Мұра меМлекеттік бАғдАрламасын іске Асыру ЖӨніндеГі ҚоғАМдыҚ кеңестің ҚұрАМы бАбАлАр сӨзі жүз томдық Ғашықтық жырлар 54 том



Pdf көрінісі
бет15/22
Дата21.01.2017
өлшемі2,15 Mb.
#2365
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

Құлағым керең болсын есітпеген,

«Қайын» деген, қайта айтшы, немене сөз?

—Тіліне Тайлақ бидің ермеймін деп,

Зорлығын Балталының көрмеймін деп.

Сенің атаң—Қарабай өрге қашқан,

«Жетім ұлға Баянды бермеймін» деп.

1170

1180


1190

270

271


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

—Астыңда Тайкөк дүлдүл желген шығар,

Барсаң, көзің бәрін де көрген шығар.

Көріп-біліп мәнісін келсең мұнда,

Бір тоғыз сәлемдеме берген шығар?

—шырағым, барып едім сөзге жетіп,

Тайкөкті қарыштаттым мен де еңіретіп.

Тоғыз берген кінәм жоқ келініме,

Түсіп қалды бір құлдың ызасы өтіп.

—Бір тоғыз сәлемдеме бермеді ме,

Берсе оны көзіңіз көрмеді ме?

Бір тоғызды бергені рас болса,

шіркіннің бір белгісі келмеді ме?!

—Қайын атаң Қарабай бейілі тар,

Қодар, тоқсан дейтұғын бір анты бар.

[Назырқамай] сен бала алсаң мұны,

Алтын тон мен бір бешпет, жүзігі бар.

Алтын тон, бешпет пенен жүзік келді,

Белгінің келгеніне көңілі сенді.

«Маған Тайлақ батасын берсін-ай» деп,

Алтын тонын сыйытқа жібереді.

—Ақ күмістей жарқылдап оның мойны,

Бұл дүниенің бейісі һәр ойыны.

Тал шыбықтай бұралған сұлу Баян,

Іздеусіз иен қайтіп жатар қойны.

Әз бойынан таппадым теңгедей мін,

Көрмеген жаным екен, көңілім тойды.

«Тарс қойған соң, тайсанба» дегендейін,

Көрген-білген бар сырын айтып қойды.

Қозыке келді үйіне беті терлеп,

шешесін шақырады:—Жақын кел,—деп.

Ант бергендей анасын алқымға алды,

—Менің жарым кім еді, айта көр,—деп.

1200


1210

1220


272

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Түйеге сымбал тартқан теңдей болсын,

Суға аққан мұз бұзылып сеңдей болсын.

Жөнін жөндеп, мәнісін айтқан қазақ

Жыртулы екі беті мендей болсын.

—Ат мініп қырбат балаң желмей ме екен,

Ер жігіт жол азабын көрмей ме екен!

Жаман жора бастайсың неге ұлыңа,

Баласы үй ұзатып келмей ме екен?!

—Көңілімді жұбаттың, соныңа деп,

Бозқасқаны айтады «жолына» деп. 

Келмессің деп қорқамын, жалғыз сорлы,

Батыр Қодар шығыпты сорыңа,—деп.

—Ажалым қайда жетсе, сонда өлермін,

Әйтпесе, бір қызық жол мен көрермін.

Тәңірім кесел қылмаса қайратыма,

Неғылып жүз Қодарға бой берермін?!

—Білемін сендей болмас Қодар күші,

Ол сол елді меншіктеп алған кісі.

Қанша мықты болсаң да, сен жалғызсың,

Қорқынышсыз бола ма көптің ісі?!

—Қодарлық болса дағы сол жатқан ел,

Бір Аллаға қылғанмын мен тәуекел.

Ажалдан қашып пенде құтыла ма,

Тағдырға не де болса байладым бел!

—Білемін мінезіңді сен бір шоқсың,

Көзіме, туып, сен де күйік бопсың.

Түсімнен шошығанмын, мен, әйтеуір,

Жалғызым, тірілікте маған жоқсың.

 Қайтейін ақылыңды жастық жеңген,

Не қылса да бір хабар саған келген.

Құйрығы жоқ, жалы жоқ жалғыз қылып,

Күйігін тартқызбаққа Тәңірім берген.

1230

1240


1250

1260


272

273


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

Жалғызым, бұл сапардан қалсаң не етер, 

Көзіңді мен сорлыға салсаң не етер? 

Куартып мен бейбақты тастап кетпей, 

Таңдап сұлу осы елден алсаң не етер?!

—Тұрса да неше жүз мың алдымда оқ, 

Тартынып бұл сапардан қалуым жоқ.

Бар сұлуын дүниенің әпкелсең де, 

Бір жарымдай болмайды көңілім тоқ.

Шешесі:

—Бастаған ақтылы қой көсем серкеш, 

Сарыбайдың жалғызы Қозы Көрпеш. 

Өзің біліп қойыпсың, сенің жарың—

Қызы еді Қарабайдың Баян еркеш.

Бастаған ақтылы қой көсем серкеш, 

Кызы еді Қарабайдың Баян еркеш.

Сансыз жылқың, сан қойың қалды артыңда, 

Кімге тастап кетесің, Қозы Көрпеш?

Қозы:

—Бастаған ақтылы қой көсем серкеш, 

Қызы ма Қарабайдың Баян еркеш?

Сансыз жылқы, сан қой деп несін айттың, 

Бір түнде қырылса да, керек емес.

Шешесі:

—Қарасам, қажымайсың барлап-барлап, 

Қалмай ма, сен кеткен соң анаң зарлап?

Сүйері, сүйенері жалғызы едің,

Оны кімге тапсырдың әдейі арнап?

Қозы:

—Қозының атқа мініп жүрер шағы, 

Қиын-ды не десең де тоқтамағы.

Кетпесін деп айтасыз соның бәрін, 

Бір Тәңірге тапсырдым сізді дағы.

18-0137


1270

1280


274

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР



Шешесі:

—Жалғызым, бұл барғаннан, қос барғайсың, 

Екі тізгін қолыңда бос барғайсың. 

Құдайың аман сақтап, жолың болса, 

Көп сарғайтпай шешеңді еске алғайсың.

Қозы:

—Апырмай, мына жұрттың көңілі тар,

Бәрінің тоқтатпаққа ниеті бар.

Мен жүрмей бұл сапардан тоқтамаймын,

Ер Айбас, мінуіме қай ат жарар!?

Айбас:

—Жылқыңды көп байқадым ерте-кешті,

Бірін жүйрік, біреуін берік десті.

шыққыр көзім шықпаса сол жарайды,

Дейтұғын бір атың бар Күрең бесті.

Жылқыдан бір Күреңді алып келді,

Ерттеп дайын сапарға қылады енді.

«Арыздасып, қоштасып қаламыз» деп,

Басы Тайлақ, ел-жұрты жүрді енді.

—Айтар сөзім бар, Тайлақ биім, саған,

Қайғымды ескертпеп ең жетім қалған.

Сапарымды тоқтатам дей көрмеңіз,

Құлдық, ата, көңілің қалар маған.

—Қарағым, қайратыңа көңілім еріп,

Мен келдім қалайын деп сені көріп.

Тоқтатар деп ойлама сапарыңды,

Амандасып қаламын, бата беріп.

—Ендеше, батыр Тайлақ, ал тоқтай қал,

Артымда қалды иесіз есепсіз мал.

Ескерусіз, жоқтаусыз тозып кетер,

Бәрін бүгін есептеп қолыңызға ал.

1290


1300

1310


274

275


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

Жалғыздан тірі айырылған шешем қалды,

Тапсырдым көзіңіздің, сіз, қырын сал.

Көрді де жиылған көп әлеуметті,

Қоштасып, амандасып жұртты еңіретті.

—Бәріңіз мені қимай жиылыпсыз,

Үлкен-кіші, көбіңе құлдық,—депті, 

Жалпы аман бол, жамағат елі-жұртым,— 

Деді де, батыр Қозы жүріп кетті.

Ең соңында ер Тайлақ ұстап алды,

шешесі мен екеуі ортаға алды.

Қанша айтқан сөз құлаққа енер емес,

Қайыспас қаса болат майталман-ды.

Амал жоқ оңды-солды сүйді дағы,

Екеуі бата беріп тұрып қалды.

Қайыспай Қозы Көрпеш кетті сері,

Қойдай маңырап артында қалды елі.

Басында Құдай артық жаратқан жан,

Тұқымы құрығандай болған жері.

Қайыспай кетті Қозы қатты дінді,

Артында жұрт шуылдап салады үнді.

Ханым талып, мың сан жан шулағанда,

Құдайдың құдіретімен жер сілкінді.

Суылдатып Күреңмен Қозы кетті,

Уайым, ойламайды, қайғы тіпті.

«Қосшы болып мен бірге барамын» деп

Сыдыртып Тайкөкпенен Айбас кепті.

—Айбас-ай, мен жалғыз ба? Сенсің ағам,

Сан кісіден артық-ты сенің бағаң.

Екеуміз бірдей кетсек келіспес-ті,

Тапсырдым мал, басымды, батыр, саған.

—Бұл елде батыр Тайлақ би емес пе,

Бәрі де мал, басыңа ие емес пе?

1320


1330

1340


276

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Көріп келген жерім ғой тура бастап,

Сені ертіп апарғаным жөн емес пе?

—Айбас-ау, мені өзіңнен кем дейсің бе?

Менің сен қайратыма сенбейсің бе?

Сен тапқан ел табылар маған дағы,

Жетектетіп жүргенім жөн дейсің бе?!

«Қалыпсыз қайрат берді саған Құдай,—

Деп ұқтырды,—қайны атаң ауылы былай».

Үш жүзікті тапсырып Қозыкеге,

Үш қызға сәлем деді дуай-дуай.

—Үйдегідей, шырағым, балаң болма,

«Қалды шешем, малым» деп алаң болма!

Қодар—тоқсан бастығы, дұшпаның көп,

Ендігісін өзің біл, қапыл қалма!

—Мен демеймін һешкімнен қалысармын, 

Есен болсам біp барып танысармын. 

Енді-ау малың қалды деп қызыққанмен, 

Қасық қаным қалғанша салысармын.

—Демеймін ceні өзімнен кем көрермін, 

Мал-басыңды өзіңмен тең көрермін. 

Бұл жалғаннан жолықпай өтіп кетсек, 

Махшарда құрттай санап мен берермін.

Сол жерде Айбас қалды, Қозы кетті, 

Көз ұшына бұлдырлап барып жетті. 

Тұрып-тұрып ер Айбас көзі қимай, 

Сыдыртып Көктайменен тағы кепті.

—Жалғызым, жөнелдің бе біp Құдай деп, 

Біp бұрмай аттың басын ел былай деп.

Қалды шешең артыңда, қалың жұртың,

Қандай сәлем айтасың, немене-ай деп.

1350

1360


1370

276

277


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

—Көрмегенін жалғызың көрді,—деп айт, 

Тілегенін Құдайдан берді,—деп айт. 

Басымды көп қаңғыртпай халқыңа қайт, 

Tүcіп балаң [ұштымға] өлді,деп айт.

—Жалғыздың һәр түйіні шешіле көр, 

Періште жазуға алмай өшіре көр.

Албырттықпен айтады, астапыралла, 

Біp Тәңірім, балалығын кешіре көр!

Жүріп кетті ер Қозы дамыл алмай

Күннен күнге салады Күрең талмай. 

«Әйтеуір, жөні осылай деп еді» деп, 

Есепсіз көп қаңғырды ел таба алмай.

Жүре-жүре бірталай заман кешті, 

Атқан аңның етін жеп, ол су ішті. 

Күнде мінген Күрең тай арықтады, 

Қиыншылық басына сонда түсті.

Күрең тай кейде жортып, кейде желген,

Біp қамысты қопаға әрең келген. 

Ер-тоқым мен жүгенін суырып ап, 

«Аллаға тәуекел» деп қоя берген. 

Сол күні Қозы жатса түзде жүдеп, 

Үйдегі шешесінің түсіне енген.

Ерте тұра шешесі айғай сапты, 

Басы Тайлақ ел-жұртын жиып апты. 

«Қозым жүдеп, түсімде жылап жүр» деп,

Молда, қожа, ойшыға ой ойлатты.

Сонда Тайлақ ойлайды әpбіp кепті, 

Не айтса да оның іcі сондай епті. 

Қозының жолына мал айтқандарды, 

Сол жерде шақырып ап, есеп етті. 

«Менде-менде» дегенді есеп қылса, 

Қойы мың, жылқы айтқан жүзге жетті. 

1380


1390

1400


1410

278

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Айтқан малдың бәрін де жиып алып, 

Аш-арық, жоқ-жітікке үлестіртті.

Жетім-жесір, жоқ-жітік, молда, қожа, 

Бәрінің біp Аллаға діні таза. 

—Құдай, жолын Қозының қыла көр!—деп, 

Аллаға кеп зар қылып болған наза.

Құдайым құр тастамас, cіpә, көпті, 

Дуа қылып, тасаттық тарқап кетті. 

Осынша жан шуылдап тілеген соң, 

Құдайым тілектерін қабыл етті.

Қозы жатыр, оттап жүр Күрең бесті,

Құдіреті Құдайдың қандай күшті!

Қозы жатқан өзеннің түбегіне

Қытайдан қайтқан қалың керуен түсті.

Керуенді көрді дағы Қозы барды,

Ішінде біp адам бар ақсақалды. 

«Tүpі жат, не қып жүрген жалғыз жан?» деп, 

Өңгелерін шығарып, қасына алды.

—Өзім қожа, молдамын және өзім бай, 

Жаңа қайтып келеміз барып Қытай. 

Түрің жат, атың арық, жүзің сарық, 

Елсізде неткен жансың, шырағым-ай?!

Әлгі байдың Қозы да көрді түрін, 

Бойында байқаған соң бар өнерін. 

Бастан-аяқ сырының бәpін айтты, 

«Біp ақыл сұрайын» деп ірікпей біpін.

Білімді молда кісі, өзі инсапты,

Бар сөзін Қозыекенің ұғып апты.

Атын жемдеп, Қозының өзін күйлеп,

Бір он бес күн сол жерде бірге жатты.

1420

1430


1440

278

279


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

Саудагер дүние кезген, өзі пұлды,

Бек жүйрік жан өнерге неше сынды.

Қожан саудагер-ді оның аты,

Қозыны қияметтік іні қылды.

Қозыны падишадан артық күтті,

Түсін бұзып жүретін айла үйретті.

—Жанның бәрі ел емес мендей саған,

Өзіңді білдірмей жүр, жаным,—депті.

Айрылды он бес күнде азық беріп,

Ел жөнін және ақылын жазып беріп.

Арыздасып, қоштасып айырылыпты,

Уәде айтып, бір тәбуға өзі келіп.

Ер Қозы азық қылып ас алыпты,

Ақылын Қожекеңнің қоса алыпты,

«Қысылғанда кез болған әулие ең» деп,

Деп қимай айрыларда босаныпты.

—Босағаның, ер Қозы, жаман мінез,

Түсте көріп мен саған болғанмын кез.

Осынау тауды бөктеріп жүре берсең,

Аягөзге кешікпей барарсың тез.

Тірі болсам сені іздеп бір табармын,

Демеймін сені һешқашан ұмытармын.

Құдайдың көрсетуі рас болса,

Бір жақсылық кезінде жолығармын.

Қолын жайды ақсақал, дуа етті:

—Құдая, жарылқа,—деп,—бұл перзентті.

Бағана ақыл саған үйреткемін,

Бұл түсіңмен ол елге барма,—депті.

Дәрі-дәрмек, айласын бәрін беріп,

—Қош аман бол,—деді де, жүріп кетті.

Қозы да Күрең таймен қатты желді,

О дағы бар күшіне келіп еді.

1450


1460

1470


280

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Арада бір-ақ қонып, ертеңгі күн

Отырған Аягөзде елді көрді.

—Ауылды алыс болса жуытайын,

Күреңді біржолата суытайын.

Күрең тай, қимылдай көр бүгінгі күн,

Баянды өксік болған уатайын.

Бір жерде аттан Қозы түседі енді,

Өзіне бір тазшаның реңін берді.

Аягөзді ол құлдан келе жатса,

Өзіндей қой жайған таз душар келді.

—Бұ қойың кімнің қойы, қой жайған таз,

Айта көр елдің жөнін, тазшам?—деді.

—Бар екен әр нәрседен мұның ойы,

Кепиат не қылған таз өне бойы.

Менің қойым дейсің бе осынша қой,

Қарабай деген дінсіз анттың қойы.

—шадыр тазым, емессің сен де майда,

Таз желөкпе келеді осындайда.

Бұл қойың Қарабайдың қойы болса,

Тура сілте, антыңның ауылы қайда?

—Япырым-ау, мен сенімен таныс емес,

Өне бойың не қылған толған кекес?

Күн батқанша үш орап, үш қайтасың,

Ауылы Қарабайдың алыс емес.

—Сенімен сөйлесейін аңлай-аңлай,

Қандай жан екеніңді байқай алмай.

Екеуміз сырласалық, қой жайған таз,

Қарабайдың бой жеткен қызы қандай?

—Тобаңнан, антұрған таз, жаңыласың,

Қой жүнді бөстекейің жамыласың.

1480

1490


1500

280

281


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

Солардың құшырына жолығарсың,

Қарабайдың сен қызын не қыласың?

—Жаман таз сөз айтқанын өнер көрген,

Жараукесін қоймайды жалшы деген.

О да біздей жаралған адам дағы,

Әулиелік оларға қашан келген?

—Көрмедім сендей неме жаннан тантық,

Соларға тең болар ма сендей шартық?

Мүлкі, малы сай тұрған, киімі анау!

Сол үшін сеніменен менен артық.

—Қызы сұлу дейтұғын шықты әруағы,

Артық болса артық-ты оның бағы.

Біз де адам ғой, айтсаңшы, нең кетеді,

Қандай-қандай қызы бар сөйтсе дағы.

—Сөйлейсің сен, қу тазша, барлай ғана,

Менің айтқан сөзіме нанбай ғана.

Екі қыз Ай мен Таңсық дардай ғана,

Артында Баян сұлу айдай ғана.

Көзбен көрмей ауызбен айтып болмас,

Десе болмас пішінін сондай ғана.

 

—Жапанда, тазша ағеке, жүресіз бе?



Сіз де ойнап құрбыңызбен күлесіз бе?

Байдың қызы малшымен болар сырлас,

Олардың тамыры кім, білесіз бе?

—Япырым-ай, мынау өзі не қылған жан?

Еркіме сөйлеспеген һеш қоймаған.

Ертең кетіп, сан қоймен кеш келемін,

Білмесіме ант алсын, Құдайға нан!

—Япырым-ай, мынау неден үміт еткен,

Жаныңды бекер бердің күте кеткен.

Оның несін жасырып, ант ішесің?

Алашқа Қодар деген даңқы жеткен.

1510


1520

1530


282

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

 Қодарды ақылменен барлағанға,

Қояндай басып ізін шарлағанға.

Ақылы жоқ есер құл мақтанады,

«Суға саттым» деп бекер алдағанға.

Тазша құл, қартайыпсың, сені аяйын,

Сен кетсең орыныңа менмін дайын.

Азат бол да, елің тап, көрінбей қаш,

Қойыңды сенің үшін мен жаяйын.

—Құлағыма жағады мұның маған,

Жоғалсын соқпай жанға мен таз ағаң.

Мені азат қып, мен үшін қойды жайсаң,

Қолыңа іздегенің тисін саған.

Екі таз бір-біріне кез келіпті,

Басы шалыс, аяғы оң келіпті.

Қарабай жаудың малын аясын ба,

Торғын тазға бірер жүз қой беріпті.

—Тәшкен барсаң, еліңді табарсың,—деп,

Түн қатырып тазшаны жөнелтіпті.

—Сен екенсің, шырағым, ердің ері,

Сендей жан көргенім жоқ көптен бері.

Мұшқалдап Қарабайды көп сұрадың,

шыныңды айт, сен Қозының қандай жері?

—Бұл сөзің, бәрекелді, жөн емес пе?

Тазша құл көптен жүрген сен емес пе?

Алашқа мені жайсаң, өлтірермін,

Дегенің Қозы Көрпеш мен емес пе?

—Біте береді екен-ау кісіге бақ,

Мақтаған шығушы еді сені әр уақ.

Қандай жан деп таң қалып жүруші едім,

Талтайған таз екенсің өзімдей-ақ.

—Мен «нәлет» деп жетпейін тегіңе енді,

Жай кетсең жараушы еді жөніңе енді.

1540

1550


1560

282

283


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

Енді айналып қарашы, мен қандаймын?

Мынау қолмен жасаған кебім еді.

—Қозы Көрпеш екенсің, көңілім сенді,

Мақтауы жұрттың сені рас келді.

Айтуындай алаштың бар екенсің,

Қосағыңмен қоса ағар, балам, енді.

Екеуі екі айырылып жөнеледі,

Ақылы Қозыкенің кемел еді.

Ауыл жата қойды айдап Қозы Көрпеш,

Ауылына Қарабайдың әпкеледі.

—Ойласам, мынау ақыр заман ба еді,

Астыңда Күрең шардақ шабан ба еді?

Мұнша кешке қойымды неге әкелдің,

Ит-құстан, онан-мұнан аман ба еді?!

—Қарабай, әлі һеш нәрсе ойға алғам жоқ,

Менің айтқан сөзімде һеш жалған жоқ.

Сен шошитын һештеме көргенім жоқ,

Қойыңды оза шауып жау алған жоқ.

—Балалар, таздың сөзін мақұл деме,

Білімсіздің айтқанын көп елеме.

Ойбай, қатын, бір нәрсе тамақ сайла,

Қарыны ашқан екен тазша неме.

—Қарабай, ат мінесің бек тағалап,

Ақ қасқыр ауылыңды жүр сағалап.

Қара інген от басында шөгіп жатыр,

Жүгірген бозша тайлақ жар жағалап.

—Қызым, сен Баян, Таңсық мені көрші,

Екеуің шапшаңырақ бері келші.

Тазшаның бір сөзі өтті тұспалдаған,

Мәнісі соның қалай айтып берші?

1570


1580

1590


284

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Бұл тазша үйде айтты ғой түзде айтқанын,

Біз білдік ақ қасқыр деп сізді айтқанын.

Қара інген от басында—шешем бақыр,

Білмейсіз бе тайлақ деп бізді айтқанын?!

—Әпеке, жасың үлкен, ойың кемеш,

Сіздерге салайыншы мен бір кеңес.

Түрі жат, төркіні жат әр сөзінің,

Мынау сіздің күндегі тазшаң емес.

Қозыке батылданды сөзді бастап,

Айтқан сөзін тұрады қыз байқастап.

Еңкейіп ақ ордаға кіріп келді,

Тізесін сол жағының сипай тастап.

Тазшаның не қылғанын қыздар шалды,

Ішін тартып бір сұмдық түйіп алды.

«Алды-артын әлі де болса байқайық» деп,

Сығалап босағадан тұра қалды.

—Асыл ма алыс жерден іздеп келген,

Құбылып, бой жасырып біздің елден.

шешем жатыр бір табақ өкпе сайлап,

Кім екенін білерміз осы жерден.

Бәйбіше сонда ойынан налып келді,

Бір табақ сонда өкпені салып берді.

Құлаш-құлаш істікке өкпе түйреп,

Қарағай табақ қайқайтып алып келді.

—Қарабай, мен жарлымын, сенсің малды,

Бір өкпеден басқа асың қайда қалды?

«Қашанғы қорлығыңа көнейін» деп,

Табақпен келістіріп қойып қалды.

Қарағай табақ басына қатты тиіп,

Қабағын Қарабайдың жаман жарды.

Қой шетіне Күреңді мықты арқандап,

Ат қасына барды да, жатып алды.

1600

1610


1620

284

285


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

—Біреу бай, біреу жарлы күндемелік,

Білместің қылған ісін мін демелік.

Ойбай, қатын, қарны ашып, қажыған-ды,

Малды бақпай кетеді, үндемелік.

Баян, Таңсық аз аулақ сөз айтады,

Ибадатпен ұялып аз айтады.

Оятуға бата алмай Қозыкені,

Қасына сонда үш келіп, үш қайтады.

Сабыр, тақат тұта алмай Баян тіпті,

—Баралық, апекелер, тағы,—депті.

Сөйлескелі үшеуі және шықса,

Таң сарғайып артынан атып кетті.

Түскен соң үлкен толғау қыз ішіне,

Кетерде қой жайылып өрісіне,

Бір сұм қызды жіберді қой ішіне,

Кигізіп тоқтының кеп терісіне.

Қой келді, «тоқты» келді, Қозы келді,

Жапанға елден аулақ шыға берді.

Ел жоқ, күн жоқ алысқа барғаннан соң,

Мұңшылық аз сөз айтып жырлайды енді:

 

—Мұндайлыққа салды Ием



Мен сықылды жалғызды.

Бір қыз үшін дертті етіп,

Иттің қойын жайғызды.

Мен елімде көруші ем

Не сықылды һәр қызды.

Бәрінен де көңілімді

Жалғыз Баян қалғызды.

Жапан түзде қаңғыртып,

Тау мен тасты шалғызды.

Жөнін білмей тентіреп,

Жер түбіне барғызды.

Кездей қылып бір шалды,

Онан бата алғызды.

1630


1640

1650


1660

286

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Асықлық деген үлкен [дерт]

Ақылымды таңғызды.

Жарым Баян дегенде,

Жүрегімді жанғызды.

Тазша кебін кигізіп,

Кемшілігін қылғызды.

Бере ме, Тәңірім, бермей ме

ынтық болған бір қызды?

Балдырғанды көлім жоқ,

Балталыдай елім жоқ,

Ақкезеңдей белім жоқ.

Әттең, Құрдым жерім жоқ,

Тайлақ бидей ерім жоқ.

Тай шаптырым жолым жоқ,

Алдымда менің ағам жоқ,

Мұнда менің бағам жоқ.

Іздеп келген қыз Баян

Болғаны ма маған жоқ?

Артымда менің інім жоқ,

Сүйегімде мінім жоқ.

Іздеп келген қыз Баян

Қосар Тәңірі күнің жоқ.

Алдымда менің жалым жоқ,

Айдап берер малым жоқ.

Іздеп келген қыз Баян

Асықтық бар, алу жоқ.

Артымда менің құйрық жоқ,

Көңілден, сірә, жүйрік жоқ.

Іздеп келген қыз Баян,

Болғаны ма бұйрық жоқ?!

Темірлі күйме кіліт жоқ,

Қыз Баяннан үміт жоқ.

Осында жүріп мен өлсем,

Сүйегімді іздер жігіт жоқ.

Талаппенен келіп ем,

Танымады қыз Баян.

Кемдікпенен келіп ем,

1670


1680

1690


286

287


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

Келеке етті қыз Баян.

Мен үшін сені жаратса,

Менмендігің нең Баян?

шын ашығым сен болсаң,

шиге жүгіріп кел, Баян!

шыбын жаным жүргенде,

Бұл тілеуден қалмаспын.

Сенен басқа хор қызы

Болса көзім салмаспын.

Басы күміс, шашы алтын

Болса дағы, алмаспын.

Танымасаң сен өзің,

Танытқалы бармаспын.

Қамықпайын, тоқтайын,

Қайғы сөзге қанбаспын.

Жібекті көйлек желбіреп,

Жел көрмеген Баян қыз.

Ақ тамағы үлбіреп,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет