Мұра меМлекеттік бАғдАрламасын іске Асыру ЖӨніндеГі ҚоғАМдыҚ кеңестің ҚұрАМы бАбАлАр сӨзі жүз томдық Ғашықтық жырлар 54 том



Pdf көрінісі
бет19/22
Дата21.01.2017
өлшемі2,15 Mb.
#2365
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

—Әкекем анаң тілін алма деген,

Садағыңды беліңнен салма деген.

Сәрсенбі күн жұмысың бітір дағы,

Бейсенбі күн жолыңнан қалма деген.

—Жаста кеткен Баянның елі қай жақ

Жалғызым мініп кетсін атын сайлап?!

22-0137


610

620


630

338

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Барма десем, болмадың, шырағым-ай,

Қодар атты құлынан жерсің таяқ!

—Қодар деген немене, құл ма, сірә,

Жатқанымнан тұрмаймын, өлсем сонда.

Сөз сұрасам, өлесің дей бересің,

Қалай жора қыласың, шешем, сірә?!

—Тәңіріден тілеп алған жалғыз бала,

Жастан маған көп қылды Құдай Тағала.

Сен кеткен соң тоқсан құл күң қылады,

Арыздасып қалайын біржолата.

—Құдай басшы, күрең ат жолдасым-ды,

Баянға бай тігіп не бұл басымды.

Жан барында іздеймін жақсы жарды,

Біліп не жан кеткен соң тұрмасымды.

—Баянға сен барасың намыс қылып,

Не жақсы күн көрерсің онда жүріп.

«Емшек берген мені әрі» дерсің балам,

Әл-қуатым кім білер маған келіп?

—шешеке, мен еркек пе, ұрғашы ма,

Мен Баяннан басқаны алман, сірә!

Атам қосқан Баянға бармасын деп,

Сөйлеп сөзім өтпейді құрдасыма.

Жайлауы Қарабайдың отсыз еді,

Қозыке көп жылқыдан ерте келді.

«Сен кеткен соң мұны кімге беремін?» деп,

Дүниелігін шашыпты өртегелі.

Қыстауы Қозыкенің тауда дейді,

шалғыны ат жүре алмас қауда дейді.

«Жалғызымнан айрылып қаламын» деп,

Екі емшегін аспанға сауды дейді.

640

650


660

338

339


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

шешеке үйде отырып күйді дейді,

Қозыке кітап оқып жүрді дейді.

«Сен кеткен соң мен кімге беремін?» деп,

Мүкәммалын далаға жайды дейді.

Қозыке жүрмек болып атқа мінді,

шешесі жүрмесін деп жылап тұрды.

Атқа мініп Қозыке тұрған жерде

шешесі жылап тұрып жауап берді:

—Аттан дағы жүре бер көрінбей-ақ,

Келтірме көп ашуым жерсің таяқ.

Барма десем болмадың, жалғыз бала,

Бармағыңнан еш келме, сөзім сол-ақ!

[Қозыкенің жауабы]:

—Қарғыс емес, алғыс де қарғағаның,

Қорқамын ба Қодардан бармағаным.

шешеке, бүгін жаман түс көріп пе ең,

Көзімше жора қылып зарлағаның?

 

[Шешесінің жауабы]:

—Менен жақсы болды ма кеткен Баян,

Алдыңда жылап отыр тапқан анаң.

Кеткен болсаң кие кет үйден, балам,

Сен кеткен соң күң болар ғаріп анаң.

Қозыке амандасып атқа мінді,

шешесі жылап үйде жалғыз қалды.

Ақ сүт берген анасын зар еңіретіп,

Қозыке Баянды іздеп жүре берді.

 

Әлқисса,  Айбастың  [Қозыкенің]  артынан  келіп  сәлем  ха-

тын бергені

Қозыке Баянды іздеп кетті дейді,

шешесіне көп қайғы бітті дейді.

670


680

340

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Ауылдан алты қонып шыққаннан соң,

Айбас байғұс артынан жетті дейді.

 

Құдай берді ақынға тіл мен жақты,



Білген сөзден қалдырсақ бізге ұятты.

Айбас байғұс артынан жеткен жерде

Тапсырды Баян жазған сәлем хатты.

 

Қозыке шаш ал десең, бас алады,



Хат көрген соң көңілі босанады.

Сәлем хаттың жазуын көргеннен соң,

Бірдемеден көзіне жас алады.

Қозыке сәлем хатты оқып білді,

Көңіліне хафиялап мағлұм қылды.

Қозыкеге дұғай сәлем жазған екен,

Жазыпты дұшпан болған тоқсан құлды.

«шырағым осы хатты көрсін дейді,

Айбастан анық хабар білсін дейді.

Әкем мені Қодарға бергелі жүр,

Тірі болса, кешікпей келсін» дейді.

Қозыкем сәлем хатты қолына алды,

Қамзолының қалтасына жиып салды.

Сәлем хаттың жазуын көргеннен соң,

Айбасты Құдай десіп іні қылды.

Айбасты Құдай десіп іні қылды,

Сарыбайдың ауылын іздеп жүрді.

Арда күрең, Бақа айғыр мінген аты,

Аякөздің бойына жетіп келді.

Тыңдасаң, Қозыкеден сөз келеді,

Жақсы-жаман кісіні көз көреді.

Аягөздің бойына жеткен күні

Көп қой жайған тазшаға кез келеді.

690


700

710


340

341


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Екі жігіт қойшыға жетіп келді,

—Қай ауылдың қойы?—деп сұрап тұрды.

—Сен кеткелі көп заман болып еді,

Қай жақтан келіп жүрсің, Айбас?—деді.

Тазшаның жауабы:

—Баянның бұзылмайды ойы,—дейді,

Тал шыбықтай бұралған бойы,—дейді.

шын танымай тұрмысың, қашқын Айбас,

Баққаным—Сарыбайдың қойы,—дейді.

Айбас пен Қозыке амал қылды,

Күн жайлатып тазшаны адастырды.

Баян жас осы жерге келе ме деп,

Жердің жүзін күн жайлатып боран қылды.

Тазша адасып далада өліп қалды,

Жердің жүзі көрінбей боран болды.

Күннің боран болғанын көріп келіп,

Сарыбай Баян жасқа хабар берді:

—Баян жас, бал қаймақты алшы,—дейді,

Сөз айтамын құлағың салшы,—дейді.

Мынау күн сондай қатты боран болды,

шырағым, қой алдынан баршы,—дейді.

[Баянның айтқан жауабы]:

—Әкеке, сіз биік тау, біз бір шынар,

Көрмекке Қозыкені болдым іңкәр.

Әкеке, өзіңізбен бір жүрмесек,

Ноғайдың бозбаласы мазақ қылар.

Баян жас қойға таман қадам басты,

Қойды көріп көзінен төкті жасты.

Баян қойға жеткенде күн ашылып,

Әкесімен бірігіп қой айдасты.

Жұрт білмеген Сарыбайдың малы көп-ті,

Баян сұлу Қозыкеге іңкәр бопты.

720


730

740


342

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Баян сұлу қой айдап жүргенінде,

Алдынан душар бопты қоңыр тоқты.

 

[Тоқтының Баяннан сүйінші тілегені]:

 

—Апеке, не бересің енді,—дейді,



Күрең атты жездемді көрдім,—дейді.

Айбасекем Бақа айғырмен қасында жүр,

Сүйінші бер, жездекем келді,—дейді. 

Сұлу қыз текеметке түр салады,

Көңіліне Баян сенбей кір салады.

«Ойбай, күйген жанды күйдірме» деп,

Құйрыққа қамшыменен бір салады.

Қоңыр тоқты шыдамай керіледі,

Баянға сөйлесуге ерінеді.

Қыздың соққан қамшысы өтіп кетіп,

Қой құйрығы жырмақ боп бөлінеді.

Тоқты жатқан орнынан тұра алмады,

Баянға сөйлесе алмай наза болды.

—Жазықсыз мені неге соқтың, Баян?

Ақша бетің тілінсін,—деп-ақ салды.

Тіліне қоңыр тоқты Баян нанды,

Желкесінен бір жүнін жұлып алды.

—шырағымнан бір хабар білдің бе?—деп,

Арқасынан қамшымен сипап алды.

Сарыбай қызыменен қойға барды,

Баян сұлу бір шетте жалғыз қалды.

Сарыбай қой қайтара кеткен кезде,

Қозыке тазша болып қызға келді.

[Қозыкенің тазша болып Баянмен өлең айтысқаны]: 

—Баян жас, бал қаймаққа жаримысың,

Жарыңды мендей таз болса танимысың.

750


760

770


342

343


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Атаңның атастырған жары кім-ді,

Баян сұлу қарашы, танимысың?

[Баянның жауабы]:

—Сұрасаң, менің жарым—Қозы Көрпеш,

Мен—Сарыбай жалғызы Баян еркеш.

Келер атты күн бар ма, ойбай, Тәңірі-ау?

Мен жарымды тілеймін ертеңді-кеш.

[Қозыкенің жауабы]:

—Қойыңа мұнан бұрын келіп пе едің,

Жарың мұнда келерін біліп пе едің?

Жарыңның қай жерінде белгісі бар,

Бесікке бөлегенде көріп пе едің?

—Сағындым Құдай қосқан алған жарды,

Әкемнің жаста айырған бейілі тар-ды.

Баба Түкті шашты Әзіз хабар берген,

Алтын айдар астында меңі бар-ды.

[Қозыкенің өзін білдіргені]:

Жеткізді тілеуіне Құдіретім,

Қозыке Баян жастың көрді бетін.

Баянға күйеулігін білдіргелі,

Көрсетті сонда отырып айдар шетін.

Баян жас күйеулігін біліп алды,

Сол жерде екеуі ойнап-күліп алды.

Алтын айдар белгісін көрсеткен соң,

Баянның оң бетінен сүйіп алды.

Ағарып қара жерге қақ тұрыпты,

Сүйген құлға дәулет пен бақ тұрыпты,

Уытпенен сағынып сүйген екен,

Алақандай бетіне дақ тұрыпты.

780


790

800


344

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Баян жас күйеулігін білді анық,

Түнде алтын күймеге жүрді барып.

Баян сұлу күйеулігін білгеннен соң,

Алтын табақ қояды мейіз салып.

Баян жас опа жақпас ақ бетіне,

Қозыке тазша болды, күнде жүрді қой шетіне,

«Үйге кірсем бір ұят болады» деп,

Алтын күйме құрдырды қой шетіне.

Қозыке қойды бағып үш жыл жүрді,

Білдірмей Баянменен ойнап-күлді.

Үш жылдан соң [бір күн] күймеде жатқан жерде

Сарыбайдың тезек терген күңі көрді.

Қара күңнің көргенін Баян білді,

ұйқылы-ояу сескеніп тұра келді.

«Барып әке-шешеме айтады» деп,

Сезіктеніп Баян жас күңді өлтірді.

Бір күн келіп Баян жас:—Тұршы,—деді,

Үйге таман шырағым, жүрші,—деді.

Әке-шешем қуансын «күйеуім» деп,

Ақ шымылдық кәдесін қылшы,—деді.

Қозыке Баянменен үйге кірді,

Екеуі қуаныш қылып бірге отырды.

Алтын айдар белгісін жазып еді,

Қараңғы үй шам жаққандай жарық болды.

Ақ жүзі екеуінің бірдей болды,

шымылдықтың ішінде ойнап-күлді.

Бетіне жарық сәуле түскен екен,

ұйықтап жатқан Қаракөз мұны көрді.



[Оянып Қаракөздің айтқаны]:

—шырағым, қашан келдің шыныңды айтшы,

Кешіктірмей, ұзатып алып қайтшы.

810


820

830


344

345


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Қойды бағып қор болып жүргеніңше,

Көңілің жақсы жүргендей жылқы бақшы.

Қозыке ертең атқа мінді дейді,

Айбас құл тазша болып ерді дейді.

Ауыл жақтан екеуі келе жатса,

Жылқыдағы Қодар құл көрді дейді.

Ауыл жақтан екеуі келді дейді,

Жылқыдағы Қодарды білді дейді.

—Ауыл жақтан келіпсің, екі тазша,

Баянның сәлемін айт, енді,—дейді.

Алты құлаш ала айғыр мінген атым,

Есітіп іңкәр болдым қыздың атын.

Ауыл жақтан келіпсің, екі тазша,

Қандай сәлем тапсырды біздің қатын?

[Қозыкенің Қодарға берген жауабы]:

—Ай қыз,Таңсық бір мейіз жесіп отыр,

Талдай бойы Баянның өсіп отыр.

Қодар деген сен болсаң «сәлем» деді,

Тірі болса, тез келсін десіп отыр.

—Ай қыз, Таңсық бір мейіз жесіп отыр,

Баян шашын тарқатып есіп отыр.

«Өзімнің Құдай қосқан жарым келді,

шұнақ құл аулақ жүрсін» десіп отыр.

Қодар құл ашуланып тұра келді,

Жылқыдағы ала атын ұстап мінді.

«Баяннан өзім анық білейін» деп,

Жылқыдан сегіз кісі елге келді.

Қозыке мен Баян қосылды Құдай сүйіп,

Ғашық болды Қодар құл іші күйіп.

840


850

346

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Сегіз кісі жылқыдан келе жатса,

Сарыбай алдында жүр түйе жиып.



Әлқисса, Қодардың Сарыбайға айтқан жауабы:

—Сарыбай, бейілің жаман болдың сараң,

Көп жылқыңды бақсам да күнім қараң.

Тазшамен ойнас болып жамандапты,

Күймеде Баян деген бақты қараң.

Сарыбайдың айтқан жауабы:

—Алтын күйме ішінде Баянжаным,

шашбауының шашағы қырық бір талым.

Сен тұрғанда ешкімге бере қалман,

Үндемей жылқыңды бақ, Қодаржаным.

Қодар түзден қуанып қайтып келді,

Қозыке ауылға келіп ойнап-күлді.

Қыстай жүріп далада жылқы бағып,

Жазғытұры Қодармен бірге келді.

«Мойнына Кер төбелдің тұмар тақ» деп,

шақырды Айбас құлды «отты жақ» деп.

Ауылға бие байлайды Қодар мырза,

Қозыкені шақырады «желі қақ» деп.

Қодарға күштілігін білгізеді,

Айбасты ақылменен жүргізеді.

Қодардың қол ағашын лақтырып,

Қозыке темір қазық қолыменен кіргізеді.

[Мұны көріп, Қозыкеге Қодардың берген жауабы]:

 Ақ тұзын әулиенің кен айтады,

Ақылы жоқ Қодар құл нені айтады?

—Мынау таз күшті екен, Әліжаппар, 

Аударыспақ ойналық,—деп айтады.

860


870

880


346

347


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Қозыке бұл сөзді естіп тұра келді,

Қысыр емген тел торы тайға мінді.

Торы тайға Қозыке мініп алып,

«Келсең, келе қой» деп айтады.

Баянжан тоқсан құлға көз салмады,

Қозыкеден басқаны еске алмады.

Ала атпен Қодар құл тартып еді,

Қозыке тай үстінен қозғалмады.

Қозыке бір Құдайға сиынады,

Тоқсан құл тамашаға жиылады.

Қодар құлды ала аттан тартып алып,

Тай үстінде ұршықтай үйіреді.

Қодар күліп, «ойын» деп ыржақтады,

Қозыке оң қолымен бармақтады.

—Қодыеке-ай, сенің күшің қайда жүр?,—деп,

Баладай алақандап салмақтады.

Өктім-өктім сөйлейді малды кісі,

Балуанға тұрады әлді кісі.

Сонша жерден қыз іздеп келгеннен соң,

Қолдан тиер болар ма жанды кісі?

—Антұрған, мынау тазша түпке жетті,

Мені аударып алған соң көңілі бітті.

Кісі өңгеріп ойнаған ойының құрысын,

Қу тазша, ердің қасы ішіме өтті.

Саудаға Қызылжардай қала бар ма,

Сөзінде Қозыкенің шала бар ма?!

Қодар құлды ала атқа қайтып салды,

Сол жерде тышып қойса шара барма!

Баян алтын күймеде отыр еді,

Терезеден ойынды көзі көрді.

«шырағымның мұғдары болыпты» деп,

Баян жас жағасын ұстап қуаныш қылды.

890


900

910


348

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Көп жылқы түзде жүрер сыртыменен,

Жүріпті бір Қозыке көркіменен.

Қодардың жүрегіне тигеннен соң,

Қашып жүрді жылқының шетіменен.

Сарыбай—жұрттан асқан салтанатты,

Қозыке, Баян жасырын ойнап жатты.

Орманбет би ноғайдың бір топ елі—

«Жиын бар» деп сол елге сауын айтты.

Баян мен Қозыкені Құдай қосты,

Екеуі тар күймеде отыр еді.

«Жұрттың барған асына барайын» деп,

Қозыке Баянменен ақылдасты.



[Баянның берген жауабы]:

—Асау айдап жылқыңнан қалма,—дейді,

Садағыңды беліңнен салма,—дейді.

Асқа тойған тоқсан құл мазақ қылар,

Жұрттан жалғыз жиынға барма,—дейді.

Қозыке Баян жастың тілін алды,

Сан жетпеген жылқыда жалғыз қалды.

Үйде—Баян, жылқыда—ер Қозыке,

Өзге жаннан түк қалмай асқа барды.

Не болар жұртсыз менің көрген күнім,

Сайраған көңіл ашып қызыл тілім.

Жылқыда Баянменен ол тілдес екен,

Қызыл бие баласы торы құлын.

Қақ басқа құрықпенен құлынды ұрды,

Енесіне емізбей түңілдірді.

Қозыке жылқы ішінде күн жайлатып,

шыңғыртып ноқтаменен буындырды.

Баян дауыс есітіп есікті ашты,

Құлынды көріп желіге қадам басты.

920


930

940


348

349


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Желіге жеткен жерде күн ашылып,

Алтын айдар Қозыке құшақтасты.

Екеуі құшақтасып бірге жүрді,

Күймеге ойнап-күліп бірге келді.

Құшақтасып күймеге келген жерде

Алдынан екі қатын көріп тұрды.

Екеуі төрт күн, төрт түн ойнап-күлді,

Бір күн озып жиыннан Қодар келді.

«Кешегі жылқы баққан тазшаға» деп,

Тамақ үшін әкелдік бауыр дейді.

Күймеге Қодар жылап көп келеді,

Баянды алмаймын деп жек көреді.

«Кешегі жылқы баққан тазшаға» деп,

Әпкелдім тамақ үшін өкпе дейді.

Жылқыда Айбас байғұс жалғыз жүрді,

Қодар құл тазшаны іздеп ел қыдырды.

Елден таппай ауылға келген жерде

Екі қатын «көрдік» деп жауап берді.

Қодар құл тазшаны іздеп ел қыдырды,

Елден таппай күймеге қайтып келді.

Терезеден екеуін көре салып,

«Тазша нағып жатыр?» деп зар еңіреді.

Қодар жылап, күймені үш айланды,

Кіруге Қозыкеден бата алмады.

—Бақты қара тазшамен бір жатыр,—деп,

Қодар жылап Сарыбайға жетіп барды.

Қодардың Сарыбайға айтқаны:

—Сарыбай, бейілің жаман кәпір,—дейді,

Күймеде қызың болды қатын,—дейді.

Неғып шыдап келесің, а, Сарыбай,

Бақты қараң, тазшамен жатыр,—дейді.

950


960

970


350

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР



Сарыбайдың айтқаны:

—Тілің жалған айтсаң да ере қалман,

Мезгілсіз алдауыңа көне қалман.

Жылқы бағып жүре бер, Қодар балам,

Сен тұрғанда ешкімге бере қалман.

Әлқисса Сарыбайдың қатыны Қаракөздің айтқаны: 

—Сарыбай, білемісің тоқсан құлды,

Бәрі келіп қыз үшін жұмыс қылды.

Құлға тартып сөйлеме бұрынғыдай,

Құдай қосқан Қозыке—жалғыз ұлды.

Даладан мерген кісі мылтық атсын,

Қалаға бұлды кісі бұлын сатсын.

Мал бермеген Қодарды не қыласың,

Құдай қосқан Қозыке жатса жатсын.

Сарыбай бұл сөзді естіп ашуланды,

Қодар менен екеуі үйге барды.

Сарыбай мен Қодар құл ақылдасып,

Өлтірмекке көп ноғай жиып алды.

Қаракөз Сарыбайдан сөз сұрады,

Қылған ісін жек көріп отырады.

Жалғыз қатынның әлі кімге жетсін,

Есітіп, іші күйіп отырады.

Қаракөз жан-жағына қарап алды,

Қыз үшін іші күйіп, қайғыланды.

Тамам ноғай жиылып ақылдасып,

Алтын күйме жан-жағын қамап алды.

Қодардың қылған ісі жөкіт еді,

Күймені ноғай қамап жүдетеді.

Баян жас тар күймеде қысылған соң,

Күрең аттың бір тал қылын түтетеді.

980


990

1000


350

351


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Айбас байғұс жылқыны бағып жүрді,

Сарыбайға көңілі жағып жүрді.

Бақа айғыр мен күрең бір тұрады екен,

Айбас құл оны көріп жылап тұрды.

Айбас құл қайғыланды түсі қашып,

Күрең ат Бақа айғырмен амандасып.

«Қозыкеге бір қысым болыпты» деп,

Айбас қалды жылқыда зар жыласып.

Күрең ат көп жылқыдан жүріп келді,

Қозыкенің қысылғанын біліп келді.

«Айналайын, шырағым жатыр ма?» деп,

Алтын күйме қалқалап кіріп келді.

Баянға алтын жүзік беріп кетті,

Екеуі аз күн қызық көріп кетті.

Қамап тұрған көп ноғай бата алмады,

Тал түсте атқа мініп желіп кетті.

Баян жас терезеден күңіренеді,

Қодардың қылған ісін мін көреді.

—шырағымнан бір хабар алып кел,—деп,

Асыранды торғайын жібереді.

Бозторғай Қозыкеге ұшып барды,

Хабар алып сөйлесіп қайтып ұшты.

Елге жете берген боз торғайды

Қырық бір қырғи қуалап ортаға алды.

Жақсының жүрген жері күнде сауық,

Қайырсыз бай қалады жерді қауып.

Баянның мақпал тонын ұрлап киіп,

Жеңгесі сол күні отыр сиыр сауып.

Қырық бір қырғи торғайды қуалайды,

Қанатымен жеткені уқалайды.

Баянның мақпал тонын бүркегенді,

«Мынау—әкпем екен» деп қорғалайды.

1010


1020

1030


352

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Жеңгесі қатық қылып сиыр сауды,

Баянның мақпал тонын ұрлап алды.

Баянның мақпал тонын бүркенулі,

Білдірмей жеңіменен ұстап алды.



Әлқисса, торғайы келмеген соң жеңгесінен [хабар] сұрағаны:

Торғай келер мезгілін Баян білді,

Кешігіп келмеген соң қайғы қылды.

«Торғайымнан бір хабар білдің бе?» деп,

Баян жас жеңгесінен сұрай келді.

—Жүгіріп шықсам боз үйден көйлегім кір,

Алтын айдар шекемде сегіз тал өр.

Жеңеше, қолыңдағы торғайым бер,

Өлгенше алғаныңмен екеуің жүр.

[Жеңгесінің жауабы]:

—Тілейсің торғайыңды берер біліп,

Қашайын деп жүрмісің көзің күліп.

Ардақтаған бикешім, қашып кетсең,

Сыртыңнан жүргізе ме қазақ күліп?

Баянның жауабы: 

 

—Біздерге неге күлсін білген адам,



Біздерге күлсе күлсін күлген адам.

Біз құрбылы бозбала үйленіпті,

Жүйрік аттай шұбалып өткен заман.

Жеңгесінің жауабы:

—Сұрасаң да торғайыңды бермен, бикеш,

Екі ортасы шөл дейді адам жүрмес.

Қашып сала бер сана күйеуменен,

Күйеуіңнің жатқан жерін адам білмес.

1040


1050

1060


352

353


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Баянның жауабы:

—Жұрт—уәли таппай ма жатқан жерін,

Торғайымды бермесең, қалар көңілім.

Торғайымды бермейсің өкпелетіп,

Не көңіліңді қалдырдым, жеңгем, сенің.

Жеңгесінің жауабы: 

—Тілейсің торғайды берер біліп,

Айрылдың Қозыкеден неғып жүріп?

шіркінді ұрғаным жоқ, соққаным жоқ,

Алып ем төбесінің жүнін жұлып.

Әлқисса, Баянның берген жауабы:

—Торғайымды бермесең, кінә қылдың,

Кінәні біле тұра неге қылдың?

Торғайымды бермейсің өкпелетіп,

Айналайын жеңеше, мен не қылдым?

[Жеңгесінің жауабы]:

—Жарықтығым, еш нәрсе қылғаным жоқ,

Жүнін жұлдым торғайды ұрғаным жоқ.

Несін менен көресің торғайыңды,

Өліп қалды әуелден ажалды боп.

[Баянның жауабы]:

—Тілеймін торғайымды берер біліп,

Өзім жеңгем отырған көзі күліп.

Жеңеше, қолыңдағы торғайым бер,

Үстімдегі қара тон алып киіп.

Әлқисса, жеңгесінің берген жауабы:

—Қашып барып үйленген қандай адам,

Қашты деген бикештің аты жаман.

23-0137


1070

1080


354

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Мен сырымды айтайын, бикеш, саған,

Мен берсем де, бермейді Қодар ағаң.



[Баянның жауабы]:

—Жалпайып жалынбаймын Қодарыңа,

Мен не қылдым жылқышы құлдарыңа?

Жеңешем, қолыңдағы торғайым бер,

Қолыңды бер, Қодардың өлеріне!

[Жеңгесінің жауабы]: 

—Тірі тұрар деп пе едің Қодар өлмей,

Торғайың өліп қалды тілге келмей.

Торғайыңды бермеген мен бе, бикеш,

Тынышымды алмай аулақ жүр, менен көрмей!

[Баянның жауабы]:

—Кімге айтайын торғайымды сенен көрмей,

Өліп қалды торғайым тілге келмей.

Торғайымды бермесең өкпелетіп,

Тірі жүрер деймісің біздер өлмей?

[Жеңгесінің жауабы]: 

—Бикешжан, жас басыңнан неге өлесің?

Жастай өлсең, жас басыңнан не көресің.

Ардақтаған бикешім, өліп кетсең,

Азды-көпті күнәні көтересің.

Мінгені Қозыкенің Көк төбел-ді,

Астық ішкен Түркістан тоқ деп еді.

Өңге жүнін жұлғанда үндемеді,

Төбе жүнін жұлғанда «шоқ» деп өлді.

Қойшылар ертең өрер қойыменен,

Баян сұлу көрінер бойыменен.

Тамам ноғай таба алмай отырғанда,

Әліжаппар құл тапты ойыменен.

1090


1100



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет