Мұра меМлекеттік бАғдАрламасын іске Асыру ЖӨніндеГі ҚоғАМдыҚ кеңестің ҚұрАМы бАбАлАр сӨзі жүз томдық Ғашықтық жырлар 54 том



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата21.01.2017
өлшемі2,15 Mb.
#2365
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

Бақты қараң тазшамен жатыр,—деді.



Сонда Сарыбай айтты:

—Тіліңе жалған айтқан ере қалман, 

Мезгілсіз алдауыңа көне қалман. 

Жылқы бағып жүре бер, Қодар балам,

Сен тұрғанда ешкімге бере қалман.

Сонда Қаракөз айтты:

—Сарыбай, білемісің тоқсан құлды, 

Қыз үшін бәрі бірдей жалға жүрді. 

Құлға тартып сөйлеме бұрынғыдай, 

Құдай қосқан Қозыке жалғыз ұлды.

Даладан мерген кісі мылтық атсын,

Қалаға пұлды кісі пұлын сатсын. 

Мал бермеген Қодарды не қыласың, 

Құдай қосқан өз жары жатса, жатсын.

950


960

204

205


ҚОЗы  КӨРПЕш

Сарыбай бұл сөзді естіп ашуланды, 

Қодар менен екеуі бір боп алды.

Қодар менен Сарыбай ақылдасып, 

Көп ноғайды шақырып жиып алды.

Қаракөз Сарыбайға жалынады, 

Өкпесі Сарыбайдың қабынады. 

—Өлтіріп обалына қалмай жастың,

«Тап,—десең,—бар еліңді», не қылады!

Сарыбай қайыспайды пейілі азған, 

Өлтірі, саламыз деп құдық қазған. 

Айтқан тілін байына алдыра алмай, 

Жылады «Сақтай гөр» деп қатын жазған.

Қаракөз жан-жағына көзін салды, 

Толыпты ноғайлыға үйдің алды. 

Тамам ноғай жиылып ақылдасып, 

Алтын күйме жан-жағын қоршап алды.

Күйменің жүрер жолын бөгетеді, 

Тал түсте ноғай қамап жүдетеді. 

Күймеде ер Қозыке қысылған соң, 

Күрең аттың бір тал қылын түтетеді.

Айбас байғұс жылқыны бағып жүрді, 

Сарыбайға жаранып жағып жүрді.

Бақа айғыр күрең атпен бір тұр екен. 

Айбас құл «неге тұр?» деп келіп көрді.

Күрең ат долданып тұр түсі қашып, 

Қоштасып, Бақа айғырмен амандасып. 

«Қозыкеге бір қысым болды ма?» деп,

Айбас байғұс бек қорқып қалды сасып.

Күрең ат көп жылқыдан желіп келді, 

Қозыке қысылғанын біліп келді. 

Жолда тұрған ноғайды баса көктеп, 

Алтын күйме үстіне төніп келді.

970


980

990


1000

206

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Баянға алтын жүзік беріп кетті, 

Екеуі аз күн ойнап күліп кетті. 

Қамап тұрған көп ноғай бата алмады, 

Тал түсте мініп атқа жүріп кетті.



Қозыке  жапа-жалғыз  елсізге  қаңғырып  шығып  кетті  де, 

«жаны қысылған соң, бұл еліне қашты ғой» деп майдандағылар 

қалды. Бірнеше күннен соң Баян сұлу асыранды торғайын жі-

берді дейді, «бұл маңайда болса бір хабар алып кел» деп.

Баян жас жалғыз жатып күңіренеді, 

Қодардың қылған ісін мін көреді. 

—Бір хабар тірі болса алып кел,—деп,

Торғайын асыранды жібереді.

Торғайы Қозыкеге ұшып барды,

Қайда барып жатқанын хабарлады. 

Елге жете бергенде бір торғайды

Біткен қырғи қуалап ортаға алды.

Жақсының жүрген жері күнде сауық, 

Қайырсыз бай қалады жерді қауып. 

Баянның мақпал тонын ұрлап киіп, 

Жеңгесі отыр екен сиыр сауып.

Тамам қырғи торғайды қуалайды, 

Жеткені қанатымен уалайды. 

Баянның мақпал тонын бүркенген соң, 

«Мынау әпкем екен» деп қорғалайды.

Жеңгесі қастық қылып сиыр сауды, 

Басқаның бір Айбастан бәрі жау-ды. 

Баянның мақпал тонын бүркенгенін 

Білдірмей жеңіменен ұстай алды.

Торғайы кешіккен соң Баян сұлу жеңгесінен келіп сұрайды:

Торғай келер мезгілін Баян білді,

Кешігіп келмеген соң қайғы қылды. 

1010


1020

206

207


ҚОЗы  КӨРПЕш

—Торғайымнан бір хабар білдің бе?—деп, 

Баян жас жеңгесінен сұрай келді.—

—Жүгіріп шықсам ақ үйден көйлегім кір, 

Алтын айдар шекемде сегіз тал өр.

Жеңеше-ау, қолыңдағы торғайым бер, 

Өлгенше алғаныңнан айырылмай жүр.

Сонда жеңгесі айтады:

—Тілейсің торғайыңды берер біліп, 

Қашайын деп жүрмісің көзің күліп.

Ардақтаған бикешім, қашып кетсең, 

Сыртыңнан өсектейді қазақ күліп.

Баян сұлу айтады:

—Біздерге күлсе, күлсін күлген адам, 

Біздерге неге күлсін білген адам,

Біз құрбылы қыз бала үйленіпті, 

Жүйрік аттай зымырап өткен заман.

Сонда жеңгесі айтады:

—Үйдесең торғайыңды бермен, бикеш, 

Екі ортада шөл дейді адам жүрмес. 

Қашып жүре бер өзің күйеуіңмен, 

Байыңның жатқан жерін адам білмес.

Баян сұлу айтады:

—Жұрт әуелі таппай ма жатқан жерін, 

Торғайымды бермесең қалар көңілім. 

Торғайымды берместей өкпелетіп, 

Не көңіліңді қалдырдым, жеңгем, сенің?

Жеңгесі айтады:

—Тілейсің торғайды берер біліп,

Айырылдың алғаныңнан неғып жүріп.

1030


1040

1050


208

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

шіркінді ұрғаным жоқ, соққаным жоқ, 

Алып ем төбесінің жүнін жұлып.



Сонда Баян айтады:

—Торғайымды өлтірсең, кінә қылдың, 

Кінәңді біле тұра неге қылдың

Жазығы жоқ өлтіріп торғайымды,

Жеңеше, айналайын мен не қылдым?

Сонда жеңгесі айтады:

—Жарқыным, мен еш нәрсе қылғаным жоқ, 

Жүнін жұлдым торғайды, ұрғаным жоқ. 

Несін менен көресің торғайыңды,

Өліп қалды Алладан қазасы боп.

Сонда Баян айтады:

—Тілеймін торғайымды берер біліп, 

Жеңешемнің отырған көзі күліп. 

Жеңеше, қолыңдағы торғайым бер, 

Үстімдегі қара тоным алып киіп.

Жеңгесі айтады: 

—Қашып барып үйленген қандай адам, 

Қашты деген, бикешжан, аты жаман. 

Мен сырымды айтайын, бикеш, саған, 

Мен берсем де бермейді Қодар ағаң.

Сонда Баян айтады:

—Жалпайып жалынбаймын Қодарыңа, 

Мен не қылдым жылқышы соларыңа.

Жеңешем, қолыңдағы торғайым бер, 

Қол алыс Қодарыңның өлеріне.

1060


1070

208

209


ҚОЗы  КӨРПЕш

Жеңгесі айтады:

—Тірі жүрер деп пе едің Қодар өлмей, 

Торғайың өліп қалды-ау, тілге келмей.

Торғайыңды өлтірген мен емес қой,

Тынышымды алмай аулақ жүр, менен көрмей.

Баян айтады:

—Кімге айтайын торғайымды, сенен көрмей,

Қалайша өлді торғайым тілге келмей.

Торғайымды бермесең өкпелетіп,

Тірі жүрер деймісің, біздер өлмей.

Сонда жеңгесі айтады:

—Бикешжан, сен жасыңнан неге өлесің,

Жастай өлсең, жалғаннан не көресің?

Ардақтаған бикешім, өліп кетсең,

Азды-көпті күнәні көтересің.

Мінгені Қозыкенің көк төбел-ді,

Астық еккен Түркістан тоқ деп еді.

Өңге жүнін жұлғанда үндемеді,

Төбе жүнін жұлғанда «шоқ» деп өлді.

Қойшылар ертең өрер қойыменен,

Баян Сұлу көрінер бойыменен.

Тамам ноғай таба алмай дағдарғанда,

Әліжаппар құл тауыпты ойыменен.

—Аягөздің бауыры шоқ терек-ті,

Айналасы малға жай көп терек-ті.

Қысырақ қарап жүргенде көріп едім,

Айтқаны ойлап тұрсам сол терек-ті.

Армансыз бір төсекте жата алмады,

Баянмен бір ауыз тіл қата алмады.

Сарыбай тоғыз кісі барып еді,

Иіліп сәлем берген соң бата алмады.

14-0137


1080

1090


1100

210

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Мінгені Қозыкенің күрең ат-ты,

шоқ теректің түбінде байлап жатты.

Байғұстың көзі ілініп кеткен кезде,

Қозы жауырын қол оқпен Қодар атты.

«Күрең ат азу тісін ойған ба,—деп,

Баян жас көзінің жасын тиған ба»,—деп.

Қозы жауырын қол оқпен Қодар атты,

«Мұны тірі керек қып қойған ба»,—деп.

Қодар құл атып оқпен өшін алды,

Қылғандай сүйтіп қастық несін алды,

«Олжам деп Баян жасқа берейін» деп,

шұрқылтайдың түбінен кесіп алды.

Бәрекелді Қодардың тентегіне,

Асау күрең жүрмейді жетегіне.

«Ал байының басы»,—деп тастай берді,

Баян тосып алыпты етегіне.

Баянның жұрт қарайды жабдығына,

Қозыкеден жас қалған қамдығына.

«Ал байыңның басы» деп тастаған соң,

Баян жылап салады сандығына.



Сонда Баян «Қозыкені кім өлтірді?» деп әкесінен сұрағаны:

Баян жылап күймеден тұра келді,

Сарыбайдың қасына күйіп келді.

—Ата, сенен сұрайын бір сауалды,

Қозыке атты күйеуің кімнен өлді?

Сонда Сарыбай айтты:

Сарыбай қызын көріп тұра келді,

Баянға оң жағынан орын берді.

—Тірі болсаң, бір күйеу табылмай ма,

Күйеуің Қодар атты құлдан өлді.

1110


1120

210

211


ҚОЗы  КӨРПЕш

Ала арқармен бірігіп жусайын да,

Көздің жасын қолыммен тосайын да.

Оған күйме, жылама, бас көңіліңді,

Қозыкеден артыққа қосайын да.

Сонда Баян Сұлу күйіп кетті дейді:

—Етегімді жел ашып жүрген емен,

Қозыкеден басқаға күлген емен.

Әке, неке қи дағы, енді өзің ал,

Елден бура салғандай інген емен.

Өз еркіммен жаман сөз айта қалман,

Еріксіз шыққан сөзімнен қайта қалман.

Әке, неке қи дағы, енді өзің ал,

Елден айғыр салғандай байтал емен.

Баян сұлу атандым тамам жұртқа,

Әке, қылған ісіңді сен де ұмытпа.

шешем қара бетіңе қарай алмас,

Неке қиып, өзің ал тоқалдыққа.

Сұлу Баян қолына айна алады,

Қозыкеден айрылып қиналады.

«Өзімменен қосылып зарласын» деп,

Ботасы өлген боз інген қолға алады.

Баян жібек белбеуін белден шешті,

Қозыкеден айрылып күйге түсті.

Баян сұлу тұра алмай жұртта қалды,

Ертең тұра Сарыбай ауылы көшті.

Баян сұлу тұра алмай жұртта қалды,

Оны көріп Қодар құл қуанады.

Көш жөнеліп кеткенін көріп тұрып,

Жұртта қалған Баянға Қодар келді.

1130


1140

1150


212

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР



Сонда Қодар айтады:

—Жылқыны көп жалшылар суарады, 

Сені көріп жүрегім қуанады.

Алған байың өлді ғой, сұлу Баян,

Енді сені мен алмай кім алады?

Баян айтады:

Баян басын көтеріп түрегелді,

Жылап тұрып Қодарға жауап берді.

—Саған жұпты болайын, Қодареке,

 Қозыкені бір көрсет маған,—дейді.

Қодар айтады:

—Баян жас, тимеймісің маған,—дейді,

Тимесең, болар ақырзаман,—дейді.

Осы жерде маған тисең тура сөйле,

Тазшаңды көрсетейін саған,—дейді.

Баян сұлу қуанып түрегелді,

Қодарменен екеуі бірге жүрді.

—Ойдым-ойдым жер келді, сұлу Баян,

Кел екеуміз ойналық, Баян,—деді.

Баян сұлу Қодарға жауап берді,

Қозыкені көруге алып жүрді.

—Далада ойнағаның не болады,

Су басына баралық, Қодар,—деді.

Хақтың жолын күткен жан болар дұрыс,

Баян жастың кигені алтын кебіс.

Су басына баралық, сонда болсын,

Оған шейін сабыр қыл, ит те жемес.

Сонда  бұлар  бір  құдықтың  басына  келіп:—Шөлдеп  қаным 

құрып барады, әуелі маған бір жұтым су бер, сонан соң көңіліне 

алғаның  бола  берсін,—деп,  Қодарды  құдыққа  түсіреді.  Сонда 

Қодар қуанып айтады:

1160


1170

1180


212

213


ҚОЗы  КӨРПЕш

—Айт дегеннен айтамын айда, Баян,

Мұндай ақыл біздерге қайда, Баян.

Алдыңда жарық болған айнаң, Баян,

Қасыңа мендей жолдас қайда, Баян?!

Айт дегеннен айтамын айда, Баян,

Мұндай ақыл біздерге қайда, Баян.

Тазаланып жатайын қойыныңа,

Білегіме шашыңды байла, Баян.

Баян алдап Қодарды суға салды,

Қодар сорлы су ішіп мейірі қанды.

Қодар құдық ішінде, Баян қырда,

—Суға тоңдым, тарт енді, Баян,—деді.

Баян естіп бұл сөзді тұра келді,

Бұйда пышақ қолына Баян алды.

Қодар суда—жалаңаш, Баян—қырда,

Қодарды пышақпенен салып қалды.

—Баян жас, мені есіңе алмадың ба,

Әуелі суға түс деп алдадың ба?

Екі бірдей байыңнан тең айрылып,

Енді қараң суалып қалғаның ба?!

Мұнша қастық қылғандай неттім, Баян,

Мені неге сергелдең еттің, Баян?!

Екі бірдей байыңнан тең айрылып,

Көзің ашық жалғаннан өттің, Баян!

Мұнша қастық қылғандай неттім, Баян?

Әке-шешем жылатып кеттім, Баян.

Тілеуші едім мен сені жақын қыл,—деп,

Аңдып жүріп түбіме жеттің, Баян.

Айда Баян, ай Баян, неттім, Баян,

Айтпай жүріп түбіме жеттің, Баян.

О дүниеде артыңнан еш қалмаспын,

Ақ тікен боп араңа біттім, Баян.

1190


1200

1210


214

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Көңілі тынып Баян жас қуанады,

Тіліне ұрғашының кім нанады.

Баян жас шашын кесіп жібергенде,

Құл құдықтың түбіне жоғалады.



Баян Қодарды жайратып тастап, Қозыкенің басына келіп 

зарлағаны:

—Ботасы өлген боз інген алып келдім,

Мен Баян тал отындай жанып келдім.

Қодар құлды құдыққа құлаттым да,

Аза тұтып басыңа налып келдім.

Қозыкем, жатырмысың жер бауырлап, 

Қобы жонды қайың оқ соны ауырлап.

Тұрар болсаң тұр сана, Қозыкежан,

Баян жас алған жарың келді зарлап.

Қозыкем, жатырмысың жер бауырлап,

Қарға жүнді қамыс оқ соны ауырлап.

Тұрар болсаң тұр сана, Қозыкежан,

Құдай қосқан қосағың келді зарлап.

Қозыке іздеп еді қылып талап,

Жеткізді Баян жасқа Құдай қалап.

Не өлісін, не тірісін білейін деп,

Отырды іші қимай біраз қарап.

Баян жас зарлап, қақсап отыр еді,

Құдайдан түсіп рақым, пәрмен болды.

Баянның көзі ілініп кеткен екен,

Түсінде қырық шілтен аян берді.

Баян жас көзі ілініп түс көрді,

Түсінде қырық шілтен аян берді:

«Басты сал өз орнына, сөйтіп сұра,

Тілейсің неше күндік өмір?» деді.

1220


1230

1240


214

215


ҚОЗы  КӨРПЕш

Баян жас зарлап, жылап тұра келді,

Тілеген шын тілегін Алла берді.

«ұзақ өмір тілеп мен не қылайын,

Үш күн, үш түн ойнасам болар»,—деді.

Баян жастың тілеуін Құдай берді,

Қырық шілтен «әумин» деп шулай берді.

Құдайдан сол мезгілде пәрмен болып,

Сілкініп Ер Қозыке түрегелді.

Ер Қозыке сілкініп түрегелді,

Отырғанын Баянның көзі көрді.

шын ғашықтың жандары өзінде емес,

Үш күн, үш түн бас қосып дәурен сүрді.

Қозыке жыр болғалы бір талай жыл,

Туысынан жақсыға бір қызыл гүл.

шығардық өлең қылып бұл қиссаны,

Баянның сұлулығын есітіп біл.

Ибраһим Мекке тұрғызды Құдай үйін,

Жақсының жүрген жері күнде жиын.

Қозыке мен Баянды өлең қылып,

Біз де мұны жаңарттық міне, биыл.

Ақ кірпіштен басына салған үйін,

Өмірін қысқа тілеп, болдық қиын.

Үш күн, үш түн екеуі ойнап-күліп,

Ажалына шығады қызыл құйын.

 

Қияметтің қыл-көпірі тар-ды дейді,



Бір жағы от, бір жағы жар-ды дейді.

Қозыке мен Баян жас өлген шақта

Қырық бір молла Меккеге барды дейді.

Бас қосып қырық бір молла Мекке жүрді,

Қырық періште қасында жолдас болды.

Меккеден үйге қайтып келе жатып,

Бір екеу түзде жатыр, көзі көрді.

1250


1260

1270


216

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Қырық бір молла жанкешті Мекке жүрді, 

Қырық періште кісі боп қасына ерді.

«Бұл неғылған адам?» деп, тамаша етіп,

Жатқанның басына бұлар келді.

Екеуі жатыр екен мойындасып,

Құшақтап бірін-бірі қойындасып.

Өлді десе ажары бір тайған жоқ,

Тірі десе жаны жоқ нұры тасып.

Қалтасында ғашықтық хатын көрді,

Хатқа жазған өлеңмен атын көрді.

Жаралған жеті ғашықтың бірі екен,

Қарасып тамаша ғып біраз тұрды.

Балқыған жер мен көкке нұры симай,

Сол үшін болып жатыр мұнша шимай.

Басынан қырық бір молла кете алмады,

Кетуге солай тастап іші қимай.

 

—Біз үйден шығып па едік мұны қастап,



Үстіне кез қылғандай Құдай бастап.

Кел, осыған бір сауап іс қылайық, 

Мен тұрмын жадағай кетпей тастап.

Түрі жоқ бұл қалпында анық өлген, 

шын өлсе, айырылмай ма ажар-түрден. 

шалажансар талумен жатқан жан ғой, 

Бір қатты жел соғумен құйын жүрген.

Жанымыздың жайы үшін Мекке бардық, 

Деп шығып ек «Құдайға—біз құрбандық». 

Құйын құрлы болмаса жүрісіміз, 

Бұл жүрістен біз қандай еңбек алдық.

шын ниетпен жүріп ек басты қосып, 

Алдымыздан кез болды бұлар тосып. 

Кел, осыған бір қайран іс қылайық, 

Өліп қалған кісі деп кетпей шошып.

1280


1290

1300


216

217


ҚОЗы  КӨРПЕш

Бірі айтты:—Бұл сөз жөнге келмес ,—деді, 

Құр сөзден дәнеме өнбес,—деді. 

Әркімнің өз тілеуі өзінде ғой, 

Құдай бізге алғанын бермес,—деді.

Ақ сақалды бір молла түрегелді, 

Өзгесі оның сөзін қабыл көрді.

—Жаны кеткен денеге жан кіргізу, 

Құдайға жұмыс емес ауыр ,—деді.

Сол молла ашып жаны айтты жылап:

—Құдайдан шын тілесек тегіс шулап. 

Жаны кеткен дүниеге жан кіргізсек,

Мұнан абзал болар ма артық сауап!

Ақ сақалды сол молла былай деді, 

Өзгесі бұл айтқанын мақұл деді. 

Қозыке мен Баянның жанын тілеп, 

Қырық бір молла қол жайып түрегелді.

Қырық бір молла Құдайдан тілеп тұрды, 

Қырық періште Аллаға ғарыз қылды. 

Құдайдан сол мезгілде пәрман болды, 

Періште не жұмысқа келдің?—деді.

Қырық бір молла бас қосып Мекке жүрдік, 

Өзіңнің жарлығыңмен соған ердік. 

Меккеден қайтып келе жатыр едік,

Жаралған жеті ғашықтың бірін көрдік.

Жомарттық рақымың мол, саған сендік, 

Беруші сен болған соң үміт қылдық.

шулап тұр қырық бір молла жастары ағып, 

Біз соны біліп-көре айта келдік.

Құдайдан сол мезгілде пәрмен болды, 

Тілеуін қырық бір молла қабыл қылды. 

—Мың жанды бір қапасқа салатұғын, 

Бостандық екі жанды алсын,—деді.

1310


1320

1330


218

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Біздермен қырық бір молла жолдас болды, 

Меккеге тәуап қылып бірге келді. 

Қозыке мен Баянның хатын көріп, 

Қырық бір молла біздерден тілек қылды.

Құдайдан сол мезгілде пәрмен болды,

Қырық бір молла тілеуін қабыл қылды. 

—Мың жанды бір қапасқа салған екен, 

Екі жанды шығарып алсын,—деді. 

Періштелер қапастың аузын ашты,

Жаннан жанды бөле алмай жаман састы,

Бірдікі мыңға деген осы емес пе, 

Қапастаң мың жан бірдей тұра қашты.

Қозыке мен Баянның жаны кірді, 

Екеуі жерден ұшып тұра келді. 

Қозыке мен Баянның себебінен, 

Мың кісі көрде жатқан тірілді енді.

Қозыке мен Баянның жаны кірді. 

Жаны кірген соң екеуі түрекелді. 

Қырық бір молла басында отыр екен, 

Қозыке моллаларға сәлем берді.

Екеуі жатқан жерден ұшып тұрды,

Жалаңаш айдай балқып нұрға толды. 

Ғашық-машық екенін жұрт білсін деп, 

ұжмақтан Құдай берді халла тонды.

Екеуі тонды киіп шүкір қылды, 

Ақ жүзі бұрынғыдан артық болды. 

Моллалардың қасиеті Құдайынан, 

Отыз бір жыл ойна деп өмір берді.

 

Қозыке мен Баянның көңілі толды, 



Еңбектері орынға жаңа тұрды. 

Қырық бір молла қол жайып бата беріп, 

Бұлармен амандасып жүре берді.

1340


1350

1360


218

219


ҚОЗы  КӨРПЕш

Бозбала мұндай сөзді білмей жалған, 

Жалған сөз созғанымен қайда барған. 

Бұл сөздер әуел ақыр шындығынан, 

Мінеки, жұрт алдында сөз боп қалған.

Екеуі сол арада жалғыз қалды, 

Төңіректе дәнеңе жоқ жансыз қалды. 

Айдалада қалғанын біліп сонда,

Құдыреттің шеберлігін ойына алды.

Көңілі Қозыкенің біткен екен, 

Түбіне Қодар аңдып жеткен екен. 

Сарыбай күйеу, қыздан айрылған соң, 

Өлеңті—шідерті кеткен екен.

Сонда  күйеуі  мен  қызы  тірілгені  Қаракөздің  түсіне  кіріп, 

«шеше, біз жаяу қалдық, бізді алдыр», дейді:

Қаракөз бір күн ұйықтап жатыр еді, 

Түсінде күйеу, қызы сәлем берді. 

Тірілгені көңіліне ғаян болып, 

Күн шықпай кемпір жылап түрегелді.

Кемпір жылап күн шықпай тұра келді, 

Үш күншілік жылқыға жаяу барды. 

Пәрманменен тіл бітті екеуіне,

Келе жатқан кемпірге қарсы жүрді.

Арда күрең, Бақа айғыр қарсы жүрді, 

Алдына кеп кемпірдің шұлғып тұрды.

—Туғалы мал ішіне келген жоқсың, 

шешеке, неге зарлап келдің?—депті.

—Бір күн жатып төсектен тұрдым,—дейді, 

Қозыке мен Баянды көрдім,—дейді. 

Өзімнің іздеп барар шамам жоқтан,

Сендерге соны айтқалы келдім,—дейді.

1370


1380

1390


220

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Өзімнің іздеп барар шырағым жоқ, 

«Тірі болса көрсем» деп көңіліме тоқ. 

Екі бірдей шырағым көрсем-ау деп, 

Сарғайып зарығамын ынтызар боп.

—Айталық тура жауап сізге,—дейді, 

Балалардан күдерді үзбе,—дейді. 

Тірі болса, екеуміз ап келеміз, 

Алтын жабдық әзірле бізге,—дейді.

Байғұс кемпір қуанып қайтып келді, 

Алтын жабдық, ер-тоқым даяр қылды. 

Қозыке мен Баянның киімдерін, 

Түгелдеп қанжығаға байлап берді.

Түс болғанда ауылға жылқы келді, 

Бақа айғыр, Арда күрең бірге келді. 

Қозыке мен Баянға барамыз деп, 

Екі айғыр аунап-қунап сілкінеді.

Айбас байғұс жылқыда, түзде қалды, 

Құл мен күң биелерін байлап сауды. 

Намазшам мезгілінде бие ағытып, 

Екі айғыр көп жылқыдан бөлек қалды.

Арда күрең, Бақа айғыр жүрмек болды,

Қас қарайып күн бата түрегелді. 

Алтын жабдық, ер-тоқым ерттеген соң, 

Аягөзге жол тартып жүре берді.

Құдайдан сол мезгілде пәрман болды, 

Періште жер тамырын тартып тұрды. 

Арада тіпті біттей бөгелместей, 

Екеуі жарысумен жетіп келді.

Арда күрең, Бақа айғыр келіп жетті, 

Мұны көріп бұлардың көңілі бітті. 

Үйден киім келген соң екеуіне, 

Халла тоны ұжмақтың ұшып кетті.

1400

1410


1420

220

221


ҚОЗы  КӨРПЕш

Екеуі киімдерін киді дейді, 

Күрең атқа Қозыке мінді дейді. 

Бақа айғырды Баянға ерттеп беріп, 

«Сарыарқа, қайдасың?» деп жүрді дейді.

Не кедергі жерлерде торығыпты,

Ат шаршап, талай жан зорығыпты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет