеке, аяуым жоқ.

Көзімді ашып қарарға осы үйіңде

Әкем қосқан Баяндай алғаным жоқ.

—шешекең боз інгендей зар еңірейді,

шырағым, тыңдасайшы жұрт не дейді.

Жұртың тілеп, шешекең еңіреп жылар,

Баянға жұрттан кеткен барма,—дейді.

—Көп жұртым, естімеймін сөзіңді енді,

Тең құрбым, сірә, көрмен жүзіңді енді.

Сарыбай кеткенінде жыламаған,

шешеке, шел қаптасын көзіңді енді.

—Қайғымен көкірекке сәна салған,

Сұм балам сәнаменен болған алаң.

Үйің бар алты қанат, Қозыке,

Кімге тастап кетесің, жазған балам?

Мінгені Қозыкенің көк-ті дейді,

Қозыке айтқан сертке жетті дейді.

—Алты қанат ақ үйің, ау, шешеке,

 Ол менен адыра қалсын,—депті дейді.

—Қайғымен көкірекке сәна салған,

Сұм балам сәнаменен болған алаң.

Тоғай толған жылқың бар, ау, Қозыке,

Оны кімге тастайсың, жазған балам?!

Қозыке көзден жасын төкті дейді,

Аузынан шыққан сөзге жетті дейді.

—Найзасын шатырлатқан қара қалмақ,

Ол алсын сан жылқымды,—депті дейді.

—Қайғымен көкірекке сәна салған,

Сұм балам сәнаменен болған алаң.

Тоғай толған түйең бар, ау, Қозыке,

Оны кімге тастайсың, жазған балам?!

220

230


240

384

385


ҚИССА-И  ҚОЗы  КӨРПЕш

Қозыке Баянды іздеп кетті дейді,

Сертіне әуелгі айтқан жетті дейді.

—Тоғай толған ол түйең, ау, шешеке,

Қырылсын сарысудан,—депті дейді.

—Қайғымен көкірекке сәна салған,

Сұм балам сәнаменен болған алаң.

Тоғай толған қойың бар, а, Қозыке,

Оны кімге тастайсың, жазған балам?!

 

Қозыке Баянды іздеп кетті дейді,



Ойлаған мақсатына жетті дейді.

«Тоғай толған қойыңыз, а, шешеке,

Қырылсын топалаңнан!» депті дейді.

—Қайғымен көкірекке сәна салған,

Сұм балам сәнаменен болған алаң.

Оюлының он бөрі дегені бар,

Онан нағып өтерсің, жазған балам?

Қозыке айтты:—Баянға кетермін,—деп, 

Мінсем жүйрік, бір күнде жетермін,—деп. 

Оюлының он бөрі шықса алдымнан,

Онынан айғай салып өтермін,—деп.

—Қайғымен көкірекке сәна салған,

Сұм балам сәнаменен болған алаң.

Қырық бөрі Қиюлының дегені бар,

Өтерсің онан нағып, жазған балам?

Қозыке айтты:—Баянға кетермін,—деп, 

Мінсем жүйрік, бір күнде жетермін,—деп. 

Қырық бөрі қиюлының шықса алдымнан,

Қырқынан қиқу салып өтермін деп.

—Қайғымен көкірекке сәна салған, 

 Сұм балам сәнаменен болған алаң.

Қара шашым шытырман шеңгел тұрар,

Онан нағып өтерсің, жазған балам?

25-0137


250

260


270

280


386

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Айтыпты шешесіне сертті дейді,

Қозыке айтқан сертке жетті дейді.

—Өз обалың өзіңе, ай, шешеке,

Өтермін оған салып өртті,—дейді.

—Қайғымен көкірекке сәна салған,

Сұм балам сәнаменен болған алаң.

Ен дария емшек сүтім кіріш тұтар,

Өтерсің оған нағып, жазған балам?

—шешеке, бұ сұмдықты енді біліп,

Жүре алман бұрынғыдай ойнап-күліп.

Ен дария емшек сүтің кіріш тұтса,

Өтермін онан дағы кеме мініп.

—Қайғымен көкірекке сәна салған,

Сұм балам сәнаменен болған алаң.

Қарсы алдыңнан қара нар жебір шығар,

Онан неғып өтерсің, жазған балам?

Сиынып әруаққа мен түнесем,

Әкекем есіркеп жебеп жолар.

—Қайғымен көкірекке сәна салған,

Сұм балам сәнаменен болған алаң.

Бар ма десем тілімді һеш алмадың,

Бұл жолың оңғарылмас сенің, балам!

Ісіне Қозыкенің жұрт таң қалды,

Қолына жау-жарағын сайлап алды.

Сөздерін анасының тыңдамай-ақ,

Бозын мініп, шұбарын жолға салды.

шұбарын, бозын мініп жолға салды,

Бір күні қоналыққа жерге келді.

ұйқы ішінде жатқанда Қозыкеге,

Әкесі ертеңгі өткен аян берді.

290

300


310

386

387


ҚИССА-И  ҚОЗы  КӨРПЕш

—Ай, балам, қайт үйіңе жол көрінбес,

Сарыбай барғанменен қызын бермес.

Ата тілін тыңдамай кеткен бала,

Жолынан аман қайтып үйін көрмес.

Әкесі Қозыкеге бата бермес,

Ата тілін баласы жақсы көрмес.

Қозыке ажал айдап бара жатыр,

Алланың құдіретін адам білмес.

—Әке-еке аман-есен бол-ай,—деді,

Біздерге жәрдем болсын Құдай,—деді.

Батаңды бермесең де, жолын сілте,

Тұрлауы Сарыбайдың қалай?—деді.

—Көрерсің қырық бір күнде Аягөзді,

Тілімді алмай барасың Баянды іздей.

Аягөзді бағыпты ақсақ кемпір,

Сол кемпірден білерсің анық сөзді.

Баласын жөн батамен қоя берді,

Қозыке «Құдай-ай» деп жүре берді.

Қырық бір күндер болғанда, бір заманда,

Алыстан бір жұлындай түтін көрді.

Қуанып мұны көріп қатты желді,

шұбарға қамшы басып жетіп келді.

лашықтан бір кемпір шыға келді,

Кемпірге қол қусырап сәлем берді:

—Ассалаумағалейкүм, ене-ай,—деді,

Арыған мен шалынғанға қиын-ай,—деді.

Ноғайлының ауыл-жұрты болып еді,

Азып-тозған жас ұлан мен-ай,—деді.

—Уағалейкүмассалам, бала-ай,—деді,

Айдаса Тәңірім сені қалай,—деді.

Қырық күншілік шөлайттан, алыс жерден,

Жолдассыз нағып келдің, қалай?—деді.

320


330

340


388

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Енеке, қайда бармас қан айдаған,

Татпайды тұзды қайдан дәм айдаған.

Дәмің болса, бер сана, жан енеке,

Мен бір мұңдық бейшара Тәңірі айдаған.

—Жоқ еді осы үйімде дәм-ай,—деді,

Ай, балам, не берейін кәні-ай,—деді.

Атың арық болыпты, жүзің сарық,

Баласы көргендінің Тәңірі-ай,—деді.

Қозы Көрпеш келеді уайым жеп,

Кемпір сөзі көңіліне болды жұп.

Кемпірден әдіспенен сөз сұрайды,

—Сары атан ерні сетік көрдің бе-ай?—деп.

Кемпір айта тұрады: «Жол болсын!» деп,

Қозы Көрпеш тұрады: «Мол болсын!» деп.

—Ерні сетік сары атан дегеніңіз

Қайын атаң Сарыбай болмасын,—деп.

Қозы Көрпеш таң қалды «Сөзін-ай деп,

Қалай тура келеді кезін-ай» деп.

Кемпірден әдіспенен сөз сұрайды:

—Құба інген сылаң аяқ көрдің бе-ай?—деп.

Кемпір айта тұрады: «Жол болсын!» деп,

Қозы Көрпеш: «Мол болсын!» деп,

—Сылаң аяқ құба інген дегеніңіз

Қайын енең, құба кемпір болмасын,—деп.

Қозы Көрпеш тұрады «Сөзін-ай» деп,

Сөзі қалай келеді кезін-ай» деп.

Кемпірден әдіспенен сөз сұрайды,

—Нар тайлақ жез бұйдалы көрдің бе-ай?—деп.

Кемпір айта тұрады: «Жол болсын!» деп,

Қозы Көрпеш тұрады: «Мол болсын!» деп.

—Жез бұйдалы нар тайлақ дегеніңіз

Алғаның сұлу Баян болмасын,—деп.

350

360


370

388

389


ҚИССА-И  ҚОЗы  КӨРПЕш

Қозы Көрпеш разы жолын- ай көп,

Кемпірге қарай салды «Сөзін-ай» деп.

—Енеке, уәлі ме едің, дайыр ме едің,

Тағы да айтшы әлгі сөзіңді-ай,—деп.

Бұл кемпір тағы да айтты сол Баянды,

Қашқаны Сарыбайдың халыққа аян-ды.

Баянды айтып еді, Қозы Көрпеш 

Бүйірін ойбай-ай деп бір таянды.

—Енеке, арып-ашып мен де келдім,

От жағып, үй тіккенге ел деп келдім.

Су берші бір тостаған тым болмаса,

шөләйттен қырық күншілік шөлдеп келдім.

—Ай, балам, тыңдамайсың мені-ай,—деді,

Су берсем ішермісің сен-ай,—деді.

Су түгіл сүт саумалды ішпейтұғын

Қозыке Қарабайдың сен-ай,—деді.

—Ішермін су да болса, азған ұлмын,

Енеке, арып-ашып тозған ұлмын.

Сарыбай алғанымды алып қашты,

Іздеген Сарыбайды жазған ұлмын.

Ауылы Аягөздің бойында-ды,

Баянның Қозы Көрпеш ойында-ды.

Көзін тұтып сенің үшін көп жылаған

Обалы әкесінің мойында-ды.

—Мен іздеп Сарыбайды болдым сарсаң,

Адам нағып болайын қайда барсам.

Үйіне ала қайтар ем қайтарымда,

Жолына Сарыбайдың мені салсаң.

—Сөйлейсің Баянды айтсам жылай,—деді,

Сүрлеуі Сарыбайдың бұлай,—деді.

шырағым, жолың алыс,өзің жалғыз,

Біледі қайтарыңды Құдай,—деді.

380


390

400


390

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Біледі қайтарымды Құдай,—деді,

Сергелдең Құдай мені қылды-ай,—деді.

Қолыңнан су да болса, дәм татып ем,

Өзің де аман-есен бол-ай!—деді.

—Сүрлеуі Сарыбайдың солай,—деді, 

Мұңлығым оңғарылсын жол-ай,—деді.

Жаман сөзің жоқ екен, жарықтығым,

Өзің де аман-есен бол-ай!—деді.

Ісіне Сарыбайдың күйіп-пісті,

Жүрісі боз шұбардың желдей есті.

Қозыке күн-түн қатып тынбай жүріп,

Бір шоқ біткен терекке келіп түсті.

Түсті де ат байлады шоқтерекке,

Жүрек лоблып симайды көкірекке.

Жүрегі лобылғаннан шыдай алмай,

Қарайды қырға шығып төңірекке.

Қозыке шоқтерекке ат байлады,

Бір бала атқа мінген түйе айдады.

Күйеу аты секілді көрінгенге,

«Жездекем бола ма» деп ой ойлады.

Баянның бала келді жеңгесіне,

Бұлардан аңғартпайды өңгесіне.

Баянның жатса-тұрса көңілінде екен,

Қозыке болмасын деп келді есіне.

—Болсайшы ол айтқаның Қозыкежан,

Ол мұнда нағып келсін есен-аман.

Қосылып Қозыкемен дәурен сүріп,

Маған да болар ма екен ондай заман.

—А, бикеш, осы сөзің жора болғай,

Жіберші шоқтерекке барсын торғай,

Көк етік сүйіншіге беремісің,

Сол кісі Құдай оңдап күйеу болғай.

410

420


430

390

391


ҚИССА-И  ҚОЗы  КӨРПЕш

—Жеңеше, ол кісіге өзің барсаң,

Әлі күдер үзбеген мен бір сарсаң.

Ол адам Құдай оңдап күйеу болса,

Көк етік адамға айтпай өзің алсаң.

—Жарасар ақ отауға тұтқан шилер,

Мен барсам, торғай бармай, кадік илер.

Барып-келіп жүргенде, көре қойса,

Әлдеқандай қылады Қодар билер.

—Жеңеше, кім барса да тіліңді алсын,

Терекке олай болса торғай барсын.

—Қоймайсың айтасың да Қодарыңды,

Сол құлың ойбай шұнақ адыра қалсын.

Қонады шоқтерекке торғай барып,

Қозыкені көреді көзін салып.

—Жарқыным, жоқшымысың, күйеумісің,

Болыпты атың арық, жүзің сарық.

—Атым арық болғаны—түндер қаттым,

Жүзім сарық болғаны—дертім қатты.

Жоғым білсең, айтайын, жаным торғай, 

Сарыбайдың қызы еді Баян атты.

—Жарыңның ойнап-күліп көңілін аула,

Сұм дүние өтіп кетер күн санаулы.

Ауылдың бергі шеткі ақ отауы

Сарыбайдың қызы еді Баян аулы.

Сарыбай күн-түн қатып қуып жетті, 

Дариясын Аягөздің көктей өтті.

—Жігітім, сенің жолың болар,—дейді, 

Ел жеңгеңнен басқасы тоғай кетті.

Қозыке тілін білді ол торғайдың,

Құдіреті сондай күшті бір Құдайдың.

—Жеңгеңе сүйінші бер, достым Баян,

Ол екен Қозы Көрпеш Қарабайдың.

440


450

460


470

392

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Сарыбай көшіпті де ол кетіпті,

Қозыке өсіпті де ер жетіпті.

Жеңгеңе сүйінші бер дегенінде,

шешіпті қуанғаннан көк етікті.

—Есімді Қозыке үшін жаңылып ем,

Әкеме мұнша қашып, нағылып ем.

Жеңеше, күйеуіңді алып келші,

Көп болды көрмегелі, сағынып ем.

Қозыке айлық жолдан арып келді,

Ат арықтап, жүздері солып келді.

Баян сүй деп айтқан соң, ол жеңгесі

Кешке таман барды да алып келді.

Қозыке алып келді, үйге кірді,

Құдайға сұлу Баян шүкір қылды.

Көрген соң Қозыкенің есі кетті,

Тұра алмай орынынан үш ұмтылды.

—Баян-ау, келші бермен, сағынып ем,

Есімді күніне бір жаңылып ем.

ұмытып уағыдасын, мұнша қашып,

Әкеңіз Сарыбайға нағылып ем?

Әкеміз жаста сізді күйеу етті,

Балаға жетім қалған қиын етті.

шырағым-ай, жатсам-тұрсам көңілде едің,

Көрген соң ақ жүзіңді есім кетті!

—Әкеміз жаста бізді күйеу етті,

Балаға жетім қалған қиын етті.

«Біреуді алғанынан айырдым» деп,

Сарекең ойламай ма екен қияметті.

Баянда ойын да жоқ, күлкі де жоқ,

Көңілінде жатса-тұрса уайымы көп.

«Біреуді алғанынан айырдым» деп,

Ақырет сол әкемнің ойында жоқ.

480

490


500

392

393


ҚИССА-И  ҚОЗы  КӨРПЕш

—Әкеңе мен не қылдым мұнша қашып,

Әрең деп қуып жеттім арып-ашып.

Екеуі сағынысып қалған екен,

Жылайды өксіп-өксіп құшақтасып.

Басымен кешегі айдың іздеп едік,

Құба жон, құлазыған түзге келдік.

Баян-ау, өксігің бас, шерің тарқат,

Білдік де сағынғаның, сізге келдік.

—Арымай аман-есен жүрген сіз бе ең,

Сен келдің күн-түн қатып құла түзден.

Жылаймын сағынғаннан, әй, шырақ-ай,

Жаманның ісі болар күдер үзген.

—Әкеңе мұнша қашып мен не еткенмін,

Жалғызбын, жолдасым жоқ, қолғанат кім?

Белімнен қатты қысып құшақташы,

Дертіңе ыстық етің болады ем.

—Дертіңіз болды ма екен бізден үлкен,

Өлместей болып алдық құса дерттен.

Беліңнен қатты қысып құшақтасам,

Ет ыстығы жаман-ды жанған өрттен.

—Қодар құл мұны білсе, шыдар ма екен,

Бұл елден бізге жолдас шығар ма екен?

Беліңнен қатты қысып құшақтасам,

Қабырғаң солқылдайды, сынар ма екен?

—Бұ дүние өтетұғын бәрі жалған,

Дәуренді армандады сүрмей қалған.

Баян қысып қабырғам сынбақ түгіл,

Омыртқам қабат сынсын онан әрман.

Қозыке Баянменен жасы құрдас,

Екеуі Құдай қосқан болды сырлас.

Қозыке сағынғанын білді Баян,

Таң атты, торғай шырлап әркез тұрмас.

510


520

530


394

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Қозыке арып-ашып түзге қонар,

Бастары жүрегінің шерге толар.

—Күн түс болды, шырақ-ай, тұралық та,

Енді жатсақ, жұртыңнан ұят болар.

—Әркімге бір дәурен бар ертелі-кеш,

Өтер бит сүрмегеннің өмірі еш.

Көзімді жиын жаққа мен салайын,

Қадір тұт дәулетіңді, жаным бикеш.

—Бір адам жиын жақтан келе жатыр,

Әліжаппар болмасын Қодар кәпір.

Атаңның бір күндері азаты еді,

Би болған азат болып заманақыр.

—Жиыннан қайтқан болса, келе жатыр,

Алаңдап әр кісіден қорқып бекер.

Атаңның бір күндері азаты екен,

Ол құлың келгенменен бізге нетер.

—Құдайдан бұйрық болса, қазаң жетер,

Жау емес жалғыз сенің шамаң жетер.

Көрген соң Қозыкені шыдай алмас,

Сол кәпір келгеннен соң мазаң кетер.

—Келеді жиын жақтан Әліжаппар,

Күн қайда әлің жетер заманақыр.

Сол шіркін келгеннен соң мазаң кетер,

Тұрып бақ жылдамырақ, күйеу пақыр.

Соншама Әліжаппар Қодар келді,

Жатқанын Қозыкенің көзі көрді.

Талағы тарс айырылып мұндар құлдың,

Кісіге жиындағы хабар берді.

—Бұл елді біз кеткен соң жау шауыпты,

Көңілі қыз Баянның жай тауыпты.

Кешегі алып қашқан қызың Баян,

Сарыбай, Қозыке атты бай тауыпты.

540

550


560

394

395


ҚИССА-И  ҚОЗы  КӨРПЕш

Сарыбай әлі шықпай нағып отыр,

Сыртынан төрт-бес кісі бағып отыр.

Түндігі ақ отаудың жабулы тұр,

Құшақтап Қозыкені Баян жатыр.

Қодардың мұны көріп іші күйді,

Кісінің астан қайтқан бәрін жиды.

Сайланып жау-жарағын киіп алып,

Қамайды тоғыз қабат жатқан үйді.

—Кісілер жиындағы келді жиын,

Көресің, жетім байғұс, үлкен ойын.

Ойласам, ойдың түбі ойран болар,

Кім жалғыздың басына болды қиын.

Көп біріксе жалғыздың есі кетер,

Баянды ұрар, өзгенің несі кетер.

Құдай-ау, шұбар жорға ат болсын нияз,

Қозыке күн бар болса есен кетер.

—Қорлады тоғыз қабат ақ отауға,

Қалдың ғой жетім байғұс үлкен дауға.

Қодарды осындайда атып өлтір,

Сен Қодардай таппасың үлкен жауды.

—Айтсам да осыншақты тіл алмайсың,

Тілімді қанша айтсам бір алмайсың.

Қодарды қолың боста атып өлтір,

Құлдан зиян көрерің біле алмайсың.

—Жетті ме құлдан ажал ғаріп жанға,

Күнінде қан жете алмас аққан қанға.

Түспеген айтып зор күн Тәңірі-ай,

Басымды қайдан қостым бір аңқауға!

—Қайғымен қара көздің жасы жосты,

шырағым, қаша алмадың басың боста.

Түспеген айтса сөзге ойбай Тәңір-ай,

Басымды [бір] аңқауға қайдан қосты.

570


580

590


396

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—шырағым, сонша жерден неге жүрдің?

Бітіпті күйдірерге бауыр-сыртың.

Бір жетім ел ішінде жүрмей ме екен,

Болмай ма есіркесе елі-жұртым?

—А, жазған, сонша алыстан неге келдің,

Мен бейбақ ажалыңа себеп болдым.

Бір жалғыз ел ішінде жүрмей ме екен,

Нетеді есіркесең жетімді, елім?

Қодар құл осы жұртты билейді екен,

Бұл құлға бөтен адам тимейді екен.

Жалынып елі-жұртқа жыласам да,

Құдайым көзім жасын имейді екен.

Құдайым әлі көзімді ашпайды екен,

Тағы да бір сұмдыққа бастайды екен.

Сағынып, сарғайғанда көріп едім,

Басымды елі-жұртым қоспайды екен.

Бұлбұлдай Баян сұлу сайрап отыр,

Пышағын өлтіргелі қайрап отыр.

—Қашсайшы өлмей тұрып жылдамырақ,

Өлімге сен байғұсты байлап отыр.

Қозыке сол арада тұра қашты,

Артынан сұлу Баян арақ шашты.

Қараңғы үйдің іші тұман болып,

Бір-бірін күтушілер пышақтасты.

Қозыке көптен қорқып қашып кетті,

Жөнелді ырғып міне күрең атты.

Баянды алмай кетпен деп жазған байғұс,

Баяғы шоқтерекке барып жатты.

Қозыке қорыққаннан қашып кетті,

ырғып міне жөнелді күрең атты.

Артына бір ала атқа міне қуып,

Жете алмай Әліжаппар қайтып кетті.

600

610


620

630


396

397


ҚИССА-И  ҚОЗы  КӨРПЕш

Қодар құл ұстай алмай ғапыл болды,

Айырылып Баян жазған ақыр қалды.

Зар жылап Баян байғұс отыр еді,

Торғайы жетіп келді асыранды.

Айрылып Қозыкеден Баян қалды,

Теректен торғай досты іздей барды.

Қайтып келе жатқанда бейшараны,

Баянның жау жеңгесі ұстап алды.

—Бір сұмдықты қыласың бүйтіп жүріп,

Қозы Көрпеш Баянның тілін біліп.

Бүгінгі көргеніңді айт маған,—деп,

ұрып-соғып сұрайды жүнін жұлып.

Торғайды айырылмастай ұстап мықты,

Тамам жүнін жұлды да, байғұс қыпты.

Төбе жүнін жұлғанда, шыдай алмай,

«Апам Баян, шоқ» деді де, жаны шықты.

Төбе жүнін жұлғанда торғай өлген,

Баянға жақ кісі жоқ бір тайпа елден.

Торғайының өлгенін білмей Баян,

Жүгіріп жеңгесінен сұрай келген.

—Басыңды нағып жүрсің бұрмай,—дейді,

Көрінсін өз басыңа сұмырай,—дейді.

шашыңды жалбыратып жетіп келдің,

Бар болса бұйымтайың, сұра,—дейді.

Боз үйге кіріп келдім көйлегім кір,

Сегіз тал алтын айдар шекеме бүр.

Жеңеше, айналайын торғайым бер,

Ағамен өле өлгенше дәуренің сүр.

—Бермеймін торғайыңды, жаным бикеш, 

Күйеудің жатқан жерін адам білмес.

Торғайдың жүнін жұлып сөз сұраймын,

Қайда,—деп,—осы күнде Қозы Көрпеш.

640


650

660


398

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Білмей ме жұрт әуелі жатқан жерін,

Бермесең торғайымды қалар көңілім.

Жеңеше, маған өкпең болған жоқ-ты,

Торғайды қолындағы берші бермен.

—Торғайды бұл жеңешең ұстап алған,

Сөзімде өтірік қалет жоқ-ты жалған.

Өзіңе тірі болса берер едім,

Торғайың әлдеқашан өліп қалған.

—Торғайға, жан жеңешем, ажал шықты-ай,

Баянның күні кешер жылай-сықтай.

Түгел жүнін жұлдың да, түк қоймадың,

Торғайдың көтере ме, жаны шықпай.

Қазасы торғайымның келді сенен,

Ал, жеңгем, қалағаның тағы менен.

Деседі бізге лайық көрген жандар,

Келіп пе қыз таба алмай соншама елден.

—Келеді Қаратаудан Қозыке асып, 

Күйеумен табыса көр болжалдасып.

Артыңнан Әліжаппар қуып жетер,

Қосылып Қозыкемен кетпе қашып.

—Сол болса өсиетің, қабыл алдық,

Сен болсаң туған жеңгем қылдың жаулық.

Жеңеше, айналайын, бер торғайым,

Берместей бір торғайды біз нағылдық?

—Өлтірдім торғайыңды жүнін жұлып,

Жүрсің бе қашайын деп көзің күліп.

Бикешім ардақтаған қашып кетсе,

Өлтірер мен байғұсты жұртым біліп.

—Біздерге күлсе күлсін күлген адам,

Бұл жайды неге күлсін білген адам.

Жігіттер бізбен теңді үйленіпті,

Өтер бит бізден күліп өтті заман.

670

680


690

398

399


ҚИССА-И  ҚОЗы  КӨРПЕш

—Ой, бикеш қашты деген аты жаман,

Қашып барып үйленген қандай адам.

Қашамын деп қоймайсың құрып қалғыр,

Сен қашсаң да, қояр ма Қодар ағаң.

—Жеңеше, не қылғанмын Қодарыңа, 

Жылқышы жылқы баққан соларыңа.

Екі сөздің бірінде Қодар дейсің.

Қодардың қолыңды апкел өлеріне.

—Әрине, ақыр өлер тірі жүрмей,

Бір күні ажал жетсе тілге келмей.

Қашамын-ау, қашамын деп қоймайсың,

Әкең менен шешеңнің көңілін көрмей.

—Әкемнің, шешеменен көңілі қандай,

Әуелі атастырған жарға бермей.

Жұртымның қылған ісі мынау болса,

Жеңеше, мен де өлермін тірі жүрмей.

—Аһ, бикеш, жас басыңнан неге өлесің,

Дүниеден жасыңда өліп не көресің.

Басыңа сап-сау тұрған өлім тілеп,

Күнәні азын-аулақ өңгересің.

—Жеңеше, сенің өзің күнә білдің, 

Торғайды күнә білсең, неге жұлдың?

Жеңеше, тірі болса, торғайым, бер

Сіңіліңді аямастай мен не қылдым?

—Аһ, бикеш, торғайыңды ұрғаным жоқ,

Жүнін жұлдым, һешнәрсе қылғаным жоқ.

Көңілімді қалдырғансың қатты, бикеш,

Көргелі сұм жүзіңді тұрғаным жоқ.

—Көрмесең көрге түсші, ол да ар маған,

Торғайым өлтіргенің болар маған.

Жаулық қылып өлтірдің сырласымды,

Жүзімді көрмек түгіл кет садағам.

700


710

720


400

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Келдің бе меніменен ұрысарға,

Мен мұндай қайдан қалдым бейілі тарға.

Ішінде осыншаның садағам деп,

Жұртым-ау, мен не қылдым осы қарға?

—Жеңеше, бикешпін деп наз қылдым ба?

Өлтірдің торғайымды, аз қылдың ба?

Бір торғай елі-жұртым емес еді,

Айырып мұңдасымнан жазғырдың ба?

Баянның осы күнде күні солды,

Қайғы мен қасіретке іші толды.

Жанбай жалын, күймей шоқ дегендейін,

Тірі тұл осы күнде Баян болды.

—Бозторғай «шоқ» деп өлді біздің,—дейді, 

Қодар құл үйде отырып күлімдейді.

Торғайдың шоқ дегені—«шоқтерек» деп,

«Барлық жұрт, жиылып, жүрің» дейді.

Қодар құл шоқтеректен іздеп келді,

Күйеудің жатқан жерін көздеп келді.

Келгенде абайламай жазған байғұс,

Қодарға қол қусырып сәлем берді.

Мінгені Қозыкенің күрең ат-ты,

Түбінде шоқтеректің күйеу жатты.

«Қайнағам» деп сәлемді бергенінде,

шұнақ құл қолы сынғыр нағып атты.

Оқпенен керіп алып атты дейді,

Денелеп оқ жүректен тапты дейді.

Бейшара дәмі жеткен жазған байғұс,

Сол жерде жер құшақтап жатты дейді.

Қозыкені өлтіріп Әліжаппар,

Мойнынан басын кесіп алды дейді.

Бастарын Қозыкенің алды кесіп,

Байлады қанжығаға ернін тесіп.

730

740


750

400

401


ҚИССА-И  ҚОЗы  КӨРПЕш

«Сарыбайдың күйеуі болармыз» деп,

Келеді жолдасымен әзілдесіп.

Келеді Сарыбайға Қодар өзі,

Баян жаққа қарайды екі көзі.

Қозыкені өлтіріп, көңілі тынып,

Қодар құлдың, мінеки, айтқан сөзі:

—Сарыбай, Баян қызың байлы болған,

Байлы болған қызыңыз сайлы болған.

шоқтеректің түбінде күйеу жатып,

Теректің түбі құтты майлы болған.

Қырық кісілік қуат бар бізде—дейді,

Қозыкеге жолықтым түзде,—дейді.

Баян қызың Қозыкені көрсінші,—деп,

Басын кесіп ап келдім сізге,—дейді.

Дүниесін тастап кетті көзге салмай,

Арманда жар төсегін төрге салмай.

—Ал, байыңның басы,—деп тастағанда,

Баян жайды етегін жерге салмай.

Жарлығы Құдайымның тастан қатты,

Бір шыбындай ғаріп жан балдан тәтті.

Құры басын құшақтап сұлу Баян,

Орнынан қозғалмастан үш күн жатты.

—Аһ, Баян, жарықтығым, тұршы,—депті,

Баян тұрмай жылайды мұңы көпті.

Жұрттан таңдап бір жігіт алып келіп,

—Қозы Көрпеш қояйын атын,—депті.

—Өлгенін Қозыкенің білген едім,

ұл туар Қозыкедей кімнен дедім.

Борышын елі-жұрттан іздегендей,

Қайымаған бурадан інген бе едім!

—Әкекей, ардақтаған балаң едім, 

Балаңды жанған отқа салар ма едің.

26-0137


760

770


780

790


402

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Өлтіртіп Қозыкені Қодарыңа,

Енді өзің Баян сұмды алар ма едің?!

Баянға жаман істі Баян қылды,

Өлтіріп Қозыкені көңілі тынды.

Қозы Көрпеш маған жоқ, ай, әкеке,

Өзің алмай қайтесің Баян сұмды!

Баян байғұс күйікке шыдамады,

«Алармын» деп Қодар құл қуанады.

Қозыкені өлтірдің, ай, Әлеке,

Енді мені сен алмай, кім алады.

Өп-өтірік киінген Қодар бопты,

Қарақұстай айналып қайтып кепті.

Баян сүйдеп айтқан соң Әліжаппар,

—шырақ Баян, не дейсің маған?—депті.

—Өлтірдің Қозыкені, нешік жансың,

Өтірік жоқ сөзімде маған нансаң.

Қозыкені өлтірдің, Қодар батыр,

Енді мені қор қылмай өзің алсаң.

Қодар сұм мұны айтқан соң күлімдейді,

Баянның алдағаны білінбейді.

Қозыкені қоялық, көрсет десе,

—Жылдамырақ баралық, жүрің,—дейді.

 

—Мен бір қолқа салайын, тілімді алсаң,



Өтірік жоқ сөзімде маған нансаң.

Қозыкені көмелік таза жуып,

Ақ некелеп Баянды өзің алсаң.

Ішінен зар жылайды Баян пақыр,

Қыздың тілін алады Қодар батыр.

Бір түйеге кетпен мен месін теңдеп,

Атқа мініп екеуі келе жатыр.

800


810

820


402

403


ҚИССА-И  ҚОЗы  КӨРПЕш

Қодар сұм сол Баянды икемдейді,

Бұрылып ақ бетінен сүйсем дейді.

—Ойтаң-ойтаң жер келді, ойбай Баян,

Кел сүйіссек қайтеді, бикеш,—дейді.

—шоқтерекке, Әлеке, келдік жуық,

Зорлай берсең, кетпес пе көңілім суып.

Ойнар күнің ілгері, Қодареке,

Қозыкені қоялық таза жуып.

Құдай-ау, іс бар екен мұндай-мұндай,

Келеді Баян байғұс жылай-жылай.

Көзде жас, ішінде от, зор көз, Тәңір-ай,

Жетеді шоқтерекке Баян сұмрай.

Келеді ғой шоқтерекке Баян пақыр,

Болады сол арада заман ақыр.

Зар жыламай нағылсын сұмрай Баян,

Қозыке арыстандай болып жатыр.

Көрген соң Қозыкені аттан ұшты.

Басы жоқ, құр денесін барып құшты.

Баянның зар еңіреген дауысымен

Айналып әуе аспан жерге түсті.

Баянның іші-бауыры күйіп-жанды,

Не болғанын білмейді, есін танды.

Қозыкені құшақтап біраз жатып,

Есін жиып ойланып демін алды.

Әлекем атқан екен ақша қуды,

Баянға қуды көріп зор күн туды.

Енді мұны көмелік таза жуып,

Әлекем, бұл құдықтан әпер суды.

Құдайдың өзі қылды мұндай істі,

Баянның іші-бауыры күйіп-пісті.

Бұл қыздың алдауына еріп Қодар,

Беліне арқан байлап суға түсті.

830


840

850


404

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Қодарды алдап-сулап суға салды,

Толтырып тоғыз месті тартып алды.

Керек суын шығарып алғаннан соң,

Аузынан ғарыз сөзін сұрай қалды.

Қодар құл байқамады көп айланы,

Сұмдықты Баян жазған бек ойлады.

Құдықтың аузына жақындатып

Арқанды бір ағашқа нық байлады.

Арқанды бір ағашқа байлай салды,

Қодар құл «тарта көр» деп ойбай салды.

Қодардың тулағанын қызық көріп,

Бетіне Баян сұлу қарай қалды.

Әлекем Қозыкені керіп атты,

Қозыке керіскедей болып жатты.

«Мені сүйер аузың қайсы?» десе, 

«Мінеки» деп құл ернін қимылдатты.

Қодар құл Қозыкені керіп салды,

Қозыке керіскедей болып жатты.

—Мені сүйер аузың осы ма?—деп,

ырбайтып жоғары ернін кесіп алды.

Құдықта Қодар батыр күрсінеді,

Мұндарға мұнан жаман қылсын еді.

—Аямайсың, ашпайсың, қатты ойнайсың,

Ойнауың сенің, Баян, құрысын!—деді.

Сарыбай жұртыменен көше қашты,

Қозыке іздеймін деп арып-ашты.

—Мені көрер көз кінәң осы ма?—деп,

Арқанын тартып тұрып пышақ шанышты.

—Бәлеңді өз басыма салдым,—дейді, 

Қор болып абайсызда қалдым,—дейді. 

Қу Баян қылмақшы едің, қылдың,—дейді, 

Өшіңді, бақтықара, алдың,—дейді.

860

870


880

404

405


ҚИССА-И  ҚОЗы  КӨРПЕш

—Теріңді теріскері соярмын да,

Сен құлмен дәурен сүрмей қоярмын да.

Жанып тұрған шырағым сөндіргенсің,

Көзіңді мұнан жаман оярмын да!

Қайғырып Қозыке үшін бүгілгенмін,

Жанымнан бір шыбындай түңілгенмін.

Өзіңе өз қылғаның мен қылғанмын,

шұнақ құл, сенен артық не қылғанмын.

—Бүйткендей мен не қылдым, ойбай Баян,

Һәркімнің қылған ісі Құдайға аян.

Құдықтан бір шығаріп өлтірсейші,

Жейді ғой мұнда жатсам жылан-шаян.

Іштері қанды болсын бұл құдықтың,

Өлгендей әлі саған не қылыппын?

—Қозыкені өлтірдің күнәсі жоқ,

Бұ да саған аз болды жаның шықсын.

—Не қылайын деп едің мұнан артық,

Енді мен өлмеймін бе мұнда жатып.

Алмақ түгіл қасыңа жоламаймын,

Арқанмен шығарып ал жылдам тартып.

Пышақты шұрқылтайдан құлға салды,

Жеткізіп жетесіне былғап алды.

«шырағым, Қозыкежан, разы бол» деп,

Қанынан қолын тосып ұрттап алды.

Баянға, Қозыкемен обал қылды,

Өлтірген Қозыкені Қодар құл-ды.

Қозыкеге үш күндік өмір тілеп,

Құдайға сұлу Баян бек зар қылды.

Бір адам ақ шалмалы іздеп келді,

—Бек зарландың, тілегің тіле,—деді.

Аузы күйген бейшара, жазған Баян,

Тілегін көп тілемей, аз тіледі.

890


900

910


406

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Бар ма екен бір Құдайға ғарыз жеткен,

Рас болса сұм Баянды аяп кеткен.

Баян мен Қозыкені аяғаны—

Үш күндік Қозыкеге жан тербеткен.

Үш күндік Қозыкеге өмір берді,

Армансыз үш күн, үш түн дәурен сүрді.

Үш күні уағыдалы өткеннен соң,

Құдайдың аманатын қайтып берді.

Қозы Көрпеш Баянның болған жайы,

Түрленіп бәйшешектей солған жайы.

Қозы Көрпеш өлгенде Баян да өлген,

Һәркімнің сондай болсын алған жары. 

Мінгені Қозыкенің бесті екен-ді,

Тіккені Баян Сұлу кесте екен-ді.

Қозы Көрпеш өлгенде Баян да өлді,

Құдайымның бұйрығы күшті екен.

Бұйрығы Құдайымның күшті екен де,

Көнбейді Құдай салса не іске бенде.

Қозыкеден сол Баян нағып қалсын,

Екеуін аттастырған іште күнде.

Суреті Аягөздің тұсында тұр,

Қабірі екеуінің қасында тұр.

Өтірік-рас екенін кім біледі,

шырылдап бозторғайы басында тұр.

Осындай Қозыкенің жайы ғана,

Көзімнің таусылды ғой майы ғана.

Жамағат, енді бізді айып етпе,

Қозы Көрпеш Баянның байығаны.

 

920


930

944


Ғ Ы Л Ы М И 

Қ О С Ы М Ш А Л А Р



ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ

«ҚОЗы КӨРПЕш—БАЯН СұлУ» ЖыРы

«Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу»—түркі  халықтарының  ерте 

замандардан жеткен аса көркем ғашықтық жырларының бірі. 

Эпостың бірнеше версия, нұсқалары қазақ арасына кең тарап, 

ел-жұрттың  сүйікті  туындысына  айналған.  XIX  ғасырда  Сы-

банбай,  Бекбау,  Жанақ,  шөже  т.б.  ақындар  дастан  оқиғасын 

өздерінше  жырлап,  халыққа  жеткізген.  Бұлардың  ішінде  ең 

көп тарағаны—Жанақ нұсқасы.

Дастанның  ілкі  нұсқаларын  ел  арасынан  жинап,  хатқа 

түсіргендер:  Г.С.Саблуков  (1830),  Ғ.Дербісәлин  (1834), 

А.Фролов  (1841),  ш.Уәлиханов  (1856)  сынды  фольклор  жан а-

шырлары.  П.М.Путинцев  жырдың  мазмұнын  орыс  тіліне  ау-

дарып  бастырады  (1856).  Сондай-ақ  В.Радлов  жырдың  бір 

нұсқасын  жазып  алып,  «Түркі  халықтары  әдебиеті  үлгілері 

атты» жинағының 3-томына енгізген (1870).

Бұдан  соң  Н.Н.Пантусов,  Е.З.Баранов,  Р.ш.Әбдрахманов 

т.б.  зерттеушілер  жырды  орыс  тіліне  аударып  жариялады. 

Ақын  Г.Н.Тверитин  орыс  тіліне  тұңғыш  рет  өлеңмен  аударып 

бастырған болатын

1

.

«Қозы Көрпеш—Баян сұлу» жыры 1878 жылдан 1909 жылға 



дейін Қазан қаласында сегіз мәрте қайта басылып, жеке кітап 

болып жарық көрді

2

.

1



 М.Әуезов. Әр жылдар ойлары.—Алматы, 1959. 272-300-бб; М.Ғабдуллин. 

Қазақ халқының ауыз әдебиеті.—Алматы, 1974. 254-260-бб; Қазақстан ұлттық 

энциклопедия. 6-том.—Алматы, 2004. 22-б.

2

 ш.Елеукенов., Ж.шалғынбаева. Қазақ кітабының тарихы.—Алматы: Са-



нат, 1999. 94-бет.

410

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Аталмыш жыр 1925 жылы Мәскеуде (Жанақ нұсқасы), 1936 

жылы  М.Әуезовтің  атсалысуымен  Алматыда  шығарылды.  Со-

дан бері «Қозы—Көрпеш—Баян сұлу» дастаны бірнеше рет өз 

алдына жекелей және фольклорлық жинақтардың құрамында 

жарияланып келеді

3

.



 Дастанның көркем үлгілері 2002 жылы Астана қаласында 

басылып шықты

4

. Жинақ екі бөлімнен құралған. Бірінші бөлім-



ге жырдың таңдаулы нұсқалары енсе, екінші бөлімге ғылыми 

зерттеулер  топтастырылған.  Сондай-ақ  «Қозы  Көрпеш—Баян 

сұлу»  жырының  бір  нұсқасы  2003  жылы  Мәскеу  қаласында 

«Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу.  Қыз—Жібек:  Казахский  романи-

ческий  эпос»  деген  атпен  екі  тілде  (қазақ,  орыс)  және  «Қозы 

Көрпеш—Баян  сұлу  жырының  нұсқалары»  деген  атпен  2005 

жылы Алматыда жарық көрді

5



«Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу»  жырының  сюжеті  бойынша 

«Махаббат поэмасы» атты кинофильм түсірілді.

Қазір  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  Орталық  ғылыми 

кітапханасы  мен  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 

институтының  қолжазбалар  қорында  жырдың  жиырмаға 

жуық  варианты  сақтаулы.  Оның  ішінде  И.Н.  Березин,  шөже, 

Қ.Мейірманұлы,  М.Ж.Көпеев,  Н.И.Ильминский,  Д.Айтбаев, 

В.В.Радлов, Б.Белгібаев, Г.Н.Потанин, Н.Пантусов нұсқалары 

бар. Олардың әрқайсысына ғылыми сипаттама берілген

6

.



3

 Қозы Көрпеш—Баян сұлу // Батырлар жыры. / Құрастырған—С.Мұқанов.—

Алматы, 1939. 435-508-бб; Қозы Көрпеш—Баян сұлу. Поэма. / Құрастырған—

ш.Әбенов.  Алматы,  1938,  1965;  Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу  //  Қазақ  эпосы. 

Құрастырған  ы.Дүйсенбаев—Алматы.—1957;  Қозы  Көрпеш.  Қазақ  эпосы. 

/  Құрастырғандар:  М.Ғабдуллин,  Қ.Жұмалиев.—Алматы,  1958.  473-569-бб; 

Баспаға  әзірлеген  ы.Дүйсенбаев.  Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу.  Ғылыми  басы-

лым.—Алматы,  1959;  Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу.  //  Батырлар  жыры.  1-том. 

/  Құрастырғандар:  М.Ғұмарова.,  О.Нұрмағанбетова.,  Б.Уахатов.—Алматы. 

1963.  482-567-бб;  Ч.Ч.Валиханов.  Собр.  Соч.  в  пяти  томах.  Т.3.—Алма-Ата, 

1964. с 53-100; Қозы Көрпеш—Баян сұлу. // Казахский фольклор в собрании 

Г.Н.Потанина. Отв. ред. Н.С.Смирнова.—Алматы, 1972. с. 213-229; Жұбанов 

Е., Малбақов М. Қозы Көрпеш—Баян сұлу эпосының текс тологиясы.—Алма-

ты, 1994. 75-136-бб.

4

  Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу  /  Құрастырып,  алғы  сөзін  жазғандар: 



М.Жолдасбеков, С.Қасқабасов.—Астана: Фолиант, 2002.

5

 Козы—Корпеш и Баян—Сулу. Кыз—Жибек. / Жауапты ред. С.С.Қирабаев.—



Москва,  2003.  10-87-беттер;  Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу  жырының  нұсқалары 

/Құрастырған—С.Садырбаев.—Алматы, 2005.

*

 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 2-том.—Алматы: Ғылым, 



1979. 134-164-бб. 

410

411


ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

Жырдың  сюжеті  қазақтан  басқа  башқұрт,  ұйғыр,  якут, 

телеуіт,  барабы  татарлары  т.б.  түркі  халықтарының  ауыз 

әдебиетінде сақталған. 

Кеңестік дәуірде «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» жыры жайын-

да көптеген зерттеу еңбектер жазылды. М.Әуезов, М.Ғабдуллин, 

Қ.Жұмалиев,  ы.Дүйсенбаев,  Ә.Қоңыратбаев,  Р.Бердібаев, 

С.Қасқабасов,  Н.Смирнова  сынды  ғалымдар  жырды  арнайы 

зерттеп,  қазақтар  арасында  оның  қанша  варианты  бар  екен-

дігіне  тоқталады.  Жырдың  шығу  мерзімін  мөлшерлейді.  Со-

дан бері дастан сюжетінің қандай өзгерістерге ұшырағандығын 

көрсетеді.  Аталған  жырдың  қазақ  нұсқаларын  башқұрт,  ба-

рабы  татарлары,  алтайлықтар  мен  ұйғырлар  арасында  айты-

латын  үлгілерімен  салыстырып,  олардың  ұқсастықтары  мен 

айырмашылықтарына  назар  аударады.  Көркемдік  ерекшелік-

терін айта келе, Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың ертеден келе 

жатқан ескерткіш мазары туралы да байыпты пікір білдіреді

7



«Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу»  жыры  Қытайда  тұратын 

қазақтар арасына да кең тараған. Фольклорлық үлгілерді жи-

нап,  бастырушы  О.Егеубаевтың  берген  мәліметіне  қарағанда, 

түп  сюжетті  алғаш  жаңғырта,  байыта  жырлап,  ел  арасына 

таратқан шығыс түркістандық ақын—Дәуіт Отарбайұлы. 

Дәуіт  нұсқасы  2000  жылы  Қытайда  «Қазақтың  ғашықтық 

жырларының» 7-томында жарық көрсе, сол жылы Қазақстанда 

ұлы  эпостың  1500  жылдығына  орай,  М.Жолдасбеков, 

С.Қасқабасовтар  құрастырған  «Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу» 

атты кітапқа және 2006 жылы «Бабалар сөзі» сериясы бойынша 

жарияланып жатқан жүзтомдықтың (Қытай қазақ фольклоры) 

26-томына енді

8

.

7



 Әуезов М. Қозы Көрпеш—Баян сұлу // Әр жылдар ойлары.—Алматы, 1959.—

272-300-бб; Ғабдуллин М. «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» // Қазақ халқының ауыз 

әдебиеті.—Алматы, 1974, 252-265-бб. Жұмалиев Қ. Қозы Көрпеш—Баян сұлу 

//  Қазақ  эпосы  мен  әдебиет  тарихының  мәселелері,  1-кітап.—Алматы,  1958, 

157-174-бб;  Дүйсенбаев  ы.  Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу  /  Қазақтың  лиро-эпо-

сы.—Алматы, 1973. 40-90-бб; Қоңыратбаев Ә. Қозы Көрпеш жырының жанры 

// Қазақтың «Қозы Көрпеш» жыры туралы.—Алматы, 1959. 1-17-бб; Бердібаев 

Р. Қозы Көрпеш—Баян сұлу эпосы // Қазақ эпосы.—Алматы, 1982. 138-145-бб; 

Марғұлан Ә. Қозы Көрпеш—Баян сұлу жыры // Ежелгі жыр, аңыздары.—Ал-

маты,  1985.  284-352-бб;  Ахметов  З.,  Каскабасов  С.  Казахский  романический 

эпос // «Козы Корпеш—Баян Сулу». «Кыз—Жибек».—Москва, 2003.—с. 351-

390; Н.С.Смирнова. Исследования по казахскому фольк лору.—Алматы: Жибек 

жолы, 2008.—437-447. с. 351-390.

8

  Қозы  Көрпеш—Баян  сұлу.—Астана:  Фолиант,  2000.  369-435-бб;  Қозы 



Көрпеш—Баян сұлу // Бабалар сөзі. 26-том / Құрастырғандар: Қ.Алпысбаева., 

С.Қосан.—Астана: Фолиант, 2006. 9-88-бб.



412

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет