Мұра меМлекеттік бАғдАрламасын іске Асыру ЖӨніндеГі ҚоғАМдыҚ кеңестің ҚұрАМы бАбАлАр сӨзі жүз томдық Ғашықтық жырлар 54 том



Pdf көрінісі
бет12/22
Дата21.01.2017
өлшемі2,15 Mb.
#2365
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

Өлеңтінің бойына жеткен жерде,

Көп қой жайған қойшыға жолығыпты.

Қойшыға жөнін айтпай жүре берді,

Есіктен жан демей ме, неғып келді.

«Енді күйеу кәдесін қылалық» деп,

Қозыкені далаға түсіреді енді.

Қозыке күйеу болып түзде қалды, 

Баян сұлу жарқылдап үйге барды. 

«Қызың келіп тұр» деген дауысынан,

Қаракөз қуанғаннан талып қалды.

Құдайдың құп тамаша құдіретін көр, 

Жұрт үйіріліп, таң қалып қарасып тұр. 

«Өлмегенге қара жер» деген осы, 

Сарыбай жылаған боп еңкілдеп жүр.

Жұрт білді Қозы Көрпеш—Баян атын,

Қолында жүзігі бар қызыл алтын.

Аман-есен келген соң қуаныш қып,

Алдынан шатыр тікті қырық бір қатын.

Күйеу, қызы жоқтан бар болып келді, 

Төрт күн, төрт түн жұрт жиып тойын қылды. 

Торғайға қастық қылған жау жеңгесі, 

ұзатқанша жасырынып үйде отырды.

Ғашық қылған бұларды Құдай сүйіп, 

Бірнеше жыл бейнетпен жүрді күйіп. 

Ақ неке пайғамбардың адалдығы—

Екеуін жаңа қосты неке қиып.

1430


1440

1450


1460

222

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Ақ шатыр айдалада жалғыз тұрды, 

Ал шымылдық пердесін үйге құрды. 

Бәріде бұрынғының босқа жүріс,

Қызығын ерлі-байлы жаңа көрді.

Айбас құл хабар таппай елге келді, 

шатырды анадайдан көзі көрді. 

шатырдың есігінен қарай салып, 

«Өңім бе, түсім бе?» деп жылай берді.

Қозыкең ұшып орнынан түрекелді, 

Көрісіп, құшақтасып көңіл тынды.

Баян бір күн күймеде ұйықтап жатса, 

Түсіне Мамабике кемпір кірді.

Сол күні ай қараңғы түн болыпты,

Ғашықтар жалған емес шын болыпты. 

Айырылып жалғызынан қалғаннан соң, 

шешесі тезек теріп, күң болыпты.

Тоқсан құлдың бастығы Жидебай-ды, 

Құлдың қылған ісіне кім шыдайды? 

Енесі Баян жастың түсіне еніп,

Құлға күң болдым деп зар жылайды.

—Қарағым, мені есіңе салма,—дейді, 

Дұшпанның өсегіне нанба,—дейді. 

Құдайдан тілеп алған екі көзім, 

Мен байғұсқа көрер күн бар ма,—дейді.

Баян жылап күймеден түрегелді, 

Қозыкенің қасына жетіп келді. 

—шырағым, қайдан туып, қайдан түстің, 

Біз көргендей ел жұртың бар ма?—дейді.



Сонда Қозыке айтады:

—Бойыңнан шайтан қашар Алла десең, 

Жаһаннамға кетерсің харам жесең. 

1470


1480

1490


222

223


ҚОЗы  КӨРПЕш

Екеуімізге қуанып әкем өлген, 

Зар жылап қалып еді жалғыз шешем.

Қайғысын ұзын жолдың сарт көреді, 

Танымаған кісіні жат көреді. 

«Енді бізді ел-жұртқа ұзатсын»,—деп, 

Баян жас әкесіне хат береді.

Сарыбай жері алыс деп қайғырады, 

Қаракөз ұзатуға ой қылады. 

шідерті де Бақа айғыр шідер үзген, 

Өлеңті де өлең айтып той қылады.

Ғаділ болса бұзылмас ханның тағы, 

Ақынның топта сөйлер тіл мен жағы. 

Өлеңтінің Ақжар деген бір жері бар, 

Сарыбайдың той қылған жерошағы.

Қырық күн Құдай қалап тамаша етті, 

Қырық қара нар арттырып қыз жөнелтті. 

«шырағым жұрттан жалғыз бармасын» деп, 

Қырық құл, қырық күң нөкер қып қасына ертті.

Қырық құл, қырық күң нөкерді қасына ертті, 

Малды үйірлеп айдатып көш жөнелтті. 

Өлеңтінің бойынан шыққан күні

Айбас пенен Қозыке озып кетті.

Баян жас ауыр жүкпен кейін қалды, 

 Айбас пенен Қозыке озып барды.

«Қарабай елі Жұпардың қорығында»

Деп естіп солай қарап бұлар салды.

Базардан бақша-бақша без келеді, 

Бір пәле бейнеттіге кез келеді. 

Екеуі арып-шаршап, аңсап-сусап, 

Қойшыға көп қой жайған кез келеді.

1500


1510

1520


224

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Екі жігіт қойшыға жетіп барды:

—Бұ қай елдің қойы?—деп сұрап қанды.

—Кімдікі деп айтайын мен сендерге, 

Иесіз бағып жүрміз арам малды.



Қозыке айтады:

—Қалай-қалай сөйлейсің, қойшы жаным, 

Мұңды шерің Құдайға болсын мәлім. 

Біздер үйден шыққалы көп жыл болды, 

Иесіз бағып едің кімнің малын?

Қойшы айтады:

—Жаратқан сиынамыз бір Құдайға,

Жылаймыз әуедегі күн мен айға. 

Қозыке қыршын жаста жоқ боп кеткен, 

Қалған дәулет қор болды Жидебайға.

Қойшыдан елдің жөнін сұрап білді, 

Үйіне қонақ болып тура келді.

—Жолаушы, алыс жолдың кісісіміз, 

Кім бар-ау, тысқа шығып сөйлес,—деді.

Сонда  Жидебай  кемпірге  ақырады  дейді:  «Тұр  жылдам, 

шығып қонаққа сөйлес»,—деп.

—шұнақ күң, қолыңды отқа тықшы,—деді, 

ұятты кісі болса бұқшы,—деді. 

Үй артында келіп тұр екі қонақ,

Кім екенін біліп кел, шықшы,—дейді.

Қозыке амал қылды ғақыл ойлап, 

Жеткізді шешесіне Құдай айдап. 

Үйден шыққан шешесін тани салып, 

Үйге кіре бастады атын байлап.

Байларға күнде қонақ көп келеді, 

Жөнсіз қонақ келгенін жек көреді. 

1530


1540

224

225


ҚОЗы  КӨРПЕш

«Қарны ашқан екі қонақ бір тойсын» деп, 

Екеуіне үш табақ ет береді.

Айбас құл елін танып күлімдейді, 

Қозыке келген жерден білінбейді. 

«Жүдеген мұңды кемпір, бір тойшы»,—деп, 

Үш табақ еттің бәрін соған берді.

Жидебай айтады:

—Қонақ, саған не болды қара басып, 

Жалы асты мен бердім қазанға асып.

Жалғызынан айырылған мұндар күңге 

Неге тамақ бересің жаның ашып?!

—Екеуміз мылтық атқан мерген едік, 

Үйіңе қонақ бола келген едік.

Мұңлыға неге жаның ашымайсың,

Жалғызын қайынындағы көрген едік.

—Үш табақпен мен бердім етті салып, 

Жақсы қонақ екен деп жолың танып. 

Қодар атып сүйегі қурап қалған,

Не қыласың шіркінді ауызға алып!

Сонда бұлар айтады:

—Құл болсаң жылқы бағып жатар едің,

Би болсаң жұртқа кеңес айтар едің. 

Жағаңды ұстап тәубә қыл, Жидебайым, 

Жалғызы келіп қалса қайтер едің? 

Жидебай айтады: 

—Әділ болсаң, жұртыңның қамын жерсің, 

Қонақ сыйлап жөнелтсем, мырза дерсің. 

Қодар атып сүйегі қурап қалған, 

Өлген кісі тіріліп қайдан келсін!

15-0137


1550

1560


1570

226

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР



Сонда бұлар айтады:

—Қарап тұрсаң адамға адам ұқсар, 

Ит жегенін аузынан қайта құсар.

Өлген кісі тіріліп келмегенмен,

Жарай ма айтшы шын болғаның тұзға тышар.

Жидебай айтады:

—Өткен сөзді қозғама қайта бастап, 

Жүрген-тұрған жеріңді тұрмай ластап, 

Біріне болсын обалы жалғызына,

Ақ сүт берген анасын кеткен тастап.

Сонда бұлар айтады: 

—Дәм айдаса бармайды қайда кісі, 

Өз жанына қыла ма пайда кісі?

Бір күнгі тойғандықтың мастығынан, 

Демесін, қой не болса, Хақтың ісі. 

Жидебай айтады:

—Ден қоялық қонағым саған неғып, 

Өкпелерсің нанбасам, көңілің қалып. 

Құр бос сөзден дәнеңе өнбейтұғын, 

Тыныштық қыл тамағыңа тойып алып.

Айтпай кетсем барады көп сөз қалып, 

Білген-сезген ешкім жоқ әлі танып. 

Қонақ жолы қиын деп күтіп сыйлап, 

Төр алдына жатқызды төсек салып.

Кемпір отты саулатып жағып отыр, 

Жасы саулап көзінен ағып отыр. 

Адам шыдар іс емес естігенге, 

Қалай шыдап осылар неғып отыр.

Тоқсан құлдың Жидебай басы дейді, 

Бір тиылар көзімнің жасы дейді. 

1580


1590

226

227


ҚОЗы  КӨРПЕш

—Сендей шешем үйімде қалып еді,

Кел, арқамды, шешеке, қасы,—дейді.

Төр алдына жығылды әрең жетіп, 

Әл-дәрмені таусылған түгел бітіп. 

Арқадағы түймедей меңін көріп, 

Бір «аһ» ұрып жығылды есі кетіп.

Бұлар тұрып кемпірге бір су шашты, 

Кемпір жиып сонда есін, көзін ашты. 

Алтын айдар белгісін көріп қалып, 

Тұра сала бас салып құшақтасты.

«Өлді» деген жалғызын тірі көріп, 

Жаңа өлгені тіріліп, өшкені өніп. 

Кемпір зары дүниені кезіп кетті, 

Қардай болып бұзылған тау-тас еріп.

Айғайымен жылады жұрттың бәрі,

Түн ішінде түп-түгел жас пен кәрі. 

шаңқылдаған бүркіттей тау жаңғырығып, 

Жұрт ұйқысын қашырды кемпір зары.

Айбас сорлы сыбырлап тілін безеп, 

Қозыке отыр құр жылап бойын тежеп. 

шаршау да жоқ кемпірде қою да жоқ, 

Екеуіне көрісіп кезек-кезек.

Ашқан қарын болды ғой жап-жаңа тоқ, 

«Қызған кезде,—мақал бар,—темірді соқ». 

Бәрі жатыр жан біткен жабырласып, 

Бар білгенім жалғыз-ақ Жидебай жоқ.

Осы арада енді бір алайық дем, 

Мұңлы сөзі мұңлының дертіне ем. 

Көрінбеген бойымен кете барсын, 

Жидебайды керек қып іздесін кім?

1600


1610

1620


228

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Қозыке ел-жұртын бір түңілдірді, 

Құдай мұнан шеберлік сыр білдірді.

Бір желі қып байлатып боз биені, 

Соныменен шешесін шомылдырды.

Бізге күмән әр нәрсе Аллаға аян, 

Зекеті жоқ мал болар жылан-шаян. 

Құл-күңімен келіпті ырғап-жырғап, 

Көп кешікпей соңынан сұлу Баян.

Кейінгіге қалдырған айтып жатқа, 

Соның үшін жазылды мұны хатқа. 

Мұндай сөзді дүниеге өрнек қылған,

О да жетсін деңіздер бір мұратқа.

Жан туар ма жаралып бұлар сынды, 

Қозыке мен Баянның көңілі тынды. 

«Бізді қойсын, Құдайға құл болсын» деп, 

Құл мен күңнің бәрін де азат қылды.

Үлкен шүлен той берді жұртын жиып, 

Үлестіріп жалғанды көзі қиып. 

Құл мен күңді жұрт қылды өз алдына, 

Бір-бірін адалдасып неке қиып.

Үйір-үйір қысырақ көп маталды, 

Үлестіріп қалғанын бұл бата алды.

Бір кедей жоқ, теп-тегіс бай боп бәрі,

Қарабай, Сарыбайдың елі атанды.

Дүниені кім тегістеп түгел етті, 

Жалғанды керек қылмай солайша етті. 

Бәрі өтіп жан біткеннің, нәубет жетіп, 

Санаулы отыз бір жыл о да бітті.

Бабай Түкті шашты Әзіз түске кірді, 

«Талақ қылып таста,—деп,—сен бұл жерді. 

Аягөздің бойына барасың»,—деп, 

Қозыке мен Баянға аян берді.

1630

1640


1650

1660


228

229


ҚОЗы  КӨРПЕш

Әулиелер түсіне кірді дейді, 

Жер тамырын періште түйді дейді. 

Жан ертпестен қасына сонда екеуі,

Аягөзге бет алып жүрді дейді.

Қонған, түскен жерлері болып бұлақ,

Жаныменен жарқылдап қос шамшырақ. 

Жер арасы оларға болып жақын, 

Бұл күндерде болғанмен бізге жырақ.

Бірнеше күн арада түндер өтіп,

Бары-жоғы жалғанның естен кетіп.

Тағы Баян зарланып жалғыз қалды,

Жерге жетіп бұйрықты Қозыке өтіп.

Баян жылап зарланып отырады,

Жердің жүзі мал менен жанға толды. 

Іздегені су болып сусап, шаңқап,

Жер қайысқан бір қалың керуен келді.

Баян көріп керуенді шат болады,

Жақсыға арзан, жаманға жат болады. 

О шеті мен дүниенің бұ шетіне 

Көбінесе жүретұғын сарт болады.

Аударыла көп керуен аттан түсті, 

Көрмей ешкім кете алмас жазулы істі. 

Баян көркі дойбының тасы болды,

Бұлар тағы ұтқызды ақыл есті.

Керуен енді бұл суға қонар болды,

Таусылмайтын бір өзен сонар болды. 

Өліп жатқан сабазбен ісі де жоқ, 

Баян жасты көрумен құмар болды.

Несіне ғаріплайды бәрі басты, 

Мұндай сұлу ұрғашы табылмас-ты.

Сарт болған соң саудасыз бола ма айтшы? 

Алу жағын ыңғайлап саудаласты.

1670


1680

1690


230

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Баян айтты:—Жамағат, құлағың сал, 

Жабдығына өліктің жаратып мал. 

Тастан тамды орнатып бұзылмастай,

Қайсың алсаң, ал мені, сонан соң ал.

«Бәлі, сөз» деп бәрі де шуылдасты, 

Абдыраның аямай аузын ашты. 

Үлде менен бүлдеге орап шырмап, 

Қадірледі құрмет қып асыл тасты.

Әрбір сарттың отыз-қырық жолдасы бар,

Іш ағасы ішінде қол басы бар. 

шаңырақтай сәлдесін орап алған, 

Жаназа ондап оқитын молласы бар.

Өлікті таза жуып, көмді жайлап,

Қуанып бәрінде ес жоқ «иә, Құдайлап». 

Баянның көңілін ырза қылу үшін, 

Керуендер үй тұрғызды тастан сайлап.

Біреудің іс, біреудің достасы бар, 

Әркімнің бір замандас тұстасы бар. 

Дүниенің ұқсатуын әбден білген 

Не түрлі жалақтаған ұстасы бар.

Жабылып жан қалмастан біткен адам, 

Бәрінің көңілінде бар «қайтсем, алам». 

Қиямет-қайымға шейін бұзылмастай,

Болсын деп шын ықыласпен қылды тамам.

Қуанып Баян отыр көңілі толып, 

Көңіліне қылған жұмыс әбден қонып. 

Бітіріп, «болдық» десіп келді дейді, 

Бәрі де «аламыз» деп іңкәр болып.



Сонда Баян Сұлу айтады:

—Халайық, ризамын келгеніңе, 

Бір белгі тұрғыздыңыз өлгеніме. 

1700


1710

1720


230

231


ҚОЗы  КӨРПЕш

Баян айтты:—Жамағат, құлағың сал, 

Жабдығына өліктің жаратып мал. 

Тастан тамды орнатып бұзылмастай,

Қайсың алсаң, ал мені, сонан соң ал.

«Бәлі, сөз» деп бәрі де шуылдасты, 

Абдыраның аямай аузын ашты. 

Үлде менен бүлдеге орап шырмап, 

Қадірледі құрмет қып асыл тасты.

Әрбір сарттың отыз-қырық жолдасы бар,

Іш ағасы ішінде қол басы бар. 

шаңырақтай сәлдесін орап алған, 

Жаназа ондап оқитын молласы бар.

Өлікті таза жуып, көмді жайлап,

Қуанып бәрінде ес жоқ «иә, Құдайлап». 

Баянның көңілін ырза қылу үшін, 

Керуендер үй тұрғызды тастан сайлап.

Біреудің іс, біреудің достасы бар, 

Әркімнің бір замандас тұстасы бар. 

Дүниенің ұқсатуын әбден білген 

Не түрлі жалақтаған ұстасы бар.

Жабылып жан қалмастан біткен адам, 

Бәрінің көңілінде бар «қайтсем, алам». 

Қиямет-қайымға шейін бұзылмастай,

Болсын деп шын ықыласпен қылды тамам.

Қуанып Баян отыр көңілі толып, 

Көңіліне қылған жұмыс әбден қонып. 

Бітіріп, «болдық» десіп келді дейді, 

Бәрі де «аламыз» деп іңкәр болып.

Сонда Баян Сұлу айтады:

—Халайық, ризамын келгеніңе, 

Бір белгі тұрғыздыңыз өлгеніме. 

Үлессем, бәріңізге мүшем жетпес, 

Тиемін хақылың артық жеңгеніңе.

Айтарлыққа бұл сөзі жарасады, 

Бір-біріне қиыспай қарасады.

Біреуге-біреу көңілін неге берсін, 

«Мен алам, мен алам» деп таласады.

Бірін-бірі енді жек көріседі, 

Өзді-өзімен араз боп керіседі. 

«Мен тұрғанда сен қалай аласың?» деп, 

Жұдырақтап ауызға періседі.

Мұнда қалды бас салып жұдырықтасу, 

Оңай емес біреуден біреу асу. 

Ғақыл естен тап-таза айырылған соң, 

Төбелеспей басылмас мұндай ашу.

Тамам керуен шулығып жиылады, 

Қылыштасып желкелері қиылады. 

Бірін-бірі аяспай ұрып жығып, 

Төбелесіп өзді-өзі қырылады.

Керуен біткен өзді-өзі таяқтасып, 

Бірін-бірі жатыпты аяқтасып. 

Үш-ақ кісі қалыпты сонша жаннан, 

Олжа көріп өз басын алып қашып.

Жақсы адам әр нәрсені өнер қылған, 

Сонан бері қанша өтті ай мен жылдан. 

Үш кісі үш ру елге қашып барып, 

Сол екен Қозыкені өлең қылған.

Қозыке мен Баянның болған шағы, 

Бәйшешектей қуарып солған шағы.

Қозыке өлген жерінде Баян да өлген, 

Әркімнің сондай болсын алған жары.

1730


1740

1750


232

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Дүниеден бұл күйімен бұлар кетіп, 

Міне тұр әңгімесі бізге жетіп. 

Қарабай, Сарыбайдың ауыр елі,

Ертістен арман қарай кетіпті өтіп.

Қонысы Сарыарқадан келген ауып, 

Қазақты жүрген кезде қалмақ шауып. 

Жеті қабат мұжықтың ар жағында

Аласың іздегенің сонан тауып.

Әңгіме жұрт аузында алып қашқан, 

Жазу жоқ бұл қазақта тасқа басқан.

Ақын шөже айтқаннан естіп едім, 

Күнімде тоғыз жасқа аяқ басқан.

Жыл өтті сонан бері қырықтан асып, 

Елуге бізде тұрмыз аяқ басып. 

Қатасын білген жандар түзетіңдер, 

Бар болса қалған жері мидан қашып.

1760

1788


шешендер білген сөзін көлдетіпті,

Сөз бастап бұрынғыдан тербетіпті.

Кешегі о бірқатар заманында,

Қарабай хан, Сарыбай бай өтіпті.

Кемел ақын келтірер сөздің нұрын,

Оған да заман өткен бір ықылым.

Қарабай хан, Сарыбай өткен екен,

Олар да о бірқатар бізден бұрын.

Солар да көп сөз болған өткен жандар,

Мінеки, құлақ қойып сөзді аңлаңдар.

Аз ауыл қарашысы халқыменен,

Қарабайдың тоқсан мың жылқысы бар.

Әңгіме солар болған бірталай кеп,

Басында Құдай берген дәулеті көп.

Жылқы айдаған тоқсан мың бай болса да,

Үйінде сайманы жоқ бойына еп.

Сексен үш жасқа келген сол күнінде,

Сүйер оның бір жалғыз перзенті жоқ.

Оның тегін кім десе айтады екен,

Бұрынғы өлеңшілер түрікпен деп.

Нәсілі Сарыбайдың ноғайлы емес,

Оның тегі «құндыкер, құбаң жұрт» деп.

шалқар дәулет, шағын бас Құдай беріп,

Азын-аулақ қасына қарашы еріп.

Қозы Көрпеш–Баян қыз

(Г.Н. Потанин нұсқасы)

10

20



234

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Сол екі бай елінен ауған екен,

Туысқан-туғанынан зорлық көріп.

Қаша-қаша бірталай жерге келді,

Һәм түрі өзге жұрттан бөлек еді,

Су аяғы—Құрдымды жайлап жатқан,

Бір Балталы дейтұғын елге келді.

Балталының бір биі Тайлақ еді,

Қасында жүз кісімен келіп еді.

Әуелі Қарабайға кездей келсе,

Сонша ауыр дәулетінен түк бермеді.

Сонан соң Сарыбай байға барып түссе,

Бәрін де сый-сияпатпен жөнелтеді.

Еліне барды Тайлақ кеңесті енді:

—Мына Сарыбай тегін жан емес,—деді.

Көптің сөзі бір жерге құйылды да,

Сарыбайды хан қылып, тізгін берді.

Жақсының шарапаты көпке тиген,

Қарабай да бір тайпа ел билеп еді.

Қарабай аң аулаудан ерінбейді,

Көзіне сол тоқсан мың көрінбейді.

шыршы деген бір тауға аңға келсе,

Атуына ешбір аң кез келмейді.

Кешке таман бір жерде келе жатып,

Бір маралды жатықта көрді дейді.

Аң көріп аңдаусыздан қалды сасып,

Атқанша сасып жүріп білте басып.

Онан-мұнан қалбаңдап қарап жүрсе,

Мұны көріп сол марал кетті қашып.

Байғұсты аңқұмарлық тентіретті,

«Әттеген-ай, арманда болдым» депті.

«Қап, бәлем, ертең түсте атармын» деп,

Қаңтарып Аққайыңын, жата кетті.

30

40

50



234

235


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

Сарыбай да аңға құмар адам еді,

Ол да таңнан сол тауға аңға келді.

Бір жанға ат қаңтарған кездей болып,

Сөйлескелі ат басын бұрды-ай енді.

—Жатырсың түске дейін ат қаңтартып,

Үмітсіз бұл жалғаннан кімсің?—дейді.

—Көңілімді мың мен санға баламаймын,

Пенденің елігіне жарамаймын.

Сексен үшке келгенше баласы жоқ,

Бір Құдай Тағалам қаңғыртқан Қарабаймын.

шошып қалды Сарыбай «Құдая» деп,

Налысын Қарабайдың көрмеді еп.

—Қареке, неге айтасың ондай сөзді?

Үмітсіз болма Алладан, қазынасы көп.

—Жарқыным, жасы жеткен қызық көрмес,

Аллаға екі тілеу жүрген емес.

Мал сұрап ем Тәңірден, оны берді,

Үстіне қартайғанда перзент бермес.

—Хақ Алланың ісіне налымаймын,

Және айтып асылық сөз жарымаймын.

Жетпіс беске келгенше баласы жоқ,

Мен де өзіңдей бейшара—Сарыбаймын.

—Өтіпті бізден бұрын талай жандар,

Сендей күнде уайым қылмағандар.

Сексен үште жасы бар мені айт, балам,

Сенің әлі алдыңда тілеуің бар.

—Қареке, заманында сен де бір ер,

Жапан түзде кез қылды Пәруардігер.

Сегіз-ақ жас үлкенсің ойлап тұрсам,

Жетпіс бес сексен үшпен қарайлас жер.

—Екеуміз осы аздықтан елден кеттік,

ызадан қаңғып талай жерге жеттік.

60

70



80

236

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Мал айдап, бас көрмеген сорлы екенбіз,

Кел, дос болсақ қайтеді қияметтік?!

Дос болды жапан түзде бек сөйлесіп,

Қайғы-мұңын екеуі көп сөйлесіп.

Ақыреттік достыққа серт айтысты,

Жалаңаш құшақтасып, Құдай десіп.

—Алланың әміріне көніселік,

Рахым қып, бала берсе, көріселік.

ұл туып, қыз туғандай заман болса,

Қалыңмалсыз уәде қып беріселік.

—Мұнымыз кейінгіге сана болсын,

Қай сөзі шын сертінің шала болсын.

Екеумізден ұл туар заман болса,

Ол да біздей достасқан бала болсын.

—Қарабай шал, қартайған мені көрші ,

Бек сөйлескен серт айтып достым деші.

Кеше кеткен бір марал ыза қылып,

ұзамай жатқан шығар, атып берші?!

—Не болды соны сөз деп, достым, саған,

Әлім келмес деймісің менің оған.

Кез келген бұйрықты аңды қоюшы емес,

Мылтығым алты қарыс, көрсет маған!

—Дейсің бе аң кез келмес, уәде берсең,

Сүйтсе де кешегіден аш жүрмін мен.

Алдыңдағы түбекте жүрген шығар,

Байқа, жаным, бойыңды шалдырма сен!

—Мынауың әңгіме емес менің жолар,

Атармыз, аң кез болар, көңіл толар.

Маралың буаз екен, бата алмадым,

Келінің екі қабат, кесел болар.

90

100


110

236

237


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

—Уайым неге айтасың ақырзаман,

«Атпаймын» деген сөзің тым-ақ жаман.

Не көрсем мен көрейін, атып берші,

Жазасы ақыретте болсын маған.

Сарыбай тұрды сөзін мақұлдамай,

ыңғайланып мылтыққа оғын салмай.

«Талай аң мұнан басқа кез болар» деп,

Обалсынып тұрады қолы бармай.

—Енді балам, сертіңе жетпедің бе?

Дүниеден екі сөзбен өткенің бе?

Кез келген бұйрықты аңды менен аяп,

Достықтан шыныменен кеткенің бе?!

Мінезін Қарабайдың Құдай алды,

[Сарыбай] мылтығына оғын салды.

Бетіне алып маралды тарс қойғанда,

[Бос] кетсін бе, ұрудан құлап қалды.

Қасында Сарыбайды ескерген жоқ,

Қарабай қарбаң қағып жетіп барды.

Арбаң-құрбаң аптығып солақай шал,

«Бісмілләсіз» маралдың ішін жарды.

Қарабай қартайса да тым-ақ мықты,

Қартайғанша білмейді алалдықты.

Жарған пышақ денеге жазым тиіп,

Ішінен егіз қодық мөңіреп шықты.

Мақтанды «[қатарыммен] бірдеймін деп, 

Һешқашан жолым болмай жүрмеймін» деп.

Тыпырлатып қодықты бауыздайды, 

«Сілікпелеп үйге апарып бір жеймін» деп.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет