Бір маралға қуанып өліп-талып,
Жауды алғандай мақтанып, саңлауланып.
Үсті-басы қан болып қайтып келді,
Солақай шал маралды жайлап салып.
120
130
140
150
238
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Әуре қылдың, әуелде, сөзіме ермей,
Қойды ма тілегімді Тәңірім бермей?
Атуын атқаннан соң бұл маралды,
Отырып неге қалдың маған келмей?
—Кез болдым да, дос болдым бір кезіңе
Не айтайын, Құдай қылған мінезіңе?!
Үш ұмтылып орнымнан тұра алмадым,
Кеселі мылтығымның тиді өзіме.
—Уайым сөз айтқаның, жаным, жаман,
Көп кейіп ең, әуелде, тұрғанда аман.
Мылтығың қатты оқтаған тиген шығар,
Мұнша уайым сөз айтып не етті саған!
—Ақ өлім бұрынғыдан қалған санат,
Ажал жетті, шығады жан-аманат.
Бір-екі ауыз аузымнан арзымды естіп,
Басымды кешіктірмей оңға қарат.
Жапандағы бұл сөзді жаярсың ба,
Жаным құрбан достым ең, аярсың ба?
Егер менен ұл туып, қызың болса,
Бағанағы сертіңнен таярсың ба?
—Көңілім сүйген кісіге тас бұлақпын,
Сүймес кісім кез болса, қас шұнақпын.
Бір айтысқан сертінен ит таяды,
Ондай атты күн болса берер-ақпын.
Құлағы естіп, сертіне көзі жетті,
«Жасың үлкен достымсың, құлдық» депті.
Құдіретіне Құдайдың таң қалғандай,
Сарыбай иман айтып, өліп кетті.
Ит Қарабай жүреді сұмдық бастап,
Айтқан сөзін тұрмайды адам қостап.
Егіз қодық, маралды теңдеп алып,
Бек сөйлескен достысын кетті тастап.
160
170
180
238
239
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН ҚыЗ
Тұра алмады бір сағат сертке жетіп,
Сөйлескен құдайшылық естен кетіп.
Өліп қалған Сарыбай көңілінде жоқ,
Үйіне қайта салды өлеңдетіп.
Ақылсыз бай үйіне жөнеледі,
Бір маралға қарық болып кенеледі.
шыршыдан елге таман келе жатса,
шаңлатқан бірталай жан кез келеді.
—Қарабай шал, қартайған сізді көрдік,
Сарыбайдың, қарашы, адамы едік.
Ханымы ханымыздың тапты бір ұл,
Сейілде көрдіңіз бе? Сәлем бердік!
—Бұл сорлылар жоқ істі өнер еткен,
Құдай шығар құр босқа тентіреткен.
Былшылдамай, бәрің де, үйіңе қайт,
Жете алмайсың, Сарыбай марғау кеткен.
—Міне қалай бай еді сөзі надан?!
Дүниенің қызығын байқамаған.
Марғауың неше күндік, неше түндік,
Қос-қос атпен ұшыртып барсам соған?!
—Ертіс басы Қарадың жерге кетті,
Бейне теңіз дейтұғын көлге кетті.
Бес жүз киік соқтығып, соны қуып,
Тәшкен жолы Бетпақ бар шөлге кетті.
Қарабай ақылы жоқ, қайраты мол,
Һәр ісі өзгеге теріс, өзіне жол.
Қарабайдың ұға алмай айтқан сөзін,
Дел-сал болып алтауы қайтқаны сол.
Онан да әрі еліне жөнеліпті,
«Алтауын алдадым» деп кенеліпті.
Алдынан тосып жүрген сақау қатын
Қарабайға бір жерде кез келіпті.
190
200
210
240
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Қайнаға-ау, сізді іздеп ем, кез келесіз,
Елді ескермей күнде аңға жөнелесіз.
Көрдіңіз қартайғанда сіз бір перзент,
Сүйініші сұрай келдім, не бересіз?
—Баланы сен беріп пе ең маған сүйер?
Тон берсем алар едің топқа киер.
Былшылдамай, сақауым, жөніңе кет,
Сегіз өрме, бұзау тіс қамшым тиер.
—Жас иіс көрмегеннен талай зарлық,
Тартып ең, ұмыт болды, нағылалық.
Ат бер деп, алтын бер деп тұрғаным жоқ,
Бір шапанға қылдың да мұнша тарлық?
Хан Қарабай келеді күн-түн қатып,
Егіз қодық, маралды қабат атып.
Сегіз өрме, бұзау тіс, ала мойнақ
Сақау күңді кетіпті тарсылдатып.
Сол сақау дуадақтай жорғалайды,
Бастың қаны мойнына сорғалайды.
Бар екен жар басында жарты-ай лашық,
Қамшыдан қашып барып қорғалайды.
—Бір басымды жүремін санға балай,
Жеті атамнан бақ берген Алла Тағалай.
Өз тіліңнен, сақауым, жаза таптың,
Дәл енеңді ұрайын, мұным қалай?
Қарабайдың мұнысын не сөз дерсің?
Кінә аудармай сабады, Тәңірім көрсін.
Қуанышына қамшы екен сүйіншісі,
[О дүниеде] жазаңды Құдай берсін.
Көрмессің Қарабайдай бейілі тарды,
Балдырғанды ауылға түсте барды.
220
230
240
240
241
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН ҚыЗ
Бейілі антұрғанның сонда кеңіп,
Бір сарттан жиырмалап шапан алды.
Есер етсе Тәңірі етті Қарабайды,
Һеш қылығы тірі адамға ұнамайды.
Ол алғашқы аптыққан алқынымен,
Түзде қылған бар сертін елге жайды.
Досын тастап кеткеннен ұялмайды,
«Құдама бата етем» деп қарбаңдайды.
Тосқан саба толтырып, жұртын ертіп,
Барудан басқа ақыл таба алмайды.
Ауылына Сарыбайдың жақын кепті,
—Осы жерде сендер тұра тұршы,—депті.
Өзім барып бір көріп келейін,—деп,
Ауылға жалғыз өзі жүріп кетті.
Жөнелді бір қылықты және бастап,
Солай қыл демесе де ешкім қостап.
Иесіз ақ ордаға кіріп барды,
Белдеуге Бақа айғырын іле тастап.
Алтынды ақ ордаға кіріп кепті,
Сән-сайманы өзгеше екен тіпті.
Жан-жағына қаранып жалтаң-жалтаң,
Өз-өзінен антұрған шошып кетті.
Жөргектегі баланың бетін ашты,
Ай жүзін көре сала жаман састы.
«Мені жұтар жалмауыз туыпты» деп,
Тантық шал Бақа айғырға міне қашты.
Бағаналы жұртына жетіп келді,
—Барғайсың қайта ауылға бәрің,—деді.
Тоқсан саба бір сайға жарып тастап,
Түйелерін желдіртіп ит жөнелді.
16-0137
250
260
270
242
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Тайлақ та сол ауылға келген екен,
Анадайдан бәрін де көрген екен.
Ханым айтты Тайлаққа, көріп соны:
—Байқадың ба, патшаңыз өлген екен.
—Ақ орда алтындаған тіккен үйім,
Болмас-ты бұрынғыдай менің күйім.
Аңға шыққан жөнімен жұртты жиып,
Сүйегін іздеу керек, Тайлақ биім.
Хабар кетті жұртына «жиылсын» деп,
Есепсіз ел тоқталмай жиылды көп.
Халқына қасиетті бір хан еді,
Бәрі шошып жылап жүр уайым жеп.
Сол жерде дәл он бір мың кісі келді,
Тайлақ та «қайтеміз» деп аз бөгелді.
Он бір жыршы, ханым мен Тайлақ та бар,
шеру тартып шыршыға ел жөнелді.
Бір өлген жан кез болып жыршыларға,
Кім екенін біле алмай шошиды енді.
[Тазша]:
—Аң-таң қалма, ағалар, бәрің надан,
Һеш нәрсе өнбес құр босқа қамалғаннан.
шыққыр көзім шықпаса, мен таныдым,
Осы жатқан алдыңда—Сарыбай хан.
—Сен кәпірдің қылғаның бәрі шала,
Ту жығылса болдық қой қас масқара.
Жұрт ұстаған жақсыға жора қылдың,
ұяңменен өртеңгір, тазша бала.
—Білемін мен, сендердің білуің тар,
Алды-артын байқамай-ақ айтасыңдар,
Белгісі сол емес пе, бейшаралар,
Қас алтыннан қолында жүзігі бар.
280
290
300
242
243
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН ҚыЗ
Астан-кестен шапқылап бәрі келді,
Қара қалмақ секілді іштен бүлді.
Жалғыз-ақ сонда ханым есіткен жоқ,
Басы Тайлақ болды да, бәрі білді.
Батыр Тайлақ әр істі ойға алады,
Жұрт таба алмай мәнісін қамалады.
—Ханымға есіттерге, ей, жыршылар
Талапкер іштеріңнен кім барады?!
Бағанағы тазша айтты:—Ей, Тайлақ ер!
Елімдегі биімсің сен кемеңгер.
Есіттіре ханымға мен барайын,
Рұқсат болса сізден, батаңды бер!
—Жолың болсын бара ғой, балам,—депті,
Қотыр ала тайменен тазша кетті.
Бір жерде қырық жолдасымен ханым жүрсе,
Алдынан қарама-қарсы кездей кепті.
—Тоты құсым, сұңқарым, сізді көрдім,
Саяңда мен бір жүрген адам едім.
Мен түсімнен шошыдым бүгінгі күн,
Жорытқалы әдейі сізге келдім.
—Бөтен емес, бұл тазша біздерге өз,
Есің шығар, байғұсым, бір болған кез.
Басын сегіз, аяғын қылма сексен,
Тез айтшы, шошығаның немене сөз?!
—Жаратқан бұл жаһанды Тәңірім күшті,
Қызығы сұм жалғанның енді екіұшты.
шошыған менің түсім, даныспаным,
Сәлдем ұшып басымнан жерге түсті.
—Құдайы құрбандыққа қой соярсың,
Берсе Тәңірің мал басқа бір тоярсың.
Сенің сәлдең басыңнан жерге түссе,
Қаза қылмай намазға бас қоярсың.
310
320
330
244
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Ханым-ай, олай болса онан өттім,
Бір шошыған түсіме жаңа жеттім.
Қолымнан ешбір адам ұстай алмай,
Түпсіз терең түсімде суға кеттім.
—Жапанда жалғыз тазша кез келеді,
шошыса да байғұсым жөн көреді.
Түпсіз терең түсіңде суға кетсең,
Есепсіз Құдай қалың мал береді.
—Ойласам бұл ханымның ақылы асты,
Қарашыңыз дәл, міне, енді састы.
Мен шошымай қайтейін, тақсыр ханым,
Жібек баулы қолымнан сұңқар қашты.
—Жамандық сөз сөйлеме һеш шағыңда
Уы бар кей адамның тіл-жағында.
Қолыңнан жібек баулы сұңқар ұшса,
Болғаны халық орында, хан тағында.
Болып ең әлдеқалай, сен, маған кез,
Әдеппен айт, білімсіз қылықтан без.
Мен сенің қалжыңдасар кісің емес,
Айтарың найзаласып немене сөз?!
Аңға шыққан Сарыекем
Таңертеңгі салқында.
Мінсіз туған жан еді,
Өне бойы қалпында.
Келімсек төре хан болған
Балталының халқында.
Өрісі толып малына,
Қазынасы толған алтынға.
Жер жүзіне жеткізген
Мырзалық, ерлік, даңқын да.
Білуші еді өзгеше
Һәр ақылдың шартын да.
Иманы жолдас болғай-ақ
Сарыекем сынды марқұмға.
340
350
360
370
244
245
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН ҚыЗ
Тауфиқты ғұмыр бергей-ақ,
Қозыжанға артында.
Сарыекеме белгілі еді
Әр істің ақыл, парқы да.
Күн көреді сүйеніп
Сіздей жүзі жарқынға.
Тәңірі ісіне тоқтау жоқ,
Жетпесті қуып алқынба.
Хан орнына хандық қыл,
Кешегі билеп жүрген шарқыңда.
—Сарыбай хан өлді ме, жұртым көрсін,
Жыламан, патша Құдай иман берсін.
Әлемнен хан Сарыбай өткен болса,
Иншалла, тәубе Тәңірім, артын берсін.
[Тазша]:
—Көздің [жасы] татымас
Сарыекемнің дертіне.
Сабырдан басқа дауа жоқ
Іштегі қайғы өртіне.
Бассыз қалған байғұс ел
Кір жұқты көңіл-көркіне.
Көргеннен соң босарсың,
Нәпсің қоймас еркіңе.
Қайраттанып осы жерден,
Ақыл тоқтат беркіне.
Сүйегіңе мін болар,
Жетпей кетсең сертіңе.
[Ханым]:
—Сен, тазша, жылайды деп көңіліңе алма,
Алып жүр сүйегіне, енді айланба.
Сүйекті [құр] босатпақ білімсіздік,
Өлікке жыламақта пайда бар ма?
Ханымға тазша есірттірді жеке барып,
Жұрт сілтідей тынады қайран қалып.
380
390
400
246
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Қасына ханымды ертіп келген алып.
Егіл-тегіл еңсеген сүйегіне,
Ал сонда ханым келді, жұрты көрді,
ұрғашыда көрмессің мұндай ерді.
Ақылынан шатаспай, һешбір саспай,
Жұртына ақыл қылып қайрат берді.
—Жылама, батыр Тайлақ, сен де өлерсің,
Ажал келсе тоқтамай жөнелерсің.
Сауапшылық болардай іс ойлаңдар,
Имандың махшар күні кез келерсің.
Жұртым-ай, бұл жылаған мінезді қой!
Өлік шықса, тіріге болмай ма той?
Жылағанмен бір нәрсе өндірсеңдер,
Жылап-жылап тірілтіп әпкеле ғой.
Ер Тайлақ, олай тұрма, сен бермен жүр!
Аулаққа алып шығып ойлатты түр.
—Осы жерге қою керек алып жүрмей,
Елге шаптыр, жабдық пен үй әпкелтір.
Ілезге болмай керектің бәрі келді,
Дайын болды, халайық көзі көрді.
«Зиарат қып бір күмбезді жасаймыз» деп,
Жұрт ұйғарып сол жерге қояды енді.
Он бір мың жаназаға жиылған жан,
Бәрін де тартуменен жөнелтеді.
Әлеумет, бұл жиылған халықты көрдім,
Мен бір түрлі жаралған адам едім.
Ас беріп, ат шаптырсаң өз заңыңша,
Билігін, батыр Тайлақ, саған бердім.
Қай кісі ер Тайлаққа теңеледі,
Жиылған топ, әлеумет, көп ел еді.
Билігін батыр Тайлақ алғаннан соң,
Сол жерде сауын айтып жөнеледі.
410
420
430
246
247
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН ҚыЗ
—Тыңлаңдар, міне, жырын, ал, жаранлар!
Бай мақтанын асырмақ, ол істі аңғар.
Өтірік айтса обалы ақындарға,
Басқы аттың бес жүз жылқы бәйгесі бар.
Ал, сонда Тайлақ айтты:—Ой ойлаңыз,
Елде тентек-тебізді һеш қоймаңыз.
Даусыз болып, ал, келсін аттарыңыз,
Һәр рудан бір кісі ат айдаңыз.
Мұсылман Аққа жуық мойын бұрсын,
Жанжал, қулық қылғанды Құдай ұрсын.
Қара Еңестен атты айдап жібертіңіз,
Үстінде Ақкезеңнің көмбе тұрсын.
Байлығын Сарыбайдың жұрты көрді,
Сонша алысқа атты айдап жіберді енді.
Алдында бес жүз аттың бір шақырым,
Өз үйінің Телқызыл аты келді.
Һеш адамнан жамандық, жанжал шықпай,
Жиынын тып-тыныш қып жөнелтеді.
—Мінезі Қарабайдың жаннан бөлек,
Серттерін жұрт есітті дөп-дөңгелек.
Тайса өзі Құдайға шет боп кетсін,
Тайлақ-ай, бір сөйлесе барсаң керек.
—Ханым-ай, Қарабайың құрып қалсын,
Келуге жарамаған Құдай алсын.
Мен барсам, тек келмеспін ол итіңмен,
Жалғыз ұлым Таркеніш бала барсын.
Ханым да Тайлақ сөзін мақұл депті,
«Барсын» деп жалғызына жарлық етті.
Қасына он бір жігіт ертіп алып,
Ер Кеніш Қарабайға жүріп кетті.
—Хан Қарабай, ақсақал, сәлем бердік,
Біз биыл құдіретпен не көрмедік!
440
450
460
248
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Кешегі Сарыекемнің заманында,
Қайғысыз, уайымсыз жүруші едік.
Құдағиың жіберді, құрбың Тайлақ,
Алдыңа бір сәлеммен келіп едік.
—Былшылдама, сендерге тіпті ермеймін,
ұмыт болған сөзді қой, мен көрмеймін.
Сен антұрған он [екің] үйіңе қайт,
Жетім ұлға құда боп, қыз бермеймін!
—Қареке-ау, қалжың қылып арбаймысың,
Тәңіріңді бір жаратқан алдаймысың?
Құдай десіп, ант еткен серттен тайып,
Тегінде ақыретке бармаймысың?!
Тәңірі алдында уәдеңді сұрағанда,
Сол жерде қара жүзді болмаймысың?!
—Мына сөзге мен тұрмын аң-таң қалып,
Қалыңмалын қойып ем қашан алып?
Жөн қайт десең, былшылдап сөйлей берсең,
Бәріңнің де кетермін басың жарып.
—Орның жоқ дүние үшін дінің сатар,
Кінәң жоқ серттен тайып, атын атар.
Бұл ақылдан қайтпасаң, шал Қарабай,
Осы тәнің дозақтың дәмін татар.
«Бетін топырақ басты» деп серттен тайдың,
Орның келді жаһаннамда күйіп жатар.
шыдамады Қарабай, ашуланды,
Арбаң-құрбаң Аққайың мініп алды.
Сегіз өрме, бұзау тіс қолына алып,
Тарсылдатып бәрінің басын жарды.
Қайтеміз, Қарабайдың қылығы сол,
Осынысы өзіне болған соң жол.
Бір тау тесіп мойынға ілсе дағы,
Он бір аға үндемей қайтатын жол.
470
480
490
248
249
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН ҚыЗ
—Барсын деп бізге, ханым, қылдың жарлық,
Мен көрген жан емес-ем қорлық-зарлық.
Мінезін Қарабайдың біле тұра,
Нәлет, кәпір құдаңа кеше бардық.
Бір көңілің қалмасын деп барып едік,
Қызыл тақия сый-сияпат киіп алдық.
—Ол кетер, бұл араны қылмас мекен,
Кетсе кәпір біржола-ақ кетсе екен.
Жалғыз-ақ қорқынышым Қозы ер жетсе,
Һешкім соны сөз қылып айтпаса екен.
Жұртына батыр Тайлақ тыю қылды,
Сол итті не қылсын жұрт кәпір сынды.
Һешбір адам сөз қылып айтпаған соң,
Аты өшкірдің аты әбден ұмытылды.
Кел, жігіттер, бұл сөзді тербетелік,
Айтпақ болдық, енді іркіп біз не етелік.
Қозы Көрпеш ханыммен жата тұрсын,
Жөнелтіп Қарабайды әпкетелік.
—Қатын-ау, менің айтқан сөзіме ерші,
Ойланып айтқан сөзді мақұл көрші.
Ауылынан Сарыбайдың тынышым кетті,
Кел, ауамын, үйімді жығып берші!
—Байғұс-ау, қандай адам серттен таяр,
Уәдесізді деп пе едің Тәңірім аяр?
Тоқсан мыңды, бұл елді тентіретпе,
Мұндай байтақ қай жерде орның даяр?!
—Мұныңа ермен, өзгеңе ерсем дағы,
Қара басым жамандық көрсем дағы.
Балталымен қоныстас һеш болмаймын,
Тоқсан мыңды мен жауға берсем дағы.
—Қайтейін бұл сөзіңді шайтан бұрған,
шайтан бұрған кісіні Құдай ұрған.
500
510
520
530
250
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Бұл басымды мойнымнан кессең дағы,
Жерімнен осы отырған өлсем тұрман.
Белгілі ерімейтін іштің мұзы,
Қатынына батпады қылған сызы.
Үйді жығып артуды білмей тұрса,
Түсті есіне асыранды екі қызы.
Келді де қыздарына айтты майда:
—Ай, Таңсық—менің екі қызым қайда?
Қақбас шешең тілімді тіпті алмайды,
Пайдаңды тигізе көр осындайда.
Сөзінен ызыңдаған қыздар өлді,
Амалсыз шақырған соң келіп еді.
Жылап жүріп үйінің бауын шешіп,
Талқан қылып, түйеге артып берді.
—Мен анаң, сендер қызым, тіліме ерші,
Мына антұрған кәрі иттің ісін көрші!
Құдай қосқан жарынан тірі айырылған,
Сұмырай қызды алдыма алып берші.
Қайран балам, күңменен тең боларсың,
Қайран малым, қандайға жем боларсың?!
Обалдарың әкеңді жібермесін,
Үш сорлым, қандай жерде кем боларсың?!
Қарабай тоқсан мыңмен өрге салды,
Жылқыдан Аққайыңды мініп алды.
Бақа айғырды жетелеп жөнелгенде,
Қотыр ақсақ жабағы, тай қалмады.
Тау мен тас , жер мен суға қоштасқалы,
Ай мен Таңсық көшінен тұрып қалды.
[Ай, Таңсықтың елімен, жерімен қоштасуы]:
—Балталы мен Сақалы ел, аман бол,
Балдырғанды бақалы көл, аман бол!
540
550
560
250
251
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН ҚыЗ
шығушы ем күн ыстықта самалыңа,
Қарағай бөренелі жер, аман бол!
Теруші ем еріккенде ермегіме,
Екпе жиде-жемістер, сен аман бол!
Анамнан мен шыр етіп туған жерім,
Белімді мен қыз болып буған жерім.
Қай жеріңде кемтігің қалды енді! деп,
Қара құрттай толықсып толған жерім.
Сегіз сай тау біткенде сала, аман бол
Қалған жұрттың, халайық, шалы, аман бол!
Ақылы жоқ қайын атаң қашты сенен,
Жөргекте, Қозы Көрпеш бала, аман бол!
Өзен, өлке, жотамен төбе, аман бол,
Игі жақсы, Тайлақ би, көп, аман бол!
Изенді, бетегелі, мық жусанды,
Ақ көде малға шүйгін шөп, аман бол!
Жасы кіші іні мен аға, аман бол,
Іребдел өңкей мырза жаға, аман бол!
Қайын атаң Қарабай қашты өрге,
Қозы Көрпеш, шешеңмен, тағы аман бол!
«Байлығын Балталының көрмеймін деп,
Тіліне Тайлақ бидің ермеймін» деп.
Дінсіз шал, ақылы жоқ, өрге қашты,
«Қызымды жетім ұлға бермеймін» деп.
Атадан асыл туып, оқ жонар ма,
Бойына ақыл, қайрат, күш толар ма.
Қозы Көрпеш жігіт боп іздеп келіп,
Иілісіп бір тұрар күн болар ма?!
Қарабай, Тәңірі алсын, малын соймас,
О дағы дамыл көріп дәмге тоймас.
Құдайым тағдырында қосқан болса,
Қайда барсаң, онда бар, сені қоймас.
570
580
590
252
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Үйіне Құдай сүйген Қыдыр қонар,
Ер әулие қолтықтап демеу болар.
Бір күнде сапар қылып бізді іздесең,
Тоқсан мыңның осы ізі соқпақ болар.
Балталы, Сақалының халқы, аман бол,
Қозы Көрпеш атадан жалқы, аман бол!
Жеңге, шеше, келіншек, құрбы- құрдас,
Жамағат, бізді ойлаған жалпы, аман бол!
Барады Қарабайдың ызасы өтіп,
Қыздар салды жорғасын сонда еңіретіп.
Таңертең тұрып қалған сол екі қыз,
Екіндіде көшіне келді жетіп.
Жөнелді сол екі қыз белін буып,
Тым көрім сұлулығы айдай туып.
Артынан көштің әрең қуып жетті,
Көздің жасы атының жалын жуып.
Тыныштық жоқ Қарабайда көзі терлеп,
Жүре алмай өзге жақпен малы кернеп.
Дамыл жоқ та, тыным жоқ, көше берді,
шұбатып елін, малын Ертіс өрлеп.
Қарабай тоқталмады арам терлі,
Көше-көше тауысты талай жерді.
Бір тоқталмай Ертісті өрлей беріп,
Үліңгір судың басы—көлге келді.
Талай жерге ол көшіп барып қалды,
Барғанменен барқадар таба алмады.
Көл Қарасу бойына онан барып,
Құм жағалап қайқайып қайта салды.
Алатаудың ол үркіп ар жағымен,
Іле басы Құлжаға және барды.
Және көшер бастаса мал тойына,
Сірә, тоқтау келмейді еш ойына.
600
610
620
252
253
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН ҚыЗ
Іледен тау жағалап шыршық барып,
Одан көшіп барады Сыр бойына.
Аз ғана Сыр бойында дамыл етті,
Бір күні ол қаңғырып Қоқан кетті.
Тоқсан атқа бір белбеу сатып алып,
«Не қыласың?» дегенге «шұлғау»,—депті.
Көшеді қысы-жазы дамыл бермей,
Біраз ел қала алмады бұған ермей.
Сарыарқаны сағынып қайта көшті
Тізерлі елдің ішінде тыныштық көрмей.
Көрмейсің Қарабайдан жарыместі,
Аз-аулақ өзінен де қатыны есті.
Қырық күн шіліңгір ыстықта қарсы көшіп,
Бетпақтың сары даласы келіп түсті.
—Терісінен салқын соқса самал болар,
Мұнан артық не қиын қамал болар.
Құлын-тайым қырылып шөлдеді ғой,
Ойбай, қатын, ойлап көр, не амал болар?
—Немене деп айтайын бұл сөзіңе,
Құдай беріп қойды ғой мінезіңе.
Су аяғы Құрдымнан қашып едің,
Қырылмақтан жойылсын, аз-ды өзіңе!
—Сөйлеме, ойбай, қатын, сөзіңе ермен,
Олай деген ығыңа жүре бермен!
Балталыңды, ұрайын, Сақалыңмен,
Жалғыз тайым қалса да, өлсем көрмен!
Көрмейсің Қарабайдай бейілі тарды.
Қайта көшіп шуға ол әрең барды.
Жып-жылы шудың суы амалы жоқ,
Көше алмай бос қамалып жатып алды.
«Қызы сұлу Арқадан бай қашты» деп,
Торғауыттан бедеумен Қодар салды.
630
640
650
254
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Қодар да ойланып жүр һәрбір кепті,
Ала бедеу байталын сонда еңіретті.
Сұрай-сұрай һәркімнен, қуып жүріп,
шу бойында қамалған байға жетті.
—Әрі-бері бара алмай бос қамалып,
шөлдеткен құлын-тайын кімсің?—депті.
—Көңілімді мен ешкімге баламаймын,
Кісінің керегіне жарамаймын.
Құрдымнан су аяғы қашып едім,
Құдай Тағалам қаңғытқан Қарабаймын.
Қарабай хан, іздеп еш кез келесің,
Қодар батыр мен едім сен көресің. Достарыңызбен бөлісу: |